Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/6
Дата01.10.2017
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Сәтбаев қаласының

орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Сәтбаев қаласының

Құрметті азаматтары

(Сәтбаев қаласының 40 жылдығына арналған әдістемелік құрал)

Сәтбаев, 2013

Сарыарқа жерінде ғалым, геолог Қ.И.Сәтбаевтың кенорындары қорын ашуының арқасында тақыр жерде Жезқазған, Сәтбаев қалалары бой көтерді, қазір бұл қалалардың өнімдері бүкіл құрылысшыларының, Жезқазған-Сәтбаев қалаларының негізін қалаушылардың осы өлкенің экономикасы, денсаулық сақтау ісі, білімі, мәдениетінің өсіп-өркендеуіне мол үлестерін қосқан жерлестеріміздің қажырлы еңбегінің жемісі.

«Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы» туралы ереже 1977 жылы бұрынғы Никольский қаласы халық депутаттары Кеңесі және Атқарушы комитетінің шешімімен қабылданды. 2001 жылдың 26 тамызында Сәтбаев қалалық мәслихат сессиясында жергілікті депуттар «Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы», «Почетный гражданин города Сатпаев» атағын беру ережесін бекітті.

Қаланың 30 жылдығына (2003 ж.) байланысты бұл атаққа 105 адам ие болды, содан бергі жылдарда бұл тізім жалғасын табуда, қазір 155 адам осы лауазымға ие. Сәтбаев қаласының біраз көшелері Құрметті азаматтар есімімен аталады: Ә.Құсайынов, Р.Жанжігітов, В.Гурба, Ж,Үншібаев т.б.


Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Аса көрнекті ғалым, академик, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев жалпы Жезқазған өңірінің Құрметті азаматы. Бұл атақ ол кісіге Қазақстан түсті металлургиясының дамуы мен Жезказқан аймағы байлығын игеруге және Үлкен Жезқазған құрылысына сіңірген зор еңбегі үшін берілді. Жезқазған жерінде Қаныш Имантайұлы 15 жыл (1926-1941) еңбек етті, осы жылдар ішінде өңірдің барлық кен байлығын зерттеді. Қ.Сәтбаевқа қаламыздың тұңғыш Құрметті азаматы атағы 1977 жылы Никольский қаласының халық депуттары Кеңесі мен Атқарушы комитеті шешімімен берілді.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 13.09.1990 жылғы №251-ХІІ қаулысымен Никольский қаласы үлкен Жезқазғанның негізін қалаушы Қ.И.Сәтбаевтың құрметіне Сәтбаев қаласы болып аталды.



Жезқазған-Сәтбаев қалаларында ғұлама ғалым атында көше мен даңғыл, екі қалада да ескерткіш, бюсті бар. Кезінде Жезқазған тау-кен металлургия комбинатына Сәтбаев есемі берілген. Қазіргі кезендегі «Қазақмыс» корпорациясының әлем нарығындағы болашаққа нық қадам жасап жүргені Қ.И.Сәтбаевтың жемісті еңбегінің арқасы.
Гурба Виктор Васильевич
1914 жылы Сумск облысының Глухов қаласында туған. Техникум бітірген соң Орал түсті металдар институтының кешкі бөліміне оқуға түсті. Оны бітіргенсін Орал тау-кен Жезқазғанда комбинаттың бас инженері, кең басқармасының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы тау-кен металлургия комбинатының директорлығына тағайындалды. В.Гурбаның басқаруымен комбинат кен өндіруді 2 есеге арттырды, таза мыс 1,7 есеге, концентратты қорғасын 3,3 есеге ұлғайтылды. Жоспардан тыс 17,7 млн.сомның өнімі өндірілді. Жерасты забойында өздігінен жүретін жабдықтар енгізілді. Гурба В.В. – ірі өндіріс ұйымдастырушысы, техника ғылымының кандидаты, Мемлекеттік сыйлық лауреаты. КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты. 1966 жылдың 20 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен В.Гурбаға Социалистік Еңбек ері атағы берілді. 1981 жылы қайтыс болды. В.Гурба есімімен аталған Жезқазған және Сәтбаев қалаларында көшелер бар.
Бөпежанов Мұхит Құлжанұлы
1910 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келді. 1930 жылы мектеп бітірген соң Мәскеудің алтын және түсті металдар институтына оқуға түсіп, оны 1936 жылы бітіріп шығады. Кен инженері мамандығын алып шыққан ол осы жылы жолдамамен Жезқазғанға келді. Еңбек жолын шахтада ауысым бастығы болып бастап, шахта бастығы, кенбасқармасы бас инженерінің орынбасары, кенбасқармасының бас инженері болып тағайындалды, ал 1958 жылдан бастап кенбасқармасының директоры болып еңбек етті. Мұхит Құлжанұлы Жезқазған кенішіндегі шахталардың қуатын ұлғайту жөніндегі жұмысқа басшылық жасап, кен өндірісіндегі өздігінен жүретін техникалардың жоғары өнімділігін арттыру мен өндіріске озық тәжірибелер енгізу ісіне ұйытқы болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның қаулысымен 1961 жылы М.Қ.Бөпежановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1965 жылы Қазақ КСР түсті металлургия министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы қайтыс болды, Алматыда жерленген.


Дүрментаев Тұрғынбай
Байырғы кенші. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. 1927 жылы Тұрғынбай аға Жезқазған кенішіне жүкші боп орналасады, ауыр күрекпен вагонға кен лақтырды. Жұмысшылар оны балуан деп атайтын. Ол бұрғылаушы-үңгілеуші мамандығын игеріп, атақты стахановшы атанды. Соғыс жылдарында тасылым мөлшерін үнемі асыра орындап отырады. Дүрментаев ұжымы Мемлекттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. Оның еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды, «Еңбек Қызыл Ту» (1940ж.), Ленин (1954ж.) ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы қажырлы еңбегі үшін», «Үздік еңбегі үшін» (1946ж.) медальдарымен, «Түсті металлургия социалистік жарысының озаты» белгісімен марапатталды. Поселкелік Кеңес депутаты болып сайланды.
Ешпанов Далабай Оспанұлы
1926 жылы туған. 1949 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтын инженер-маркшейдер мамандығы бойынша тамамдады. Техника ғылымының кандидаты. Ленин, «Октябрь революицясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970ж.), Қазақ КСР-ң еңбек сіңірген кеншісі (1978ж). Жезқазған алып шахталарының құрылысы мен игерілуі, өздігінен жүретін қондырғыларды қолдана отырып кен өндіруді игеру, байыту фабрикаларының жаңа қуатын енгізу мен мыс балқыту зауытын игеру секілді жұмыстар Д,Ешпанов есімімен байланысты. Оның Балхаш тау-кен металлургиялық комбинатын басқарған жылдарында өндіріске мыс қорытуда автогендік технологияны енгізу жүзеге асты. 1986 жылы БТКМК-да мыс қорытудың тәжірибелі-өндірістік қондырғысы іске қосылды. Жігерлі басшы ісіне адал берілгендігімен өзгелерге үлгі бола білді.
Королько Яков Михайлович


1928 жылы 10 қазанда Николаев облысы Никольский селосында туған. Соғысқа дейін 5 сынып бітіріп, 1945 жылы ФЗО-ға түсті. Оны 1946 жылы бітіріп, Днепропетровскіде зауытқа орналасты, онда 1 жыл жұмыс істеді. 1947-1950 жылдары Николевский облысы Агрономия совхозында клуб меңгерушісі болды. 1950-1956 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметте болды. Демобилизациядан кейін Жезқазғанға келді. 1952-1960 жылдар аралағында №45 шыхтада үңгілеуші (проходчик) боп еңбек етті. 1962-1963 жылдар №2 шахтоқұрылыс басқармасы бастығының орынбасары, 1963-1964 жылдары кен комитеті төрағасы, 1964-1966 ж. – рудник партбюросының хатшысы болды. 1966 жылдан Жезқазған шахтопроходка тресі басқарушысының орынбасары қызметін атқарды. Қалалық партия комитеті мүшесі болып сайланды. «Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы» атағының иесі.


Жанпейісов Қозыкен
1908 жылы Ұлытау ауданы Алғабас кеңшарында дүниеге келген. Қарсақбай мыс байыту зауытында тұнғыш мыс қорыту ісіне Қарсақбай жастарының өкілі ретінде қатысты. Осы зауытта мыс қорытушы болып, отызыншы жылдардың соңында алғашқы стахановшылардың бірі болды. Соғыс жылдарында тылда еңбек етті. Оның ерен еңбегі жайлы «За медь», «Қызыл кенші» газеттеріне бірнеше мақалалар жарияланды. Ленин (1955), Еңбек Қызыл Ту (1950) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» (1949) медалімен марапатталды. Оның есіммімен Сәтбаев қаласында көше аталған.

1987 жылы қайтыс болды.


Жанжігітов Рахымбек
1915 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Он бес жасынан бастап Жезқазған аймағының ашық карьер, кеніштерінде жұмыс істеді.

1968 жылы Р.Жанжігітов «Жезқазған қаласының Құрметті азаматы» деген атаққа ие болды. 1977 жылы кенметаллургия комбинаты өндірістерінде еткен көпжылғы мінсіз еңбегі, кенші мамандарды тәрбиелеуде және қоғамдық жұмыстарға үлкен үлесі үшін Сәтбаев қаласының Құрметті азамат лауазымына ие болды. Соғыс жылдарында жоспарды артығымен орындап қажырлы еңбек етті, көптеген кеншілерді тәрбиелеп шығарды, олардың көбісі әлі де кеніштерде еңбек етуде.

Зейнеткерлікке шыққанға дейін Солтүстік Жезқазған кенішінде еңбек етті.

1991 жылы қайтыс болды.



Құсайынов Әубәкір
1926 жылы Ұлытау ауданы Қарсақбай поселкесінде дүниеге келген. 1946 жылы ФЗО-ны бітіріп электр жөндеуші болып жұмыс істейді. 1949 жылы ауылшаруашылығы мектебін бітірісімен, колхозда зоотехник болды. 1956 жылы забойшы, кейін Оңтүстік кенішінің №44 шахтасында кешенді бригаданың бригадирі болды. Әубәкір Құсайынұлы шахтада өздігінен жүретін жаңа техниканы алғашқылардың бірі болып меңгерді. 1964 жылы Ә.Құсайынов басқаратын бригаданың өздігінен жүретін техникаларды меңгерудегі озық тәжірибесі КСРО Халық Шаруашылығы Жетістіктері (ВДНХ) көрмесінде көрсетіліп, еліміздің басқа да шахталарында кеңінен қолдануға жолдама алды. Тау-кен өндірісіндегі ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Ә.Құсайыновқа «Құрметті кенші» атағы берілді. Даңқты кенші 1966 жылдың 20-шы мамырында Социалистік Еңбек Ері атанды. Қаламыздағы бір көше кенші есімімен аталады. 1979 жылы қайтыс болды.
Зверинцев Тимофей Анатольевич
1909 жылы туған. Жезқазған руднигіне 1926 жылы келді. Қ.Сәтбаевтың ұсынысымен кенбарлау партиясына жұмысқа орналасады. Т.Зверинцев көп жылдар Жезқазған поселкісінде тұрды. Никольский кенбарлау партиясында жұмыс істеді. Зверинцев Т.А. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы туралы естеліктерінде ол кісінің жұмыскерлерге деген қамқорлығының арқасында кенбарлаушылардың бір отбасындай берекелі ұжым боп қалыптасқанын үнемі айтып жүрді. Т.Зверинцев Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.
Расновский Роман Петрович


1925 жылы туған. Забой бригадасының бригадирі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген кеншісі. Ленин орденінің иегері. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.



Полтавский Анатолий Семенович
1933 жылдың 10 шілдесінде Қостанай облысы Федоровка ауданында дүниеге келген. 1956 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Жолдамамен Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатына келді. 1956-1969 жылдар аралығында №45-45 бис шахтасында тау-кен шебері, Жезқазған шахтопроходка тресі бас инженерінің орынбасары қызметін атқарды. 1970 жылы А.Полтавский Қазақстан КП-сы Жезқазған қалалық комитетінің 2-ші хатшысы болып тағайындалды. «Еңбек Қызыл Ту» ордені және медальдармен марапатталған.
Дәуітов Рүстем
1912 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде туған. Орта мектепті бітірген соң 5 жыл мұғалім болып істеді. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітіргенсін бір жыл аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы болды. 1942 жылы Жезқазғанға келді. №3 шахтада ауысым бастығы, шахта бас инженері, кеніш директоры қызметтерін атқарды. 24 жыл жерасты жұмыстарында еңбек етті. Қ.Сәтбаев пен В.Гурбаның жақын серіктесі болды. 1976 жылы зейнеткерлікке шықты. Республика көлеміндегі дербес зейнеткер. Бірнеше орден, медаль, мақтау грамоталарымен марапатталған. 1977 жылы алғашқылардың бірі болып «Никольский қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. 1994 жылы қайтыс болды.
Кентаев Қазымхан

1936 жылы 1-ші желтоқсанда Ұлытау ауданы «Ұлытау» совхозында дүниеге келді. 1953 жылы Жезқазған шахталарында забойшы болып еңбек жолын бастап, кейіннен Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында забойшылар бригадасын басқарды. Көне шахтаның бірі – «Кресто-Батыста» еңбек етті. Оңтүстік Жезқазған кенішінің №44 шахтасына ауыстырылып, осында Қ.Кентаев ескі технологиялар бойынша (қол перфоратыр және скреперлік лебедка) жұмыс істейтін забойшылар үздіктерінің бірі атанды. Көп кешікпей ол забой тазалаушылар бригадасының бастығына жоғарылатылды. Екпінді еңбегі үшін Қ.Кентаев 1966 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1971 жылдың 30-шы наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Ленин ордені кенші. 1994 жылы дүниеден өтті.

Омаров Ғазиз Омарұлы
1925 жылы Ұлытау ауданының Жыланды елді мекенінде туған. 1942 жылы мектеп бітірісімен екі жылдай №31-32 шахтасында нормалаушы боп жұмыс істеді. 1944-1949 жылдарды Қазақ Мемлекеттік тау-кен институтында оқыды. Жолдамамен Жезқазған кенбасқармасына келіп, ауысым бастығы, шахтаның бас маманы, Оңтүстік Жезқазған кеніші директоры қызметтерін атқарды. 1956-1960 жылдар аралығында кенбасқармасының партия ұйымдастырушысы, 1960-1962 ж. – шахтақұрылыс басқармасының бастығы, 1962-1965 ж. – кенбасқармасының директоры болды. 1966 жылы Республика Министрлер Кеңесінің ұйғарымымен жаңадан құрылған шахтопроходка тресінің басқарушысы болып тағайындалып, бұл міндетті 21 жыл зейнеткерлікке шыққанша атқарды. Ғ.Омаров бұдан кейін де қоғамдық жұмыстарда істеді, облыстық экология комитетінде жұмыс жасады. 1995-2002 ж. – «Қазақмыс» Корпорациясы президентінің тау-кен жұмыстары жөніндегі кеңесшісі болды. Ғ.Омаров КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңген кеншісі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. 1981 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның қаулысымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Екі рет Ленин орденімен, «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь революциясы», «Құрмет» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 2002 жылы қайтыс болды.
Резников Иван Васильевич
1912 жылы Өзбекстанда туған. Орта білім алғаннан кейін, еңбек жолын Жезқазған кеніші шахталарында жұмысшы болып бастады. 1937-1938 ж – комсомол ұйымы хатшысы, 1942-1946 ж. – комбинаттың Шығыс бөлімі бастығы, 1946-1952ж. – Покро шахтасының маркшейдерді, 1952-1956ж. Жезқазған кенбасқармасының партия ұйымдастырушысы, 1957-1970ж. – кенбасқармасы директорының орынбасары, 1970-1979ж – Жезқазған шахтопроходка тресі кадрлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 10 рет жергілікті халық депуттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Еңбек Қазал Ту» ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Штифанов Василий Иванович
1910 жылы Алтай өлкесі Рубцовск ауданындағы Половинкино селосында туған. 1937 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген соң Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясының қарамағына жұмысқа келді. Ол Жезқазғанда 50 жылдан астам еңбек етті. Қ.И.Сәтбаевтың серігі әрі ізбасары бола білді. Ол мыс кені орындарын барлау партиясының бастығы қызметін атқарды. Қазақ КСР-ң құрметті геолог-барлаушысы. 1967 жылы Социалистік Еңбек Ері жоғарғы атағына ие болды.

Штифанов В.И. 2002 жылы қайтыс болды.


Жомартбаева Хакима Тайырқызы
1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келді. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1949 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтын бітіргенсін, еңбек жолын Жезқазған поселкісіндегі №7 қазақ орта мектебінде мұғалімдіктен бастап, одан соң көп жылдар осы мектептің директоры болды.1974-1978 жылдарда Сәтбаев қаласындағы №1 мектеп ұжымын басқарды. 1978-1983ж.-облыстық мұғалімдердің білім жетілдіру институтының директоры болды. Х.Т.Жомартбаева Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Халық қалаулысы болып, депутаттық міндетті де атқарды. 2004 жылы қайтыс болды.
Исатаева Күлзейнеп Исатайқызы
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматшасы. 1933 жылы туған. Алматы медициналық институтын бітірген. 1957 жылы институтты бітіріп №3 қалалық ауруханаға дәрігер-хирург болып орналасты. 1966-1980ж. – қалалық, облыстық ауруханалардың бас дәрігері қызметін атқарды. 1980 жылы Жезқазған қалалық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары, 1992 жылдан бастап «Жезқазғантүстіметалл» АҚ денсаулық бөлімінің бастығы болып еңбек етті. Қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласты. Көп жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен көптеген медальдармен марапатталды.

Ысмағұлов Тұрмағанбет
Тау-кен инженері Еңбек ардагері. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. 1937 жылы 10 қаңтарда Ұлытау ауданы Қаракенгір совхозында дүниеге келді. 1958 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіргенсін Жезқазған кенбасқармасының «Петро-Орталық» шахтасында механик, 1963-1971ж. – «Петро-Орталық» және Шығыс Жезқазған кеніші №42 шахтасының бас энергетигі болды. 1971-1973ж. – Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты жылу жүйесі цехының бастығы қызметін атқарды. 1973-1984ж.- еңбекші депутаттар Жезқазған қалалық Кеңесі төрағасының 1-ші орынбасары, еңбекші депутаттар Жезқазған облыстық Кеңесі төрағасы болды. 1984-1999ж. – Жезқазған тау-кен комбинатының бас энергетигі, осы қызметті атқара жүріп өндірістің дамуына, мысты өлкенің республика энергожүйесіне қосылуына атсалысты. Т.Ысмағұлов «Құрмет белгісі» орденінің 2 дүркін иегері, «Еңбектегі ерлігі үшін» және басқа медаль, мақтау грамоталарымен марапатталған.
Макаров Николай Иванович
Еңбек ардагері. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1939 жылы 11 маусымда Кострома облысы Галичский ауданының Усадище деген жерінде туған. Еңбек жолын әскери міндетін өтеп келгенсін, Тирасполь қаласындағы автобаза жүргізушілігінен бастайды. Никольский қаласына 1964 жылы келіп, №5 автобазаға жүргізуші болып орналасты. 1965 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін «Қазақмыс» корпорациясында забойшы, №51-57 шахталарда забой бригадасының бригадирі болып еңбек етті. 1991-2008 ж. – тау-кен шахта қондырғылары зауытында (ЗГШО) және жөндеу-монтаждау құрылыс басқармасында (РМСУ) жөндеуші болды. «Еңбек Қызыл Ту» және Ленин ордендерімен, «Еңбек ардагері» медалі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі құрмет грамотасымен, елбасы Н.Назарбаевтың құттықтау хатымен марапатталған.

Шпренгель Вячеслав Адольфович

Еңбек ардагері. Қазақ КСР-ң еңбек сіңірген рационализаторы (өндіріске жаңалық еңгізуші). 1937 жылы 28-ші мамырда Москва қаласында туған. Қарағанды тау-кен техникумын өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірді (1956ж.). «Казмедьстрой» тресінде шебер, прораб, аға прораб, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, «Рудстрой» басқармасының бас инженері (1957-1968) қызметтерін атқарды. «Казмедьстрой» тресінің партком хатшысы (1983-1986) болды. 30 жылдан аса «СУ-Рудстрой» басқармасын басқарды. Бірнеше жыл халық қалаулысы болды. «Құрмет белгісі» ордені және медальдармен марапатталған.

Артығалиева Халима Ахметқызы

Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі. 1954 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогилық институтының физика-математика факультетін бітіріп, жолдамамен Рудник поселкесінің №7 мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1973-1978 жылдары осы мектептің директоры болды. 1986 жылы құрметті демалысқа шықты. Бірнеше рет поселкелік және қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қарағанды, Жезқазған мұғалімдері 1-ші және 2-ші съезінің делегаты болды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Аяпбергенов Бозтай

Еңбек ардагері. Республикалық дербес зейнеткер. 1930 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1946 жылы Чкалов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1950 жылы білім бөлімінің аға хатшылығына ауысты. 1956 жылы Жезқазған облысы Никольский поселкесіне келіп, жарылғыш заттарды тасушы, кенбасқармасында жерасты жарушысы, «Покро» шахтасында жерасты электр жөндеушісі, Рудник поселкесі мен Никольский қаласы тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің бастығы міндеттерін атқарды. 1981-1995ж. Никольский қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бастығы, «Жезқазғантүстіметалл» АҚ орталықтандырылған мамандар бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылы корпорация «Қазақмыс» ЖШС директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Қазір құрметті демалыста. Атқарған еңбектері үшін бірнеше медаль, мақтау грамоталарымен марапатталған.
Пугач Тамара Ивановна

Еңбек ардагері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, халық ағарту ісінің үздігі. 1935 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының Хантағы елді мекенінде туған. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы №1 мектептің пионержетекшісі ретінде бастады. Қарағанды педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітіріп, 1961 жылы жолдамамен Никольскийге келді. №3 мектепте орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып 30 жылдан аса еңбек етті. Құрмет грамоталармен марапатталған.

Ротермель Андрей Христьянович

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кеншісі. КСРО түсті металлургия Министрлігінің құрметті кеншісі. Еңбек ардагері. 1936 жылы 14 ақпанда Кабардино-Балкар автономиялы округінің Бруненталь селосында туған. Семейде ФЗО мектебінде оқыған. 1955-1958 ж. әскери міндетін өтеген соң Жезқзағанға келіп, экскаватор машинисінің көмекшісі болып орналасты. Златоуст-Беловский карьерінде экскаватор машинісі (1959-1983), Солтүстік Жезқазған кенішінде тау-кен жабдықтарының электр жөндеушісі (1983-2001) болып еңбек етті. Екі «Еңбек Қызыл Ту», 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, медальдармен мараптталған.
Тоқтамысов Қойшыбек

Соғыс және еңбек ардагері. Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданының Құрметті азаматы. 1922 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. 1941-1949 ж. Кеңес Армиясы қатарында болды.1949-1952ж. – Жезқазған мыс қорыту комбинаты комсомол ұйымының хатшысы, 1952-1954ж. – Қарсақпай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1954 жылдан зейнеткерлікке шыққан дейін №1 кәсіптік-техникалық училище директоры, біріккен кәсіподақ комитеті төрағасы және «Казмедьстрой» тресі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бастығы қызметтерін атқарды. «Қазақ тілі» коғамының ұйымдастырушысы. «Ата дауысы» (1988), «Ана дауысы» (1991), «Бала дауысы» (2000) кітаптарының авторы.


Амутова Рашида Халилқызы
Еңбек ардагері. Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі. 1933 жылы Башқұрт автономиясында дүниеге келді. Қазақ қыздар педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын Рудник поселкесіндегі №7 қазақ орта мектебінде мұғалім болып бастап, содан кейін директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 1974 жылы №19 мектеп директоры болып тағайындалды. 1979-1985ж. – Никольский қаласы білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет