Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 395.4 Kb.
бет2/3
Дата07.02.2019
өлшемі395.4 Kb.
1   2   3


1

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ





    1. Осы құрылыс нормалары сұйық мотор отынына арналған резервуарлары жер астында және жер үстінде орналасқан стационарлық типтегі автожанармай станцияларын (бұдан әрі - АЖС) орналастыруға, жобалауға, құрылысына және пайдалануға беруге қойылатын негізгі талаптарды белгіленеді.

    2. Құрылыс нормалары адам өмірі мен денсаулығын өндіріс аумағының жағымсыз әсерінен қорғау мақсаттарында АЖС орналастыру, жобалау, құрылыс, қайта жаңарту мен техникалық қайта жабдықтауда қауіпсіздіктің жалпы талаптарын, сонымен қатар өндiрiсте еңбек жолы үшiн керектi шарттарды жасауы және құрылыс процесi мен АЖС пайдалануда адамдардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етуді негіздейді.

1.3 Құрылыс нормалары ведомстволық тиістілігіне, меншік түрі мен әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне тәуелсіз, стационарлық АЖС барлық түрлеріне таралады.

2

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР





Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі сілтемелік құқықтық және нормативтік құжаттар керек:

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексі.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуіріндегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» заңы.

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-мамырдағы № 514 қаулысымен бекітілген «Мұнай базалары мен автокөлікке жанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік нысандардағы дабылдық түсті белгілерге, қауіпсіздік белгі таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.



3

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР





3.1 Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

3.1.1 автоматтандырылған АЖС (бұдан әрі - ААЖС) - технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкасы (бұдан әрі – ОТК) арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) жіберумен сипатталатын стационарлық АЖС.

3.1.2 ААЖС қызметтік ғимараты - ААЖС қызмет көрсетуші жұмыскерлердің үнемі болуын талап етпейтін құрал-жабдықтары мен аспаптарын орналастыруға арналған ғимарат.

3.1.3 модуль - АЖС көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жерүсті орналасуымен және ОТК мен біртұтас зауыт өнім ретінде отын сақтайтын резервуарлардың әр жерге қойылуымен сипатталатын технологиялық жүйесі.

3.2 Осы нормативтік құжатта келесі қысқартулар қолданылады:

3.2.1 ААЖС - автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясы;

3.2.2 АЖС - автокөлікке жанармай құю станциясы;

3.2.3 АТКШ - алаудың таралуының төменгі концентрациялық шегі;

3.2.4 БӨО - бақылау-өлшеу орны;

3.2.5 ЖЖМ - жанар-жағар майлар;

3.2.6 ОТАЦ - отын тасымалдауға арналған автокөлік цистернасы;

3.2.7 ОТК - отын тарату колонкасы;

3.2.8 ОТШ - оталудың төменгі шегі;

3.2.9 СҚА - санитарлық қорғаныс аймағы.



4

МАҚСАТТАР МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР





4.1 Мақсаттары

Осы құрылыс нормаларының мақсаты Қазақстан Республикасының территориясында жер астында және жер үстінде орналасқан сұйық мотор отынына арналған резервуарлары бар АЖС-те тікелей қолдану мен орындау үшін міндетті болып табылатын жалпы қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін келесі бағыттарда белгілейді:

еңбек қызметі үшін қажетті жағдайларды жасауды қоса, адамның өмірі мен денсаулығын өндірістік ортаның жағымсыз әсерінен сақтау;

АЖС пайдалану кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

әртүрлі табиғи және техногендік әсерлер мен құбылыстар жағдайында АЖС қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

өрттің көршілес ғимараттар мен имараттарға таралуының алдын-алу, кәсіпорындарды өртке қарсы құралдармен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету;

қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіпорын аумағына кіруге қолжетімділігін қамтамасыз ету.




4.2

Функционалдық талаптары





4.2.1 АЖС және оның төңірегіндегі аумақтар пайдалануға қойылатын талаптарды орындау кезінде жазатайым оқиғалардың, адамдарды жарақаттау және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төну ықтималдығы барынша кем болатындай жобаланып, салынуы керек.

4.2.2 АЖС орналастыру, жобалау, құрылысын салу мен пайдалану табиғи-климаттық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы, қоршаған ортаны қорғау, гигиена, адам денсаулығын сақтау талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін кәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарларыбойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

4.2.3 АЖС ғимараттары мен имараттары өмір циклының барлық кезеңдерінде қауіпсіздік талаптарына жауап беруі керек.

4.2.4 Адамдардың келу қауіпсіздігі санитариялық-эпидемиологиялық және микроклиматтық жағдайлармен: шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары жұмыс аймақтарынцың ауасында зиянды заттардың болмауымен; үй-жайдағы жылу мен ылғалдың минимал бөлінуімен, шудың, дірілдің, ультра дыбыс деңгейінің, электромагниттік толқындардың, радио жиіліктердің, статикалық электрдің және иондаушы сәулелердің жоғары рұқсат етілген мәндерінің болмауымен, сондай-ақ жұмыс істеушілерге физикалық күш түсіруді, олардың назарын ынталандыруды және шаршаудың алдын алумен қамтамасыз етілуі тиіс.

4.2.5 АЖС ғимараттары мен имараттары ғимарат пен имараттың ықтимал өртенуінің есебімен ең жағымсыз ауа-райы жағдайында да өрт көршілес ғимараттар мен имараттарға берілмейтіндей етіп орналастырылуы керек.

4.2.6 АЖС аумағының оған өрт сөндіру техникасы, техникалық құралдар, құтқару және медициналық қызметтер барлық жақтан кедергісіз кіре алатындай аралық жолдары, кіреберістері болуы керек.

4.2.7 АЖС аумағында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін орналастыруды қарастыру керек.

4.2.8 АЖС аумағы, ғимараттары мен имараттары өртті табу және сөндіруге арналған техникалық құралдармен жабдықталуы керек.


4.2.9 АЖС және оған жанасқан аумақтар пайдалануға беруге қойылатын талаптарды орындау кезінде жазатайым оқиғаларды, адамды жарақаттау және жүргіншілер, соның ішінде балалар мен егде адамдар жүрген кезде адам өміріне қауіп төндірмейтіндей және мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек орнына кедергісіз жетуін қамтамасыз ететіндей жобаланып, салынуы керек.


5

СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ АЖС ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР





5.1 АЖС үш типке жіктеледі:

А типі – тәулігіне 500 және одан астам рет май құятын (қарбалас уақытында 135 және одан астам рет май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 150 куб метр (бұдан әрі - м3) құрайтын АЖС;

В типі – тәулігіне 250-ден 500 ретке дейін май құятын (қарбалас уақытында 80-нен 135 ретке дейін май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 100 м3 құрайтын АЖС;

С типі – тәулігіне 250 ретке дейін май құятын (қарбалас уақытында 80 ретке дейін май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 75 м3 құрайтын АЖС.

5.2 АЖС жобалау осы құрылыс нормаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік нысандардағы дабылдық түсті белгілерге, қауіпсіздік белгі таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілгіп нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-мамырдағы № 514 қаулысымен бекітілген «Мұнай базалары мен автокөлікке жанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек, АЖС бекітілген қала құрылысы құжаттамасына, Жерді пайдалану және құрылыс салу ережесіне, қала құрылысы регламенттеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларына қойылатын өртке қарсы нормалар, қала құрылысы, қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу, автомобиль көліктерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес орналасуы керек.

5.3 АЖС қауіпсіз еңбек жағдайын жасауды, еңбек процестерін барынша автоматтандыру мен механикаландыруды, сонымен қатар қызмет көрсетуші жұмыскерлерге әдеттегі жағдайларда және апатты жағдайларда санитарлық-гигиеналық және тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуді көздейтін бекітілген жобалар бойынша салынуы керек.

5.4 АЖС арнайы бөлінген алаңдарда, көліктерге кіру қолайлы болатындай етіп, құрылыс нормалары мен ережелерін, санитариялық, экологиялық және өртке қарсы талаптарды сақтап ұйымдастырылған магистралдарда орналасуы керек.

5.5 АЖС құрылысына арналған алаңды таңдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы керек. АЖС алаңын таңдау актісіне техногендік технологиялық жүктемелер бөлігінде бағалау материалдары қоса беріледі.

5.6 Жол жиегінде немесе олардан тыс объектілерде кіреберіс жасау қажет болған жағдайда АЖС орналастыру үшін жер телімдерін беру туралы шешімдерді автокөлік жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы белгіленген тәртіп бойынша жергілікті атқару органы қабылдайды.

5.7 Қалалар мен басқа да елді мекендерде отынды сақтайтын резервуары жер астында болатын АЖС ғана орналастыруға рұқсат беріледі.

5.8 АЖС жобалаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларына қойылатын өртке қарсы нормалар бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген отынды қабылдау, сақтау және беру үшін технологиялық жүйелер көзделу керек.

5.9 АЖС отынды жеткізу арнайы автокөлік, теміржол көлігі, құбырлы көлік арқылы жүзеге асырылуы керек.

5.10 АЖС аумағында көлік құралдарының қозғалысы біржақты болуы керек. Осы жерде бөлек кіру және шығу жолдары қарастырылуы керек.

5.11 АЖС отынды төгу үшін отын құйылған автоцистернаның (бұдан әрі - АЦ) тұрағына арналған алаң қарастырылуы керек.

5.12 АЖС үшін өндірістік бъектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай санитарлық қорғаныс аймақтары жобаланады.

5.13 АЖС санитарлық қорғаныс аймағы АЖС құрылысын салу немесе реконструкциялау жобасымен бір уақытта әзірленетін абаттандыру және көгалдандыру жобасына сәйкес абаттандырылып, көгалдандырылуы керек.

5.14 Елді мекендердің селитебтік аумағынан АЖС ластану аймағының есебімен жеке жасыл желек жолағымен бөлектенеді. Жасылдандыру ауданы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы керек.

5.15 АЖС аумағында транзиттік инженерлік жүйелерді жасауға болмайды.

АЖС аумағының үстіне байланыс және электр берілісі желілерін ауамен өткізуге де тыйым салынады.

5.16 АЖС инженерлік желілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес орналастыру керек.

5.17 АЖС пайдалануға енгізілгенге дейін алаңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік нысандардағы дабылдық түсті белгілерге, қауіпсіздік белгі таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерін ілу (орнату) керек.

5.18 АЖС қолданылатын жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталуы керек. Отын қабылдау, сақтау және беру технологиялық жүйесінің модульдері зауытта жасалған болуы керек.

5.19 Қоршаған ортаның агрессивті ықпал етуінің дәрежесін бағалау және жер үсті резервуарларының және құбырларының сыртқы бетін тоттанудан қорғау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.20 Технологиялық процестерді әзірлеу, өндірістік ғимараттар мен имараттарды жобалау барысында, сондай-ақ, жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде адамға жұмыс орнында әсер ететін шуды рұқсатты мәндерден аспайтын мәнге дейін азайтуға қатысты барлық тиісті шараларды:

шу қаупі жоқ техниканы әзірлеу;

ұжымдық қорғаныс құралдары мен әдістерін қолдану;


жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек.


6

СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ АЖС БАС ЖОСПАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР





6.1 АЖС келесі жерлерге орналастыруға тыйым салынады:

қала құрылысы, тарихи-мәдени құндылығы жоғары аймақтарда;

жол өтпелеріне және олардың астына;

қалқымалы құралдарда;

электр берілісі желілерінің астында және электр берілісі әуе жолының белдемінен тіреудің бір жарым еселік биіктігінен кем қашықтықта;

өнеркәсіптік аймақта минимал рұқсат етілген қашықтықтар болмаған кезде нормативтік қашықтықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің рұқсат етілген интервалдардың шегінде анықталады.

6.2 АЖС оқшауланған жер телімінде, көбінесе басым болатын желдерге қатысты тұрғын үйлердің ық жағына әне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдармен келісілген жобалық құжаттамаға қатаң сәйкестікпен орналастыру керек. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін қала құрылысы, қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына және осы құрылыс нормаларына сай, АЖС аумағын келесі функционалдық аймақтарға бөлу керек: кіру аймағы, май құю аймағы, қызмет көрсету аймағы, май сақтайтын резервуарлар аймағы, тазартқыш имараттар аймағы және көмекші аймақ.

6.3 ТҚКС, АЖС, автокөлік жуу орындары мен басқа қызмет көрсету объектілерін бір алаңда біріктірілген жағдайда, олар мен отын сақтайтын резервуарлар арасындағы қашықтықты сақтау керек.

6.4 АЖС автокөлік кәсіпорындарының аумағында орналастырған жағдайда, АЖС ғимараттары мен имараттарының осы кәсіпорындардың өндірістік ғимараттары мен имараттарына дейінгі қашықтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет ету кәсіпорындары бойынша мемлекеттік норматив талаптары бойынша қабылданады.

6.5 АЖС аумағы, ғимараттары, имараттары мен құрылыстарының мынадай жабдықтары болуы керек:

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығымен бекітілгіп нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықталуы тиіс, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшасының талаптарына сәйкес өрт сөндірудің бірінші құралдарымен жабдықталуы керек.

6.6 АЖС аумағына кіретін жолдар мен кіреберістерді осы қарастырылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары бойынша мемлекеттік норматив талаптары бойынша жобалау керек.

6.7 АЖС аумағына кіреберісте сервис белгілері орнатылуы керек.

6.8 Көлік құралдарын қоюға арналған алаңдарда олардың АЖС аумағынан еркін шығуы ескерілген автомобильдерді қоюды қамтамасыз ететін белгілер болуы керек.

6.9 АЖС аумағы мен мұнай өнімдерін резервуарларға құюға арналған алаңдардың жабындары мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді, ақаба суды кәріз суға арналған резервуарға немесе АЖС өндірістік-жауын-шашындық кәрізге жинауға арналған кәріз астауларына қарай еңістетіп жобалау керек.

6.10 Кәріз суды ағызуға арналған бөлек алаңның аумағы сәл еңістетіп, автоцистернадан немесе резервуардан (мөлшерінен асырып құйғанда) мұнай өнімдері төгілген жағдайда, олар АЖС басқа аумағына және оның маңындағы нысандардың аумағына, соның ішінде жолға ағып кетпейтіндей етіп жобалануы керек.

6.11 АЖС аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет ету кәсіпорындары бойынша мемлекеттік норматив талаптары бойынша келесі жол белгілері орнатылуы керек:

«Кіруге тыйым салынады» (АЖС автокөлік кіру үшін жабық болған жағдайда);

«Ең үлкен жылдамдықты шектеу»;

АЖС телімінің орналасу жағдайы ескерілген өзге де белгілер.

6.12 АЖС аумағының жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен қиысуына жол берілмейді.

6.13 АЖС аумағының жабыны қатты болуы, жер үстіндегі және жауын-шашын ағыстарын жинауға арналған резервуар орналасқан жерге дейінгі жалпы еңісі болуы керек, ол түнгі уақытта жарықтандырылуы керек.

Вертикаль жоспарлау, абаттандыру, инженерлік желілерді орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін қала құрылысы, қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сай орындалуы керек.

6.14 АЖС аумағы абаттандырылған болуы керек.

6.15 Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қақпақты контейнерлерді орнатуға арналған су оқшаулайтын жабынмен жабдықталған арнайы алаң бөлінуі керек.


7

ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




7.1 АЖС алаңдарының (телімдерінің) жоспарлануы өндірістік процесс пен еңбекке қолайлы жағдай туғызуды, жер телімдері ұтымды әрі үнемді пайдалануды және капитал салымдарының барынша тиімділігін қамтамасыз етуі керек.

7.2 АЖС ғимараттары мен имараттарын жобалау және құрылысын салу сейсмикалық аудандастыру, орналасқан аумағы және инженерлік-геологиялық жағдай ерекшеліктері (топырақтың қопсуы, топырақтың отыруын, мұздан ісінуін т.с.с.) сияқты ерекше жағдайлардың есебімен орындалуы керек.

7.3 Құрылыс конструкциялары ықтимал қауіпті әсерлердің есебі бар ғұмырлық пен сенімділікке ие болуы керек.

7.4 Конструкциялар құрылыс аймағындағы қауіпті геологиялық процестердің әсерін, сондай-ақ, сейсмикалық аудандастыруды ескере отырып, өз салмағы мен өздері тіреп тұрған құрылғылардың жүктемесіне, қар мен жел жүктемесіне, технологиялық құрал-жабдықтардың, көлік және инженерлік құрал-жабдықтардың жүктемесіне төзімді болып орнатылуы керек.

7.5 Жобалау кезінде құрылыс конструкцияларын есептеу нормативтік құжаттарға сәйкес, сондай-ақ қажет болғанда үйлестірілген Еуропалық нормативтік құжаттарға сәйкес орындалуы және сенімділік пен төзімділік қауіпсізідігінің талаптарына жауап беретін материалдар мен технологияларды қолдануды шектемейуі керек.

7.6 Құрылыс салу және пайдалану беру барысында имараттардың іргелері мен күш түсетін конструкцияларының имараттардың пайдалануға беру қасиеттерін төмендетуге әкелетін сызаттары, зақымдары мен деформациялары болмауы керек.

7.7 Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерді жобаның технологиялық жобалау нормаларына сай әзірленетін технологиялық бөлігіне сәйкес қабылдау керек.

7.8 АЖС аумағында «А», «Б» санаттарының үй-жайларын (көлік жуу ғимараттарындағы көлік қоятын үй-жайлар мен техникалық қызмет көрсету орындарынан басқа), сонымен қатар «Г» санатты (АЖС үй-жайларының жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаттары бойынша) үй-жайларды орналастыруға рұқсат етілмейді.

7.9 АЖС аумағында АЖС жұмыскерлеріне арналған, көлік жүргізушілер мен жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, көлік құралдарына қызмет көрсетуге арналған қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады.

7.10 АЖС аумағында бос орны бар жерасты үй-жайларды, жасырын кеңістіктерді, сонымен қатар жерасты имараттарын (тоннельдерді, арналарды т.с.с.) жасауға жол берілмейді. АЖС ғимараттарының астына және эвакуациялық есіктер жаққа отын құбырларын салуға болмайды.

7.11 Көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үй-жайларын және көлік жүргізушілері мен жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үй-жайларын; сұйық мотор отынын сатуға арналған дүкен мен қоғамдық тамақтану жайын бір ғимаратта орналастыруға болмайды.

7.12 «В» санатты үй-жайларды, сондай-ақ, жанғыш сұйықтықтарды сақтауға арналған дүкеннің қоймаларын ғимараттардың терезесі бар сыртқы қабырғаларының бойына орналастыру керек.

7.13 АЖС ғимараттары мен имараттары өртке төзімділіктің I, II, IIIa дәрежелі бір қабатты болуы керек. Ғимараттардың ең үлкен жалпы ауданы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін өндірістік ғимараттар бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес келуі керек.

7.14 Технологиялық процесс нәтижесінде мұнай өнімдерінің буы шығуы ықтимал үй-жайлардың қарама-қарсы орналасқан екі не одан астам есік болуын қамтамасыз ету қажет.

7.15 Еденнің үстін жабуға арналған материалдар мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді болуы керек.

7.16 Өрт, жарылыс қаупі бар, улы және күйдіргіш заттарды тасымалдауға арналған құбыр жолдарын тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар, электр құрылғыларына арналған үй-жайлар, желдету камералары арқылы өткізуге болмайды.

7.17 Технологиялық құрал-жабдықтар мен май құю бағаналарының үстіндегі шатырлар жанбайтын материалдардан жасалуы керек. Желдетілмейтін бөліктері (қуыстары) бар шатырларды жасауға болмайды.

Автоцистерналардан отын төгу алаңдарының және сұйық мотор отынын сақтауға арналған жерүсті резервуарларының үстіне шатыр жабуға жол берілмейді.

7.18 АЖС ғимаратының конструктивтік элементтері қалыпты пайдалану жағдайында оның жарылыс және өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайларда қорғалуын қамтамасыз етуі керек.

7.19 Электр желілерін қайта жабдықтауға, стандартқа сай келмейтін сақтандырғыштарды қондыруға, қолдан жасалған және жарамсыз электр-жылу аспаптарын пайдалануға (жобада бекітілмеген) болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет