Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 395.4 Kb.
бет3/3
Дата07.02.2019
өлшемі395.4 Kb.
1   2   3

8

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




8.1

АЖС өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар







8.1.1 Барлық үй-жайлар, ғимараттар және сыртқы құрылғылар үшін жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттар белгіленуі керек.

8.1.2 Үй-жайлардың, ғимараттар мен имараттардың санаттарын, сондай-ақ жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша (бар болған жағдайда) сыртқы қондырғыларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 3-қосымшасының талаптарына сәйкес, «Автокөлікке жанармай құю станциялары (АЖС) мен отын құю объектілердің (ОҚО) жарылыс қауіпі бар аймақты жіктеулері және жарылыс қауіптілігіне қарай санаттандыру» құжатын ескере отырып анықтау керек.

8.1.3 Өрттің көршілес ғимараттар мен имараттарға таралуының алдын-алу, өрттен келген залалды қысқарту, ғимараттардың адамдар мен мүлікті қорғау үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында келесі өртке қарсы талаптарды орындау керек:

өртке қарсы нормаларда реттелетін ғимараттар мен имараттардың арасындағы минималдық қашықтықты қатаң сақтау;

АЖС-да ықтимал өртті сөндіруге арналған сыртқы және ішкі сумен қамсыздандыру көздері болуы керек;

өзендер мен су айдыны маңында өрт машиналарының су алуына арналған кіру жолдары болуы керек;

ғимараттар мен имараттарға барлық тарапынан өрт сөндіру техникасының, құтқару және медициналық қызметтердің техникалық құралдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз ету керек;

АЖС аумағы, ғимараттары мен имараттары және құрылыстары автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

8.1.4 АЖС аумағының қоршауы желдетілетін және жанбайтын материалдардан жасалуы керек.

8.1.5 АЖС аумағын гүлдену кезінде үлпек, талшықты заттар немесе мамықты ұрық шығаратын бұталармен және ағаштармен көгалдандыруға жол берілмейді.

8.1.6 АЖС ғимараттарында отты және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайларды қарастыруға тыйым салынады.





8.2

АЖС жарылыс қауіпсіздігі







8.2.1 Жарылыс қауіпті аймақтарда орналасқан электр жабдықтары мен АЖС БӨА жарылыстан қорғайтын етіп жасау керек.

8.2.2 Үй-жайларды желдету жүйесінде ауа шығару қарастырылады, ол үй-жайлардың жоғарғы бөлігінен, қабырғалардағы ойықтар немесе шатыр аралығындағы дефлектор арқылы жүзеге асырылады.



9

АЖС ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




9.1 АЖС ғимараттары мен үй-жайларының өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес анықталады.

9.2 АЖС автокөліктің багынан ластағыш заттарды газбен қайтарып жинау жүйесін қамтамасыз ететін отын тарату бағаналарымен және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және сәйкестік сертификаты бар басқа да технологиялық жабдықтармен жабдықталуы керек. Ластағыш заттарды газбен қайтарып жинап алу жүйесі жоқ отын тарату бағаналарын қолдану мемлекеттік санитариялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісіледі.

9.3 Отын сақтайтын резервуарлардың конструкциясында оны жөндеу кезінде сақталған отынның қалдығынан тазарту, желдету және газын шығару мүмкіндігі қарастырылуы керек сәйкес қолдану керек.

9.4 Отын тарату бағаналарына отын беру құбырларын жабу үшін отын беру құбырларының резервуарлардың алдындағы жерлеріне жапқыш бұрамаларды орнатуды қарастыру керек. Жапқыш бұрамалар еркін қолжетімділікті болуы керек.

9.5 Бензин сақтауға арналған резервуарлар өте жоғары қысымды ауа қақпақтары мен резервуарлардан автоцистернаға шығарылатын бу-ауа қоспасын қайтару қолданылатын газ теңестіру жүйесімен жабдықталуы керек. Газ теңестіру жүйесінің резервуарлар арасында орналасқан құбырларында, ауа беру жүйесі құбырлары шығатын жерлерде және олардың резервуарларға қосылатын жерлерінде от тоқтатқыштарды қондыру қарастырылуы керек.

Бензин және дизель отыны құйылған резервуарлар (камералар) арасында ортақ газ теңестіру жүйесін қондыруға жол берілмейді.

9.6 Газ теңестіру жүйесінің құбырлары жанбайтын материалдардан жасалып, жылдың кез-келген мезгілінде оның жұмыс қабілеттілігін сақтайтын от тоқтатқыштармен немесе от тоқтатқыш қондырылған ауа бергіштермен жабдықталуы керек.

9.7 Отынды жер астында сақтауға арналған резервуарлар олардың герметикалықтығын бақылау жүйелерімен жабдықталуы керек.

9.8 Толтыру сорғылары (автоматты қосылуна қарамастан) оператор жайында және сорғылардың жанында немесе ОТАЦ арналған алаңда орналасатын электр қоректенуін қолмен ажыратқыштармен жабдықталуы керек.

9.9 Отынды жер астында сақтау резервуарларына енгізілетін құбырды олардың номиналдық толтыру деңгейінен жоғары орналастыру қарастырылуы керек. Люктарды, тығындарды, қысқа құбырларды және тағы басқа құрал-жабдықтарды осы көрсетілген деңгейден төмен орнатуға тыйым салынады.

9.10 Технологиялық шахта мен оның қабырғалары арқылы құбырларды енгізу құрылғылары оның ішіндегі отынның топыраққа ағып шығу мүмкіндігін болдырмауы керек.

9.11 Қоршаған орта әсерінің қарқындылық дәрежесін бағалау және жерүсті резервуарлар мен құбырлардың сыртқы үстіңгі қабатын тотығудан қорғау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

9.12 Құбыр жолдарының ұзындығы барынша аз болуы керек және олар мұнай өнімдерінің саны мен сапасын сақтай отырып, АЖС-ғы барлық технологиялық операцияларды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

9.13 Технологиялық жабдықтар гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес шу мен дірілдің шекті рұқсатты мөлшерінен аспайтын деңгейін қамтамасыз етуі керек.

9.14 Қажет болған жағдайда, АЖС маңындағы елді мекендерге құралдардан болатын шудың әсерін төмендету үшін шудан қорғайтын қабырғалар орнатылуы керек.

9.15 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттарды найзағайдан қорғағышты орналастыру бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сай, АЖС найзағайдан қорғаумен жабдықтау керек.

9.16 АЖС көлік құралының багы номиналды толған кезде отын құюды автоматты түрде бұғаттауды қамтамасыз ететін ОТБ қолданылуы керек.

9.17 Резервуарларға ОТАЦ-тағы отынды толтыру оттың резервуарды толтыру желісі бойынша таралуына тосқауыл қоятын құрылғыларды қолдана отырып, жерасты өткізілген отын құю құбыры арқылы жүзеге асырылуы керек.

9.18 Жерүсті немесе резервуарлар мен технологиялық құдықтардың бос шахталарында орналасқан барлық отын құбырлары металдан жасалып, олардың жалғасқан жерлері саңылауды болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы керек.

9.19 Отын тасымалдау үшін пластмассадан жасалған құбырларды пайдалануға рұқсат беріледі, бұл жерде олардың жер астымен арнасыз өткізіліп, механикалық зақымнан қорғалуы міндетті.

9.20 Отын беру желілері қысым немесе сол желілердің сорғылары орындайтын ажырату жолымен ашылатын және осы аталған сорғылар ажыратылған кезде тығыз жабылатын кері қақпақтармен жабдықталуы тиіс.

9.21 Бір не бірнеше ОТБ-да бір не бірнеше резервуардан отын беруге арналған ортақ құбырды пайдалануға болады, бұл жерде сол құбырларда әрбір ОТБ мен әрбір резервуардың алдында ілмекті арматураның болуы міндетті.

9.22 Отын немесе оның буы бар құрал-жабдықтар орналастырылған, сондай-ақ, бос орны бар резервуарлардың технологиялық шахталарының және құдықтардың қабырғалары жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. Басқа жағдайларда жануы қиын материалдарды қолдануға болады. Аталған құрал-жабдықтар қойылған технологиялық шахталардың не құдықтардың құрылысы атмосфералық жауын-шашындар тимейтіндей және қаұпақты ашып-жапқанда ұшқын пайда болу мүмкіндігін болдырмауы керек.

9.23 Отын сақтауға арналған (жерасты, жерүсті) резервуарлардың мұнай өнімдері мөлшерінен асырып құйылу кезінде төгілген немесе таралып төгілген не апат жағдайында қорғайтын астаулары болуы керек.

9.24 Мұнай өнімдерін сақтауға арналған контейнерде шатырға шығуға және резервуардың ернеуі мен құрал-жабдықтарға кіруге арналған баспалдақ болуы керек.


10

АЖС ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




10.1

Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері







10.1.1 Стационарлық АЖС аумағында шаруашылық-ауыз су, өндірістік және өртке қарсы сумен қамсыздандыру жүйелерін орнату қарастырылуы керек. Өртке қарсы су құбырын шаруашылық-ауыз су және/немесе өндірістік су құбырымен біріктіруге болады.

Шаруашылық-ауыз су құбырларын ішуге жарамсыз су құбырлары жүйесімен біріктіруге болмайды.

10.1.2 АЖС сумен қамсыздандыру және су шығару жүйелерін жобалау барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін автомобиль көлігін жөндеу және техникалық қызмет ету кәсіпорындары, ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі, сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары бойынша мемлекеттік нормативтер және осы құрылыс нормаларының талаптары сақталуы керек.

10.1.3 АЖС су құбырлары жүйесінен сумен қамсыздандырылуы қарастырылуы керек. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін тасымал суды қолдануға болады. Тасымал су Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған резервуарларда сақталуы керек.

Техникалық су құбырларын техникалық суды ауыз су ретінде қолдану мүмкіндігін жоятындай арнайы бояумен бояу қарастырылуы керек.

10.1.4 Сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығысын есептеп шығару керек. Өрт сөндіруге жұмсалатын есептік су шығысын анықтау кезінде шаруашылық мұқтаждыққа жұмсалатын су шығысын есепке алынбайды.

10.1.5 Автокөлік жуғыштың су қамсыздандыруы айналымды болуы керек.

10.1.6 АЖС аумағында су шығаратын төмендегйдей жүйелерді:

ғимараттар мен имараттардан шығатын өндірістік ақаба суларды және су шығару құрылғыларының ашық алаңдарынан, мұнай өнімдерінің резервуарлары орналасқан алаңнан жауын-шашын суларын қабылдауға арналған өндірістік немесе өндірістік-жауын-шашын кәрізін;

санитарлық аспаптар мен душтардан тұрмыстық ақаба суды қабылдауға арналған тұрмыстық кәрізді орнатуды қарастыру керек.

10.1.7 Көлік жуынды сулары мен мұнай өнімдерінің резервуарларын тазарту суларын кәрізге ағызуға болмайды. Ол ағыстар құбырлармен арнайы резервуарларға ағызылып, кейіннен кәдеге жаратылуы тиіс.

10.1.8 Тұрмыстық ақаба суды елді мекеннің кәріз желісіне ағызу керек. АЖС салынып жатқан аймақта су ағызу жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті тазарту имараттарын салу қарастырылуы керек.

10.1.9 АЖС ақаба суының тұнбасын өңдеу амалдарын жобалау кезінде нақты жағдайға қарай белгілеу керек.

10.1.10 АЖС аумағында кәріздік сорғы станцияларын жобалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес орындалуы керек.

10.1.11 Тұрмыстық кәріз бен өндірістік кәрізді біріктіруге жол берілмейді.

10.1.12 Өндірістік-жауын-шашын кәрізі тазарту имараттарымен (мұнай ұстағыштармен және жабық типті тұндырғыштармен) жабдықталуы керек. Жауын-шашын кәрізіне алып-салынатын тақталармен жабылған астауларды орнатуға болады.

10.1.13 Мұнай өнімдерін жерүсті резервуарларында сақтау алаңдарындағы жауын-шашын суын қалыпты жағдайда суды жауын-шашын кәрізіне, ал резервуарлар тесіліп, суы сыртқа аққан жағдайда мұнай резервуарларының құрамына кіретін апаттық қабылдауыш резервуарға ағызуға мүмкіндік беретін ысырмалы үлестіргіш құдық арқылы ағызу қарастырылуы керек.

10.1.14 Ақаба суды жинау және тазарту жүйесі жоқ АЖС пайдалануға болмайды.






10.2

Жылыту және желдету







10.2.1 АЖС жылу және желдету жүйелерін жобалау кезінде, осы құрылыс нормаларының талаптары орындалуы керек.

10.2.2 АЖС ғимаратын жылытуды жарылыстан қорғайтындай етіп зауытта ғана жасалған жабық электр жылытқыштарымен жүзеге асыру керек.

10.2.3 АЖС ғимаратын табиғи немесе автономиялық кондиционерлерді (Сплит жүйелерін) қолданып желдету қарастырылуы керек.

10.2.4 Ауа ортасының қажетті жағдайын қамтамасыз ету үшін, техникалық қызмет көрсету үй-жайларында кәсіпорынның жұмыс тәртібі мен жобаның технологиялық бөлімінде белгіленетін зиянды заттардың мөлшерін ескере отырып, механикалық түрде іске қосылатын жалпы алмастырғыш ауаны енгізіп тартқыш желдету жүйесін орнату қарастырылуы керек.

10.2.5 «А» және «Б» санатты өндірістік үй-жайларда негізгі енгізіп тартқыш желдету жүйесімен қатар жарылыс қауіпті концентрациялар туралы белгі бергіш әсерінен желдеткіштер автоматты түрде қосылатын апаттық желдеткіштерді орнату қарастырылуы керек.

10.2.6 Апаттық желдету жүйесі негізгі желдету жүйесіне қосымша бір сағат ішінде үй-жайдың толық көлемінде 8 мәрте ауа алмастыруды қамтамасыз етуі керек.

10.2.7 Жылу және желдету жүйелері өндірістік үй-жайларда микроклимат өлшемдерінің және ауа ортасының өндіруші зауыттардың техникалық талаптары мен өндірістік объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталуын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

10.2.8 «А» санатының үй-жайларына қызмет көрсететін желдету құралдары жарылыс қауіпсіз болып жасалуы керек.






10.3

Электрмен қамсыздандыру, электрмен жабдықтау, найзағайдан қорғау, байланыс, өндірістік процестерді автоматтандыру







10.3.1 Ғимараттар мен үй-жайларды электрмен жабдықтау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін электр-техникалық құрылғылар бойынша мемлекеттік норматив және осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

10.3.2 Жарылыс қауіпті аймақтарда орналастырылатын электр құрал-жабдықтары мен автоматандыру құралдарының жасалуы ғимарттар мен сыртқы құрылғылардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша жіктеліміне сай келуі тиіс.

10.3.3 АЖС ғимараттары мен имараттарын жергілікті жағдайлардың есебімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттарды найзағайдан қорғағышты орналастыру бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықтау керек.

10.3.4 Резервуарларды, азық-түдік құбырларын және технологиялық құрал-жабдықтарды статикалық электр тогының зарядынан қорғау үшін, жерлендіру контурына жалғау керек. Статикалық электр зарядын шығару үшін, автоцистерналарды мұнай өнімдерін төгу кезінде және автоцистерналарды АЖС аумағына уақытша қою кезінде жерлендіру құрылғыларын орнату қарастырылуы керек.

10.3.5 Барлық электр құрылғылары, металл құрылғылар жерлендірілуге тиесілі.

10.3.6 Жерлендіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін электр-техникалық құрылғылар бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сай, орындалады.

10.3.7 Ток шығарғыштармен және жерлендіру құрылғыларымен жабдықталған барлық жай тартқыштар дәнекерленіп жасалуы керек.

10.3.8 АЖС-ның жарылыс қауіпті жерде орналасқан электр құрал-жабдықтары жарылыстан қорғалатындай етіп жасалуы керек.

Жарылыс қаупі бар аймақтарға жарылыстан қорғау жөніндегі таңбалануы жоқ электр құралдарын орнатуға жол берілмейді.

10.3.9 АЖС электр қабылдағыштары электрмен қамсыздандыру сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша ІІІ санатқа жатады.

Автоматты өрт дабылының электр қабылдағыштары, автоматты өрт сөндіру және адамдарға өрт туралы хабарлау құрылғылары І сенімділік санатына жатады, сондықтан олардың қосымша автономиялы электрмен қамсыздандыру көзі болуы керек.

10.3.10 АЖС аумағында қолданыстағы нормаларға сай тәуліктің қараңғы мезгілінде қосылатын сыртқы жарықтандыруы болуы керек.

Көлікке май құю және мұнай өнімдерін ағызу орындарының жарықтандыруына баса назар аудару қажет.

10.3.11 Күзет жарықтандыру сыртқы жарықтандырудан бөлек қарастырылады.

10.3.12 АЖС (сымды немесе сымсыз) телефон байланысымен немесе радио байланыспен және қатты дауысты байланыспен жабдықталуы керек.

Қызмет көрсетуші жұмыскерлер тұрақты отыратын жұмыс орындары мұнай базаларының диспетчер бекетімен байланысуға арналған телефондармен (радиотелефондармен) жабдықталады.

10.3.13 АЖС ғимараттары, үй-жайлары және имараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы бойынша мемлекеттік норматив талаптарының есебімен автоматты өрт дабылы жүйесімен және адамдарға өрт туралы хабарлау құрылғыларымен жабдықталуы керек.

10.3.14 Автоматты өрт дабылы іске қосылған кезде:

қызмет көрсетуші жұмыскерлер мен АЖС аумағындағы адамдарға өрт туралы хабарлау;

резервуарларға отын толтыру операцияларын тоқтату;

резервуарға отын беру құбырларының қақпақ арматурасын жабу;

барлық отын тарату бағаналары мен компрессорлық құрал-жабдықтардың автоматты түрде ажыратылуы қамтамасыз етілуі керек.

10.3.15 Отын тарату бағаналарының жұмысын басқару қашықта немесе жергілікті болады.

10.3.16 Автокөлікке құйылатын отынның шығыны ОТБ-на орнатылатын санауыштар арқылы есептелінеді.

10.3.17 Барлық қолданылатын өлшеу құралдары стандартталған және тексерілгені туралы сертификаттары (қажет болған жағдайда) болуы керек.

10.3.18 Өлшеуді орындаудың қолданылатын әдістемелері аттестатталған болуы тиіс.

10.3.19 АЖС автоматика жүйесі негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың техникалық талаптарына сай жасалуы керек.

10.3.20 АЖС басқару жүйесі өрт туындаған немесе төтенше жағдаймен байланысты тағы басқа жағдайлар туындаған кезде отын беруді автоматты түрде ажыратуы керек.



11

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




11.1 АЖС жобалау, орналастыру, құрылысын салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарының орындалуы қамтамасыз етілуі керек.

11.2 Атмосфералық ауаның, топырақтың және су қоймаларының ластануын кеміту үшін АЖС аумағында:

резервуарлар мен технологиялық құрал-жабдықтарды толық техникалық іске жарамдылығын сақтап, тығыз жабылуын қамтамасыз ету;

резервуарлардың ауа кіргізу қақпақтарын артық қысым мен вакуумның талап етілетін мөлшеріне ыңғайлап реттеп, олардың іске жарамдылығын қадағалау;

бензин құйылған резервуарларды аса жоғары қысымды ауа кіргізу қақпақтарын қолдана отырып, газ бекіткіштерімен жабдықтау;

автоцистерналардағы мұнай өнімдерін жылдам ажыратылатын тығыз ағызу муфталарын қолданып қана ағызу;

«үлкен» ағыспен резервуардан автоцистернаға шығарылатын бу-ауа қоспасының қайта шығуын қамтамасыз ету;

газ қайтару жүйелерін қолданып, автокөлік бактарынан бу-ауа қоспасының қайта шығарылуын қамтамасыз ету;

жергілікті тазартуды қолданып, жерүсті-жауын-шашын ағыстарын жинауды ұйымдастыру;

ластану аймағын ескере отырып және ластағыш заттарды жинақтау әсерін қолданып, АЖС төңірегіне жасыл аймақтар жасау керек.

11.3 Ауаның газдалу мөлшерін анықтау, мұнай өнімдерінің апатты төгілулері мен жайылып таралуын жою іс-шаралары, соның ішінде ластанған топырақты жинау мен шығару экологиялық қауіпсіздік бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес іске асырылуы керек.

11.4 АЖС аумағынан құрамында мұнай бар қалдықтар, ластанған өндірістік-жауын-шашын ақаба сулары мен қоқысты шығару жиналуына сай жүйелі болуы және жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісілуі керек.

11.5 АЖС арналған санитарлық-қорғаныс аймағының (СҚА) көлемі атмосфераға зиянды заттардың таралуын есептеумен расталып келуі керек.

11.6 АЖС жұмыс аймағының ауасындағы және СҚА шегіндегі (тұрғын аймақтары үшін) зиянды заттардың мөлшері шекті рұқсатты мөлшерден (ШРМ) аспауы керек.

11.7 Жобаның технологиялық бөлігін әзірлеу барысында апат жағдайында және жөндеу кезінде технологгиялық имараттардағы және құбырлардағы мұнай мен мұнай өнімдерін жинау, сондай-ақ, барлық ықтимал жоғалту нүктелеріндегі мұнай өнімдерін жинау қарастырылуы керек.

11.8 Апат кезінде мұнай өнімдерін кәрізге төгуге болмайды.

11.9 АЖС орнатылған барлық жабдықтар технологиялық операцияларды механикаландырылған тәсілмен орындау шарттарына сәйкес келіп, АЖС аумағының ластануын болдырмауы керек.

11.10 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бақылау және автоматтандыру жүйесіне қойылатын негізгі талаптар:

қабылдағыш электр жетекші ысырмаларды автоматты түрде жабу немесе өнім сорғыларын тоқтату жолымен мұнайдың (мұнай өнімдерінің) резервуарға құю кезінде төгілуінің алдын-алу;

бергіш магистралдық құбыр тарапынан қабылдау орнында қысым көтерілген кезде нысанның технологиялық құбырларын жарылудан қорғау;

стационарлық газ анализаторлары көмегімен мұнай және мұнай өнімдері машина залдары үй-жайларының газдалу мөлшерін бақылау;

атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды кезең сайын бақылау;

стационарлық анализаторлар көмегімен (тиісті құралдар болған жағдайда) тазартылған ақаба судағы мұнай (мұнай өнімдері) мөлшерін бақылау немесе зертханалық жағдайда кезең сайын бақылау.

11.11 АЖС бас жоспарын әзірлеген кезде вертикаль жоспарлау су ағызу жүйесінің болуын қамтамасыз етуі керек.

11.12 Жерасты суы мен маңындағы жерлердің ластануын болдырмау үшін, жерде орналасқан тазарту немесе қорғағыш имараттар сүзбейтін (шлам жинауыштар, су тұндырғыш тоғандар, қоймалар т.с.с.) болуы керек.

11.13 Табиғатты қорғау іс-шаралары кешені мен табиғи ортаға келтірілген зиян үшін төленетін толық өтемақы мөлшері қоршаған ортаға әсерді бағалау өткізілген соң анықталады.

11.14 АЖС жобаларында жұмыс аймақтарының және аумақтың жерге жақын бөлігінің газдалу мөлшерін стационарлық (өнеркәсіпте шығарылуына қарай) және тасымалы газ анализаторлары көмегімен тұрақты түрде бақылап отыру жүйелерін жасау қарастырылуы керек. АЖС пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай қоршаған ортаның өндірістік мониторингін жүргізу керек.


12

ЭЛЕКТР-ХИМИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




12.1 АЖС жобаланатын жерастылық болат имараттары топырақ бұзылуынан қорғайтын жабындармен және электр-химиялық қорғаныс құралдарымен кешенді қорғалуы керек.

12.2 АЖС жобаланатын алаңындағы коммуникациялардың электр-химиялық қорғанысын оған жанасқан алаң және желілік имараттардың электр-химиялық қорғанысының есебімен орындау керек. Бұл жерде оның қорғанысы АЖС басқа имараттарына зиынды әсерін тигізбеуі керек.



13

АЖС ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




13.1

Жалпы талаптар







АЖС пайдалану қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-мамырдағы № 514 қаулысымен бекітілген «Мұнай базалары мен автокөлікке жанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі.




13.2

Машиналарға қызмет көрсету мен АЖС жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар







13.2.1 АЖС пайдалануға беру кезінде топырақ, ашық су қоймаларындағы су, атмосфералық ауа ластануының алдын-алу шаралары қабылдануы керек.

13.2.2 Отын құю кезінде резервуарлардағы отын деңгейін бақылауды қамтамасыз ететін жабдықтар дұрыс күйде болуы және кезең сайын бақылануы керек.

13.2.3 Барлық АЖС жиынтықталған медициналық дәрі қобдишаларымен және жұмыскерлерді жеке қорғайтын жабдықтармен қамтамасыз ету керек.


14

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУДАҒЫ ҚОЛЖЕТІМДІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




14.1 АЖС жобалаған кезде жергілікті жағдайлар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін мараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі бойынша мемлекеттік норматив талаптарының есебімен мүгедектер мен халықтың басқа да қозғалысы шектеулі топтары үшін аумақтың қолжетімді болуына қатысты нақты іс-шаралар орындалуы керек.

14.2 Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына жататын көлік жүргізушілер мен жолаушыларға ААЖС қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін:

суланған кезде тайғақ болмайтын жабындар;

халықтың қозғалысы кем топтарының автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясының аумағында кедергісіз және қолайлы жүріп-тұру жағдайы қарастырылуы керек.

14.3 Автокөлікке жанармай құю станциясының аумағына кіру жолдарында мүгедектер үшін қолжетімді объекті туралы ақпараттың элементтерімен жабдықталады.

14.4 Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына қолжетімді ақпарат жүйесінде ақпараттың үздіксіздігі, уақтылы бағытталуы және объектілер мен баратын жерлерді бірден танулары қамтамасыз етілуі керек. Ақпарат құралдары жүйесінде көрсетілетін қызметтердің ассортименті, эвакуациялау жолдарының орналасуы туралы ақпарат беріліп, сонымен қатар экстремалды жағдайларда қауіп төнуі туралы ескерту жасалуы, т.с.с. ақпараттар берілуі керек.



14.5 Көзбен көретін ақпарат бірден көрінетіндей болып басқа түспен айқындалуы, алыстан көре алатындай көлемде болуы және интерьердің көркемдік шешіміне сай келуі керек.

ӘОЖ 658.562 МСЖ 91.020
Негізгі сөздер: автожанармай станциясы, бас жоспар, ғимараттар мен имараттардың ара қашықтығы, вертикаль жоспарлау, инженерлік желілер, санитарлық-қорғау аймағы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет