«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»



жүктеу 277.54 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі277.54 Kb.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1128 қаулысымен   
бекітілген     
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 49) тармақшасының және «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінің негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімде;
      2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында;
      3) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның және орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      5. Осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу коды көрсетілген, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) техникалық шарттардың міндетті қосымшасы бар сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтама беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға өтініш берген кезде:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
      3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
      4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты –30 минуттан аспайды;
      Электрондық сұрау салу көзделмеген.
      Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа өтініш берген кезде:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      4) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      5) қажетті құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, мекенжайлары және телефондары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, Орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы тұрып жатқан немесе тіркелген жердегі уәкілетті органның және орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар орналастырылған, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін қоғамдық пікірді зерделеу үшін уәкілетті органда және орталықта жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы:
      1) уәкілетті органға:
      еркін нысандағы өтініш;
      жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
      Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
      2) орталыққа:
      еркін нысандағы өтініш;
      жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
      Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттардың үй-жайларын немесе өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
      Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда жобаға осы өзгертулерге олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс.
      Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы объектілерді өзгерту ұйғарылған болса және жоспарланған қайта жаңарту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті өтініш еркін нысанда толтырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау:
      1) уәкілетті органда кеңсе арқылы, олардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген;
      2) орталықтарда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда қызметтің мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) уәкілетті органға құжат тапсырған кезде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі;
      2) орталыққа құжат тапсырған кезде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын болған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді уәкілетті органның лауазымды адамы немесе орталық қызметкері «терезелер» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде жүзеге асырады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталық оларды 3 (үш) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға өткізеді.
      16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті алушыға жетпей тұрған құжатты көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
      1) орталықтан түскен құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады;
      2) жобалауға арналған тапсырманың техникалық шарттар алуға қажетті негізгі параметрлерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыны сәйкессіздікті жою үшін шақырады.
      Бас тартқан жағдайда уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі мемлекеттік қызметі алушыға қатысты мынадай:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
      4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
      5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген орталық басшылығына жүгiнедi. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әкімдердің аппаратына уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады. Әкімдер аппараты басшыларының мекенжайлары, жұмыс кестелері, электрондық пошталары мен телефондары осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген.
      22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда орталық басшысының атына немесе орталық қарамағына кіретін «Орталық» РМК-ға шағым жасалады. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. Жұмыс кестесі түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      25. Пошта және қолма-қол және поштамен түскен қабылданған шағымдарды растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн журналға тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
      Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні, байланыс деректерi көрсетiлген осы стандартқа 7-қосымшада көрсетілген талон береді.
      Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Агенттіктің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, интернет-ресурс: http://www.ads.gov.kz.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын


беру» мемлекеттік қызмет   
стандартына           
3-қосымша            
Қазақстан Республикасы
Республика Казахстан
_____________________________________________________________________
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы органының атауы)
(наименование органа архитектуры и градостроительства города
республиканского значения, столицы, городов областного значения,
районов)
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері, электрондық мекенжайы, тел.)
(местонахождение, электронный адрес, тел.)
БЕКІТЕМІН:
УТВЕРЖДАЮ:
Бас сәулетші (қала, аудан)
Главный архитектор (города, района)
___________________________________
(Т.А.Ә.) (Ф.И.О.)
ЖОБАЛАУҒА АРНАЛҒАН
СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ ТАПСЫРМАСЫ (СЖТ)
АРХИТЕКТУРНО-ПЛАНИРОВОЧНОЕ ЗАДАНИЕ (АПЗ)
НА ПРОЕКТИРОВАНИЕ
20__жылғы «___» __________№ ______
№_______ от «___»_____________20__ года
Объектің атауы ______________________________________________________
Наименование объекта ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор) _____________________
Заказчик (застройщик, инвестор) ________________________________
________________________________
Қала (елді мекен), жыл
Город (населенный пункт), год



Сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу үшін негіздеме (СЖТ)

Қала, аудан әкімінің ______________ (күні, айы, жылы) №_____ қаулысы

Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ)

Постановление акима города (района) №_______ от_________ (число, месяц, год)

Жобалаудың сатылылығы

Нобайлық жоба толық көлемде, оның ішінде:
Жалпы деректер: М 1:500 топографиялық негізде учаскенің Бас жоспары (абаттандыру және көгалдандыру схемасы); Қасбеттер, қабаттар жоспары, осьтер бойынша қималар, шатырдың жоспары; қасбеттердің сәулеттік шешімінің паспорты (сыртқы әрлеу ведомосі)

Стадийность

Эскизный проект в полном объеме, в том числе:
Общие данные: Генплан участка (схема благоустройства и озеленения) на топографической основе в М 1:500; Фасады, планы этажей, разрезы по осям, план кровли; Паспорт архитектурного решения фасадов (ведомость наружной отделки).

1. УЧАСКЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ

ХАРАКТЕРИСТИКА УЧАСТКА

1. Учаскенің орналасқан жері

Қала, аудан, шағын аудан, квартал

1. Местонахождение участка

Город, район, микрорайон, квартал

2. Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен құрылғылар, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалар)

Қысқаша сипаттама

2. Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие)

Краткое описание

3. Геодезиялық зерттелуі (түсірілімдердің болуы, олардың маштабы)

Қысқаша сипаттама

3. Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы)

Краткое описание

4. Инжерелік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық материалдардың және басқа да іздестірулердің болуы)

Қордағы материалдар бойынша (топографиялық түсірілімдер, масштабы, түзетудің болуы)

4.Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий)

По фондовым материалам (топографическая съемка, масштаб, наличие корректировок)

2. ЖОБАЛАНАТЫН ОБЪЕКТІНІҢ СИПАТЫ

ХАРАКТЕРИСТИКА ПРОЕКТИРУЕМОГО ОБЪЕКТА

1. Объектінің функционалдық мақсаты

Қысқаша сипаттамасы

1. Функциональное значение объекта

Краткое описание

2. Қабаты

Технология бойынша

2. Этажность

По технологии

3. Жоспарлау жүйесі

Объектінің функционалдық мақсатын ескере отырып, жоба бойынша

3. Планировочная система

По проекту с учетом функционального назначения объекта

4. Конструктивтік жүйе

Жоба бойынша

4. Конструктивная система

По проекту

5. Инженерлік қамтамасыз ету

Орталықтандырылған. Бөлініп берілген жер учаскесінің шегінде инженерлік және алаңішілік дәліздер көздеу

5. Инженерное обеспечение

Централизованное. Предусмотреть коридоры инженерных и внутриплощадочных сетей в пределах отводимого участка

3. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТАЛАПТАРЫ

ГРАДОСТРОИТЕЛЬНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ

1. Көлем-кеңістіктік шешім

Учаскелері бойынша шектес объектілермен қиыстыру

1. Объемно-пространственное решение

Увязать со смежными по участку объектами

2. Бас жоспардың жобасы

Учаскенің шектелген аумақтық параметрлерін және көліктік-жүргіншілер коммуникациясын дамыту перспективасын ескеру

2. Проект генерального плана

Учесть ограниченные территориальные параметры участка и перспективу развития транспортно-пешеходных коммуникаций

2-1 тігінен жоспарлау

Іргелес аумақтардың егжей-тегжейлі (толық) жоспарлау жобасының жоғарғы белгісімен қиыстыру

2-1 вертикальная планировка

Увязать с высотными отметками ПДП прилегающей территории

2-2 абаттандыру және көгалдандыру

Қысқаша сипаттамасымен нормативтер

2-2 благоустройство и озеленение

Нормативное с краткими описаниями

2-3 автомобильдер тұрағы

Қысқаша сипаттамасы

2-3 парковка автомобилей

Краткое описание

2-4 жердің құнарлы қабатын пайдалану

Қысқаша сипаттамасы

2-4 использование плодородного слоя почвы

Краткое описание

2-5 шағын сәулеттік нысандар

Қысқаша сипаттамасы

2-5 малые архитектурные формы

Краткое описание

2-6 жарықтандыру

Қысқаша сипаттамасы

2-6 освещение

Краткое описание

4. СӘУЛЕТ ТАЛАПТАРЫ

АРХИТЕКТУРНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ

1. Сәулеттік бейненің стилистикасы

Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік бейнені қалыптастыру

1.Стилистика архитектурного образа

Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта

2. Қоршап тұрған құрылыспен өзара үйлесімдік сипаты

Бағыныстағы

2. Характер взаимодействия с окружающей застройкой

Подчиненный

3. Түсі бойынша шешім

Нобайлық жобаға сәйкес

3. Цветовое решение

Согласно эскизному проекту

4. Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

4. Рекламно-информационное решение, в том числе:

Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно ст. 21 Закона РК «О языках»

4-1 түнгі жарықпен ресімдеу

Қысқаша сипаттамасы

4-1 ночное световое оформление

Краткое описание

5. Кіреберіс тораптар

Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну

5. Входные узлы

Предложить акцентирование входных узлов

6. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының тіршілік әрекеті үшін жағдай жасау

ВҚН 62-91 сәйкес іс-шараларды көздеу; мүгедектердің ғимараттарға кіруін көздеу, пандустарды, арнайы кіреберістер жолдарды және мүгедектер арбасы өтетін құрылғылар көздеу

6. Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения

Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями ВСН 62-91; предусмотреть доступ инвалидов к зданию, предусмотреть пандусы, специальные подъездные пути и устройства для проезда инвалидных колясок

7. Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау

ҚР ҚНЖЕ-ге сәйкес

7. Соблюдение условий по звукошумовым показателям

Согласно СНиП РК

Д. СЫРТҚЫ ӘРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Д. ТРЕБОВАНИЯ К НАРУЖНОЙ ОТДЕЛКЕ

1. Цоколь

Қысқаша сипаттамасы

1. Цоколь

Краткое описание

2. Қасбет
Қоршау құрастырмалар

Қысқаша сипаттамасы

2. Фасад
Ограждающие конструкций

Краткое описание

5. ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ТРЕБОВАНИЯ К ИНЖЕНЕРНЫМ СЕТЯМ

1. Жылумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

1. Теплоснабжение

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

2. Сумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

2. Водоснабжение

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

3. Кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

3. Канализация

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

4. Электрмен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

4. Электроснабжение

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

5. Газбен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

5. Газоснабжение

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

6. Телекоммуникация

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

6. Телекоммуникация

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

7. Дренаж (қажет болған жағдайда) немесе нөсерлік кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

7. Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

8. Стационарлық суғару жүйесі

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __ және берілген күні)

8. Стационарные поливочные системы

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)

1. ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫҒА ЖҮКТЕЛЕТІН МІНДЕТТЕР

ОБЯЗАТЕЛЬСТВА, ВОЗЛАГАЕМЫЕ НА ЗАСТРОЙЩИКА

1. Инженерлік іздестірулер бойынша

Жер учаскесін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен және жер жұмыстарын жүргізуге ордер алынғаннан кейін кірісу

1. По инженерным изысканиям

Приступать к освоению земельного участка разрешается после геодезического выноса и закрепления его границ в натуре (на местности) и ордера на производство земляных работ

2. Қолданыстағы құрылыстар мен құрылғыларды бұзу (ауыстыру) бойынша

Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

2. По сносу (переносу) существующих строений и сооружений

В случае необходимости краткое описание

3. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша

Өтетін инженерлік коммуникациялар анықталған жағдайда оларды қорғау бойынша конструктивтік іс-шаралар көздеу, тиісті инстанциялармен келісу

3. По переносу подземных и надземных коммуникаций

В случае обнаружения проходящих инженерных коммуникаций предусмотреть конструктивные мероприятия по их защите, провести согласование с соответствующими инстанциями

4. Жасыл екпелерді сақтау және /немесе отырғызу бойынша

Қысқаша сипаттамасы

4. По сохранению и/или пересадке зеленых насаждений

Краткое описание

5. Учаскені уақытша қоршау бойынша

Қысқаша сипаттамасы

5. По строительству временного ограждения участка

Краткое описание

К. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

Нобайлық жобаға сәйкес құрылыс салынатын жалпы алаң

К. ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ

Общая площадь застройки согласно эскизному проекту

Л. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеген кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын басшылыққа алу.
2. Жобалауды (жаңа құрылыс кезінде) түзетілген М 1:500 топографиялық түсірілім және бұрын орындалған геологиялық іздестірулер материалдарында жүргізу.
3.Қаланың (ауданның) бас сәуетшісімен келісу:
- М 1:500 бас жоспар;
- инженерлік желілердің жиынтық жоспары;
- құрылыстың бас жоспары;
- жарнамалық-ақпараттық қондырғылар.

Л. ОБЩИЕ ТРЕБОВАНИЯ

1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.
2. Проектирование (при новом строительстве) необходимо вести на материалах откорректированной топографической съемки в М 1:500 и геологических изысканий, выполненных ранее.
3. Согласовать с главным архитектором города (района):
-генеральный план в М 1:500;
-сводный план инженерных сетей;
-строительный генеральный план;
-рекламно-информационные установки.


ЕСКЕРТУЛЕР:
      1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі - СЖТ) және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығы мерзімі ішінде қолданылады.
      2. СТЖ шарттарын қайта қарауды талап ететін қандай да бір жағдай пайда болған кезде, оған өзгерістер тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
      3. СЖТ баяндалған талаптар мен шарттар меншік нысаны мен қаржыландыру көздерінің нысандарына қарамастан барлық инвестициялық процеске қатысушылар үшін міндетті. СЖТ тапсырыс берушінің немесе жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша қала құрылысы кеңесінің, сәулеттік қоғамның талқылау құралы болып табылады, тәуелсіз сараптамада қарастырылады.
      4. Тапсырыс беруші СЖТ баяндалған талаптарға келіспесе сотқа шағымдануына болады.
      5. Берілген СЖТ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте құрылысқа жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеуге және сараптамадан өткізуге негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан (салынған), бірақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қатысы бар объектілерді мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға тиіс.
      Аталған талапты тапсырысшыға (құрылыс салушыға) СЖТ берген кезде аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді және ол сол тапсырмада, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсатта көрсетілуге тиіс.
ПРИМЕЧАНИЯ:
      1. Архитектурно-планировочное задание (далее-АПЗ) и технические условия действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденной в составе проектной (проектно-сметной) документации.
      2. В случае возникновения обстоятельств, требующих пересмотра условий АПЗ, изменения в него могут быть внесены по согласованию с заказчиком.
      3. Требования и условия, изложенные в АПЗ, обязательны для всех участников инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования. АПЗ по просьбе заказчика или местного органа архитектуры и градостроительства может быть предметом обсуждения градостроительного совета, архитектурной общественности, рассмотрено в независимой экспертизе.
      4. Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, может быть обжаловано в судебном порядке.
      5. Выданное АПЗ является основанием на разработку и проведение экспертизы предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство в установленном уполномоченным государственным органом в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности порядке.
      6. Объекты, строящиеся (построенные) без участия государственных инвестиций, но затрагивающие государственные и общественные интересы, подлежат приемке в эксплуатацию государственными приемочными комиссиями.
      Указанное условие устанавливается местными исполнительными органами (городов) при выдаче заказчику (застройщику) АПЗ и должно быть зафиксировано в этом задании, а также в разрешении на производство строительно-монтажных работ.



СЖТ жасады
АПЗ составил
_____________________________
(лауазымы, ТАӘ)
(должность, ФИО)
_____________________________

СЖТ алды
АПЗ получил
_____________________________
(күні, айы, жылы)
(число, месяц, год)
_____________________________
(қолы)
(подпись)

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын


беру» мемлекеттік қызмет   
стандартына           
4-қосымша            
Кесте. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және
қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні



Сапа және қол жетімдік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)







1.2. Қызмет алу үшін кезекте ___ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресімдеген (тіркеген) жағдайлардың %-ы (үлесі)







3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







3.2. Тұтынушы құжаттарды бірінші реттен дұрыс ресімдеген жағдайлардың %-ы (үлесі)







3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы үлесі







4. Шағымдану процесі

4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санынан негізді шағымдардың %-ы (үлесі)







4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың %-ы (үлесі)







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет