"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер



жүктеу 67.21 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі67.21 Kb.
түріРегламент

Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 47/01 қаулысымен
бекітілген

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


      1. "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
      3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 237 қаулысымен бекітілген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 1-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу кодын көрсете отырып, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау


      6. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттары бар (бұдан әрі-өтініш) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініші мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері келіп түскен өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына өтініш келіп түскен күні 15 (он бес) минуттың ішінде береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және орындау үшін жауапты орындаушыға өтініш келіп түскен күні 15 (он бес) минуттың ішінде жолдайды;
      3) келіп түскен өтінішті жауапты орындаушы қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде басшының қол қоюына жолдайды, мынадай құрылыс объектілері үшін:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге теміржолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары 13 (он үш) жұмыс күні ішінде;
      жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қолданыстағы шекараларында жүзеге асырылатын, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 15 (он бес) минуттың ішінде береді.
      8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) басшының бұрыштамасы;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жолданған нәтижесі;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;
      5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) ХҚО қызметкері.
      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерінің іс-қимылдардың реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркейді, басшыға 15 (он бес) минуттың ішінде өтініш келіп түскен күні береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және орындау үшін жауапты орындаушыға 15 (он бес) минуттың ішінде өтініш келіп түскен күні жолдайды;
      3) өтінішті жауапты орындаушы қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде басшының қол қоюына жолдайды, мынадай құрылыс объектілері үшін:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге теміржолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары 13 (он үш) жұмыс күні ішінде;
      жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қолданыстағы шекараларында жүзеге асырылатын, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және қол қойылған күні 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркейді және көрсетілетін қызметті алушға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


      11. ХҚО жүгіну тәртібін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үдерісін сипаттау, оның ұзақтығы:
      Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:
      1) 1-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО қызметкеріне өтінішті 15 (он бес) минуттың ішінде ұсынады;
      2) 2-үдеріс - денсаулық жағдайына байланысты ХҚО өзі жүгіне алмаған көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бару арқылы 15 (он бес) минуттың ішінде ХҚО қызметкері жүргізеді;
      3) 3-үдеріс - ХҚО қызметкері өтініш тапсырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға:
      өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;
      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орнын;
      өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
      көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), көрсетілетін қызметті алушының байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат 15 (он бес) минуттың ішінде береді;
      4) 4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхатты 15 (он бес) минуттың ішінде береді;
      5) 5-үдеріс - ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметтің нәтижесін ХҚО көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде 15 (он бес) минуттың ішінде береді.
      12. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың блок-схемасы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру"


мемлекеттік көрсетілетін
қызметі регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттердің) ұзақтығын көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың блок-схемасы


      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда

      Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО жүгінген жағдайда



"Сәулет-жобалау тапсырмасын беру"


мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілен жағдайда

      Мемлекеттік қызмет ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда




Шартты белгілер:




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет