«севказэнерго»



жүктеу 42.48 Kb.
Дата04.01.2019
өлшемі42.48 Kb.


«СЕВКАЗЭНЕРГО»

Акционерлік қоғамы





Акционерное общество

«СЕВКАЗЭНЕРГО»



БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
«Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ негізгі

қондырғыларын құру, қайта құру және жаңғырту жұмыстары


Петропавл қ. 2015 ж. 29 шілде



2015 жылғы 29 шілде күні «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ жаңғырту және қайта құру нысандары бойынша баспасөз-турын өткізді.
Шараға «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ Бас директоры Александр Рейзлин, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеітінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бойынша департаменті басшысының орынбасары Нелли Бабакехян, мемлекеттік органдар, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Қайта жаңарту және жетілдіру нысандарына барар алдында баспасөз-тур қатысушылары, ұйымдастырылған брифинг аясында, 2014 жылғы электржелістік компания әрекетінің қорытындылары мен ағымдығы жылдың жоспарлары туралы ақпараттандырылған болатын. Одан басқа, брифинг барысында сұрақ қойғылары келгендердің барлығы кәсіпорын мамандары мен басшылығына сұрақтарды қою мүмкіндігін пайдаланды.

Сөйтіп, 2014 жылы энергетиктер «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ негізгі құралдарының құрылысы, қайта жаңартылуы және жетілдіруі» инвестициялық бағдарламасының аясында электр желілерін жабдығын жаңартуына 1,05 млрд теңге (жоспарды артып орындағаны 3,02 млн теңге құрады) жөнелткен болатын.

Жетілдірудің ең қажетті кезеңдердің бірі - энергиясақтау бағдарламасының аясындағы 211 млн теңге сомасынан астам Электр энергияны коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін (ары қарай ЭЭКЕАЖ) енгізуі болып табылды. 2014 жылдың ішінде Петропавл қ. және Бескөл (Қызылжар ауданы) төменгі деңгейлі ЭЭКЕАЖ 3762 есеп нүктелері санында, сондай-ақ, жоғары деңгейлі ЭЭКЕАЖ СҚО Қызылжар ауданының 110/35/10 (35/10) кВ 3 шағын станцияларында орнатылған. Осы жүйе есеп дәлдігін жоғарылатуға, электр энергия сапасын бақылауға, шығындарды анықтау және орналасуға, ұрлауды анықтау және электр энергия тарату процесінің ашығын қамтамасыз етуге арналған.

Сондай-ақ, 2014 жылы, энергиясақтау бағдарламасының аясында, кәсіпорын Петропавл қаласында 29,423 млн теңге сомасына «ашық» сымды СИП (жеке тартылған оқшауланған сым) маркалы сымға ауыстырып 0,4 кВ ауа линияларының 10,95 км қайта жаңартты, және Қызылжар ауданындағы 49,680 млн теңге сомасына 10,16 км ауыстырды, ЭЭКЕАЖ орнатып 5 ЖТШС (жиынтықтық трансформаторлық шағын станциялар) 10/0,4 кВ қайта жаңартты. СИП орнатуы электр энергияны шартсыз тұтынуды жоққа шығарады, энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі жоғары болуына кепіл береді, онда, электр энергияның техникалық шығыны жоққа жуық болады.

2010 жылдан бастап компанияда нормадан тыс шығындар жойылғанын атап айту керек. Сондағы, 2014 жылы іс жүзіндегі шығын деңгейі, жоспары 13,44 % болғанда, 10,17 % құрады.

Одан басқа, 2014 жылы «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ инвестициялық бағдарламасының аясында 110 кВ 110/35/10 кВ «Литейная» шағын станциясында 2 вакуум ажыратқыш орнатылған, бұл Оңтүстік-Орал темір жолының электрмен қамтамасыз ету сенімділігін әлдеқайда арттырды. Осы шараға шығынданған сома 18,188 млн теңге құрады.

ПС 110/35/6 кВ «Булаево-Нефть» және ПС 110/10 кВ № 1 шағын станцияларында 10 және 16 МВА жаңа күш трансформаторлары орнатылған, бұл электрмен қамтамасыз ету сенімділігіне де, электр энергияның жаңа тұтынушыларын қосу мен өткізу қабілеттілігін көбейтуіне де оңтайлы әсер тигізеді. Күш трансформаторларын сатып алу мен ауыстыру шығыны 101,446 млн теңге құрады.

Брифинг аяқталғасын баспасөз-тур қатысушыларына электржелілік компанияняң жаңартылған нысаналар көрсетілді.

Нысандардың бірі - Строительная к., 23 орналасқан 35/10 кВ «Жылу жүйелері» шағын станциясы болды. Осында энергетиктер жаңартылған блок-модульді ғимаратта орнатылған заманауи жабдықты көрсетті, онда 10 кВ май ажыратқыштары РС83-2А реле қорғанысының микропроцестерімен BBITEL маркалы 10 кВ вакуум ажыратқыштарына ауыстырылды, сондай-ақ, ЭЭКЕАЖ жүйесі орнатылған. Шағын станциясын қайта жаңарту шығынының сомасы 107,334 млн теңге құрады.

Ары қарай, баспасөз-тур қатысушылары Ульянов - С. Мұқанов көшелерінің қиылысына барды, онда ТП 10/0,4 кВ №234 жетілдірілген трансформаторлық шағын станциясы орналасқан. Технологиялық бұзуларды болдырмау және тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етуді азайту тәуелдігін төмедету үшін ескі трансформаторлық шағын станциясының жабдығын ауыстыру жөнінен шешім қабылданған болатын. ТП КСО-366 жетілдірілген ұяшықтары, ЩО-70 панельдері, электр энергияны топтап есептеу орнатылған. Барлығымен, 2015 жылы 57,4 млн теңге сомасына ТП 10/0,4 кВ 10 трансформаторлық шағын станциясы жетілдірілетін болады.

Сондай-ақ, 2015 жылы кәсіпорын Алтынсарин к. бойы «ашық» сымды СИП 3 маркалы сымға ауыстырып ПС 110/10 кВ № 2 шағын станциясының ВЛ 10 кВ ауа линиясының 4 км фидер № 10 («Есіл Су» АҚ маңайы) қайта жаңартады. Ауа линиясын қайта жаңарту шығыны 26,8 млн теңге құрайды. Жабдық ауыстыру «Есіл Су» АҚ электрмен қамтамасыз етуді арттырады.



2015 жылы «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ салымдар көлемі 2,1 млрд теңгемен 2014-2015 жж., оның ішінде, 2015 жыл – 1,1 млрд теңге орта мерзіміне бекітілген инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Инвестициялық бағдарламаның басым бағыттары - 364 млн теңге мөлшердегі энергиясақтау шаралары болып табылады, оның ішінде, ЭЭКЕАЖ енгізу бойынша- 230 млн теңге. Негізгі құралдарды қайта жаңартуына 637,6 млн теңге, моральді ескерілген және ақауланған электр жабдығын ауыстыруға - 98,4 млн теңге бөлуге жоспарланып жатыр.

«СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

Тел.: +7(7152) 41-29-39,

е-mail: vopros_oso@sevkazenergo.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет