Желіде бүгін түнгі сағат 12:00 мен таңғы 6:00 арасында жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Мәліметті таратушының айтуынша, жер сілкінісіне байланысты Өскемен қаласынан төтенше жағдай қызметкерлерін арнайы алдырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған ақпаратты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жоққа шығарды. 

"Әлеуметтік желіде тарап жатқан түнгі он екі мен таңғы алты арасында жер сілкінісі болады, Өскеменнен әскерилерді әкеліп жатыр деген ақпарат жалған. Егер жер сілкінісі қайталанса эвакуациялау жұмыстарын алдын ала жүргізер едік. Сондықтан тек ресми өкілдерден ақпарат алуларыңызды сұраймыз", — деді Атығаев. 

  • "Зардабы Түркиядағыдан да ауыр болмақ": Алматылық сейсмолог афтершокты зерттеуді ұсынды
  • "Бірінші саман кірпіш пен тастан салынған нысандар қирайды": Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді

Ал Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков жер сілкінісі қайталанбайтынын жеткізді.

"Барлық сейсмикалық приборлармен бақылап отырмыз. Ілеспе жер дүмпулері болған жоқ. Біз сейсмикалық аймақта тұрамыз, кез келген жер сілкіністері басқа ошақтарда да туындауы мүмкін. Қазір қолда бар деректер бойынша абыржу туындататындай дәйектер жоқ", — деді Нұрсәрсен Өзбеков. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бірқатар ғимараттардың зақымдалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.