Ш. Б. Сейітова ана тілің — асыл қазынаң



жүктеу 1.18 Mb.
бет1/6
Дата27.12.2017
өлшемі1.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындғы Семей мемлекеттік университеті



Ш.Б. Сейітова
АНА ТІЛІҢ — АСЫЛ ҚАЗЫНАҢ

(оқыту орыс тілінде жүргізілетін топ студенттеріне арналған көмекші оқу құралы)

СЕМЕЙ


2001

ББК 81. 2 (Каз.)

С 31

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде мақұлданған


Пікір жазғандар: Беспаева Г.К. - педагогика ғылымдарының

кандидаты

Бегалинова Қ.Қ. — философия ғылымдарының

докторы


Ш.Б.Сейітова. АНА ТІЛІҢ - АСЫЛ ҚАЗЫНАҢ (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топ студенттеріне арналған оқу құралы). — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. — Семей қаласы, 2001. — 76 б.

ISBN 9965 – 657 – 10 – 6

"Ана тілің - асыл қазынаң" атты оқу құралы тілші емес студенттерге арналган. Бұл оқу құралы студенттің дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырумен бірге грамматикалық материалды игеріп, дұрыс сөйлей және жаза білуге үйретеді. Орыс аудиторияларында студенттерге (барлық мамандықтар бойынша), оқытушыларға, мемлекеттік тілді өздігінен оқып-үйренушілерге көмек ретінде ұсынылады.

H 4602000000

00 (05)-03
ISBN 9965 – 657 – 10 – 6 ББК 81. 2 (Каз.)

© Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 2001



АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан бері орыс тілді аудиторияға арналған әдістемеліктер, сөздіктер, оқулықтар баспа бетінен көрініп, өз оқырмандарын тауып жатыр. Бұл шығарылғаңдардың көбіне жуығы тек бастауыш топтарға лайықталып, сол ортаның ерекшелігіне бейімделіп жасалған. Ал берілген оқу құралындағы негізгі алынған басты мақсат – білімді, тәрбиені орыс тілінде алған орыс тілді қазақ студенттеріне өз ана тіліңде ауызекі тілде еркін сөйлей білу қабілетін шыңдау, өз халқының болмысын білуге деген құштарлығын, әдеби шығармаларды оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жинақта өлеңдер жаттау, өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтқызу, тұрақты тіркестерді, шешендік сөздерді күңделікті қолданып отыру т.б. осы сияқгы тіл дамьпу жұмыстары кең қолданылған.

Оқу кұралы бірнеше бөлімнен және тіл дамытуға арналған қосымша материалдардан тұрады. Мысалы: оқулықтың 1-ші бөлімі «Ана тілің – асыл қазынаң» деп аталса, осы бөлімнің барлық мәтіндері тіл туралы деректерге, тілдің мәні мен атқаратын қызметіне бағытталған. Оқулықта берілген мәтіндер бір тақьірып аясына шоғырландырылған. Жаттығу жұмыстарының үлгі арқылы көрсетілуі, студенттердің тапсырманы тез түсініп, дұрыс орындауын қамтамасыз етеді. Мәтіннің алдында, мәтіннің соңында берілетін жаттығу жұмыстары жұмыс бағдарламасына сай жасалған.

Берілген әдістемелік оқу құралы тәжірибелік қазақ тілі пәнін оқыту барысында көмекші құрал қызметін атқарып, студенттердің қазақша ойлауына, ана тілінде ой өріп, айшықтауына көмегін тигізуі сөзсіз.



1-тақырып

АНА ТІЛІҢ - АСЫЛ ҚАЗЫНАҢ

  1. "Ана тілің – арың бұл" деген сөз тіркестерінің мағынасын қалай
    түсінесіз.

  2. Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрыңыздар. Мәтіннің негізгі
    мақсатын анықтаңыздар.

  3. Мәтіндер бойынша жоспар құрыңыздар.


Қазақ тілі туралы
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Енді ол толық мағынасында Республикада білім-ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.

Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.

Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай.
Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. ТМД елдерінде, сондай-ақ Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Иран, Түркия т.б. шетел елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазір қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі.


Ана тілі — арың бұл
Тіл қай ұлтта, қай елде болсын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашағындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар.

Мұндайларды кездестіргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»,- деп ашына айтқаны ойға келеді.

"Егер, ертең туған тіліміз жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!"- деп жазды Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Ғамзатов.

Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Құрметгі ақынымыз Қадір Мырзалиевтің:

"Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!" деген тұжырымы – жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап.


Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, бола-шағынан да қол үзеді.

(Ғ. Мүсірепов.)


Кімде-кім қазіргі уакытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйла-маса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға бол-майды.

(М.Әуезов.)


Қазақтардың тілі - исламның бүлдірушілік әсеріне ұшырамай, түпкі таза түбін - түркілік сипатын сақтап қалған тіл. Рас, оған да бірен-саран жат сөздердің енгені байқалады. Бірақ ол сөздер қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына қосылып кеткен. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғилығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұраларды менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқаларынан құрастырған жи-нақтардың толық бір томын арнауыма себеп болды. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы, ше-шендігі де маған әсер етті.. .

Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді. Айтқысы келгенінің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті, балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.

(В.В.Радлов.)



Ана тілі халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайында мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен нажагайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаб-батымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз

(К.Д.Ушинский.)

1-тапсырма: Көп нүктенің орнына ы, і дыбыстарының тиістісін қойыңыздар:

ер...к, 6...л, хал...қ, к...ш..., ұлтт...қ, т...л, к...р, қ...з...қ.

2-тапсырма: Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жа-саңыздар:

Үлгі: тіл - т -дауыссыз, қатаң дыбыс; і - дауысты, жіңішке; л - дауыссыз, үнді

Тіл, ана, халық, құрмет, көрік

3-тапсырма: Сөздердің жуан дауыстыларын бір сызықпен жіңішке дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер:



Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.

4-тапсырма: Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, түрлеріне ажыратыңыз:

Үлгі: нарық - н - үнді, р - үнді, қ - қатаң

Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру,

табыс.

5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:



Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, жел-то...саң, таби...ат, ...алым.

2 тақырып



  1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыздар.

  2. Мәтінге жоспар құруға тырысыңыздар.

  3. Дүние жүзі, мекендеуші, жергілікті, сөйлеу, қолданылады
    сөздерінің синонимін табыңыздар.


Тіл туралы мәлімет
Дүние жүзінде бес жарым мыңдай тіл бар деседі. Тіл саны бұдан көп болуы да, аз болуы да мүмкін. Сондықтан дүниеде қанша тіл бар дегенді әзірше дәл айту қиын. Өйткені, Африканы, Азияны, Американы, Австралияны мекендеуші толып жатқан жер-гілікті халық тілі әлі де жете зерттелген жоқ.
Жер шарында көптеген мемлекет бар. Әрбір мемлекет ішінде түрлі халық бар. Әр халықтың өз тілі бар. Олар өз ана тілінде де, ана тілімен қатар, сол мемлекет ішінде көп тараған бірді-екілі басқа тілдерде де сөйлеуі мүмкін.

Үндістанның мемлекетгік тілі - хинди; Бангладеште - бенгал; Орталық және Оңтүстік Америка елдеріндегі ресми тіл - испан тілі; Бразилия мен Португалияда - португал тілі; АҚШ-та, Канадада, Англияда, Жаңа Зеландияда - ағылшын тілі; Египет, Араб Респуб-ликасында, Алжирде, Мароккода, Тунисте, Сирияда, Ливанда, Сауд Аравиясында, Иеменде, Иорданияда, Иракта - араб тілі.

Дүние жүзінде көбірек тараған тілдер - ағылшын, қытай, португал, орыс, испан, француз, неміс, араб, жапон, итальян тілдері. Жер шары халықтарының алпыс пайыздан астамы осы тілдерде сөйлейді. Орыс, ағылшын, испан, француз, қытай тілі халықаралық тілдер ретінде де қолданылады.
Мәтін бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма: Қазақтың байырғы сөздерінде түбірдің басқы буынында келетін дыбыстары қандай? Бір-бір мысал ойлап жа-зыңыздар.

2-тапсырма: Тасымалдауға келмейтін сөздерді тауып, неліктен тасымалданбайтынын түсіндіріңіздер:

Ақын. Арыстан. Жіңішке. Банк. Дәріс. МҚИ. Баға. 30 кг. Студент. МО.Әуезов. Ақша. Қиын.

3-тапсырма: Берілген сөздерден сөз тіркесін құраңыздар:



Тіл, халық, зерттелген, мемлекет, халықаралық.

4-тапсырма: Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңыздар:



Қарлығаш, кереует, қабырғаларда, Үндістанның, жергілікті, тараған, халықтарының, мәлімет.

5-тапсырма: Сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар:

Үлгі: тіл - т - дауыссыз, қатаң

і - дауысты, жіңішке

л - дауыссыз, үнді

Тіл, дүние, топ, жер, елдер, араб, реті.

1. Мәтінді оқып шығып, мағынасы түсініксіз сөздерді


түсіндірме сөздіктен қараңыздар.

  1. Мәтінге сүрақ қойыңыздар.

  2. Әр азат жолға ат қойып, жоспар қүрыңыздар.

4. иОйын жарыққа шығару", "Қарым-қатынас жасау
құралы", "Пәрменді мәдени мұра" тіркестерін қалай түсінесіздер.

5. Мәтін соңындағы өлең шумақтарының бірін жаттап


алыңыздар.

Тілдің мәні мен қызметі
Біз белгілі бір қоғамда өмір сүреміз. Қоғам болған жерде қоғам мүшелері болады. Қоғам мүшелері - сол қоғамдағы коллективтер, яғни адамдар, адам болған жерде олардың тілі болады. Тіл оларға сөйлеу үшін, пікір алысу үшін, өзара түсінісу үшін керек.

Тіл адам ойын сыртқа шығарады, екінші біреуге жеткізеді. Өйткені, адам ойы сөз арқылы, сөздерді тіркестіру арқылы, сөйлемдер арқылы, яғни тіл арқылы құрастырылып, екінші біреуге жеткізіледі. Сондықтан, тіл адамның ойын жарыққа шығаратын құрал.

Адамзат тілі өте ерте заманда шыққан. Ол кезде тіл-тілдің сөз байлығы да аз болған. Сонда да болса әр рудың, әр тайпаның, әр халықтың тілі болған. Әр тіл өзі сөйлесіп, қолданатын қоғам мүшелеріне қарым-қатынас жасау құралы болған. Тіл атаулы әлі де сондай қызмет атқарады. Тілдің мәні айрықша дейтініміз осыдан.

Адамзаттың қарым-қатынас жасайтын бірден-бір тілі дыбыстық тіл. Дыбыстық тіл - тек адамға тән. Хайуанаттар мен қүстарда да дыбыс бар, бірақ олардың дыбыстық тілі жоқ. Адамзаттың олардан айырмашылыға да осында - дыбыстық тілі болуында.

Дыбыстық тілдің екі түрі бар: ауызекі сөйлеу тілі, жазба тіл. Сөз сөйленбесе, оны жазып алуға болмайды. Сондықтан, жазудың да, жазба тілінің де маңызы ерекше. Жазу- белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы. Жазу - келешекке қалдырылған аса пәрменді мәдени мұра. Сөйтіп, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тіл дыбыстық тілдің екі формасы.

Адамзат тіліне "көмекші тәсілдер" мен "қосымша орынба-сарлар" да бар. Соның бірі - жазумен байланысты шыққан "ғылым тілі". Мәселен, математикалық, химиялық т.б. формулалар қай тілде болсын бірдей.

Сондықтан, оларды әр халықтың маманы бірдей түсіне алады.
Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім-жүрек үнім, наныңдар! Нанбасаңдар,

Жүрегімді суырып-ақ, алыңдар!

(Д. Әбілев.)


Ана тілім – тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі...

Ана тілім – әрекетім, азығым,

Бар ғаламды тануымның қазығы

Ой-санамнын өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

(Т.Әбдірахманова.)


Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанда -ақ берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім,

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

(С.Торайғыров)


Мәтін бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма: Төмендегі сөздерге ы, і дыбыстарын жалғап, қатаң дыбыстардың өзгеруін түсіндіріңіздер:

Үлгі: Тарақ(ғ) - ы

Бастық, кітап, оқулық, жарық, халықтық, дыбыстық.

2-тапсырма: Жуан қосымшалы сөздердің астын бір, жіңішке қосымшалы сөздердің астын екі сызықпен сызыңыздар:



Қоғамда, студенттер, салықты, жерде, оларға, мүшелері, заманда, адамзаттың, құстар, тілінің, дыбыстар, тәсілдер, ұрпаққа.

3-тапсырма: Мәтін соңында берілген өлең шумақтарынан дыбыс үндестігіне сәйкес өзгерген сөздерді табыңыздар:

Үлгі: жүрегімді - жүрек(г) + імді

4-тапсырма: Дыбыс және буын үндестігіне бес мысал ойлап жазьш, түсіндіріңіздер.



2 тақырып:

Танысу. Отбасы. Өмірбаян.

1. Мәтіндерді оқи отырып, қандай тәрбиелік маңызы бар екенін түсіндіріңіздер.



  1. Жоспар құрып, қысқаша мазмұндауға дайын болыңыздар.

  2. Сіз "Бала тәрбиесі – баршаға ортақ" деген мақалды қалай
    түсінесіз.

4. Мәтіннің соңында тұрған мақалдарға көңіл аударып,
мағынасын түсіндіруге тырысыңыздар.
Сәлем беру. Амандасу.
Ерте заманда ата-бабаларымыз "ер, әйел" деп бөлінбей бірімен-бірі "Армысыз?" деп амандасқан. "Бармыз" деп жауап қайтарады екен. Ерлер өзінен үлкен адамдарға оң қолын кеудесіне қойып "Ассалаумағалейкум!" деп сәлем беретін, үлкендер "Уағалейкум сәлем!" деп сәлемін алатын болған. Бұл екі сөздің де мағыналары өте терең. Біріншісі - "Алланың нұры жаусын!" деген мағына берсе, екіншісі - "Саған да нұр жаусын!" деген мағына береді екен. Басқа мұсылман елдері осы сәлем беру мен сәлем алуды ер, әйел деп бөлмей жаппай қолданса, ал қазақ халқына сәлем беру мен сәлем алу тек ер адамдар арасында ғана болуга тиісті деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан, ер балаға сәлемді қалай берудің жолын үйретсе, қыз балаға амандасудың жолын үйретеді, яғни, қыз бала өзінен үлкен адамдарға (ер болсын, әйел болсын) басын сәл иіп, "Сәлеметсіз бе?" деуі керек.

Нәресте сәлем беріп амандасқанда, аман-сәлемді жай ғана қабылдай салмайды: "Таудай азамат бол! Көп жаса!" -деп алғыстарын жаудырады. Мұның өзі баланы ынталандыра, құлшындыра түседі. Ол енді сәлем беруде, амандасуда қате жібермеуге тырысады. Үлкендердің жақсы лебізін естуге құмартады. Егер үлкен кісі баланың аман-сәлемін жай ғана қабылдай салса, бала жүрегі қанағат таппайды, нәумез больш қалады. Қазіргі көп айтылатын "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ" дейтін сөздің түп төркіні осында болса керек. Сөйтіп, қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес, дүйім жұрттың ортақ ісіне айналған.



Амандасу салты

Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы бе-ташары сияқты. Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасу рәсімін жасаған. Ал Орта Азия мен Африкадағы мұсылмандар ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жа-саған. Сондай-ақ мұсылман халқында амандық салты "Ассалаумағалейкум!" деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: "Сізге алланың нұры жаусын" деген сөз. Сәлем алушы қария "Уағалейкум ассалам!" деп оң қолын ұсынады.

Осылай қол алысып сәлемдесуден кейін амандасушылар алма-кезек:


  • Дені-қарныңыз сау ма?

  • Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?

- Еліңіз тыныш па? - деген сияқты амандасу сұрағын жалғастырады.

Ал екіншісі:



  • Деніміз сау.

  • Мал-бас аман.

  • Ел іргесі тыныш, т.б. -деп ризашылықпен жауап береді.

Ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып "Жол болсын!" деп тілек айту дәстүрі болған. "Алты жасар бала жол жүріп келсе, алпыстағы шал барып амандасады" деген мақал соның айғағы.

Ал ауыл аралап жүріп жастар жасы үлкен қарияның үйіне бас сұғып, амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкеңді сыйлауы кем, надан екенін бетіне басып, "Амандасуға да жарамады", "Жетесіз" деп сөгетін болған. Бұл тәрбие негізі амандық-саулық сұраудан басталады, оны білмеген адамның көргені шамалы деген ұғымды білдіреді. Бұдан туатын қорытынды: қазақ халқының амандасу салты - мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілдікке, ибалыққа, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүрі екені даусыз.

Сыйға сый, сыраға бал.

Еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған құл емес. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес.


Мәтін бойынша тапсырма.

1-тапсырма: Төмендегі сөздердің синонимін табыңыздар:

Үлгі: Жаппай - дүйім, барша.

Жаппай, ынталану, алғыс, лебіз, міндет, беташар, жетесіз, сыйлы, алғашқы.

2-тапсырма: Бас, жас, бай, ер, қол сөздерінің омонимін табыңыздар.

Үлгі: бас – з.е., дене мүшесі.

бас - етістік.

3-тапсырма: "Нәумез болып қалу", "түп төркіні осындай", "тағзым ету", "сыйласымдылықка баулу" тіркестерін қалай түсінесіз, оларды қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

4-тапсырма: Мәтіннен дыбыс үндестігіне байланысты сөздерді тауып жазыңыздар.

Үлгі: көкірегіне

5-тапсырма: Сіз көптен көрмеген досыңызды кездестірдіңіз. Екеуара әңгімелеріңізді, жоғарыдағы мәтіндерді пайдалана отырып, диалог құрап жазыңыздар.

1. Мәтінмен танысып, мәнерлеп оқып шығыңыздар.


  1. Мәтіннің студенттерге берер тәлімі қандай? Түсіндіріңіздер.

  2. "Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге" - деп қараған
    халқымыздың өсиетіне өз көзқарасыңыз қандай?

  1. Ұлттық отбасына қатысты бірнеше мақал-мәтелдер айтыңыздар.

  2. Мәтіннің мағынасын өз сөздеріңізбен айтыңыздар.


Ұлттық отбасы тәрбиесі

Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі болады. Сонымен бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әке, аға, көке деп сыпайы қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кіші үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерін бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тілалғыш, қолғанат болу, ал отбасы мүшелері үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының өз шама шарқынша іс атқаруы.

"Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге" - деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма: Мәтіннен синоним сөздерді теріп жазыңыздар.
2-тапсырма: Берілген сөздердің антонимін табыңыздар:

Үлгі: тілалғыш - тілазар



Ата, ортақ, кіші, сыпайы, ұл, ренжіту, ақылды, тілалғыш.

3-тапсырма: Антоним сөздер ойлап тауып, бірнеше сөйлем құрап жазыңыздар.

4-тапсырма: Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі лайықтысымен тіркестіріп, сөз тіркесін жасаңыздар:

Елгезек, тіл алғыш, қолғанат (адам, оқушы, бала), қыз, ана, әже (әдемі, ақылды, егде, өнегелі), сирек, селдір (шаш, кездесу), кәрі, қария (қой, ешкі, адам).



5-тапсырма: Берілген сөйлемдерден антонимдерді тауып жа-зыңыздар.

Бетегеден биік, жусаннан аласа. Сөзің аз, ісің көп болсын. Асты тас, үсті тас, ортасында піскен ас. Қысы-жазы жұмыс істейді.

1. Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.

2. Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.

3. Жоспарды басшылыкқа ала отырып, қысқаша мәтінге


конспекті жасаңыздар.
Ата көрген оқ жонар

Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.

Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мер-гендік, аңшылық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. "Атадан ұл тумас болар ма, Ата жолын қумас болар ма" деген мақал да сол пікірдің айғағы.

Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеуші шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрлері мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен өлең жыр, мақал-мәтелдерін жаттап жадында сақтап, көп білуі -әкелері мен аталарының әсері екені сөзсіз. Көпті көрген қариялар-отбасының, ауыл-аймақтың үлгі тұтар тұлғасы, тәлім-тәрбие мектебі сияқты. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде "балдай татып, судай сіңіп" кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ күту, ас ұстау, бала күту т.б. мәселелерде ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады. "Келіннің жақсы болмағы, қайын ененің топырағынан" деп ененің жас келінге камқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да "Жақсы ауылға келген келін - келін. Жаман ауылға келген келін - келсап болады" деп текке айтпаған.

Үлкенді сыйлау - біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс. Осындай ата дәстүрімізді бүгінгі жастар жадында сақтап жалғастыра білуі қажет.



Мәтін бойынша тапсырма.

1-тапсырма: Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді белгілеп, көрсетіңіздер.

2-тапсырма: Тура және ауыспалы мағынада тұрған 5 сөз ойлап жазып, оларды қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
3-тапсырма: Мәтінде берілген сөздерді пайдалана отырып, өз отбасыңыз жайлы жазып, әңгімелеп беріңіз.

4-тапсырма: "Адамгершілік қасиеттерді сіңірген", "өнерді қуып өткен", "жадында сақтау", "үлгі тұтар тұлғасы", "қайын ененің топырағынан", "жаман келін - келсап" сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

5-тапсырма: Жоғарыдағы мәтін мазмұнына сәйкес өздерің қалаған еркін тақырыпта шығарма жазыңыздар.

* * *


1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, мақсаты қандай соны анықтаңыздар.

2. "Шөпшек", "абақты", "имандылық", "туажат", "ат тергеу


дәстүрі" сияқты сөздерді теріп жазып, түсіңдірме сөздікпен жұмыс жасаңыздар.

3. Қысқаша жоспар құрып, мәтіннің мазмұнын айтыңыздар.



Каталог: ebook -> ebook
ebook -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
ebook -> Тест сұРАҚтары мемлекеттік кәсіпорынның ақша қорларының ең басты- сы?
ebook -> Ќазаќстан республикасы
ebook -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
ebook -> Қаржылық талдау (ОҚУ ҚҰралы) Семей 2011 ббк 65. 262. 1я73 м 31
ebook -> М. И. Еникеев Общая и социальная психология
ebook -> 1-тарау маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет