Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары



жүктеу 115.61 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі115.61 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2016 жылғы «21» маусымдағы

№ 324 бұйрығына

19-қосымша

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

92-қосымша



Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары

(910.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

 


  1. Осы Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан) (бұдан әрі
    – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке (корпоративтік) табыс салығын және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған шағын бизнес субъектілері үшін салық есептілігі (оңайлатылған декларация) нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері жасайды.

  2. Осы Қағидалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады.

  3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

  4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының сол жақ бірінші торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.

  5. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

  6. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.



  1. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

  2. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

 
2. Декларацияны жасау (910.00 – нысан)

 


  1. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:

1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің (салық агентінің) жеке сәйкестендіру нөмері (бизнес-сәйкестендіру нөмері);

2) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдай) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеуші санаты. Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В. C немесе D торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;

А – салық міндеттемесінің орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген шартпен мүлікті басқару сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеуші;

В – салық міндеттемесінің орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген шартпен мүлікті басқару сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушының құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындаудың өзге жағдайларында пайда алушы болып табылатын салық төлеуші;

С - Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыратын салық төлеуші;

D - Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеуші;

5) декларацияның түрі. Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы
3-тармағының 4) тармақшасында
көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;

7) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі


№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;

8) резиденттік белгісі.

А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді.

В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді.



  1. «Салықтарды есептеу» деген бөлімде:

1) 910.00.001 жолында Салық кодексінің 427 - бабы 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес белгіленген табыс сомасы көрсетіледі;

2) 910.00.002 жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес айқындалатын табыс көрсетіледі;

3) 910.00.003 жолында:

заңды тұлғаның: А+В+С+D+E+F / 6 ай формуласы бойынша айқындаған, мұнда А+В+С+D+E+F - салық кезеңінің әрбір айы үшін қызметкерлердің саны;

дара кәсіпкер ((А+В+С+D+E+F) / 6 ай + 1) формуласы бойынша, дара кәсіпкерді қоса алып, айқындаған салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі;

4) 910.00.004 жолында салық кезеңі үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақысы көрсетіледі;

5) 910.00.005 жолында: 910.00.001 х 3% формуласы бойынша айқындалатын, Салық кодексінің 436-бабы 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептелген салықтардың сомасы көрсетіледі;

6) 910.00.006 жолында Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес салықтардың сомасын түзету көрсетіледі, ол

заңды тұлғалармен: 910.00.005 (табыстан есептелген салықтардың сомасы х 910.00.003 (қызметкерлердің орташа тізімдік саны) х 1,5% (түзету проценті) формуласы бойынша айқындалады;

дара кәсіпкерлермен: 910.00.005 (табыстан есептелген салықтардың сомасы) х 910.00.003(қызметкерлердің орташа тізімдік саны) х 1,5% (түзету проценті) формуласы бойынша айқындалады.

Бұл жол егер салық кезеңінің қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраған жағдайда толтырылады;

7) 910.00.007 жолында: 910.00.005 – 910.00.006 формуласы бойынша айқындалатын түзетуден кейінгі салықтардың сомасы көрсетіледі;

8) 910.00.008 жолында: 910.00.007 х 0,5 декларация бойынша есептелген салық сомасынан ½ мөлшерінде бюджетке төленуге жататын жеке (корпоративтік) табыс салығының сомасы көрсетіледі;

9) 910.00.009 жолда: (910.00.007 х 0,5) – 910.00.011 – 910.00.021 формуласы бойынша айқындалатын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі декларация бойынша есептелген салық сомасынан ½ мөлшеріндегі бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2005 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң) сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде 910.00.009 жолда Салық кодексінің 437-бабы 2-тармағына сәйкес нөлге тең әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі.


  1. «Дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде:

1) 910.00.010 жолында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін табыс көрсетіледі;

2) 910.00.011 жолында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес есептелген дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі;

3) 910.00.012 жолында дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналары есептелетін табыс көрсетіледі;

4) 910.00.013 жолында дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.



  1. Мысалы, 2016 жыл үшін жоғарыда көрсетілген жолдарды толтыру былайша жүргізіледі:

1) 910.00.001 жолы бойынша дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін табысы 29 000 000 теңгені құрады;

2) 910.00.002 жолы бойынша Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес айқындалатын табыс жоқ;

3) 910.00.003 жолы бойынша дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің орташа тізімдік саны 24 адамды құрады, ол былайша айқындалды:

(24+24+24+24+22+22) / 6 ай + 1, мұнда 24 адам – салық кезеңінің бірінші айдан бастап төртінші айларындағы қызметкерлердің саны, 22 адам – салық кезеңінің бесінші және алтыншы айларындағы қызметкерлердің саны;

4) 910.00.004 жолы бойынша салық кезеңі үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 46 625 теңгені құрады, мұнда:

салық кезеңінің бірінші айы үшін қызметкерлердің есептелген еңбекақының барлық сомасы 1 119 000 теңге (240 000 теңге + 720 000 теңге + 159 000 теңге), оның ішінде:

бес адамның еңбекақысы 48 000 теңгеден 240 000 теңге (5 х 48 000 теңге) құрады;

он алты адамның еңбекақысы 45 000 теңгеден 720 000 теңге (16 х 45 000 теңге) құрады;

үш адамның еңбекақысы 53 000 теңгеден 159 000 теңге (3 х 53 000 теңге) құрады.

Яғни, салық кезеңінің бірінші айы үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 46 625 теңге (1 119 000 / 24 адам) құрады.

Салық кезеңінің екінші айдан бастап алтыншы айлары үшін бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық сомасы тап осыған ұқсас жолмен айқындалады.

Айталық, бір қызметкерге салық кезеңінің екінші айында орташа еңбекақы сомасы – 48 700, үшіншіде – 45 900, төтінші және бесінші айларында – 52 700 ден, алтыншы айда – 49 536 теңге құрады.

Онда, салық кезеңі үшін бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық сомасы 49 360 теңгені ((46 625 теңге + 48 700 теңге + 45 900 + 52 700 + 52 700+49536 / 6 ай) құрады.

Бұл мысалда 2016 жылға арналған Республикалық бюджет туралы


заңымен белгіленген айлық еңбекақының 2 еселенген ең төменгі мөлшері 45 718 теңгені (22 859 х 2) құрады.

Салық кезеңінің қорытындысы бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы ең төменгі еңбекақының 2 еселік мөлшерінен (49 360) асқандықтан, Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағында көзделген қызметкерлердің орташа тізімдік санын ескере отырып, салық кезеңіне есептелген салық сомасына түзету жүргізіледі;

5) 910.00.005 жолы бойынша Салық кодексінің 436-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген салық сомасы 870 000 теңге (29 000 000 теңге х 3%) құрайды;

6) 910.00.006 жолы бойынша Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес салық сомасын түзету 313 200 теңгені құрады;

870 000 теңге х 25 адам х 1,5%), мұндағы 1,5%=313 200.

1,5 % – қызметкерлердің орташа тізімдік санын ескере отырып әрбір, қызметкер үшін салық сомасын түзету проценті;

7) 910.00.007 жолы бойынша азайтуға жатқызылған түзетуден кейінгі салық сомасы 556 800 теңге құрайды (870 000 теңге – 313 200 теңге);

8) 910.00.008 жолы бойынша салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығы 278 400 теңгені құрайды ( 556 800 теңге х 0,5);

9) 910.00.009 жолы бойынша салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын, есептелген әлеуметтік салық сомасы нөлге тең, өйткені есептелген әлеуметтік салығы (910.00.007 х 0,5) азайту дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы (910.00.011) азайту қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы (910.00.021) теріс айырмашылығына тең ((556 800 х 0,5) – 68 577 – 355 393;

10) 910.00.010 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін кірістің сомасы 1 371 540 теңгені құрады (228 590 теңге х 6 ай), мұнда 228 590 теңге – әлеуметтік аударымдар есептелетін айлық кірістің шектелген сомасы;

11) 910.00.011 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы 68 577 теңге (1 371 540 х 5%), бұнда 5% – 2016 жылғы әлеуметтік аударымдар ставкасы;

12) 910.00.012 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін міндетті, Қазақстан Республикасы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы жарналарынан есептелген кірістің сомасы 137 154 теңгені құрады (22 859 теңге х 6 ай), бұнда 22 859 теңге – 2016 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген ең төменгі еңбекақының мөлшері;

13) 910.00.013 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 13 715 теңгені құрады (137 154 х 10%), бұнда 10% – міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы.


  1. «Жеке тұлғалардың табысынан жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде:

1) 910.00.014 жолында жеке тұлғаларға төленген, Қазақстан Республикасы азаматтары табысынан есепке жатқызылған және салық кезеңі үшін бюджетке аударуға жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

2) 910.00.015 жолында жеке тұлғаларға төленген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табысынан есепке жатқызылған және салық кезеңі үшін бюджетке аударуға жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

3) 910.00.016 жолында салық кезеңінің әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарнасы ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

4) 910.00.017 жолында жеке тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және салық кезеңі үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы көрсетіледі;

5) 910.00.018 жолында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;

6) 920.00.019 жолында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкерлердің сомасынан ес ептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналар сомасы көрсетіледі;

7) 910.00.020 жолында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес салық кезеңі үшін табыстар түрінде жеке тұлғаларға төленетін жұмыс беруші шығыстарының сомасы көрсетіледі.

Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамада бекітілген әлеуметтік аударымдар объектісінен есептелінген мөлшерде жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеуге қабылданған Республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ай сайынғы табыс, ең төменгі еңбек ақының он есе мөлшерінен артық болмауы керек;

8) 910.00.021 жолда Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес есептелген және салық кезеңі үшін төлеуге жататын әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.


  1. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

Егер декларацияны жеке тұлға табыс еткен жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

2) Декларацияның мемлекеттік кірістер органына тапсырылған күні көрсетіледі;

3) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

Бұл ретте, дара кәсіпкердің орналасқан жері мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны болып танылады.

Резидент заңды тұлғаның орналасқан жері құрылтай құжаттарында көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері болып танылады.

Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері мемлекеттік кірістер органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері болып танылады;

4) Жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

Бұл ретте, жеке тұлғаның тұрғылықты жері азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны болып танылады;

5) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

6) Салық кодексінің 584-бабының 2-тармағына сәйкес лауазымды адам декларацияны қабылдаған күн көрсетіледі;



7) Мемлекеттік кірістер органы беретін декларацияның кіріс нөмірі көрсетіледі;

8) Пошта немесе өзге байланыс ұйымымен қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет