Шайынды суларды тазартуда су өсімдіктерін пайдалану мүмкіндігін зерттеу



жүктеу 202.76 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі202.76 Kb.

ӘОЖ 574.625:556.536
ШАЙЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУДА СУ ӨСІМДІКТЕРІН

ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІН ЗЕРТТЕУ
Вет.ғыл.канд. А.Қ. Ағыбаева

А.Н. Данабекова

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекетік университеті, Тараз

Шайынды суларды жоғары сатылы өсімдіктерді пайдалануға негізделетін гидроботаникалық жолмен тазарту қазіргі кезеңде ең экологиялық қауіпсіз және капитал сиымдылығы аз технология болып саналады. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бірдей уақыт аралығын-да қамыс басқан тоғандарда, қамыс өспеген тоғандарға қарағанда шайынды судың тазаруы айтарлықтай қарқынды жүретіндігін дәлелдейді.

Түйінді сөздер: шайынды сулар, гидроботаника, шайынды суларды тазарту, фиторемедиация, жоғары сатылы су өсімдіктері, биологиялық тазарту.
Ғылыми-техникалық прогресстің және өнеркәсіптердің қарыштап дамуы жағдайында, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен оның ресурстарын тиімді пайдалану қазіргі заманның ең маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар тиімділігін арттыру, ең алдымен ресурс үнемдеуші, қалдығы аз және қалдықсыз технологиялық үрдістерді кеңінен енгізумен, сондай-ақ су көздерін ластауды мүмкіндігінше азайтумен тығыз байланысты. Адамзат өзінің су пайдалану стратегиясын өзгертуі қажет. Қазіргі заманда судың антропогендік циклін табиғи циклден оқшаулау қажеттігі туындап отыр. Іс жүзінде бұл - су пайдаланудың тұйық цикліне, суды аз пайдалану технологиясына, одан әрі «құрғақ» немесе қалдықсыз технологиясына көшу, яғни, пайдаланылатын және тазартылуы қажет судың көлемін азайту дегенді білдіреді.

Қазіргі технологиялар адам мен табиғаттың мүдделерін қорғайды. Бүгінгі күннің тазартқыш қондырғыларының бірегейлері аз емес, олар бір жағынан адам денсаулығын, екінші жағынан табиғатты қорғауға бағытталған. Цивилизацияның даму деңгейінің талассыз көрсеткіштерінің қатарына қазіргі кезде табиғи жүйелерді адамдардың өз ластықтарынан қаншалықты тиімді және сауатты тазарта алатындығы да жатады. Тұщы су қорының сарқылу және ластану мәселесі бүкіл әлем елдері мен олардың ғалымдарын осы мәселені шешу жолдарын іздеуге шақырады.

Қазіргі уақытта су нысандарын тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды түрде ластауда, ал бұл нақты экологиялық қатер төндіреді. БДҰ мәліметтері бойынша әлемдегі өзендерге 450 млрд м3 тұрмыстық және өндірістік шайынды сулар төгілерді екен, ал олардың құрамында алуан түрлі элементтер мен олардың қоспалары болады.

Біздің республикамызда су қорларын тиімді пайдалану жолдарын іздеуге және оларды ластанудан, сарқылудан қорғауға бағытталған бірқатар зерттеулер жүргізілген. Қазіргі кезде су қорларын ластану мен сарқылудан қорғау мақсатында ғылыми тұрғыда негізделген шараларды жасап және оны біртіндеп өндіріске енгізу басты міндет болып саналады. Жасанды тазартумен бұл міндет шешілмейді, ол тек су қорларының сарқылу мерзімін ұзартады. Қазіргі кезеңде шаруашылық-тұрмыстық шайынды суларын жасанды тазарту құрылымдарында тазарту дәрежесі 85 - 90% аспайды [1]. Ең тұрақты және баяу ыдырайтын органикалық ластаушылар, сонымен бірге минералдық тұздар, биогенді заттар шайынды сулардың құрамында қалып қойып, бәрі бірге су қоймаларына келіп түседі. Шайынды суларды су қоймаларына тастау алдында әртүрлі тазарту әдістері қолданылып, тазартылады. Ол үшін ең алды-мен табиғи тазарту әдістерін қолданған тиімді екендігі белгілі. Республика қалала-рында халық санының қарқындап өсуі және жаңа өндіріс орындарының көптеп ашылуы нәтижесінде шайынды сулардың мөлшері де жылдан-жылға артып келеді. Соның нәтижесінде өндірістік және тұрмыстық тазарту құрылымдарына келіп түсетін шайынды суларының мөлшері жобалық мөлшерден асып түсіп, құрылымдардың тазартқыштық қабілетін төмендетеді. Бұл өз кезегінде қалалардың маңында орналасқан аудандардың экологиялық жағдайын күрделендіреді.

Соңғы уақытқа дейін шайынды суларын тазарту бағытында біздің елімізде жүргізілген тәжірибелік және зерттеу жұмыстарында оларды гидроботаникалық әдіспен тазарту мәселелеріне жеткілікті түрде назар аударылмаған. Бұл - осы мәселе-ні зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.

Осы мәселе бойынша соңғы жылдарда ғылыми әдебиеттер бетінде көптеген зерттеулер мәліметтері келтірілген (Е.Г. Петров, И.П. Канардов, Н.Ф. Буданов, М.С. Григоров, В.И. Марымов, Л.Е. Кутепов, А.М. Можейко, В.Е. Новиков, В.Т. Додолина т.б.). Аталған зерттеулердің ғылыми құндылығы жоғары, бірақ зерттеулер өзгеше табиғи-климаттық жағдайларда жүргізілген және зерттелген шайынды сулардың химиялық құрамында көп айырмашылықтар бар. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына жоғары сатылы өсімдіктердің жергілікті түрлерінің қаланың шайынды суларын гидроботаникалық тазартудағы мүмкіндіктерін зерттеу мақсаты қойылды.

Шайынды суларды гидроботаникалық жолмен тазарту жоғары сатылы өсімдік-терді пайдалануға негізделеді. Бұл тәсілді фиторемедиация қатарына, яғни, ластанған суларды, топырақты, ауаны жасыл өсімдіктер көмегімен тазартудың кешенді әдістері қатарына жатқызады. Ал фиторемедиация - биоремедиация деп аталатын жалпы әдістің бір бағыты болып табылады. Фиторемедиация үшін су өсімдіктерінің кең спектрі қолданыла алады.

Соңғы онжылдықтар ішінде қалалардың шайынды суларының сапалық құрамы онда азот- және фосфорқұрамды органикалық заттар үлесінің артуы есебінен өзгеріп отырғандығы анықталған [2, 3]. М.Кумардың (2000 ж.) зерттеулерінде табиғи су қоймаларына биогенді элементтердің шекті рауалы концентрациядан артық түсуі су қоймасының эвтрофтануына және судағы флора мен фаунаның өлуіне алып келетіндігі көрсетілген [4]. Сумен әкелінетін минералдық және органикалық қалқыма заттардың айтарлықтай бөлігі су өсімдіктерінің арасында тұнбаға түсетіндігі байқалған. Көптеген ғылыми мақалалар тазартқыш қондырғыларда гидрофиттердің мелиоративтік қасиеттерін пайдаланудың тиімділігін дәлелдейді [5].

Өндіріс орындарынан басқа, су көздерін негізгі ластаушылар қатарына комму-налдық мекемелердің, ірі мал шаруашылығы кешендерінің жеткілікті дәрежеде тазар-тылмаған шайынды сулары, кен қазбаларын өндіруде пайда болатын шахталық су-лар, су және темір жол көліктерінен шығарылатын сулар және т.б. жатады. Жеткі-лікті тазартылмаған шайынды сулардың құрамында токсиндік әсер көрсететін уытты заттар болады. Олар мырыш, қорғасын, кадмий, сынап, хром, мыс, фтор қоспалары. Бұл қосылыстар фитопланктон арқылы сіңіріліп, қоректік тізбек бойынша әрі қарай беріледі. Гидросферада кездесетін кейбір уыттылығы жоғары заттардың токсиндік әсері 1-ші кестеде келтірілген.

Кестеде көрсетілгендерден басқа қауіпті су ластаушылар қатарына бейорга-никалық қышқылдар мен негіздерді жатқызуға болады, олар өндірістік шайынды сулардың рН диапазонын (2,0 - 11,0) қалыптастырып, су ортасының рН мәнін 18,0 және одан да жоғары деңгейге дейін өзгерте алады. Ал тұщы және теңіз суларындағы балықтар рН мәні 5,0 - 8,5 интервалы аралығында болғанда ғана тіршілік ете алады.


Кесте 1 - Гидросфера ластаушыларының токсиндік әсері




Ластаушы зат

Планктон

Шаянтәрізділер

Моллюскалар

Балықтар

1.

Мыс

+++

+++

+++

+++

2.

Цинк Мырыш

+

++

++

++

3.

Қорғасын

-

+

+

+++

4.

Сынап

++++

+++

+++

+++

5.

Кадмий

-

++

++

++++

6.

Хлор

-

+++

++

+++

7.

Роданид

-

++

+

++++

8.

Цианид

-

+++

++

++++

9.

Фтор

-

-

+

++

10.

Сульфид

-

++

+

+++


*Ескерту: Токсинділік дәрежесі: - – жоқ; + – өте әлсіз; ++ – әлсіз; +++ – күшті; ++++ – өте күшті.
Суда қандайда бір жолмен оттегінің азаюына алып келетін ластаушылардың бәрі зиянды әсер көрсетеді. Беттік белсенді заттар (ББЗ) - майлар, сұйық майлар, жағар майлар және т.б. майлы заттар судың бетінде жұқа қабық түзіп, су мен атмос-фера арасындағы газ алмасу үрдісіне кедергі болады, яғни судың оттегіге қанығуын төмендетеді. Осындай органикалық заттардың айтарлықтай мөлшері өндірістік және тұрмыстық шайынды сулармен өзендерге және басқа су көздеріне келіп түседі. Қазіргі кезеңдегі урбанизацияның қарқындауы, және керісінше, тазартқыш қондыр-ғылар тұрғызылуының біршама баяу жүруі, немесе оларды қанағаттанарлықсыз пайдалану су көздерінің алаптары, топырақ тұрмыстық қалдықтармен ластанады. Органикалық заттармен ластанған су іс жүзінде ішуге және басқа да қажеттерге жарамай қалады. Ал тұрмыстық шайынды сулар әр түрлі жұқпалы аурулардың (іш сүзегі, дизентерия, холера) көзі болуымен қатар, өзінің тазаруы үшін оттегіні көп қажет етеді.

Бүгінгі заманауи су тазартқыш құрылымдар - көп сатылы күрделі жүйелер, олардың негізгі сатысының бірі - қалқыма заттарды алып тастау болып табылады. Әр түрлі шайынды суларды тазартудың пайдаланылып жүрген технологиялары, дәстүр бойынша, ластанған судың фракцияларын механикалық жолмен айырып бөлу және оларды физикалық-химиялық тазарту әдістерін қарастырады. Мұнда құм ұстағыш-тар, тұндырғыштар, аэротенктер (сұйықты оттегімен қамтамасыз ететін және суды қайырмен үздіксіз араластырып отыратын аэрациялау жүйелері), флотаторлар (сұйықты өлшемі әр түрлі көпіршіктермен қанықтырушылар) сияқты құрылғылар қолданылады.

Өндірістік және шаруашылықтық-тұрмыстық шайынды суларды қалпына келтіру, яғни, тиімді регенеративтік тәсілдер жасау жағынан шайынды суларды тазарту технологиялық және әдістемелік тұрғыда қиын мәселелер қатарына жатады. Сулы ортадағы әр түрлі қоспалардың күйі және әрі қарай өзгеруі олардың химиялық табиғатына ғана емес, бөлшектердің өлшеміне, сондай-ақ, гетерогендік қоспа немесе жүйе қалыптастыру қабілетіне де байланысты болады. Сондықтан да кез келген ластаушы затты жою әр бір нақты жағдайда жеке көзқарасты талап етеді [6].

Шайынды суларды бүгінгі белгілі технологияларды қолданып тазарту - әрі күрделі, әрі экономикалық жағынан тиімсіз іс. Аталған технологияларға арналған құрылғылардың бәрі көлемді, аумақты, құрылысына айтарлықтай капитал бөлуді, энергия шығындауды қажет етеді және көп жағдайда шайындыларды сенімді тазартуды қамтамасыз ете алмайды. Айтарлықтай капиталдық шығындардан басқа, мұндай құрылғыларды эксплуатациялау барысында да - штаттық персоналға, құрал-дарды күтіп, қарауға және т.с.с. біраз шығын қажет. Бұл тазартқыш қондырғыларды шет жерлерде орналастыруда, мысалы, елді мекеннен тыс орналастыру, құбырларын көпірлерден өткізу, және т.б. кездерде қиындықтар туғызады. Сонымен бірге, мұндай құрылғылардың - тұндырғыштардың, сорғыш бекеттердің, өндірістік ғимараттардың сыртқы пішіндері - бүгінгі архитектуралық және табиғи ландшафтқа үйлеспейді.

Сондықтан да зерттеушілер шайындыларды өңдеудің жаңа, мүмкіндігінше аса қымбатқа түспейтін әдістерін іздеуді жалғастыруда. Осы мақсатпен қазіргі кезеңде шайынды суларды тазартуда биологиялық нысандарды пайдалануға көп көңіл аударылуда. Бұл мәселенің шешу жолының бірі ретінде жоғары сатылы өсімдіктерді пайдалануды қарастыруға болады.

Техникалық әдебиет көздерінде жоғары сатылы өсімдіктердің заманауи тазарт-қыш қондырғылармен бәсекелесе алатындығы аталған. Шайынды суларды тазартуда өсімдіктерді пайдаланудың артықшылықтары төмендегі кестеде келтірілген (2-кесте).


Кесте 2 - Суды фитотехнологиялық тазартудың артықшылықтары


Салыстырылатын сипаттамалар, параметрлер

Суды биореакторларда бактериялармен тазарту технологиясы

Ссуды фитотехнологияны пайдаланып тазарту

технологиясы



Электр энергиясының шығыны

Электр энергиясы су көлемін араластыруда және аэрациялауда (ауа беруде) қажет

Үздіксіз араластыру және аэрациялау қажет емес, сондықтан электр энергиясы шығындалмайды

Лас суды беруде үзіліс болған жағдайдағы құрылғының күйі (мысалы қыста немесе демалыс кезінде)

Органикалық заттардың келіп түсуінде үзіліс болған жағдайда бактериялар ашығып, өледі, сондықтан биореактор жұмысы бұзылады

Өсімдіктердің тіршілігінде ауытқулар болмайды, тіршілігі сақталады, құрылғының жұмысы қалыпты сақталады

Өрт қауіптілігі

Үнемі қауіптілік сақталады, себебі үнемі электр сымдары мен құрылғылардың ақауларының орын алу қаупі сақталады

Минимальді немесе жоқ, себебі электр құрылғысының қажеті жоқ

Атмосфераға парниктік газдарды шығару

Орын алады

Жоқ; керісінше, парниктік газ (СО2) сіңіріледі

Шайынды суларды гидроботаникалық тазарту дегеніміз - оны жоғары сатылы өсімдіктер көмегімен тазарту. Шайынды суларды тазартудың ең алғашқы қарапайым әдістері өсімдіктерді пайдалануға негізделген болатын. Фиторемедиация бойынша алғашқы зерттеулер өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Израильде жүргізілген, бірақ әдістің екпінді дамуы 80-ші жылдары басталды. Өсімдіктер қоршаған ортаға әр түрлі жолдармен әсер етеді. Олардың негізгілері: ризофильтрация, фитоэкстракция, фито-волатилизация, фитотрансформация, фитостабилизация, фитодеградация, фитостиму-ляция. Ластанған суларды фиторемедиациялауда су өсімдіктерінің көптеген түрлері пайдаланыла алады. Олардың жиі қолданылатын түрлеріне Кәдімгі қамыс Қоға, Көл қамысы, Ряска Шапанша, Қалқыма сальвиния Элодея, Эйхорния және т.б. жатады.

Шайынды суларды гидроботаникалық тазарту технологиясы қазіргі кезеңде ең экологиялық қауіпсіз және капитал сиымдылығы аз технология болып саналады, бірақ ол үлкен жер аумағын қажет етеді. Шайынды сулар өсімдіктердің тамыр жүйесі арқылы өтуі кезінде ол судағы әр түрлі ингредиенттерді сіңіріп қалады. Жоғары сатылы өсімдіктер фитопланктон пайдалануы мүмкін азотты қосылыстарды сіңіреді, сондықтан да судың «гүлдеуі» орын алмайды. Сонымен қоса, өсімдіктер су ағынын желден қорғайды. Бірақ климаттық жағдайлар кейде бұл әдісті кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді. Вегетациялық кезеңнің аяғында жоғары сатылы өсімдіктердің су үстіндегі бөліктері сынып, су көзінің жағалауына жинала бастайды, оларды жинап, алып тастайды. Бұл өсімдіктердің жыл бойы тіршілігі тоқталмайтындықтан шайынды суларды тазарту қыста да жүре береді. Жоғары сатылы су өсімдіктерінің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы температура 5°С-тан төмен болмаған жағдайда 244 тәулік/жыл құрайды. Жоғары сатылы өсімдіктердің өсу қарқыны олардың су үстіндегі бөлігін қырқу арқылы реттеледі, мұнда тамыр жүйесі сабақтың зақым-данбауын қадағалау қажет. Вегетациялық кезеңі біткен өсімдіктерді жинап алып тастап отыру керек (екінші реттік ластанудан сақтану үшін).

Власов Б.П. және басқаларының (2002), Гигевич Г.С. және басқаларының (2000) айтуынша алуан түрлі жоғары сатылы су өсімдіктері тазартылатын шайынды сулардан азотты NH3, NO2 және NH4+ күйінде сіңіруге қабілетті. Сонымен қоса, жоғары сатылы су өсімдіктері шайынды сулардан өз тіршілігіне қажетті амин қышқылдарын, пестицидтерді, токсиканттарды, метаболиттерді, ауыр металдар ион-дары мен радионуклидтерді сіңіріп, минерализаторлар және детокисканттар ролін, сондай-ақ, пестицидтер мен мұнай өнімдерінің биосүзгілері ролін атқарады [7, 8].

Қамыстың батпақты топырақтың газдық тәртібіне бейімделуі оның тамыр жүйесі мен сабақтарында ірі ауа өткізгіш қуыстардың болуымен және барлық ұлпа-ларының құрылысымен түсіндіріледі. Қамыстың тамырлары топырақта 2 метрден де тереңге енетін бұтақтанған қалың тор түзеді. Ауа атмосферадан тамырларға ауа өткізгіш қуыс сабақтар арқылы жетеді. Қамыстың арқасында сулы-топырақты орта оттегіге байып, онда минералдық заттар ғана емес, органикалық заттар да тотығады және бактерицидтік үрдістер де жүреді.

Мұнай өнімдерінің ыдырауы төмендегі сызба-нұсқа арқылы жүреді:



қаныққан көмірсутектер – қанықпаған көмірсутектер – спирттер – кетоқосылыстар – май қышқылдары – көмір қышқыл газ – су

Шайынды суларда мұнай өнімдері шоғырланған жағдайда (1 г/дм3) судың беті олардан жоғары сатылы өсімдіктер көмегімен 5 - 10 тәулік ішінде тазарады. Н.В.Мо-розовтың пікірінше (2001, 2003) жағалаулық су өсімдіктеріне негізделген биоин-женерлік құрылғылар ластанған шайынды сулардың тазартылу уақытын 2 - 5 есеге қысқартып, мұнайлы ластықтарды 95-100%-ға азайтады [9, 10].

Бактерицидтік қасиетке көптеген жоғары сатылы су өсімдіктері ие, бұл қасиет тамыр жүйелерінің суға оттегі бөлу қабілетіне байланысты: суға неғұрлым оттегі көп бөлінсе, су өсімдігінің айналасында бактерицидтік үрдістер солғұрлым екпінді жүре-ді. Шайынды сулар қамыс өскіндерінің арасынан өткен соң суда сүзектің қоздыр-ғыштары, салмонеллалар, аскаридалар мен трихинеллалардың жұмыртқалары бол-майды, ал ішек таяқшалары 18 сағаттан соң жойылады (Анищенко, Буховец, 2009).

Сонымен, суды өсімдіктер көмегімен тазарту идеясы жаңалық емес. Белгілі өсімдіктердің әр түрлі ластықтарды сіңіру үрдісі табиғат биожүйелері үшін табиғи нәрсе. Табиғи жағдайда батпақтардың, тоғандардың, көлдердің суын тазартатын көптеген өсімдіктерді атауға болады. Осыған байланысты Қазақстанның оңтүстігінде кең таралған кәдімгі қамыс өсімдігін шайынды суларды тазартуда пайдалану тиімділігін зерттеу мақсаты қойылды.

Тараз қаласының тазартқыш құрылғысына канализация жүйесі арқылы 111 мың м3/тәулік тұрмыстық, 96,9 мың м3/тәулік өндірістік шайынды сулары және 14,1 м3/тәулік жауын-шашын ағыны келіп түседі.Тазартқыш құрылғы (сүзгі алаңы) 193,35 га жерді алып жатқан 92 тоғаннан тұрады. Көптеген тоғандарда қалың қамыс өседі, олардың біразы күзде орылып, азайтылады. Ал кейбір, соңғы жылдарда қосылған тоғандарда қамыс өсімдігі аз, кейде жоқтың қасы.

Тараз қаласының шаруашылықтық-тұрмыстық шайынды суларының сынама-лары «Тараз-Су» КММ зертханасы және Жамбыл облысы Экология департаменті тарапынан айына 1 рет үш нүктеден: тұндырғышқа құятын және шығатын жерден, және дренаж каналдарынан алынып, зерттеліп отырады.



Біз шайынды судың келіп құяр жерінен, қамыс басқан сүзгі тоғандардан және, салыстыру мақсатында, қамыс өспеген тоғандардан сынамаларын алып, талдау жүргіздік. Бұл жұмыстар айына 3 рет әр 5 күн сайын жүргізілді (06.07., 11.07., 16.07.). Алынған сынамалар зертханалық зерттеудің белгілі әдістері көмегімен жүргізілді. Қамыстың тазартқыш қабілетін тексерудің нәтижесінде алынған мәліметтер 3-кестеде көрсетілген.
Кесте 3 - Шайынды суларды Көл қамысын пайдалана отырып тазарту тиімділігін зерттеу нәтижелері


Көрсеткіштер

Өсімдіксіз тоғандар

Қамысты тоғандар

Тазар-тылу тиімді-лігін салыс-тыру

1-ші күні

5-ші күні

10-шы күні

Тазар-тылу тиім-ділігі, %

1-ші күні

5-ші күні

10-шы күні

Тазар-тылу тиімді-лігі, %

Мөлдірлігі, см

7,5

12

18




7,3

16

24,9







Түсі

Қою сұр

Сұр-жасыл

Жасыл




Қою сұр

Ақшыл жасыл

Ақшыл жасыл







Иісі

Нәжіс иісті

Әлсіз нәжіс иісті

Балдыр иісті




Нәжіс иісті

Балдыр иісті

Балдыр иісті







Температурасы,0С

21

25

24




21

25

23,8







Қалқыма заттар, мг/л

27

15,1

8,2

69,6

27,3

9,3

2,8

90

+20,4

СББЗ

5,55

0,85

1,5

73

5,32

0,52

0

100

+27

Мұнай өнімдері, мг/л

3,4

2,5

0,65

81

3,4

1,85

0

100

+19

Фенолдар, мг/л

0,25

0,12

0,095

62

0,25

0,091

0

100

+38

Фтор, мг/л

1,2

0,8

0,15

87,5

1,2

0,12

0

100

+12,5

Фосфаттар, мг/л

48,2

32,1

21,3

56

48

22,5

12,4

74

+18

Сульфаттар, мг/л

480

415

322

32,9

480

380

310

35,4

+2,5

Нитраттар, мг/л

33,4

28

23,2

30,5

33,4

20,1

10,7

68

+37,5

Хлоридтер, мг/л

305,7

288,1

225,2

26,3

305,6

230,0

122,3

60

+33,7

Кестеден көрінгендей, бірдей уақыт аралығында қамыс басқан тоғандарда, қамыс өспеген тоғандарға қарағанда шайынды судың тазаруы айтарлықтай қарқынды жүреді. Келтірілген мәліметтерді талдай келе, қамыс қалың өскен тоғандарда қалқыма заттардың тазартылу тиімділігі 26%-ға, СББЗ - 27%-ға, мұнай өнімдері 19%-ға, фенолдар - 38%-ға, фтор - 12,5%-ға, фосфаттар - на 18%-ға, нитраттар - 37,5%-ға және хлоридтер - 33,7%-ға жоғары болды (диагр. 1). Мәліметтерді салыстыру өсімдіксіз тоғандарда шайынды су құрамы 10-шы күні ғана қамыс қалың өскен тоғандармен теңесетіндігін көрсетті.




1-диаграмма. Шайынды суларды Көл қамысы көмегімен гидроботаникалық тазартудың салыстырмалы тиімділігі, %
Су өсімдіктерінің судың өздігінен тазару үрдісіне қатысы бар екендігі белгілі. Жүргізілген зерттеулер Көл қамысының өз өскіндері арасында қалқыма заттар мен әлсіз еритін органикалық заттарды ұстап қалып, механикалық тазартқыш функция-сын атқаратындығын, сондай-ақ, минералдаушы және тотықтырғыш функцияларын атқаратындығын, осылардың арқасында сулар айтарлықтай жылдамырақ және сенім-дірек тазаратындығын көрсетті. Сонымен бірге, қамыс, продуцент ретінде фотосин-тез үрдісі кезінде оттегі бөліп шығарып, органикалық ластықтардың жақсы минерал-дануына ықпал етеді.

Зерттеліп отырған өсімдіктің төмендегі артықшылықтары байқалды:

- in situ жағдайында ремедиация жүргізу мүмкіндігі;

- жүргізілетін жұмыстардың өзіндік құнының дәстүрлі тазартқыш қондырғы-ларға қарағанда анағұрлым төмендігі;

- қоршаған орта үшін қауіпсіздігі;

- тазарту сапасы дәстүрлі әдістерден қалыспайтындығы.


Әдебиет
1 Мусаев А.И. Эколого-мелиоративные основы почвенно-биологической до-очистки сточных вод в орошаемом земледелии. Автореф.дисс. на соиск. уч.степ.д.т.н. -Тараз, 2010.

2 Ахметов А.С., Мусаев А.И. Формирование химического состава городских сточных вод Южного Казахстана // Вестник ТарГУ им. М.Х.Дулати «Природополь-зование и проблемы антропосферы». - Тараз, 2010. - № 3(1). - С.12-17.

3 Voinov A.A. Qualitative model of eutrophication in macrophite lakes // Ecological Modelling. - 1987. - Vol. 35. - Р. 211-226.

4 Kumar M. Proceedings of the National Workshop on Wastewater Treatment and Integrated aquaculture. - SA-Australia SARDI, 2000.

5 Kumar M. Proceedings of the National Workshop on Wastewater Treatment and Integrated aquaculture. - SA-Australia SARDI, 2000. - 190 p.

6 Е.П. Петраш. Биологическая очистка сточных вод с использованием водной растительности. Мат. междунар. научно-пр. конф. - Москва, 2008.

7 Власов Б.П., Гигевич Г.С. Власов Б.П., Гигевич Г.С. Использование высших водных растеий для оценки и контроля за состоянием водной среды: Метод. рекомендации. - Мн.: БГУ, 2002. - 84 с.

8 Гигевич Г.С., Жуховичцкая А.Л., Оношко М.П., Генералова В.А. Экспериментальное изучение поглощения биогенов высшими водными растениями. - Прикладная лимнология: Сб. научных статей. Вып. 2, Минск, 2000.

9 Морозов Н.В. Экологическая биотехнология: очистка природных и сточных вод макрофитами. - Казань, Из-во Казанского гос. пед. ун-та, 2001.

10 Морозов Н.В. Эколого-биотехнологические пути формирования и управления качеством поверхностных вод. - Автореф. докторской дисс. - М., МГУ, 2003.



ИЗУЧЕНИЕ ВОЗМОЖНОСТИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ

ВОДНЫХ РАСТЕНИЙ ПРИ ОЧИСТКЕ СТОЧНЫХ ВОД
Канд.вет.наук А.К. Агибаева

А.Н. Данабекова

Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, Тараз
Основанная на использовании высших водных растений гидроботаническая очистка сточных вод в настоящее время считается экологически наиболее безопасным и наименее капиталоемким. Результаты проведенных исследований показали, что очищение сточных вод на полях фильтрации с использованием Камыша озерного протекает значительно быстрее.
Ключевые слова: сточные воды, гидроботаника, oчистка сточных вод, фиторемедмация, высшие водные растения, биологическая очистка.

RESEARCH OF POSSIBILITY THE USING

OF WATER PLANTS AT WASTE WATER TREATMENT
Cand.vet.sci. A.K. Agibayeva

A.N. Danabekova



Taraz state university of a name of M.Kh. Dulati, Taraz
Hydro botanic treatment the sewages founded on use the higher water plants is at present considered ecological most safe and the least capital-invective. The Results of the realized studies have shown that treatment the sewages on field of the filtering with use the Tule Scirpus Lacustris runs vastly quicker.
Keywords: wastewater, hydrobotany, sewage treatment, fitoremedmation, higher aquatic plants, biological treatment.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest 2014-1
Vest 2014-1 -> Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектері мәселелері
Vest 2014-1 -> Электронды оқыту технологиясының МҮмкіндіктері
Vest 2014-1 -> Текстильным материалам
Vest 2014-1 -> Аса-талас өзендері алабында суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайы
Vest 2014-1 -> Қытай және жаһандық басқарудың негізгі мәселелері
Vest 2014-1 -> Әож 37. 013. 41/. 77 ТӘрбиенің жеке тұЛҒа дамуындағы мәНІ
Vest 2014-1 -> М. Х. Дулати мұрасы қазақ Ғалымдарының зерттеу нысанында


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет