Шалќар аудандыќ сотына



жүктеу 11.68 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі11.68 Kb.

«ҮЛГІ» Шалқар аудандық сотына

Арыз беруші: Сарина Айсұлу

ЖСН/ИИН___________________



Тұрағы:(толық мекен-жайы, үй, ұялы телефон)
Мүдделі жақ :

Шалқар аудандық зейнетақы төлеу

орталығы

А Р Ы З

(заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы)
Мен, Сарина Айсұлу 20.05.1954 жылы туылғанмын. 11.07.1978 жылы Шалқар аудандық тұрмыстық комбинатында тігінші болып жұмысқа қабылдандым. Осы мекемеде 30.05.1996 жылға дейін жұмыс істедім. Бірақ менің еңбек кітапшамда осы мекемеде жұмыс істеген еңбек жылдарымды қабылдаудан бас тартты. Себебі, осы аудандық тұрмыстық комбинатының атауы «Томирис» ұжымдық кәсіпорны болып өзгертілгендігі жөнінде бұйрық еңбек кітапшасында көрсетілмеген. Менің жұмыстан босатылғаным туралы жазбаға «Томирис» ұжымдық кәсіпорнының мөрі басылған. Аудандық мұрағатта бұл жөнінде құжаттар тапсырылмаған. Бұл жағдайды басқалай анықтауға мүмкіндік жоқ.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, соттан


С Ұ Р А Й М Ы Н
Менің, Сарина Айсұлудың 11.07.1978 жылдан 30.05.1996 жылдар аралығында Шалқар аудандық тұрмыстық қамту (кейіннен «Томирис» ұжымдық кәсіпорнында) жұмыс істеген жылдарымды растауды.
Қосымша: арыз 2 дана, баж салығын төлеген түбіртек, жеке куәлік көшірмесі, (нотариус арқылы куәландырылған), еңбек кітапшадан көшірмесі және түпнұсқасы, жұмыс істеген уақыттарын анықтайтын басқа да құжаттар

Арыз иесі: ______________________қолы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет