"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 30.54 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі30.54 Kb.
түріРегламент

 

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ А-7/298 қаулысымен
бекітілді

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.


      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 қаулысымен бекітілген "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдеудің (әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру, құжаттарды басшылыққа жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) жауапты орындаушы анықтама жобасын дайындауды жүзеге асырады – 2 жұмыс күні. Нәтижесі – анықтама жобасын басшылыққа жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы анықтама жобасымен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – анықтамаға қол қою;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға анықтама береді – 20 минут. Нәтижесі – жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:


      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (әрекет етудің) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (әрекеттерінің) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні;
      3) жауапты орындаушы анықтама жобасын дайындауды жүзеге асырады – 2 жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы анықтама жобасымен танысады – 1 жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы береді – 20 минут.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (әрекеттерінің), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау, осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.



 

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және кері қарай үйлеріне
тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік
қызмет көрсетілетін регламентіне қосымша

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      



      *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің);


      


Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> uploads -> gosuslugi -> obrazovaniye -> reglament -> kaz
obrazovaniye -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
gosuslugi -> Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
gosuslugi -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
gosuslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 016 жылғы қыркүйектегі
gosuslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы
gosuslugi -> «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдерін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет