Шараның барысы: Мүғалімнің сөзі



жүктеу 53.81 Kb.
Дата24.09.2017
өлшемі53.81 Kb.

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: Ұлы тұлға

Мақсаты:

Білімділіқ: Қазақ халқынын ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын зерттей отыра, орыс халқының классиктерінің шығармаларымен үндестігін айқындау.

Дамытушылық: Абай тілінің мағынасын, шеберлігін, тереңдігін түсініп, әдеби тілдік қорды қолданып, сөйлеу тілдерін шындау.

Тәрбиелік: Ақынның өміріне, шығармаларынан үлгі- өнеге, тәрбие алып, соны өз болашақтарына жарата білу. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу, сөз құдіретін түсіну.

Көрнекілігі:

1. «Ұлы тұлға» атты газет;

2. Абай өлеңдерінен үзінді;

3. Абайдың портреті;

4. Татьянаның әні (таспадан үзінді);

5. Абай өмірі туралы альбом;

6. Жыл мезгілдері туралы оқушылардың салған суреттері;

7. Абай елінде (кітап, альбом);

8. Абай туралы сөздер.


Шараның барысы:

Мүғалімнің сөзі:

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады.

Абай- туған халқының болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, асқар тауы, ағар бұлағы, ана тілінің шешендік бастауы, қамқор бабасы.

Абай мерейі – халық мерейі боп, Абай биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау- біздің қарызымыз бен парызымыз.

Президентіміз Н.Назарбаев Абай туралы: «Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Менің бабаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», - деп бағалайды.

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған кұдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп ұлы Жамбыл бабамыз айтқандай Абай ата! Өзіңңің үміт еткен ұрпақтарың сіз туралы толғап, сіз туралы сыр шертпек.

Қабыл ал, жас өркендерінді.

Келесі сөз екі топтың жетекшілеріне беріледі.

1-топ. «Тұлпар».

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім ?

Жырымен жыр сусынын қандырған кім?

Өз-өзіне орнатып ескерткішті,

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім ?

2-топ «Сұнкар».

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім ?

Талабын тас қияға өрлеткен кім ?

Құба жөн, құбақан құм, құла қырды



Өлеңнің бесігінде тербеткен кім ?

Бірінші жүргізуші: Біз ұлы ақынды осынау қазақ халқының арасынан шыққан дана, дара тұлға деп білеміз (тірек сызбаны көрсете отырып, Абайдың қырларын ашады).Ұлы ақынның шыққан тегі, өскен ортасы да тегін еместігін білесіндер.




ақын




ойшыл




философ




жазушы




композитор




публицист




болыс




Абай






аудармашы



дана





Екінші жүргізуші:

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын.

Ұлы арман жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын.

I бөлім.

2- жүргізуші:

Келесі сөз кезегі «Кемел ақын, кемеңгер ойшыл» тақырыбында өрбиді.

Абай өлеңді ерте 12-жасында жазған. Ол сазгер, 30-дан астам әні бар. Қазақ халқын мәдениетке, білімге шақырып, өлең жазуға зор талап қоя білді.

«Өлең сөздің патшасы- сөз сарасы»



II бөлім (Оқу, білімге, ғылымға арналған өлендерінен үзінділер оқылады).

1. Әсемпаз болма әрнеге.

2. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

3. Интернатта оқып жүр.

4. Ғылым таппай мақтанба.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды білім алуға шақырып, адам болудың жолдарын көрсетеді.

«Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз »,- деп жамандықтан аулақ болуға шақырса,

«Талап, еңбеқ, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз », деп жақсылыққа тәрбиелейді.



III бөлім.

1- жүргізуші:

Абай – табиғат жыршысы. (Табиғат туралы өлеңдер оқылады)

1. Жаз

2. Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай.



3. Қыс.

Қыс табиғатын абай өзгешелеу суреттейді. Табиғат қозғалысы адамның жанды тіршілігіне ұқсайды. Бұл- Абай жаңалығы. Ал «Жаз» өлеңінде қазақ ауылының тұрмысына тән көріністерді бейнелейді. Әлеуметтік өмір шындығын суреттейді.

Ән. «Желсіз түнде жарық ай ».

IV бөлім.

1- жүргізуші:

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.

Абайдың 31-37 сөзі.

V бөлім.

Абай – аудармашы. Пушкиннің, Крыловтың, шетел ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Өлеңдер оқылады.

1. Қараңғы түнде тау қалғып.

2. Шегіртке мен құмырсқа.

3.Татьянаның хаты.



VI бөлім.

1- жүргізуші:

Абайды дүние жүзіне танытқан кім ?

II топтың жауабы: Ұлы жазушы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясын арнады, «Абай» трагедиясын жазды. Әуезов арқылы Абайды бүкіл әлем таныды. Республикада мемлекеттік опера және балет театры Абай есімімен аталады. Алматыда Абайдың ескерткіші, Абай атындағы университет бар. Біздің Қарағанды облысында Абай атындағы қала бар.

2- жүргізуші:

II топ сұрақ қояды: «Болмасаң да ұқсап бақ», - деп Абай атамыз айтқандай қазіргі заманда Абайға ұқсас ақын бар ма ?

I топтың жауабы: «Қазақтың ірілері Абайдың інілері», деп Кәкімбек ақын жырлағандай нағыз азамат ақындар Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев.

Өлеңдер оқылады.

1. Мен кетемін, келеді...

2. Мен жастарға сенемін.


VII бөлім- қорытынды.
1- жүргізуші:

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе.

Адалдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге.

С. Торайғыров.


2- жүргізуші:

Ақын атын таратқан әрбір тұсқа

Өлеңімен өлмейтін салған нұсқа.

Қол бастар ер, ел сүйген ақын болған

Қандай арман бар дейсің бұл туыста.

Ж.Жабаев

Абайдың сөзі:

Қымбатты балаларым!

Бүгінгі кеште мен туралы сыр қозғап, еске түсірдіндер.

Әндеріңе, өлеңдеріңе рахмет. Менің арманым орындалды.

Сендерге беретін батам:

Талмайтын талап берсін,

Самғайтын қанат берсін,

Баянды бақыт ерсін,

Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін.

Әумин!
Мұғалім:

Абай аға, қадірлім!

«Өлді деуге бола ма, ойландаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!» - деп, өз сөзіңмен аяқтай отырып, осы асыл сөзің атадан балаға мұра бола бермек.

Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымында өсе бермек күн санап та, жыл санап.

Ақын ата жетіпсіз арманыңа

Осыны аңсап жүрегің талмады ма.

Бізбен бірге келіпсіз бүгінгіге.



Бізбен бірге барасыз алдағыға, - деп Қасым Аманжолов айтқандай сіздің есіміңіз мәңгі сақталады.
Каталог: uploads -> doc -> 0d76
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d76 -> Сабақтың тақырыбы: Жолдан тағы қай жерден өтуге болады? Сабақтың мақсаты : Жолдан өту ережесімен таныстырып үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет