«шартарап» зияткерлік сайысы



жүктеу 68.49 Kb.
Дата07.04.2019
өлшемі68.49 Kb.

Қалалық «ЖАС ГЕОГРАФ» зияткерлік сайысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ойынға қатысатын топтарды ортаға шақыру

Топ басшыларын таныстыру

Әр топ басшысы өз топтарының атымен, топ мүшелерімен, жанкүйерлерімен таныстырады.
І айналым – «Географиялық ашылулар». Бұл айналымдағы сайысқа әр топтың қатысушылары кезек-кезек сұраққа жауап береді. Сұрақ жер бетіндегі ашылулар жайлы болады. Экраннан слайд көрсетіліп, содан соң сұрақ оқылады.
Афанасий Никитин. Орыс көпесі Афанасий Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» еңбек жазған.

Сұрақ: Афанасий Никитиннің «Үш теңіз» деп тұрғаны қай теңіздер?

Жауап: Қара теңіз, Парсы шығанағы және Үнді мұхиты

2.Бұл атақты ағылшын теңіз саяхатшысы Жер шарын айналып шыққан экспедицияға 3 рет басшылық етті. 1774 жылы 30 қаңтарда 3 рет полюс шеңберін кесіп өтіп, Антарктидаға 200 км-дей жақындады. Ары қарай материк жоқ деп есептеген саяхатшы кері қайтар жолында өзі «Жаңа Уэльс» деп атаған шығыс жағалауды Ұлыбританияның иелігі деп жариялады.

Сұрақ: Әңгіме кім туралы?

Жауап: Джеймс Кук



Қара жәшік:

зерттеген аймақтарындағы халықтардың әдет-ғұрпына, салтына, тіліне, көне аңыздарына ерекше назар аударғанын білеміз. Шоқан саяхатының бірінші кезеңі Жоңғар, Жетісу, Іле өлкелері арқылы Ыстықкөлді қамтыса, екінші кезеңдегі саяхаты Сырдарияның негізгі саласы Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан Қашғарияға дейінгі жерлерді қамтыды. Орта Азия карталарын зерттей отырып, өзі жүріп өткен экспедициясының картасын жасады.

Сұрақ: Шоқанның саяхаты кезінде осы зат жанынан қалмаған еді. Бұл не зат?


  • Магелланның жер шарын айнала жүзу саяхатына 265 адам отырған 5

кемемен шыққаны белгілі. Филиппин аралдарында әйгілі теңізші 41 жасында 1521 жылы 27 сәуірде қайтыс болады. 17 адамы ғана аман қалған «Виктория» кемесінің командирі Себастьян Элькано 1522 жылы 6 қыркүйекте жер шарын айналып келіп, Испания жағалауына жетеді. Магеллан экспедициясының қайтып оралған адамдарын Испания королі құрметпен қарсы алып, бәріне сый тартады. Магеланның орнына экспидицияны басқарып келген Себастьян Эльканоға сыйлыққа Елтаңба береді.

Сұрақ: Елтаңбада ненің суреті бар еді? Осы қорапта сол зат салынған. Ол не зат?

І айналымның нәтижесі шығарылып, аукцион ұйымдастырылады. Аукцион нәтижесі бойынша топтарға қосымша ұпай жинауға мүмкіндік беріледі.
1.Ертіс өзенінің бойында Қазақстанның қай қалалары орналасқан? Өскемен, Семей, Павлодар

2.Шала маймылдар аралын ата. Мадагаскар

3.Қала-мемлекетті ата. Сингапур

4.Аустралиядағы кеуіп қалған өзен арналары қалай аталады? Крик

5.Бір күні Кавказ тауы Шығыс Еуропа жазығымен қайсысының ақылды екенін шеше алмай дауласып қалады:

– Қанша жыл өмір сүрсең, сонша ақылды бола түсесің. Менің басымды көрдің бе, ақ қар мен мұздан көрінбейді, ал сен болсаң жап-жасылсың, гүлденіп тұрсың, яғни мен сенен үлкенмін әрі ақылдымын – дейді Кавказ таулары.

Сөз таба алмай тосылып қалған Шығыс Еуропа жазығы үндемей тұра береді.

Сұрақ: Кавказ тауы дұрыс айта ма?


ІІ айналым – «Ғалам ғажайыптары». Слайд экраннан көрсетіліп, экрандағы суретті дәл атаса, әрі қарай сұрақ оқылады.
1.(АҚШ-тың ұлы президенттерінің суреті)

АҚШ-тың ұлы президенттері Джордж Вашингтонның, Томас Джефферсонның,

Теодор Рузвельттің және Авраам Линкольннің бет бейнелерін тасқа ойып салу үшін мүсіншіГатсон Борглем 1927 жылдан бастап 14 жыл уақытын жұмсаған. Бұл мүсін қай тауда?



2.(Эдмунд Хиллари мен оның жол басшысы Тенцинг Норгеяның суреті)

Әлемдегі ең биік тау – Гималай тауындағы Эверест (Джомолунгма) шыңы Непал мен Тибеттің ортасында орналасқан. Жетпіс миллион жыл бұрын Гималай тауы теңіз түбінде жатқан, тектоникалық плиталардың қозғалуы нәтижесінде таулар тізбегі пайда болды. Оның ең биік шыңының биіктігі – 8848 метр. Шыңды тұңғыш рет кім бағындырды? 1953 жылы Эдмунд Хиллари мен оның жол басшысы Тенцинг Норгея бағындырды.



3.(Мачу Пикчу қаласының суреті)

Мачу Пикчу. 1911 жылы американ археологы Хирам Бингэм қазып алған жоғалған қала Мачу Пикчу қаласы қай елде?

Перуде, оны 1450 жылы инктер салған

4.(Эйфель мұнарасының суреті)

Әлемдегі адамдар көп баратын орынның бірі –

Францияның астанасы Париждегі Эйфель мұнарасы.

Мұнара жобасын Гюстав Эйфельдің қарауында жұмыс істейтін

екі инженер жасағанын білеміз.

Сұрақ: Әуел баста мұнара қандай мақсатта салынған еді?

Ол 1889 жылы уақытша Әмбебап Көрме ұйымдастыру

мақсатында салынған, бірақ кейін бұзбай қалдырған.
ІІІ айналым – «Менің елім – Қазақстан». Бұл айналымда оқушылармен «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылады. Мұғалім өзіміздің еліміз туралы сұрақтарды жылдам оқиды, оқушылар да сондай жылдамдықпен жауап берулері керек. Берілетін уақыт 1 минут. 1 минутта қанша сұраққа жауап бере алса, топ сонша ұпай жинайды.

1.Қазақстанның Тәуелсіздік күні қай күн? 16 желтоқсан

2.Туымыздың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

3.Қазақстаң тұңғыш ғарышкерінің есімін ата. Тоқтар Әубәкіров

4.ЕXPO-2017 қай күні басталады? 10 маусымда

5.Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алғаннан бері неше рет Заң қабылданған? 2 рет

6.Қолданыстағы Ата Заң қашан қабылданған? 1995 жылы 30 тамызда

7. Қазақстанның солтүстіктегі көршісін ата. Ресей

8.Қазақстанда қанша өзен бар? 85 000

9. Жезқазған қаласы қай өзеннің бойына салынған? Кеңгір

10.Қазақстандағы ең ірі көмір кешенін ата. Қарағанды көмір бассейні

11.Біз тұратын аймақ қалай аталады? Сарыарқа

12.Қазақстанның ең қысқа шекарасы қай елмен? Түрікменстан

13.Қазақстандағы ең ірі мұздық қай тауда? Іле Алатауында

14.Жезқазған қаласы қай өзеннің бойына салынған? Кеңгір

15.Қостанай қаласы қай өзеннің бойына салынған? Тобыл

16.Қарағанды атауы неден шыққан? Қалың өскен қараған атауынан

17.Қазақстан қай климаттық белдеуде орналасқан? Қоңыржай


1.Тұңғыш президент күні қай күн? 1 желтоқсан

2.Әнұранның авторларын ата.

3.Ғарышта 3 рет болған қазақ ғарышкері кім? Талғат Мұсабаев

4.Қазақстанның климаты қандай? Шұғыл континентті

5.Қазақстандағы ең ірі мұздық қалай аталады? Корженевский мұздығы

6.Павлодар қаласы қай өзеннің бойында? Ертіс

7. ЕXPO-2017 қай күні аяқталады? 10 қыркүйекте

8.Еліміздің парламенті неше палатадан тұрады? 2 палатадан

9.Қостанай қаласы қай өзеннің бойына салынған? Тобыл

10.Қазақстанда қанша көл бар? 48 000

11.Ұлы Жібек жолы кезінде батыс пен шығысты байланыстырған қай өзен? Сырдария

12.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? Есіл

13.Қазақстанның қай жерлерінде суармалы егіншілікпен айналысады? Оңтүстігінде

14.Қазақстанның Ресеймен шектесетін шекарасының ұзындығы қанша? 7591км

15.Қазақстан нешінші сағаттық белдеулерде орналасқан? ІV және V

16.Қазақстанның ең биік нүктесі қанша метр? 6995 метр

17. Ертіс өзенінің бойындағы Қазақстан қалаларын ата. Өскемен, Семей, Павлодар
ІV айналым – «Мен – сәтбаевтықпын». Бұл айналымда топтағы әр қатысушыға жеке-жеке сұрақ қойылады.

1.Кеншілер қаласы әуел баста қай жерге салынған еді? Кеншілер қаласы әуел баста стихиялы түрде, шахталардың маңайында пайда бола бастады, сөйтіп Жезқазған елді мекені Весовая дүниеге келді.

2.Ең алғашқыда Сәтбаев қаласының орнында кімнің мекені болған еді? Бекболат руынан шыққан Досқан деген түйе палуанның

3.Алғашында елді мекен қалай аталған? Досқан құдығы

4.Никольский атауы қай жылы Сәтбаев атауына ауыстырылды? 1990 жылы

5.Қ.И.Сәтбаев Жезқазған мысының құрамы, сапасы жөнінде қандай тұжырым жасаған? Жезқазғанның мысы құрамы, сапасы жөнінен ОАР-да өндірілетін мыстан кейінгі 2 орында деп айтқан

6.Сәтбаев қаласы қай жылы 40 жылдығын тойлайды? 2013 жылы 13 қыркүйекте

7.Неліктен қалаға Сәтбаев атауы берілді? Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі геологиялық зерттеу жұмыстарына сіңірген еңбегі үшін

8.Қаныш Сәтбаев еліне сіңірген еңбектері үшін қанша рет Ленин орденімен марапатталған? 4 рет

9.Қала шетіндегі жасанды көл БАМ деп аталады? Неліктен? Қаланың атқару комитетінің төрағасы Құнанбаев Әшірбектің еңбегін бағалай отырып, қала халқы жасанды көлді БАМ (Большое Аширбековское Море) деп атап кеткен.

10.«Өз елінің қара тасын сүймеген, өзге елдің алтынын да сүйіп жарытпас» - бұл кімнің сөзі? Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

11.«Қазақмыс» корпорациясы болып қайта құрылған Жезқазған түсті металл акционерлік қоғамы қай жылы, қай елдің басқаруаны берілген еді? 1995 жылы Кореяның «Самсунг» корпорациясының


ІV айналымның нәтижесі шығарылып, аукцион ұйымдастырылады. Аукцион нәтижесі бойынша топтарға қосымша ұпай жинауға мүмкіндік беріледі.

1.Антарктидадан табылған ең үлкен метеорит қалай аталады? Антарктида метеориті

2.Алып тасбақалар аралын ата. Галапагос

3.Андорра елінің астанасы қай қала? Андорра-Ла-Велья

4.Түсті металдардың ішіндегі Қазақстанда ең көп қолданылатыны қайсысы? Мыс

5.Балқаштың мысы қай қаладағы түсті металдар биржасында сапа эталоны ретінде көрмеде тұр? Лондонда


V айналым – «Ойлан, тап!». Бұл айналым 2 геймнен тұрады. І геймде топ мүшелері мен топ басшысының арасындағы бірін-бірі түсіну қабілеттері тексеріледі. Берілетін уақыт 1 минут.

І топқа: Эратосфен, Марко Поло, Страбон, Шоқан Уәлиханов, Христофор Колумб, Фрэнсис Дрейк, Руаль Амундсен, Птолемей, Әл-Фараби, Баранский, Роберт Скотт, Себастьян Элькано

ІІ топқа: Геродот, Фернан Магеллан, Афанасий Никитин, Америго Веспуччи, Семенов-Тян-Шанский, Р.Пири, Махмуд Қашқари, Л.С.Берг, Джеймс Кук, Н.Н.Михлуко-Маклай, Александр Гумбольдт, А.И.Воейков
ІІ геймде сөз құрау керек.

І топ: Ағып келе жатқан өзеннің жан-жағынан келіп қосылатын бөлігі (сала).

Үлкен елді мекен (қала)

Аустрияның астанасы (Вена)

ІІ топ: Өзеннің құяр жері (саға)

Табиғат зонасы (дала)



Ресейдің ең ұзын өзені (Лена)
Сайыстың қорытындысы шығарылып, мадақтама қағаздар, сыйлықтар тапсырылады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет