Шейхул-ислам мухаммад әт-тамимидің (аллаһ оны рахым етсін)



жүктеу 2.83 Mb.
бет1/16
Дата10.05.2019
өлшемі2.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ШЕЙХУЛ-ИСЛАМ МУХАММАД ӘТ-ТАМИМИДІҢ

(АЛЛАҺ ОНЫ РАХЫМ ЕТСІН)
«БІРҚҰДАЙШЫЛЫҚ КІТАБЫНДА» КЕЛТІРІЛГЕН АЯТТАР МЕН ХАДИСТЕРДЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДАЛАР
(шейх Салих әл-Фаузанның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) осы кітапқа жасаған қысқаша түсіндірмесінен)

Дайындаған:



сайтының редакциясы

Қазақ тіліне орыс тіліне аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы, әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан кейін:


БІРІНШІ ТАРАУ:

Бірқұдайшылық кітабы
«Әз-Зәрият» сүресі, 56-аят:

وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالإنْسَ إِلا لِيَعْبُدُونِ (٥٦)

«Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым».
Бұл аят бірқұдайшылықты (таухидті) парыз етеді.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта барша үшін Аллаһты құлшылық-ғибадатта жалғыз ету (яғни таухид әл-улуһия) парыз екеніне нұсқау бар.

  2. Аят жындар мен адамдардың жаратылуындағы даналықтың мән-мазмұнына нұсқайды.

  3. Аятта Кім бүкіл болмысты жаратқан болса, Сол ғана құлшылыққа лайықты екеніне нұсқау бар. Сондай-ақ бұл аятта пұттарға және сол сияқты нәрселерге құлшылық ететіндерді теріске шығару бар, өйткені олар еш нәрсені жарата алмайды.

  4. Аятта Аллаһ Бай (Мұңсыз) және жаратушыны қажет етпейтініне, өйткені Оның Өзі Жаратушы, ал жаратылғандардың барлығы Оған мұқтаж екеніне нұсқау бар.

  5. Аятта Пәк Аллаһ Тағаланың даналығына нұсқау бар.

-------------------------------------------------------------------------------------
«Ән-Нәһл» сүресі, 36-аят:

وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَسُولا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاجْتَنِبُوا الطَّاغُوتَ

«Расында, Біз әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі тағуттан аулақ болыңдар», - дейтін елші жібердік».
Бұл аят бірқұдайшылыққа (таухидке) шақыру және Оған серік қосуға (ширкке) тыйым салу әрбір пайғамбардың және солардың ізінен ергендердің әрбірінің міндеті екеніне нұсқайды.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта елшілердің бірқұдайшылыққа (таухидке) шақырып, көпқұдайшылыққа (ширкке) тыйым салу үшін жіберілгендігінің даналығына нұсқау бар.

  2. Аятта барлық елшілер мен пайғамбарлардың діні бір болғанына, өйткені олар әрбір қауымға бірдей бұйрықпен жіберілгеніне нұсқау бар, ал бұл – Жалғыз Аллаһ Тағалаға ғана құлшылық ету және ширкті тәрк ету, тіпті олардың шариғаттарында айырмашылықтар болған болса да.

  3. Аятта Жолдау барлық қауымдарды, әрі дәлел бүкіл пенделерді қамтығандығына нұсқау бар.

  4. Аятта бірқұдайшылықтың (таухидтің) ұлықтығына әрі ол әрбір қауымға парыз болып табылатына нұсқау бар.

  5. Аятта «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» куәлігінің мағынасында теріске шығару (нәфи) мен бекіту (исбат) бар екеніне нұсқау бар. Әрі осыдан сондай-ақ таухидтың құрамында осы екі сенім, яғни (Аллаһтан басқа бүкіл құлшылық етілетін нәрселерді) теріске шығару және (Аллаһ Тағала ғана құлшылыққа лайықты құдай екенін) бекіту болмай, ол дұрыс бола алмайтынына деген нұсқау да келіп шығады. (Бүкіл құлшылық етілетін заттарды) теріске шығару (Аллаһты ғана жалғыз құлшылық объектісі ретінде бекітусіз) таухид болмайды, тура сол секілді (Аллаһты құлшылық объектісі ретінде) толық бекіту де (Одан басқа барлық құлшылық етілетін заттарды теріске шығарусыз) таухид болып табылмайды.

--------------------------------------------------------------------------------------------
«Әл-Исра» сүресі, 23-аят:

وَقَضَى رَبُّكَ أَلا تَعْبُدُوا إِلا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا

«Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және әке-шешеге жақсылық істеулеріңді бұйырды».
Бұл аятта таухидтің орындалуы міндетті болған ең маңызды құқықтардың бірі, бүкіл парызды нәрселердің ішіндегі ең парыздысы екеніне нұсқау бар. Өйткені Пәк Аллаһ Тағала бұл аятты таухидтен бастады, ал Ол ең алдымен ең маңызды нәрседен ғана бастайды, ал содан соң ғана басқа нәрселер жүреді.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта таухид Пәк Аллаһ Тағаланың бұйырған міндеттемелерінің ішіндегі ең бірінші бұйрығы екеніне нұсқау бар. Әрі бұл – Аллаһтың барлық құлдарының ең бірінші кезекте орындауға тиісті болған Оның құқығы.

  2. Аятта бекіту мен теріске шығарудан тұратын таухид куәлігіне (шахадаға) нұсқау бар. Өйткені Пәк Аллаһ Тағала бұл аятта Өзіне ғана құлшылық етуді және Онымен бірге ешкімге құлшылық етпеуді бұйырды. Бұл аятта таухид тек (оның құрамында) теріске шығару (нәфи) мен бекіту (исбат) болған кезде ғана жарамды болатынына нұсқау бар. Теріске шығару дегеніміз – бұл «құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» («Лә иләһа») деу. Ал бекіту – бұл «Аллаһтан басқа» («иллә Ллаһ») деу.

  3. Аятта ата-ана құқығының ұлықтығына нұсқау бар. Бұл аятта Пәк Аллаһ Тағала ата-ана құқығын Өзінің құқықтарынан кейін қойғанына, сондықтан да олардың құқықтары ұлықтығы бойынша екінші дәрежеде тұратынына нұсқау бар.

  4. Аятта ата-анаға ізгіліктің барлық түрлеріндегі жақсылық жасау парыз екеніне нұсқау бар.

  5. Аятта ата-анаға мойынсұнбауға тыйым салынғандығына нұсқау бар. Мойынсұнбау – оларға деген жаман қарым-қатынастың көрінісі.

--------------------------------------------------------------------------------------------
«Ән-Ниса» сүресі, 36-аят:

وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا

«Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған еш нәрсені серік қоспаңдар».
Бұл аятта бүкіл нәрсенің басы бірқұдайшылықты (таухидті) бұйыру және көпқұдайшылыққа (тыйым) салу болғандығына нұсқау бар, сондай-ақ онда ширктің түсіндірмесі мен таухид – бұл жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, ширктен аулақ болу екендігінің түсіндірмесі де бар. Ширк – бұл Пәк Аллаһ Тағаладан басқа әлдекімді (немесе әлденені) жалғыз Оның Өзіне ғана тән болған нәрселерде Оған теңеу, мейлі ол рубубияда болсын (яғни Раббы, Жаратушы және Басқарушы деп мойындауда), немесе улуһияда (яғни құлшылық-ғибадат жасау объектісі деп мойындауда), немесе Құдайлық есім сипаттарға ие болуда болсын.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта Жалғыз Аллаһқа құлшылық етудегі бірқұдайшылықтың (таухидтің) міндетті екендігіне нұсқау бар. Бұл ең маңызды міндеттеме болып табылады.

  2. Аятта ширктің тыйым салынғандығына нұсқау бар. Өйткені Пәк Аллаһ Тағала оған тыйым салды, әрі ширк күнәлардың ең жаманы болып табылады.

  3. Аятта ширктен аулақ болу ғибадаттың шарты болып табылатындығына нұсқау бар, өйткені Аллаһ Өзіне құлшылық етуді ширкке тыйым салумен байланыстырды.

  4. Ширк - мейлі ол кіші немесе үлкен болсын – тыйым салынған (харам) болып табылады, өйткені «ширк» сөзі бұл аятта белгісіз райда келеді, ал бұл өз кезегінде оның ширктің барлық түрлерін қамтитынына нұсқайды.

  5. Аятта Аллаһқа ешкімді серік қосуға рұқсат етілмейтініне нұсқау бар, мейлі ол періште, пайғамбар, әулие немесе пұттар болсын.

--------------------------------------------------------------------------------------------
«Әл-Әнғам» сүресі, 151-153 аяттар:

قُلْ تَعَالَوْا أَتْلُ مَا حَرَّمَ رَبُّكُمْ عَلَيْكُمْ أَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَلا تَقْتُلُوا أَوْلادَكُمْ مِنْ إِمْلاقٍ نَحْنُ نَرْزُقُكُمْ وَإِيَّاهُمْ وَلا تَقْرَبُوا الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ وَلا تَقْتُلُوا النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلا بِالْحَقِّ ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ (١٥١)وَلا تَقْرَبُوا مَالَ الْيَتِيمِ إِلا بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ حَتَّى يَبْلُغَ أَشُدَّهُ وَأَوْفُوا الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ لا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلا وُسْعَهَا وَإِذَا قُلْتُمْ فَاعْدِلُوا وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَى وَبِعَهْدِ اللَّهِ أَوْفُوا ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ (١٥٢)وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ وَلا تَتَّبِعُوا السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَنْ سَبِيلِهِ ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ (١٥٣)

«(Оларға:) «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның харам еткен нәрселерін оқып берейін», - де. Аллаһқа құлшылық етіңдер. Оған ешкімді серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер. Жарлылықтан өз балаларыңды өлтірмеңдер, өйткені сендерді де, оларды да Біз ризықтандырамыз. Арсыздықтардың ашығына да, жасырын болғандарына да жақындамаңдар. Және де Аллаһ өлтіруге тыйым салған кісіні өлтірмеңдер, тек бұған құқықтарың болмаса ғана. Сендерге осыларды Аллаһ өсиет етті, бәлкім, түсінерсіңдер. Жетімнің малына жақындамаңдар; бірақ ол есейгенге дейін оның игілігі үшін (оны басқарсаңдар) бөлек. Өлшеу мен таразыны әділдікпен толтырыңдар. Біз адамға оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейміз. Сөйлегендеріңде әділ болыңдар, тіпті бұл туысқандарыңа қатысты болса да. Аллаһпен жасасқан келісім-шартқа адал болыңдар. Осыларды сендерге Аллаһ нұсқады, бәлкім, үгітті еске аларсыңдар. Менің тура жолым осы. Соған еріңдер де, басқа жолдарға түспеңдер, өйткені олар сендерді Аллаһтың жолынан тайдырады. Ол сендерге осыны өсиет етті, бәлкім, қорқарсыңдар».
Бұл аят құлшылық жасалатын және солар арқылы ширк істелетін пұттардың барлық түріне тыйым салды. Сондай-ақ онда құлшылықтың барлық түрлеріне нұсқалған. Пәк Аллаһ Тағала бұл аятта кейбір тыйым салынған нәрселер туралы баяндап берді.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта ширк күнәлардың ең үлкені, ал таухид бүкіл парыздардың ішіндегі ең парыздысы екеніне нұсқау бар.

  2. Аятта ата-ана құқығының ұлылығына нұсқау бар.

  3. Аятта қақысыз адам өлтірудің тыйым салынғандығына нұсқау бар, әсіресе, ол жақын адамдардан болса.

  4. Аятта жетімнің мал-мүлкін иеленудің тыйым салынғандығына, сондай-ақ Пәк Аллаһ Тағала бұл мал-мүліктің көбеюіне немесе сақталуына оң ықпал ететін барлық нәрсені заңды етіп бекіткеніне нұсқау бар.

  5. Аятта сөздерде де, істерде де, жақынға да, бөтенге де қатысты әділдікті ұстанудың міндетті екеніне нұсқау бар.

  6. Аятта уәдені орындаудың міндетті екеніне нұсқау бар.

  7. Аятта Ислам дінін ұстану әрі одан өзге діндердің барлығын тастау парыз екендігіне нұсқау бар.

  8. Аятта харам немесе хәлал ету тек Аллаһтың ерекше құқығы екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------
Абдуллаһ ибн Масғудтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадис: “Кім Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мөр басып қалдырған өсиетін көргісі келсе, Аллаһ Тағаланың мына сөздерін оқысын:
قُلْ تَعَالَوْا أَتْلُ مَا حَرَّمَ رَبُّكُمْ عَلَيْكُمْ أَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَلا تَقْتُلُوا أَوْلادَكُمْ مِنْ إِمْلاقٍ نَحْنُ نَرْزُقُكُمْ وَإِيَّاهُمْ وَلا تَقْرَبُوا الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ وَلا تَقْتُلُوا النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلا بِالْحَقِّ ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ (١٥١)وَلا تَقْرَبُوا مَالَ الْيَتِيمِ إِلا بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ حَتَّى يَبْلُغَ أَشُدَّهُ وَأَوْفُوا الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ لا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلا وُسْعَهَا وَإِذَا قُلْتُمْ فَاعْدِلُوا وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَى وَبِعَهْدِ اللَّهِ أَوْفُوا ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ (١٥٢)وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ وَلا تَتَّبِعُوا السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَنْ سَبِيلِهِ ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ (١٥٣)

«(Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның харам еткен нәрселерін оқып берейін», - де. Аллаһқа құлшылық етіңдер. Оған ешкімді серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер. Жарлылықтан өз балаларыңды өлтірмеңдер, өйткені сендерді де, оларды да Біз ризықтандырамыз. Арсыздықтардың ашығына да, жасырын болғандарына да жақындамаңдар. Және де Аллаһ өлтіруге тыйым салған кісіні өлтірмеңдер, тек бұған құқықтарың болмаса ғана. Сендерге осыларды Аллаһ өсиет етті, бәлкім, түсінерсіңдер. Жетімнің малына жақындамаңдар; бірақ ол есейгенге дейін оның игілігі үшін (оны басқарсаңдар) бөлек. Өлшеу мен таразыны әділдікпен толтырыңдар. Біз адамға оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейміз. Сөйлегендеріңде әділ болыңдар, тіпті бұл туысқандарыңа қатысты болса да. Аллаһпен жасасқан келісім-шартқа адал болыңдар. Осыларды сендерге Аллаһ нұсқады, бәлкім, үгітті еске аларсыңдар. Менің тура жолым осы. Соған еріңдер де, басқа жолдарға түспеңдер, өйткені олар сендерді Аллаһтың жолынан тайдырады. Ол сендерге осыны өсиет етті, бәлкім, қорқарсыңдар» («әл-Әнғам» сүресі, 151-153 аяттар)» (әт-Тирмизи, 3080).
Бұл хадисте Пәк Аллаһ Тағаланың өсиеті сондай-ақ Пайғамбардың да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті болып табылатындығына нұсқау бар. Өйткені бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан өсиет етілген нәрселердің барлығы өз кезегінде оған Пәк Аллаһ Тағала тарапынан өсиет етілген.

Абдуллаһ ибн Масғуд ибн Ғафил ибн Хабиб әл-Хузами –алғашқылардың бірі болып Исламды қабылдаған ұлы сахабалардың бірі, әрі солардың ішінендегі үлкен ғалымдардың бірі. Ол үнемі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жанында болатын. Хижраның 32 жылы қайтыс болды, Аллаһ оған разы болсын.


Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте осы он өсиеттің маңыздылығына нұсқау бар.

  2. Хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне Аллаһ Тағала өсиет еткен нәрселерді өсиет еткеніне, сондықтан да Аллаһ Тағала бізге өсиет еткен нәрсенің кез-келгені сондай-ақ Пайғамбардың да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті болып табылатынына нұсқау бар.

  3. Сахабаның білімінің тереңдігіне және оның Аллаһ Тағаланың Кітабын түсінуінің өткірлігіне нұсқау бар.

--------------------------------------------------------------------------------------------
Муаз ибн Жәбәлдің былай деп баяндағаны жеткізіледі: «Бірде мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқасында отырып, есектің үстінде кетіп бара жатқанымызда ол менен: «Әй, Муаз! Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?», - деп сұрады. Мен: «Аллаһ және Оның Елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап бердім. Ол: «Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы – құлдардың тек Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы – кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, (Аллаһ) сол адамды азаптамауы», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі, осыны адамдарға хабарлайын ба?», - деп сұрадым. Ол: «Жоқ, өйткені олар салғырттық танытатын болады», - деп жауап берді» (әл-Бухари 13/300 және Муслим 2856)”.

Муаз ибн Жәбәл ибн Амр ибн Аус ибн Кааб ибн Амр хазраж әл-ансари тайпасынан еді. Атақты сахабалардың бірі болған ол ғалым, шариғи заңдардың және Құранның білгірі еді. Ол Бадр шайқасына және одан кейінгі шайқастарға да қатысты. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккені алған күні оны мекелліктерге әмір етіп тағайындады және оған оларға дінді үйретуді жүктеді. Содан соң ол оны Йеменге қазы және мұғалім ретінде жіберді. Муаз ибн Жәбәл Шамда хижраның 18 жылы 38 жасында қайтыс болды, Аллаһ оған разы болсын.


Бұл хадисте таухидтің әрі ол Аллаһ Тағалаға серік қоспаған күйде құлшылық етуді меңзейтінінің түсіндірмесі бар.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) есекті көлік еткенінде әрі арқасына адам отырғызғанында көрініс тапқан оның қарапайымдылығына нұсқау бар.

  2. Хадисте мініс жануарына отырған кезде, егер сол жануар тағы бір кісіні көтере алатындай (күшті) болса, артыңа басқа бір адамды отырғызуға болатынына нұсқау бар.

  3. Хадисте сұрақ-жауап арқылы білім беру сүннет екеніне нұсқау бар.

  4. Хадисте егер адам ол туралы білімі жоқ болған бір нәрсе туралы сұралса: «Аллаһ біледі», - деп жауап беру керектігіне нұсқау бар.

  5. Хадисте Пәк Аллаһ Тағаланың Өз құлдарында олар Оған ғана құлшылық етіп, Оған ешкімді серік қоспауын меңзейтін хақысы бар екеніне нұсқау бар.

  6. Хадисте өзін көпқұдайшылықтан аулақ ұстамайтын адам іс жүзінде Аллаһ Тағалаға шынайы құлшылық етпейтініне нұсқау бар, тіпті ол Аллаһқа кұлшылық ететін болып көрінсе де.

  7. Хадисте таухидтің артықшылығына және оны ұстанушының артықшылығына нұсқау бар.

  8. Хадисте таухидтің түсіндірмесіне нұсқау бар, ал ол – Аллаһ Тағалаға Оған ешкімді серік қоспаған күйде құлшылық ету.

  9. Хадисте мүмин адам өзге мүминдерді қуантатын хабармен сүйіншілеу керек екендігіне нұсқау бар.

  10. Хадисте білімді таратудың рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар.

  11. Хадисте білім алушының ұстаздың алдында әдептілік сақтауы керек екендігіне нұсқау бар.

--------------------------------------------------------------------------------------------





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет