Шемонаиха ауданы әкімінің халықпен есептік кездесуі барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы 2016 жылғы 01 шілде жағдайына ақпарат



жүктеу 65.87 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі65.87 Kb.

Шемонаиха ауданы әкімінің халықпен есептік кездесуі барысында айтылған халықтың ұсыныстары

мен ескертулерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау

барысы туралы 2016 жылғы 01 шілде жағдайына ақпарат


р/с

Айтылған ескертулер мен ұсыныстар

Орындау мерзімі


Орындауға жауаптылар

Орындалу барысы

1

Шемонаиха қ., жылумен қамту желілеріне жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету


01.12.2016 ж.дейін.

Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Е.К.Мұқатаев, Шемонаиха қаласының әкімі М.Е.Желдібаев, Шемонаиха ауданы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Тиц А.В.


Конкурстық өндірісте тұрған ұзындығы 18 км. магистралді және квартал ішілік желілер «Шемонаихинский водоканал» КМК сенімгерлік басқаруға берілді. Инженерлік коммунаикациялардың физикалық тозуы 85%. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтың тапсырмасына сәйкес Шемонаиха қаласы бойынша жылу беру желілерінің апатты учаскелерін ағымдағы жөндеуге сметалық есептер дайындалды., облыс әкімінің атына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу туралы қолдаухат жолданды. Іс-шара орындалуда.

2

Первомайский кенті инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету

01.12.2016 ж. дейін

Первомайский кентінің әкімі Д.В.Добрыгин, Шемонаиха ауданы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Тиц А.В.


Первомайский кентінің инфрақұры-лымын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары дайындалды. Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен жергілікрті қоғамдастықтың шешімі бойынша шығындар анықталды: 2160 мың теңге елді мекенді санитариялық тазалауға, 1100 мың теңге қыс мерзімінде жолдарды ұстауға, 196 мың теңге көше жарығын қалпына келтіруге. Ағымдағы жылдың басынан 6 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды, 350 куб.м. қоқыс шығарылды., көше жарығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, Юбилейный, Маяковский, Дзержинский к. Бойынша апатты ағаштарды кесу жүргізілді (21 ағаш), ағаш көшеттерін отырғызылды. Коммунальная, Матросова к. Жолдарына құм себу жұмыстары жүргізілді. Іс-шара орындалуда.


3

Шемонаиха ауданының елді мекендерінде жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу және жаңа жұмыс орындары құру бойынша жұмысты жалғастыру


01.12.2016ж. дейін.

Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д.А. Горьковой, әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері , кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Н. Байжуменов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Н.Бабаева, жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Н. Банникова


«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдаудың Бірыңғай бағдарламасының аясында Өңірлік үйлестіру кеңесінде, 10 % сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін Шемонаиха ауданының келесі жобалары қаралып, мақұлданды:

1. ЖК «В.А.Шагай» «Жылыжай шаруашылығын ашу» жобасы, жобаның сомасы 4,0 млн.теңге;

2. «Шемонаиха ұн-құрама жем комбинаты» ЖШС, жобаның сомасы – 215 млн. теңге.

2016 жылдың маусым айында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдаудың Бірыңғай бағдарламасының аясында ШҚО Өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін «Защита Уба» ЖШС «Тұқым шаруашылығын қосқанда дәнді және бұршақ дақылдарды өсіру» жобасы бойынша өтінімі және құжаттар пакеті жолданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында гранттар ұсыну бойынша Конкурсқа қатысу үшін ауданның 5 кәсіпкерінен өтініш берілді:

1. «КаZЦентрПродукт» ЖШС, «Суару үшін гидравликалық таран»;

2. ЖК «Савилов Ю.В», «Түтіндікті тазалау үшін инновациялық өнімнің өндірісі бойынша кәсіпорын ашу»;

3. ЖК «Шамчиева Р.С», «Сырт киім тігу»;

4. «Владимировский Ш.А.» ЖК, «Вешенка саңырауқұлағын өсіру»;

5. «Ауғанбаева Ж.Б», Қоғамдық монша».

Индустрияландыру картасы бағдарламасы аясында «Автокөлік құралдары үшін тіркемелер және жартылай тіркемелерді өндіретін цех ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда. Бастамашысы өндірістік-коммерциялық фирма «Восток-Автопром» ЖШС болып табылады. Жобаның жалпы құны 180 млн.теңге, оның ішінде 140 млн.теңге – меншік қаражат, 40 млн.теңге – «НАТР» АҚ гранты. Жобаның жобалық қуаттылығы: заттай тұлғалануы – 600 бірлік, құндық тұлғалануы – 150 млн.теңге. Аталған жобаны іске асыру есебінен құрылыс кезінде 8 жұмыс орны және пайдалануға берілген уақытта 10 жұмыс орнын ашу қарастырылуда.

2015 жылдың қыркүйек айында «НАТР» АҚ бірлесіп қаржыландыруға өтінім берілді. А.ж. 1 шілдесіне қаражат бөлінген жоқ. Өндірістік қуаттылққа шығу 2016 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған.

«Шере (кілтек) өндіру бойынша шағын-зауытты ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда. Бастамашысы жеке кәсіпкер Антон Леонидович Андриевский. Қзыметтің негізгі түрі – шере (кілтек) өндіру. Жобаның жалпы құны 25 млн. теңге, оның ішінде 10 млн. теңге меншік қаражат. Іске асыру мерзімі 2015-2016 жылдарда. Өндірістік қуаттылық - айына 10 мың шаршы метр шере. Өндірілген шере ҚХР өткізу үшін арналған. Жобаның өтелу мерзімі 3 жыл. Жоба ауданда 25 қосымша жұмыс орнын құруды қарастырады. Жобаның өндірістік қуаттылыққа шығуы 2016 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған.

2016 жылы меншік қаражаты есебінен «Камышинское» ШҚ ТСФ құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Германияда шығарылған Параллель 2х24 қондырғысын орнатумен алаңы 1,3 мың шаршы метр сауын залының құрылысын және ауда ны 420 шаршы метр өтпе галереясының құрылысы басталды. Пайдалануға енгізу а.ж. қыркүйек айы.

«Заря» ШҚ меншік қаражаты есебінен ТСФ қайта құру аяқталды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2016 жылы 58,0 млн.теңге сомасына несие алынды, «Камышинское» ШҚ 35 сүтті мал басы сатып алынды. РФ Петропавл ауданының «АКХ Ануйское» ЖШҚ 57 бас құнажын сатып алуға шарт жасалды. Аталған мал басы қазіргі кезде карантинде.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» Бағдарламасын орындау аясында 85 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 46 тұрақты жұмыс орындарына орналатырылды. «ЖҚЖК 2020» бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) а.ж. білім беру және ТҮКШ саласында 14 жобан іске асыруға 142,571 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді. 9 конкурс жарияланды және 4 рәсім бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен жүргізілді, қорытынды шығарылды. 35 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Іс-шара орындалуда.



4

Негізгі азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарға бағаның өсуін ұстау бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы


01.12.2016ж. дейін

Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д.А. Горьковой, әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері , кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Н. Байжуменов



Шемонаиха аудандық әкімдігімен инфляциялық процестерді тұрақтандыру мен ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Ауданда инфляциялық процестерді ұстау бойынша штаб құрылып, қызмет етуде, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен сауда нүктелерінде баға айналымына мониторинг жүргізілуде. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар тауарларға негізсіз бағаның көтерілуі анықталған жоқ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары тұрақты бақылауда. Аудан аумағында саудамен айналысатын кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар кәсіпорындар және дәріханалармен 10% аспайтын сауда үстемесі туралы меморандумдарды жасап, мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Инфляциялық процестерді ұстау үшін аудан халқын қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылды. 2016 жылдың басынан ауданда жалпы сомасы 8,5 млн.теңге болатын 7 жәрмеңке өткізілді. Өскемен қаласында 9 сәуірде және 28 мамырда жәрмеңке өткізілді. Іс-шара орындалуда.


5

Верх-Уба а. жаңа мектеп ғимаратын салу бойынша мәселені шешу туралы


01.12.2016 ж. дейін

Шемонаиха ауданы әкімнің орынбасары Е.К. Мұқатаев, Верх-Уба ауылдық округінің әкімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы

А.А.Ищенко



ҚР Ұлттық қорының қаражаты есебінен ағымдағы жылға 629 695,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Жарияланған конкурс 1 мердігер қатысқандықтан өткізілген жоқ. Жеңімпаз анықталды. 300 орынға арналған мектеп құрылысы бойынша бас мердігер «Өскемен Құрылыс» ЖШС болып табылады. Құрылысты жүргізу мерзімі 2017 жылғы 01 тамызға дейін. Авторлық және техникалық қадағалауды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде..

Іс-шара орындалуда.


Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет