Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы 2015 жылға арналған іс-шараларды өткізу туралы



жүктеу 276.89 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі276.89 Kb.

Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы 2015 жылға арналған іс-шараларды өткізу туралы

ақпарат
Атқарушы, өкілдік билік органдар және қоғамдық бірлестіктер, беймемлекеттік ұйымдар күштерімен мемлекеттік жастар саясатын орындау мақсатында, 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының негізгі қаулыларын, аудандық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бірлесе жұмыс атқаруда.

Жастармен жұмыста негізгі мақсат – жастар өз ойдарын білдіру, сана-сезімдерін және азаматтық белсенділіктерін арту үшін, жастардың күрделі мәселелерін шешу үшін жағдай жасау.

Шемонаиха ауданында жастар саясатын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылда 8014,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Соңымен қоса 2 млн. теңге соммасына әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру аясында жастардың әртүрлі санатты мәселелерін шешуге бағытталған келісім шарттар жасалды:

- 800 мың теңге соммасына «Азаматтық Экологиялық бастама» ЖҚБ «Жастардың белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, туристік-экологиялық-өлкетану жұмыстарына жәрдемдесуге бағытталған, Шекаралық қарым-қатынас жөніндегі меморандум аясындағы іс-шараларды және аудандық іс-шараларды ұйымдастыру» жобасын жүзеге асырды;

- 800 мың теңге соммасына «Жастардың патриоттық санасын, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін көтеруге, әлеуметтік оптимизімін және белсенді қоғамдық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру»;

- 400 мың теңге соммасына «Жастар форматы» ЖҚБ «Жастарды жастар саясатын жүзеге асыру барысы, Қазақстанның 2050 жылға дейін даму стратегиялық бағыттары бойынша ақпараттық қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру»;

Барлық жастар іс-шаралары жоғарғыда көрсетілген жастар қоғамдық бірлестіктерімен және ішкі саясат басқармасының қолдауымен: мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен әріптестік арқылы жузеге асырылады.



Ведомствоаралық қарым-қатынас үшін Жастар істері жөніндегі кеңестің жұмысы ең басты механизм болып табылады. Ағымдағы жылда оның құрамы жаңартылды. 2015 жылғы 4 қыркүйектен бастап № 224 Шемонаиха ауданы әкімдігінің қаулымен Шемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес туралы ережесі жаңа басылымда бекітілді.

2015 жыл кезеңі үшін бекітілген жоспар бойынша Қеңестің 4 отырысы болып өтті.

2015 жылдың 30 наурызында «Нұр Отан» ҰДП филиалының базасында Шемонаиха ауданында«Жас Отан» есеп беру-сайлау конференциясы аясындаШемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегікеңесболып өтті, оның құрамына мемлекеттік органдар, жастар қоғамдық бірлестіктер өкілдері кірді. Кеңеске аудандық бөлімдер басшылары, Кеңес мүшелері және ауылдық округтардың жастарымен жұмыс істеу бойынша мамандар қатысты. Отырыс барысында ауылдық округтардың әкімдері жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес жұмыстарының дамуы туралы баяндамалар, сондай-ақ аудандағы жастар саясатын жүзеге асыру, оның ішінде аудандық кәсіпкерлік картасы шеңберінде жастар кәсіпкерлігін дамыту, әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту, ҰОС Жеңістің 70-жылдығына арналған іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу – ерекше өзекті сұрақтары тыңдалды.

Р.Руспаев, жастар орталығының маманы барлық қатысушыларды 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа Заңымен таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласындағы сабағаттық-кеңесші органдар рөлі мемлекет пен жастар арасындағы қарым-қатынастар тәсілдемелерін жетілдіру үшін күшейгені туралы ерекше көңіл аудара айтты.



2015 жылдың 30 маусымында аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары В.Лисина төрағашылығымен отырысөтті. Кеңеске аудан басқарушылары, Кеңес мүшелері – Т.Степанова – ішкі саясат бөлімінің басқарушысы, Г.Раимбекова – білім беру бөлімінің басқарушысы, Г.Бабаева – жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басқарушысы, Н.Банникова – жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің директоры, Ю.Старожилов – Қоғам кеңесінің төрағасы, «Қазақстан жолы» ТБО басқарушысы, О.Рябиченко – «ЭкоГрин» ЖҚБ атқарушы директоры, К.Буднецкий – Жастар Орталығының директорықатысты. Отырыс барысында аудандағы жастар саясатын жүзеге асыру өзекті мәселелері қарастырылды, соның ішінде жастар жұмысбастылығы, жастар саясатын жүзеге асыру тиімділігі, қос білім беру жүйесі, ТжКБ әрекеттестік жөніндегі мәселелерін шешу бойынша жаңа тәсілдері қаралды. Сондай-ақ Кеңес мүшелерімен волонтерлікті, жазғы жұмысбастылықты дамыту бойынша өткізілген жұмыстар нәтижелері, демалыс және туристтік қозғалыс келешегі талқылданды.




2015 жылдың 30 қыркүйегінде, отырыс дәл солай аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары В.Лисина төрағашылығымен және Кеңес мүшелерінің қатысуымен өтті. Отырыс барысында жастарды және кәмелетке толмаған азаматтарды тәрбиелеу саласындағы күрделі мәселелер қатары анықталды. Отырыс қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің хаттамалық тапсырмасы қабылданды.

2015 жылдың 3 желтоқсанында, Кеңестің барлық мүшелері, сондай-ақ құқық қорғау органдары, аудандық орталық аурухана, білім саласындағы жүмысшылары қатысумен қорытынды отырыс болып өтті. Олар отырыс барысындажасөспірімдердің, жастардың және өсімпаздық жастағы тұлғалардың денсаулығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс және жедел жағдай күйітуралы жәнекәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге жауапты ата-аналардың, мұғалімдердің, басқа тұлғалардың жауапкершіліктерін күшейтуге бағытталған жұмыс, сондай-ақ есірткіге құмарлықтың,ерте жүктіліктін алдын алу, және осы сұрақтар бойынша бар фактілерді болдырмау бойынша алдын алу іс-шаралар туралыбаяндамалармен шықты.Кеңес қортындысы бойынша ауданда жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы жоспарды бірлесіп әзірлеу және әртүрлі бағыттар бойынша алдағы ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылданды.

Ақпараттық-насихаттау жұмыстары аудандағы жастар саясатын іске асыру бағыттарының бірі болып табылады.

Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық - насихаттау жұмыс тобы құрамына Жастар орталығының өкілдері кіреді. Кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, 6699 әскери бөлімі, ОВ 156\6 мекемесі жұмысшыларының ұжымдары арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларды өткізуге қатысады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында,Жастар Орталығыныңөкілдері, жергілікті дәстүрлідіни бірлестіктердің басқарушылары қатысуымен,Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық - насихаттау жұмыс тобы Гуманитарлық-техникалық және Шемонаиха колледждерінің студенттері, мектеп оқушылары, жастар АНТ мүшелерімен 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Президент Жолдауының негізгі қаулыларын талқылау бойынша кездесулер өткізді.

Аудан мешітінің имамы Ибрағим Еркінбай, Елбасы біздің мемлекетте бейбітшілік және баяндылық қағидаларының атақтарын шығару үшін барлық күшін салуда деп көрсете айтты, сондай-ақ имам кез келген жергілікті дәстүрлідіни бірлестік тек қана жақсылыққа, бейбітшілікке және адамгершілікті артуға шақырады деп бұғанерекше көңіл аудара айтты.

Жиналыс барысында, Жолдауда көрсетілген, болашақта Қазақстан Республикасы дамуының бас бағыты болатын, елеулі мәселелерге ерекше назар бөлінді.Қатысушылар,Жолдауда айтылған, күрделі мәселелердің және реформалардың маңыздылықтарын белгіледі және қазақстандық жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатын жаңа бағытты қолдайтындарын айтты. Қорытындысында аудандық АНТ жұмыс тобымен жастар АНТ арасында Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының негізгі қаулыларын білуге тест жүргізілді.



2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы жарық көргенімен байланысты ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Жастар Орталығының өкілдері «Жас Отан» ЖҚ және жастар қоғам бірлестіктерімен бірге Гуманитарлық-Техникалық және Шемонаиха колледждер негізінде кездесулер өткізді. Осы іс-шараның нәтижесі мемлекеттік бағдарламалар туралы қолжетімді және сапалы ақпарат тарату, жастардың экономикалық және әлеуметтік әлеуеттерін дамыту болды. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды орындау мақсатында«Ауыл жастары» жалпыұлттық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары, «Молодежная практика» жобасы, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, спорттық-мәдени іс-шаралар бекітілді.

Ақпан-наурыз айлары аралығындаүш ай ішінде ақпараттық-консалтингтік қызметтін аясында кәсіпкерліктің негіздерін жас адамдарға үйретуге бағытталған жұмыс өткізілді.Бұл кәсіпкерлік қызмет бойынша негізгі білім беретін және бизнес-жоспарын жазуға мүмкіндік беретін жобаларпрезентациялары, дөңгелек үстелдер, тренинг кезеңдер және шеберлік сабақтар. Кездесулер Жастар орталығы өкілдерінің қатысуымен «ШАРМиДО» жастар бірлестігінің атқарушы директоры Е.Буднецкаямен ұйымдастырылды, кездесулер Шемонаиха, Гуманитарлық-Техникалық колледждер, Жастар Орталығы негізінде Ауыл тұрғындарын ақпараттық қолдау бойынша онлайн орталықта өтті. Оқыту әртүрлі жас шамаларын және жобаның әртүрлі сатыларын есепке алумен болды: өз бизнестерін бастағы келген студенттерге, жас адамдарға, сондай-ақ жаңа бастап жүрген кәсіпкерлерге арналған іс-шаралар. Шемонаиха ауданында «ШАРМиДО» (АЖмБҰА) БҚ «Сорос – Қазақстан» қорының қолдауымен өмірдің қиын жағдайына тап болған жұмыссыз жастар үшін кешенді мәселелерді оларды білім беру бағдарламасы жүйесіне қосу жолымен шешуге бағытталған «Бір қадам алға» жобасы жүзеге асырылды. Кәсіпкерлік негіздеріне 80 адам үйретілді, олардың 20 грант қаражаттарын алуға сұраным берді. БАҚ, Жастар Орталығы, Шемонаиха ауданының кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері және «Сорос-Қазақстан» қорының өкілі кірген байқау комиссиясы жұмыс істеді.Саралаудан өткен жеті жас адамға жалпы соммасы 1050,0 мың теңге грант берілді. Сәуір айында жастар өз бизнес-жобаларын ұсынған «Ой жәрмеңкесі» болып өтті.Саралаудан өткен жеті жас жанұяға ауыл шаруашылығы аясында жеке істерін дамыту үшін (омарташылық – 1 адам, құс шаруашылығы – 2 адам, саңырауқұлақ шаруашылығы– 1 адам, МІҚМ – 3 адам) 150 мың теңгеден жалпы соммасы 1050,0 мың теңге гранттық қаражаттар бөлінді.Жыл бойы тұрақты негізінде жаңа бастап жүрген кәсіпкерлергеконсультациялық қолдау көрсетіледі.

11 наурызда «Қазақстан жолы» тәрбиелеу-білім беру орталығының негізінде оқушыларға 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа Заңныңмәліметтерін жеткізу мақсатында,мектеп ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өтті. Жұмыс барысында мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары түсіндірілді,«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының рөлі белгіленді. Елбасымен қойылған тапсырмаларды талқылаумен қатар, Жастар Орталығының директоры К.Буднецкий ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға арналған негізгі іс-шаралары ұсынды. Балалар өз кезектерінде, өз мектеп «тәжірибелерімен» бөлісті.

Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ Ақпараттық тобы «Жас Отан» ЖҚ және жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен бірлесіп,еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму және реформалар жөніндегі ақпаратты қоғамға жеткізу мақсатында, Шемонаиха ауданының10 ауыл аймақтарында кездесу жұмыстарын өткізді

29 мамыр–30 маусым аралығында Каменевский ауыл округінің Рулиха және Рассыпное ауылдарында, Зевакинский ауыл округінің Зевакино және Убинка ауылдарында, Вавилонский а/о Камышинка а. және Сугатовка а., Разинский а/о Медведка а. және Красная Шемонаиха а., Волчанский а/о Октябрьское а., Усть-Таловка к., Верх-Уба а., Выдриха а., Первомайский к., Волчанка а. және Большая Речка а. кездесулер өтті. Жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандар, мәдениет жұмысшылары, телімдік полиция инспекторы, дәрігерлер, мектептегі тәрбиелеу жұмыстары бойынша директор орынбасарлары, мектеп тәлімгерлері, мектеп кітапханашылары, ауыл жастары қатысты.

Ақпараттық – насихаттау тобының мүшелері 2015 жылғы 09 ақпандағы ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, әрбір жас қазақстандықтың төрт негізгі даму және табыс бағыттары белгіленген «Жастардың жетістік жолы «Жастар Отанға!» «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиясы туралы түсіндірді. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған «Нұрлы Жол» Жолдауын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін (МБЖЖ) жүзеге асыру нәтижелері туралы түсіндірді.



Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шемонаиха және Гуманитарлық-Техникалық колледждер студенттеріменМемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы ақпараттық мәліметтерді тарату бойынша жұмыс өткізілді. Бәріне таратылатын материалдар берілді.

Кездесу сайын аудан жастарының қажеттіліктерін анықтауға, өзекті мәселелерді шешуге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру тиімділігін артуға, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының қызметін талқылауға бағытталған сауалдамалау өткізіледі.



Ағымдағы жылдың желтоқсанында, 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауының шығуына байланысты Шемонаихалық және Гуманитарлық-Техникалық колледждерінде студенттер және мұғалімдердің қатысуымен жолдаудың негізгі қаулыларын талқылау өткізілді. Ақпаратты тобының мүшелері Жолдау мазмұнын және дағдарысқа қарсы стратегиясының, жаңа әлеуметтік саясатыныңнегізгі бағыттарымен таныстырды, бұл салаға тыңдаушылар ерекше қызығушылық білдірді. Талқылаудың барлық қатысушыларыбіздің қоғамда дағдарысты жеңудің ең басты шарты – Қазақстан елінің бірлігі! деп ортақ пікірге келді.

Бірлескен жұмыс барысында, Ішкі істер бөлімінің қолдауымен және жастар қатысуымен, Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ жастар қоғамдық бірлестіктер күштерімен 12 ай қорытындысы бойынша акциялар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді:

Ағымдағы жылдың ақпан – наурыз айлары аралығындаЖеңістің 70-жылдығына арналған «Игі істер» акциясының аясында соғыс ардагерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында, «Жас Отан» ЖҚ және аудан колледждерімен бірге Жастар Орталығының белсенділеріөз еркілеріменқайырымдылық жасағын құрады және соғыс және тыл ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының балаларына көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық көмегін көрсетті.Қоғамшыл жастар жасы үлкен адамдардың үйлерінің төбелеріндегі қарды тазалауға көмектесті, жолдарды қардан тазалады және қарттармен сөйлесті, бұның бәрі жалғыз қария адамдар үшін маңызы аз емес. Сәуір айында қарт адамдардың қашаларын бояу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

15 ақпанда Шемонаиха қ. интернационалист-жауынгерлерге және Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға арналған ескерткіш маңында Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерін шығару 26-жылдығына және Отан шегінен тыста қызмет парыздарын орындаған интернационалист-жауынгерлер, жерлестердіеске алуғаарналған митинг болып өтті. Іс-шараның барлық қатысушылары бір минут үнсіздікпен қиын жылдары Ауғанстанда қаза болғанинтернационалист-жауынгерлердің ерліктеріне бас иді, шірлер, гүлдер қойды, естелік майшамдарын жақты.
Жастар орталығы негізінде, күн сайын 18.00-дан – сағат 22.00 дейін спорт зал жұмыс істейді, онда бекітілген кесте бойынша үстел теннисі және волейбол секцияларыжұмыс істейді, жастар бос уақыттарын сонда өткізе алады.«Мәңгілік ел: Қазақстан жолы – 2050 стратегиясы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ұлттық ойды қолдауға арналған іс-шараларын жалғастыру аясындажыл сайын, спорттың 5 түрінен:волейбол, баскетбол, теннис, мини-футбол, шахматтан– жастар спартакиадасыөткізіледі.

Ақпан айының аяғында, үстел теннисті және салауатты өмір салтын әйгілеу мақсатында, сондай-ақ «Біз діни экстремизмғе қарсымыз»акциясының аясында, үстел теннисі бойынша жарыс болып өтті, оған мектеп, колледж оқушылары, жұмысшы жастар қатысты.

20 ақпанда Шемонаиха колледжі негізінде, дәстүрлі болып кеткен,Шемонаиха және Гуманитарлық-Техникалық колледждерінің спорт командаларының достық кездесуі болып өтті. Спартакияда Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын тойлауына жәнеАуғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерін шығару 26-жылдығына орайластырылды.Құрметті қонақ, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Ж. Акшалов спартакиаданы ашып, жас ұрпаққа тілек сөздерін айтты. Жарыс спорттың бес түрі бойынша өтті: кермеде тартылу, зілтемір көтеру, қоссырықта қолды жаттықтыру, армреслинг және арқан тартысу.
Отбасылық мәдениет қалыптастыру, отбасылық дәстүрлерді сақтау және көбейту, сондай-ақ белсенді өмір ұстанымын ынталандыру мақсатында жас отбасыларға арналған акция өткізу жыл сайынғы дәстүр болып кетті.


6 наурызда Халықаралық әйелдер күнін тойлау қарсаңында өз некелерін тіркегенжас жұбайларЖастар Орталығынан құттықтауларды және сыйлықтарды қабылдады.



19 наурызда Гуманитарлық-Техникалық колледж негізінде «Мисс Наурыз – 2015» сұлулық сайысыболып өтті. 7 әсем конкурс қатысушылары арасында“Мисс Наурыз-2015”атаулы титулы үшін бас сайыс ашылды.Сұлулық ханшайымы тағын алу үшін конкурс қатысушылары көпшілікке өзін көрсету және шығармашылық қабілеттерінкөрсетуғана емес, ұлттық дәстүрді, ал ең бастысы- біздің тәуелсіз Қазақстанның тарихын да білу қажет болды.Сонғы айналым ең жарық және еліктіргіш болды, ондасалтанатты өту үшін қыздар әдеттен тыс сұлу көйлектерде сахнаға шықты. Бұлерекшесымбаттылық, сәнділік және пластикашеруі болды. Қатысушылардың барлық киімдері күшті әсер етті, ал конкурс қатысушылары сәнді және айбарлы болды. Киімдерді көрсету Наурыз мейрамына арналды және табиғаттың көктем бояу түстерін көрсетті.

21 наурыз, Шемонаиха қ. мектеп оқушылары қатысқан, «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығының басқаруымен «ШАРМиДО» («АЖмБҰША») БҚ бірге Жастар Орталығы 2015 жылы Қазақстан Республикасының меретойлық күндерін тойлауға арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған бір шаңырақ астында» флеш-мобыұйымдастырылды.
31 наурызда Шемонаиха колледжі негізінде «Біз тәуелсіздік құрдастарымыз» аудандық жастар форумы болып өтті. Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ директоры Буднецкий Константин НиколаевичЖастар Орталығының жұмыс жоспарлары, біздің ауданда жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалары туралы хабардар етті, сондай-ақ дәл жас ұрпақ өз білімдерімен және күштерімен өмірді жақсыға қарай өзгертуге тырысуы тиіс деп айта кетті.

4 сәуірде «Мәңгілік ел» Республикалық акция аясында мектеп оқушылары, студенттер, бюджеттік ұйымдар арасында келесі спорт түрлері бойынша жарыстар өтті: үстел теннисі, тоғыз-құмалақ, шахматы, волейбол, мини-футбол. Спорттық мереке жастарды патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі.

Әскерге шақыру күні секілді іс-шаралар ауданда дәстүрлі болып кетті.

16 сәуірде Қазақстан Республикасы Қару Қүштерінің қатарына шақырылған жастардыңкөктемгі шығарыпсалуы өткізілді. Іс-шара Аудандық Мәдениет үйінде салтанатты түрдеөтті.

27 қазанда аудандық Достық үйі негізінде шақырылған жастардыңкүзгі шығарыпсалуы болып өтті.Іс-шараға келешек Отанқорғаушылар -жедел қызметтегі әскери қызметкерлері, олардың туыстары, достары, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері шақырыллы.

Ауданда «Анти-сброс» ақциясын өткізу дәстүрлі болып саналады, ол тұрғындарды экологиялық тәрбиелеуге және қоршаған ортаға құнттап қарауға бағытталған. «Табиғатты және өзінді сақта» деген жазулары бар тақталар Уба өз. қалалық жағалауында, шөл аумақтар жанында орналасқан аудандарда, қала сыртындағы жолдарда орнатылды. Акцияға Шемонаиха колледжінің оқушылары, ЖҚБ волонтерлері, Жастар Орталығы қатысты.

Сәуір айы бойы,Гуманитарлық-Техникалық және Шемонаиха колледждерінің негіздерінде жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп Жастар Орталығы жастар арасындағы оқушыларын және колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша студенттік сұхбаттық аландары ұйымдастырды.Студенттерге жұмысбастылықтың негізгі мәселелерін шешу жолдарын көрсетті, осы саладағы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы, жастарды жұмыспен қамту және уақытша жұмыспен қамту бағдарламалары туралыақпарат берілді. Осындай бағдарламалардың еңбек тәжірибеге оң жақтары туралы, уақытша жұмыс істегенде қосымша табыс туралы айтылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қарсаңында Шемонаиха ауданында іс-шаралар қатары өтті.

Сәуір айында, «Сенің дауысың – жеңісің»жастар акциясы болып өтті.

Алдағы Президенттік сайлау акциясын қолдауға қатысқандар колледж студенттері, өнер мектебінің, орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары. 015 жылғы 26 сәуірде болатын Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға халықты белсенді қатысуға шақыратын суреттер салды.

Акция жеңімпазы «Шемонаиха ауданы әкімдігінің өнер мектебі» КМҚК бейнелеу өнерінің оқытушысы Виктория Васильевна Висмердің оқушылары атанды және оларға естелік сыйлықтар табысталды.



Плакаттың эскиздері үнпарақтар ретінде ауданның халықтарына таратылады.
18 сәуірде,Первомайский к. –Убинка - Зевакино – Рассыпное ауылдары –Усть – Таловка к. – Шемонаиха қ. бағдары бойынша «Жеңіске дауыс бер» автошеруі болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – жастарды ел дәстүріне жақындату, үлкендерді сыйлауға тарту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру болды.Акция мәні – адамдардан жүрек құрап биіктен фотосурет жасау керек болды

7 мамырдааудан орталығыШемонаиха қ.Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған іс-шара өтті. Осы іс-шара аясында № 5 орта мектеп негізінде, ауданның 17 оқу орны қатысуымен, өткізілгенсап түзеп ән айтуды сынау, әскери эстафета – аудандық байқау өткізілді. Қазылар алқасы үкім шығара отырып Шемонаиха қаласының ұлдар және қыздар – екі топтан тұратын № 4 ОМ жасағын жеңімпаз деп таныды. Олар ашық есіктер күнінің аясында жеңімпаздар жасағы 66/99 әскер бөлімшесінің 5-ші атқыштар жасағында болды, онда жедел қызмет солдаттары және №4 мектебініңАӘД жасағы алаңда өз жауынгерлік тәжірибелерімен бөлісті.

8 мамырда «Естелік вахтасы» акция ұйымдастырылды.Қалалық мектептер оқушылары осы іс-шараға белсенді қатысты. Акция бір уақытта қаланың бірнеше жерлерінде– «Даңқ» мемориалы, Бауыржан Момышұлы мүсіні, И.М.Астафьев және Т.С. Вербицкий жерлес-қаһармандарға арналған ескерткішмаңындаөтті. Ескерткіштер жанындағы шағын митингтеШемонаиха ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басқарушысыподполковник Д.Жииндинов, Ішкі саясат бөлімінің басқарушысы Т.Степанова, Жастар Орталығының директоры К.Буднецкий сөз сөйледі.Бауыржан Момышұлы мүсіні маңындағықұрметті қарауылдың бірінші кезегін запас офицерлері А.Пестов және А.Кривцов тұрды.

Кешке «Бәйтерек» саябағының алаңында Ұлы Отан соғысы туралы көркем фильм көрсетілуі ұйымдастырылды.

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» осындай ұранмен «Экогрин» ЖҚБ, «Экстрим» туристтік клубы, «Беловодье» экологиялық-өлкетану клубы, Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Шығармашылық үйі» КМҚК ұйымдастырылған «Вахта памяти» жорық – жүзуі 2015 жылғы 2-8 мамыр аралығында Малоубинка а. (Глубокий ауданы), Убинка а. (Шемонаиха ауданы) бағдары бойынша өткізілді.Акция Ұлы Жеңістің 70-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналды. Жорық қатысушылары Верх-Уба, Выдриха, Волчанка, Камышинка, Убинка ауылдарындағы және Усть-Таловка кентіндегі елді мекендердегі ҰОС жауынгерлері ескерткіштерінің басына барып гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.




9 мамыр қарсаңында патриоттық науқан аясында Жастар Орталығы «Жас Отан» ЖҚ бірлесіп ардагерлерді үйлерінде құттықтау акциясына қатысты, олар құттықтауларды қабылдап, соғыз кезі туралы өз естерімен бөлісті, медальдарын көрсетті.

9 мамырдаҰлы Жеңіс Күнінің 70-жылдық мерейтой күніШемонаиха қ. Ұлы Отан соғысының қатысушылары құрметіне Жастар Орталығымен ұйымдастырылған «Мәңгілік полк» акциясы алғашқы рет өтті. 150 адам ардагерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысқан өз ата/бабаларынқұрметтеп бабаларының фотопортреттеріменқала көшелері бойымен жүріп өтті

15 мамырда, Халықаралық Жанұя күнін мерекелеу аясында Жастар Орталығының және «Жас Отан» жастар тобының өкілдері Шемонаиха ауданының АХАЖ бөлімінде жаңа некелескендерді жанұя құрғандарымен құттықтады.Жас жұбай болған Илья Тарасов және Любовь Гетина. Салтанатты неке тіркеуден кейін жас жұбайларға зор денсаулық, амандық, таусылмайтын өмір қуатын, көп жыл өмір сүруді тілеп естелік сыйлықтар берді.




16 мамырда Шемонаиха қаласында «STOP-қылмыс» партиялық жобасы аясында «Қауіпсіз аула» акциясы өтті

Акция мақсаты – жергілікті тұрғындарды құқық және тәртіп бұзушылыққа шыдамсыздық қалыптастыру, әрбір азаматтың құқығын және заңды мүдделерін қорғайтын «халық партиясы» имиджін көтеру.Осы акция аясында аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен, «Жас Отан» өкілдерімен және жастар қоғамдық бірлестіктерімен бірге «Нұр Отан» партиясының филиалы аулаларды, тұрғын үйлер аумақтарын қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке тексеру жұмыстарын өткізді.



17 мамырда,Аудандық Мәдениет үйінде «Би ырғағында» аудандық би байқауы болып өтті,оған 11 хореографиялық және 10 би ұжымдары қатысты.Байқау мақсаты – Шығармашыл дарынды балаларды және жастарды айқындау және тарту, би өнерінің абыройын арту. Жалпы білім беру мектептеріне және өнер мектептеріне, ауылдық Мәдениет үйлеріне байқауға қатысуға рұқсат етілді.




25 мамырда ауданының барлық жалпы білім беру мектептерінде «Менің атаулы ағашым» акциясы өтті. Акцияға мектеп бітірушілері және 1 сынып оқушылары қатысты. Балалар өз «атаулы ағаштарын» күтеді және алдағы 11 жыл мерзімінде олармен бірге өседі. Акция Жастар Орталығының және «Верх-Уба орман шаруашылығы» КММ қатысуымен өтті.

Шемонаиха қ. «Бәйтерек» саябағының алаңында «Сәлем жаз – 2015!» жастар акциясы өтті. Көрермендерді және кешке қатысушыларды Шемонаиха қаласы «Жастар Орталығының» директоры Константин Буднецкий 2015 жаз айының келуімен, каникул, демалыстармен құттықтай отырып, оларға жарқыраған күн астында, бейбітшілік өмірде толық бір мақсаттарына жету үшін жаңа идеялармен, белсенді әрекеттермен құттықтады.

Жас әртістер көрермендерге заманауи әндерін және би нөмірлерін сыйлады. Бағдарламада кеш өткізу барысында әр түрлі сайыстар, спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізулер жоспарланған және олардың барлығы ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңы дискотекамен аяқталды.



1 маусымда аудандық Мәдениет үйінің алаңында Балаларды қорғау күніне арналған, аудандық Мәдениет үйініңәртістерімен дайындалған,«Ертегіде қонақта» театрланған көрініс болып өтті. Мерекеге келген барлық балалардың өнер мектебі мен шығармашылық үйінің суретшілеріне Аквагрим жасатуға, түрлі ойындар мен байқауларға қатысуға мүмкіншіліктері болды. Барлық әртістер мен жеңімпаздар «тәтті» сыйлықтармен марапатталды.

1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» атты Ұлттық-Ақпараттық Науқаны өтті. Бұл науқанның мақсаты – балалар еңбегін пайдалану мәселесі, оның ауқымы және сипаттамасы, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнамалардың негіздері туралы балалар мен үлкендері қоса, қоғамның ақпараттылығын арту. Балалар еңбегін пайдалану фактілері бойынша «Сенім телефоны» жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында Шемонаиха ауданында дәл сондай іс-шаралар қатары өтті.3 маусымда 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері білімінің деңгейін анықтау мақсатында викториналар өткізіліп, әңгіме-дәріс жүргізілді. Сондай түрдегі іс-шаралар әлеуметтік қорғау, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында өткізілді.

4 маусымда Шемонаиха қаласында Ю. Гагарин атындағы №3 ОМ негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған салтанатты линейка аясында белсенді жастар өкілдері «Жас Отан» жастар қанаты қатарына салтанатты түрде кіруі өтті.Жиналғандардың алдында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты төрағасы Қ.Қайыпов сөз сөйледі, ол өз сөзінде жастардың мықты да, берік саяси ұйым құрулары керектігін айтып өтті. Іс-шара жастар өкілдерінің салтанатты түрде Қазақстан Республикасына – Отанға деген сенімділіктері туралы Ант қабылдаумен аяқталды. Бұған мектептер оқушылары, колледж студенттері және Отанымыздың беріктігіне алдыңғы уақытта талмай қызмет етуші жас педагогтар қатысты.
22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталғанына қайғы және ес күніне арналған «Еске алу шырағын жақ» атты акцияны өткізу жыл сайынғы дәстүр болып саналады. Салтанатты іс-шараға «Даңқ» мемориалдық кешенінде аудан қонақтары мен тұрғындары жиналды. Усть-Таловка кентінің «Камертон» вокалдық тобы «Зажгите свечи» әнінорындаған уақытында қаза болған солдаттар мен офицерлерді еске алып шырақ жағылды.



26 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында «Татып көрме» акциясы өтті. Аудандық Мәдениет үйінің алаңында тақырыптық дискотека болып өтті.
6 шілдеде Астана күнін мерекелеу аясында, Шемонаиха қаласында «Астана – Қазақтан жүрегі» атты іс-шаралар қатары өтті. Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастар Орталығы аудандық Мәдениет үйінің алаңында, Мәдениет, тіл дамыту және спорт бөлімімен ұйымдастырылған, концерттік бағдарлама уақытында «Астана – менің елордам» сауалнамасын өткізді, оның мәні Астана қаласының көрікті жерлері туралы сұрақтарға дұрыс жауап беру болды. Әрбір дұрыс жауап үшін астананың басты бейнесі – Бәйтерек бейнесібар кәдесыйлар берілді.

12 шілдеде үстел теннисті және салауатты өмір салтын көпшілікке тарату мақсатымен Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ базасында 17-50 жас аралығындағы 20 қатысушы жарысқан «Теннисті жақсы көретін адамдарға!» теннис бойынша жолдастық жарыс ұйымдастырылды. Қорытындысы бойыншажеңімпаздар сыйлармен марапатталды.




17 шілдеде «Шексіз достық» балалар-бозбалалар слеті аясында «Эдельвейс» палаткалық лагері Өскемен және Семей қалаларының қонақтарын қарсы алды.Аудан қонақтары Шемонаиха қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барды, онда жерлес жазушы және қоғам қайраткері Георгий Дмитриевич Гребенщиковқа арналған Гребенщиков оқулары өтті. Жерлес жазушы Анатолий Степанович Ивановтың есімімен байланысты ескерткіште, балалық шағы өткен үйіндегі мемориал тақтасында және «Тени исчезют в полдень» романының кейіпкері Мария Воронцоваға арналған тамаша сұлу «Мария жартасы» кешенінде болып қайтты. Выдриха ауылына барып шықты.

6-8 тамыз аралығында Шемонаиха ауданында РФ Алтай өлкесінің делегациясы қонақта болды.

Шекаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум мен «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық жобасы аясында,қаланың қонақтары мен тұрғындары қатысқан,жастар делегациясы үшін танысу кеші ұйымдастырылды.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ директоры К.Н.Буднецкий және Алтай өлкесі
делегациясының экспедиция басқарушысы С.И. Малыхин кездесуге жиналғандар алдында сәлемдесу сөздерін сөйледі.
Аудандық Мәдениет үйінің әртістері және Ресей делегациясының өкілі Майзенгельтор Виктор қонақтар алдында музыкалдық сәлемдесумен шықты.Танысу кешін жастар дискотекасы жалғастырды.

Шемонаиха ауданында болған кезеңінде олар Жастар Орталығы және «ЭкоГрин» қоғамдық бірлестігімен бірге,Уба өз. қалалық жағалауында өткен, «Экологиялық десант» акциясына, сондай-ақ шемонаихалық ЕреминВалерий естелігіне арналған авторлық ән фестиваліне қатысты.Фестиваль 30-дан астам авторларды жинады, кештің соңғы бөлігінде фестиваль далашығында гитара нысанды алау жағылды, оның жанында ұзақ уақыт әуендер, аккордтар, дауыстар естілді.
11-13 қыркүйек аралығында Семей қ. «Жас Ұлан» финалдық республикалық әскери-патриоттық жарыстар өтті, олардың мақсаты – жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстардың сапасын көтеру, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет етуге дайындау. Ойында өңір мектептерінің 19 командасы, оның ішінде, қорытындысы бойынша құрметті 3 орын алған, біздің Шемонаиха ауданының командасы қатысты. Барлық жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйдармен марапатталды. Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ директоры К.Н.Буднецкийге медаль берілді.

Шілде-қыркүйек айлары аралығында ауданның барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде «Менің ауылым» акциясы өтті.Акция мақсаты:жастарда өз Отандары үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өмірге, тұған өлкенің табиғатына, аграрлық өндірістің кәсіптеріне деген жағымды көзқарасты қалыптастыру, ауыл тұрғынының дұрыс бейнесін қалыптастыру.Әрбір аумақтық округ ауылда әртүрлі іс-шаралар өткізілді: спорттық жарысулар, отбасылық байқаудар, вело-шоу, сабын көпіршіктері шоуы,шығармашылық көрмелер, байқау бағдарламалары бар дискотека.

Выдриха және Верх-Уба ауылдарының жастары арасындағы спорттық жарыстар, сондай-ақ Верх-Уба ауылындағы балалар-жасөспірімдер «Вело-шоуы – 2015» еркеше естен кетпес болды.
12 тамызда «Жастар» стадионында, қала және аудан ұжымдарының, аул маңының командаларымен, спортсмендердің қатысуымен спорт мерекесі өткізілді. Салтанатты түрде спорт ардагерлеріне және ауданның жас жұлдыздарына мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтары марапатталды. Спорттық іс-шараның қатысушылары әр түрлі спорт түрінен мини-жарыстарға, көнілді старттарға қатысты. Жастар күнін мерекелеугеарналған іс-шаралар мереке бағдарламасынжалғастырды. Жамбырлы ауарайына қарамастан, «Жастар» стадионында «Біз – жас, көңілдіміз және біз біргеміз!» атты концерттік бағдарлама болып өтті, оған Шемонаиха ауданының дарынды жастары қатысты. Мерекені, Өскемен қ. қонақтарының қатысумен, Мәдениет үйінің алаңында өткізілген дискотека жалғастырды. Шемонаиха жастарының алдында «Битл джюс» тобы, ди-джей Джан өнер көрсетті.
31 тамызда Шемонаиха қ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына арналған автожарыс өткізілді. Бұл акция, Ішкі саясат бөлімінің, аудандықІшкі істер бөлімінің, жастар қоғамдық бірлестіктерінің, жастардың қолдауымен, Жастар орталығымен ұйымдастырылған.


8 автокөліктен құралған колонна түнгі кезде шамдарын және авто сигналдарын қосып, жалаулармен безендірілген күйде қала көшелерімен өтті, осылайша олар ең басты мемлекеттік мерекеге өз құрметтерін көрсетті.

Автокөліктер колоннасы «Тени исчезают в полдень» атты А.С.Ивановтың романында айтылған Отан және махаббаттың белгісі – Марияның жартасында финишқа келді.Акция қатысушылары Елдің Басты Заңының 20-жылдығына арнап бейбітшілік, тұрақтылық және гүлденудің белгісі ретінде 20 шамды аспанға ұшырды.

Осындай автожарыстар ауданда дәстүрлі болып кетті және қатысушыларға ғана емес, жергілікті тұрғындарға да жағымды әсер қалтырады.



Ағымдағы жылдың қыркүйек айында, Жастар Орталығы, Шемонаиха қаласының тұрғындарында сыбайлас жерқорлыққа қарсы дүниеге көзқарасты құрау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеуге және осы жұмысқа жастарды қатыстыру мақсатында, Шемонаиха колледжі және жастар қоғамдық бірлестіктері белсенділерінің қатысуымен, «Таза қол» акциясын ұйымдастырды.

Шемонаиха қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлықпен кездескен жағдайдағы ережелерді түсіндіру үшін және сыбайлас жерқорлыққа қатысты қылмыстарға қандай жаза қолданатыны, сонымен қоса Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің сенім телефоны бар ақпаратты-жарнамалық кітапшаларды тарату үшінбелсенділер ақ қолғаптар киіп, адамдар көп жиналатын жерлерге бет алды. Акция ұйымдастырушылары олардың атқарған жұмыстары азаматтарға жағымды ой салғандарына сенімді.



Шемонаиха ауданындаэкологиялық мәдениетті тәрбиелеу, аулаларды көгалдандыру, жастардың өнер қабілеттерін дамыту, тазалықты қолдау және өз ауылы, қаласы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында елді мекендерді абаттандыру іс-шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылдың қазан айында, Шемонаиха ауданының барлық әкімшілік – аумақтарында «Қайнар, өмір сүр!» экологиялық акциясы жарияланды, оның мақсаты - тастанды және лайланып қалған бұлақтардың көздерін ашу, жастарды қоршаған ортаны қорғауға тарту.
Ағымдағы жылдың қазан айында, Шемонаиха ауданында «Менің аулам» экологиялық акциясы бойынша нәтижелер шығарылды. Ұйымдастырушы ретінде Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ шықты.

Акцияға ауданның барлық әкімшілік-аумақтарықатысты, жергілікті нәтижелерді ауыл әкімдіктері шығарды.

Шемонаиха қаласында конкурстық комиссия қызмет етті, оның құрамына, Ішкі саясат бөлімінің, Жастар Орталығының, аудан газеттерінің және Шемонаиха қ. әкімдігінің аппарат қызметкерлері кірді.

Жеке кәсіпкер Наталья Ефимованың ауласы - ең үлкен жеке үлес қосқаны үшін атты номинациясында жеңімпаз болды. Оның сарқырамасы бар кербез ауласы қаланың ең гүлденген және жайліауласы болып танылды.

Екінші орын және «Ең жылы және ыңғайлы аула» номинациясы Людмила жәнеГеннадий Аладкоға тағайындалды.Байқау комиссиясы олардың үйлері және жылыжайларының дизайындық рәсімдеуінбағалады.

Ал үшінші орынға және көк қиярмен, гүлмен безендірілген «Үздік балкон» номинациясына йе болған Прудецкая Августа Константиновна. Акция жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

25 қарашада Мәдениет үйінің негізінде «Менің жаным – Отаным!» патриоттық әнінің фестиваль-байқауы өтті. Достық үйінің, Өнер үйінің,  аудандық мектептердің музыкалық және көркем басшыларының, Мәдениет үйіқызметкерлерінің қатысуымен, өнер байқауының ұйымдастырушысы ретінде Жастар Орталығы шықты.  Байқауға жалпы білім беру мекемелер, қаланың өнер ұйымдары оқушыларының және аудан жастарының арасынанқатысуға 50-ден астам орындаушы шақырылған болатын. 

Сахнаға әндерді мемлекеттік және орыс тілдерінде орындаған жеке орындаушылар, вокалдық топтар және өнер ұжымдардың ансамбльдері шықты.Ең үздік орындаушылар  мадақтамалармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.




Бірінші Президент Күнің мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызметкерлердің, колледж студенттерінің қатысуымен, «Мен Қазақстанды сүйемін» патриоттық акциясы өтті. Акция аясында «Қазақстан» тауында Ресей Федерацияшекарасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілді.

Жастар Орталығының спорт залы негізінде Президент күнін мерекелеуге арналған ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисі бойынша достық ойыны өтті.



Ауданда КВН қозғалысын дамыту және жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында, 4 желтоқсанда аудандық Мәдениет үйінде 2015- КВН Жарысы: «Ғасыр жаса – өмір бойы үйрен!» өткізілді.Осы жылы үздік атағына ие болу үшін екі команда күресті: «ШОК» - Гуманитарлық-техникалық колледжінің командасыжәне «Fresh» - Шемонаиха колледжінің командасы. Еркін түрде өткен командалардың көрсетулері мектеп өмірінің оң жақтарын және теріс жақтарын, ауданның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін көрсетті.


12 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінің негізінде «Мисс Шемонаиха - 2015» байқауы өтті.Осы жылы ауданның жалпы білім беру мекемелерінен және колледждерінен 8 ару ең сүйкімді және тартымды атағы үшін сайысқа түсті.Аруларға өз кәсіби шеберліктерін, сұлулықтарын және тапқырлықтарын көрсету үшін бес ұпайлық жүйемен есептелетін жарыстың төрт кезеңі ұсынылды: «Танысу», «Таланттар жарысы», «Емтихан», «Дефиле». 

Қыздардың әрбірі ұмытылмас әсер мен жағымды эмоция қалдырып кетті, ал Байқау жеңімпазы және Мисс Шемонаиха – 2015 атағының иегері болған – Верх-Уба ауылының тұрғыны, Шемонаиха колледжінің студенті Мартынова Светлана. Барлық қатусышылар дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жыл сайынғы дәстүрге айналған«Шырша, өмір сүр!»экологиялық өнер байқауы өтті. Тірі ағаш композиция көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары, студенттер, олардың мұғалімдері және ата-аналары осындай композициялардың белсенді қатысушылары болды. Қолдан жасалған бұйымдар арасында кәдімгі жаңа жылдық жылтырақ ағаштар да ерекше материалдардан жасалған түпнұсқалық даналар да болды.

Ең жақсы шыршаны анықтауға арналған экологиялық шығармашылық байқауының қортындысы бойынша ең үздік жұмыстар анықталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар марапатталды.

Тұтас алғанда, жыл басынан бері жастар қоғамдық бірлестіктер күштерімен, Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ ішкі істер бөлімінің қолдауымен және жастар қатысуымен, мәдениет бөлімі, тілдерді дамыту бөлімі, денешынықтыру және спорт бөлімі, білім бөлімі, жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірігіп, 7975 адам қамтумен, 99 қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызы бар, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде «Молодежный Формат» аудандық газетінде, облыс, аудан әкімінің сайтында жарық көрген, аудандық іс-шаралар өткізілді.

Жастар Орталығы.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет