«Шемонаиха ауданының 015 жылдың айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» АҚпарат өнеркәсіп



жүктеу 116.71 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі116.71 Kb.

«Шемонаиха ауданының 2015 жылдың 9 айындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы»

АҚПАРАТ
1. Өнеркәсіп
2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауданда сомасы 32,7 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылды, ол өткен жылдың деңгейіне 104,1% құрайды. Табиғи көлем индексі 99,3 %, облыстық көрсеткіштен 8,7 пайыздық тармақтан жоғары (90,6 %), облыс бойынша 4 орын. Облыстық көлем бойынша өңірлік үлес 4,4%.

Өткен кезеңде тау-кен өнеркәсібі саласында 25,8 млрд.теңге сомаға өнім өндірілді (барлық көлемнен 78,8%), 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 113,2 %. Қолданыстағы бағада табиғи көлем индексі – 101,5%, облыстық көрсеткіштен 15,8 пайыздық тармақтан жоғары (85,7 %).

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 18,7 % құрайды. Салада сомасы 6,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, ол 2014 жыл деңгейіне 74,3% құрады. Сала бойынша ТКИ – 82,3 %. облыстық көрсеткіштен 7,9 пайыздық тармақтан төмен (90,2%). Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі факторы тазартылған және тазартылмаған өсімдік майының, сүт өнімдерінің, тоқыма өнімінің, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің азаюы болып табылады. Себептері: нарықта РФ өндірісі өнімдерінің көп болуы (Востоксельхозпродукт ЖШС, Триумф Агро АТК), Соликамск магний зауытынан шикізат жеткізу көлемінің азаюы (ЕСЖК ЖШС).

Индустрияландыру картасы бағдарламасы аясында «Автокөлік құралдары үшін тіркемелер және жартылай тіркемелерді өндіретін цех ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда. Бастамашысы өндірістік-коммерциялық фирма «Восток-Автопром» ЖШС болып табылады. Жобаның жалпы құны 180 млн.теңге, оның ішінде 140 млн.теңге – меншік қаражат, 40 млн.теңге – «НАТР» АҚ гранты. Жобаның жобалық қуаттылығы: заттай тұлғалануы – 600 бірлік, құндық тұлғалануы – 150 млн.теңге.

Жобаның ағымдағы жағдайы: ғимараттың құрылысы мен ішкі әрлеуі аяқталды, технологиялық жабдықты монтаждау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік қуатқа шығу 2016 жылдың 2-тоқсанына жоспарлануда.



  1. Ауыл шаруашылығы


Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі 9,3 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі – 91,4 %, облыстық көрсеткіштен 8,6 пайыздық тармаққа төмен (100,0 %), облыс бойынша 18 орын.

Тірідей салмақта 3 863,9 тонна (99,4%) ет, 34 091,8 тонна (102,2%) сүт, 6 390 мың дана (103,3%) жұмыртқа өндірілді.

ІҚМ мал басы – 26 862 бас (92,9 %), оның ішінде сиыр – 9 664 (94,9%), қой және ешкі- 14,711 бас (103,4 %), шошқа – 13 184 бас (105,4%), жылқы – 3 367 бас (100,7%), құстар – 72 292 бас (92,2 %) құрады.

Төлдейтін ІҚМ басының үлес салмағы – 40 0 %.

ЖҚЖК 2020 бағдарламасы бойынша 200 бас төлдейтін мал сатып алынды, жылдың аяғына дейін тағы 70 бас мал сатып алынады.

Сүт өнідірісін дамыту үшін 2015 жыл ағымында инвестициялық жобалар іске асырылуда:

1) «Камышинское» ШҚ (1250 сауын бас) 350 басқа қосымша жаңа құрылыс. Құрылыс меншік қаражат есебінен, сауын сиыр басын көбейту өздерінің төлдейтін малдарының қозғалсы есебінен, құрал-жабдық «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы лизингке алынады. Іске асыру мерзімі: ағымдағы жылғы қазан. Жобаның ағымдағы жағдайы: қабырғалары тұрғызылды, су тартылуда, 250 мал орындарын орнату жүргізілуде, сүт өткізгіш сатып алынды.

2) «Выдрихинское» ШҚ (320 сауын бас) 100 дейін мал басын көбейтіп өз төлдерінің есебінен қайта құруды жүргізу жоспарланған. Қайта құру меншік қаражат есебінен, құрал-жабдық сатып алу «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы. Іске асу мерзімі: ағымдағы жылғы қазан. Жобаның ағымдағы жағдайы: базаға қайта құру жүргізілді, сүт өткізгіш және сүт суытқыш орнатылды.

3) «Отрадное» ШҚ (60 бас) «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы лизингке құрал-жабдық және 40 бас мал алу. Іске асу мерзімі: ағымдағы жылғы желтоқсан. Жобаның ағымдағы жағдайы: 20 бас тайынша, айналмалы сүт станциясы, сүт суытқыш және ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

4) «Заря» ШҚ (350 сауын бас) 100 дейін мал басын көбейтіп қайта құруды жүргізу. Іске асу мерзімі: ағымдағы жылғы желтоқсан. Жобаның ағымдағы жағдайы:

үстіңгі жабынды жабу, қоршауларды ауыстыру, өту орындарын бетондау аяқталды, астаулар мен едендерді ауыстыру жүргізілуде, Италияда шығарылатын сүт өткізгішті жеткізуге шарт жасалды.

Сүт жинау жүйесі пысықталған және агенттері бар, Первомайка кентінде, Зевакино, Каменев, Разин ауылдық округтерінде 4 сүт қабылдау пункттерін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. БҰҰ дамыту бағдарламасы аясында сомасы 9,2 млн.теңгеге сүт қабылдау модульдерін сатып алу жүргізіліп жатыр. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша сомасы 3,5 млн.теңгеге сүт таситын машина сатып алынды.

Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары келесі күздік дақылдарды жинауды аяқтады:

- күздік: бидай 1,65 мың га алаңнан жиналды, өнімділік 25,7 ц/га, (2014 жылы – 33,0 ц/га), қарабидай – 1,95 мың га, өнімділік 22,9 ц/га (2014 жылы – 29,0 ц/га);

-жаздық: бидай 47,9 мың га алаңнан жиналды, өнімділік 13,5 ц/га (2014 жылы – 17,3 ц/га), арпа 19,5 мың га алаңнан, өнімділік 14,8 ц/га (2014 жылы – 18,6 ц/га), сұлы 2,99 мың га алаңнан, өнімділік 15,0 ц/га (2014 жылы – 17,8 ц/га), бұршақ 3,3 мың га алаңнан, өнімділік 14,7 ц/га (2014 жылы – 11,6 ц/га), қарақұмық – 5,5 мың га алаңнан, өнімділік 11,9 ц/га, рапс – 1,1 мың га, өнімділік 5,9 ц/га (2014 жылы – 11,9 ц/га).

Картоп 0,44 мың га алаңнан жиналды, өнімділік 238,0 ц/га (2014 жылы – 170,5 ц/га). Күнбағыс 19,4 мың га алаңнан жиналды (60 %), өнімділік 16,1 ц/га (2014 жылы – 17,9 ц/га).

2016 жылдың өніміне 4139 га күздік дақылдыр егілді ( ағымдағы жылдың деңгейіне 142,2%), оның ішінде күздік қарабидай 975 га, күздік бидай 3164 га.

59,1 мың тонна шөп және 14,0 мың тонна пішендеме дайындады, ол мал қыстатуды ойдағыдай өткізу үшін қажетті көлемнің 103,5 % және 100 % құрайды, 75 мың қажетті көлемнен 100 % сүрленген шөп салынды, 6,0 мың тонна сабан дайындалды



«Көкөніс өсіру бойынша жылыжай құрылысы» жобасы іске асырылуда, жобаның бастамашысы «Шагай В.А» ЖК, жобаның құны 14,0 млн. теңге. Жобаның ағымдағы жағдайы: жылыжай орналастырылды, жылу беру жүйесін монтаждау, тұқымдар сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан шаруашылықтарымен 891,9 млн.теңге субсидиялар алынды (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 118,7%), оның ішінде:



өсімдік шаруашылығын дамытуға – 493,7 млн.теңге: тыңайтқыштар құнының арзандауына 93,8 млн.теңге сомасында; ауыл шаруашылық дақылдарын гербицидтармен өңдеу үшін – 91,0 млн.теңге; басым дақылдарды өңдеуді субсидиялау жолымен ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге шығындарды өтеу үшін – 300,9 млн.теңге, бірінші репродукциялы ауыл шаруашылық тұқымдары құнының арзандауына 8,0 млн.теңге сомасында.

мал шаруашылығының өнімділігін және өнімділіктің сапасын көтеруге – 398,2 млн.теңге: өткізілген мал шаруашлығының өніміне 303,3 млн.теңге, асыл тұқымды мал сатып алуға 1,1 млн. теңге, селекциялық асыл тұқымды жұмыстарға - 73,9 млн.теңге, мал азығы құнының арзандауына – 19,9 млн. теңге.
3. Шағын бизнес
Ауданда 240 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2014 жыл деңгейіне 104,3 % (230 бірлік).

Әрекет ететін кәсіпорындар саны - 170 (жалпы санынан 70,8 %), 2014 жыл деңгейіне – 111,1% (153 бірлік). Оның ішінде белсенділер саны – 155 бірлік ( 2014 жыл деңгейіне 118,3 %), облыс бойынша 10 орын.



«БЖК 2020» бағдарламасы аясында: «Кредиттер бойынша сыйақының мөлшерлемесін қаражаттандыру» бағыты бойынша мақұлданған жобалар:

1) «Защита Уба» ЖШС «Ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын сатып алу» 145 млн.теңге сомаға;

2) «PRTex» ЖШС «Клиникалық- диагностикалық орталықты кеңейту» 25 млн. теңге сомаға;

3) «Блок М.» ЖК «Тұрғын үйді жалға беру бойынша қызметтер» 6,0 млн. теңге сомаға.

Іске асырылуда:

- «Абеков» ШҚ «Көлік жуу және дәмхана құрылысы» меншік қаражаты есебінен 10 млн.теңге сомаға. Көлік жууды ашу – ағымдағы жылдың желтоқсаны, дәмхана ашу 2016 жылдың 1 тоқсаны.

- «Наумбетов» ЖК «Шемонаиха-Өскемен автожолының 7 шақырымында кемпинг құрылысы» «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының қаражаты есебінен 12,0 млн.теңге сомаға. Жобаның ағымдағы жағдайы: су-жылу және энергиямен қамтасыз ету желілерін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жабдықтарды орнату жүргізілуде.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 6 989,7 млн.теңгені құрады, 2014 жыл деңгейіне 107,9 %. Табиғи көлем индексі – 105,0 %, облыс бойынша 10 орын.


4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5 330,0 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 71,6 %. Облыстық көлем бойынша өңірлік үлес 2,0%.

Жеке инвестициялар бойынша табиғи көлем индексі 90,1 %, облыс бойынша 11 орын

Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 1 402,3 млн.теңге, 2014 жыл деңгейіне 34,8 %.

Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы ауданы 6 670 шаршы метрді құрады (83,1 %).


5. Бюджет
2015 жылдың 1 қазанына жеке табыс бойынша аудан бюджеті 97,9 % орындалды, жоспар бойынша 989,9 млн.теңге, нақты түскені 969,1 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 102,9 %, облыс бойынша 8 орын.

Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйегіне аудан бюджетіне алгоритмдер аясында қосымша түсім 7,9 млн.теңге түсті.

2015 жылдың 01 қазанына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен – бюджеттік қаражаттар 99,0% игерілді, 2 353,1 млн.теңге жоспардан, 2 303,3 млн. теңге игерілді. Шоттағы қалдықтар сомасы 22,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде: қолма- қол ақша алу бақылау шотында қаражаттардың болмауынан - 9,8 млн теңге; ЖҚЖК 2020 бағдарламасына қатысуға ниет білдіруші жұмыссыз азаматтардың болмауынан – 0,5 млн.теңге, уақытша еңбекке жарамсыз парағынан – 2,6 млн.теңге; жәрдемақы алушылар санының азаюынан – 1,2 млн.теңге; мемлекеттік сатып алулардың қорытындысынан – 1,2 млн.теңге, конкурстық рәсімдердің аяқталмауынан – 6,5 млн.теңге, тұтынудың табиғи көлемінің өзгеруінен және іс- сапарлар кестесінің және қаржыландырудың мың теңгемен есептелуінен – 1,0 млн.теңге.

6. Халықты жұмыспен қамту
Орташа айлық еңбекақы өткен жылдың деңгейіне қарағанда 6,5% өсті және 100 208 теңгені құрады. Аз қамтылған азаматтар саны 2015 жылдың ағымында 18 адамға азайды және 698 адамды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңіне 96,5% (2014 жылдың 01 қазанына 723 адам, 2015 жылдың 01 қаңтарына 716 адам).

2015 жылдың жарты жылдығына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 228 адамды құрады, ол 2014 жылғы деңгейден 19,4 % жоғары. (2014 жылдың 01 қазанына 191 адам). Талданып отырған кезеңде 265 жұмыс орны құрылды, ол жылдық тапсырмадан 102,0 % (260 жұмыс орны). 570 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды, ол өткен жылдың ұқсас кезеңіне 197 адамға жоғары. Аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 77,6 % құрады (2014 жылдың 01 қазанына 75,0%).

Атаулы әлеуметтік көмек 1,98 млн.теңге сомасына 93 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді, алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 79 адамға азайған. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 44 өтініш білдірушілерге 1,1 млн.теңге төленді, өткен жылмен салыстырғанда алушылар саны 11 адамға азайды. «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 4,14 млн.теңге сомасында 34 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді, өткен жылмен салыстырғанда көмек алушылардың саны 20 өтініш білдірушіге көбейді. Тұрғын-үй көмегі 5,5 млн. теңге сомасында 358 алушыға төленді, алушылар саны 22 адамға азайды.

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 343 жұмыссыз азаматтар қатысты (2014 жылдың 1 қазанына 266 адам), кәсіби дайындықтан 29 адам өтті (2014 жылдың 1 қазанына 39 адам), оқудан кейін 21 адам жұмысқа орналастырылды (2014 жылдың 1 қазанына 32 адам), жастар тәжірибесіне 20 адам (2014 жылдың 1 қазанына 21 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына 19 адам жіберілді (2014 жылдың 1 қазанына 21 адам)

ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында инфрақұрылым саласында (сумен қамтамасыз етуді, мектептерді, жолдарды жөндеуге) 22 адам уақытша жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам жұмысқа орналастырылды, кәсіби оқумен 15 адам қамтылды, оқығаннан кейін 100 % жұмысқа орналастырылатын болады, жастар тәжірибесіне 26 жас мамандар жолданды.

Ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамытуға, ауылшаруашылығы үшін арнайы техника сатып алуға, сүт жинау бойынша пункттерді ашуға 33 қарыз алушыға сомасы 87,7 млн. теңге шағын несиелер берілді.


7. Білім беру

Ауданда 5205 оқушысы бар жалпы білім беретін 24 мектеп, 670 баланы қамтитын 3 қосымша білім беру мекемелері, 9 балабақша, оларда 1338 баланы қамтитын 57 топ, 15 бірлік – шағын орталықтар, оларда 410 баланы қамтитын 21 топ жұмыс істейді. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 1-ден 6 жасқа дейін – 83,7 %, Шемонаиха қаласында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек 0-ден 3 жасқа дейін 411 орын, Усть-Таловка кентінде 121 орын.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінен Гуманитарлық техникалық колледжде 31 оқушысы бар 2 лицейлік сыныптар (0-1) ашылды.

ҰБТ орташа баллы 76,4 (2014 жылы – 71,9).



8. Денсаулық сақтау
Туберкулезбен сырқаттанушылық 11 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 24,0 (2014 жыл – 22 жағдай, 100 мың тұрғынға 46,9) төмендеу 50%, Сәйкес кезеңде туберкулезден өлім-жітім тіркелген жоқ.

Сәби өлімі 9 жағдай, 1000 тірі туылған сәбиге көрсеткіш 21,4 (2014 жыл – 3 жағдай, 1000 тірі туылғанға 7,81). Сәйкес кезеңге ана өлімі тіркелген жоқ.

Қатерлі ісіктен өлім-жітім 63 жағдай (2014 жыл – 53 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 137,6.

Қан айналымы жүйесінің ауруларымен сырқаттанушылық көрсеткіштері 25,4 % (2015 жыл – 496 жағдай, 2014 жыл – 665) және қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітім төмендеді 28,6% (2015 жыл – 65 жағдай, 2014 жыл – 91жағдай).



9. Құқықтық тәртіп
2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан аумағында 458 қылмыс тіркелді, ол 2014 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 19,0 % жоғары (2014 жылдың қаңтар-қыркүйегі – 385).

Қылмыстардың ашылуы артты:

аса ауыр қылмыс – 100 % (2014 жылы – 93,8 %);

орташа ауырлықтағы қылмыс – 64,4 % (2014 жылы – 59,4 %);

кішігірім ауырлықтағы қылмыс – 93,8 % (2014 жылы – 95,7 %);

Аса ауыр қылмыстардың ашылуы төмендеді - 93,8 % (2014 жылы – 95,7 %)



10. Аумақтық даму
Ауданда даму жоспарлары іске асырылуда:

1. Выдриха тірек ауылдық елді мекенінің дамуының кешенді жоспарында 2015 жылы 60 жұмыс орнын құрумен 409,2 млн.теңге сомасына 32 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2015 жылғы 01 қазан жағдайына 7 жоба іске асты және 6 жоба іске асырылуда (жоспардан 40,6 %), 65,1 млн. теңге игерілді, 7 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

ауыл шаруашылығы саласында – 6 жоба (жоспардан 67%), 4 жұмыс орны құрылды, 50,4 млн. теңге игерілді, ылғал сақтайтын технология бойынша егістер артты, өндірістік ғимараттарға жөндеу жүргізілді, 2 сүт өткізгішті құрумен «Выдрихинское» ЖШС СТФ қайта құру жүргізілуде, 6 бірлік ауыл шаруашылық техникасы, топырақтың құнарлылығын сақтау мақсатында минералды тыңайтқыштар сатып алынды, шағын ауылшаруашылық құрылымдарын ұлғайту рәсімдері жүргізілуде. СТФ қайта құру жүргізілгеннен кейін ІҚМ басын көбейту жоспарлануда. Бюджетті оңтайландыруға байланысты 2 млн.теңге сомасында мал қорымын құруға қаражат бөлінген жоқ.

кәсіпкерлік саласында – 1 жоба (100%), 2 жұмыс орыны құрылды, 3,0 млн.теңге игерілді, ағаш өңдеу цехы ашылды.

инфрақұрылым мен абаттандыру, әлеуметтік салада – 6 жоба, (27,3%), 1 жұмыс орны құрылды, 11,7 млн.теңге игерілді: су құбырына ағымдағы жөндеу, көшелерді санитарлық тазалау, жолдарды тегістеу, ауылдарды көгалдандыру жүргізілді, әкімшілік ғимаратында өрт дабылдамасы орнатылды, Выдриха ауылының жер асты қорын қамтамасыз ету үшін іздеу – барлау жұмыстары жүргізілуде. ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеуге, көшелердің жол жабынын орташа жөндеуге, жол жиегін орнатуға 125,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінген жоқ, облыс бюджетінен «Санаторий Уба» КҚК күрделі жөндеуге және демалыс аймағын абаттандыруға 137 млн. теңге сомасында қаражат бөлінген жоқ, бюджетті оңтайландыруға байланысты ауылдарға құрылыс салу сызбасын дайындауға, шағын сәулет нысандарын орнатуға, саяжолдар орнатуға, көше жарығының тіреулерін жарық диодты суреттермен сәндеуге 23,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінген жоқ.

2. 2015 жылға ауданның елді мекендері бойынша облыстың ауылдары мен кенттерін, ауылдық округтер орталықтарын дамыту бойынша іс–шаралар жоспарында 159 жұмыс орнын құрумен, 818,3 млн. теңге сомасына 74 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2015 жылғы 01 қазан жағдайына 10 жоба іске асты және 3 жоба іске асырылуда, 28,0 млн. теңге игерілді, 15 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

ауыл шаруашылығы саласында – 5 жоба (жоспардан 31,3%), 1 жұмыс орны құрылды, 8,7 млн. теңге игерілді, ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында мал щаруашылығын дамытуға шағын несие алынды, топырақтың құнарлылығын сақтау мақсатында минералды тыңайтқыштар алынды, шағын ауылшаруашылық құрылымдарын ұлғайту рәсімі және өндіріс ғимараттарына жөндеу жүргізілуде.

инфрақұрылым мен абаттандыру – 7 жоба, (18,4%), 10 жұмыс орны құрылды, 7,8 млн.теңге игерілді: ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру, көпірді ағымдағы жөндеу, су құбырларын ағымдағы жөндеу, мәдени ойын-сауық орталығының құрылысы, кіреберіс арканы орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

әлеуметтік саласында – 1 жоба, (9,1%), 4 жұмыс орыны құрылды, 11,5 млн.теңге игерілді: ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында Расыпное а. мектеп ғимаратының терезелері мен шатырына жөндеу жүргізілді.

ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында жол жабынына, жол жиегіне, мектеп ғимаратына орташа жөндеу жургізуге, 24 пәтерлі үйдің күрделі жөндеуіне, кәсіпкерлікті, мал шаруашылығын және өсімдік шаруашылығын дамытуға шағын несие беруге 401,2 млн. теңге сомасында, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 262,5 млн.теңге сомасында Красная Шемонаиха а. су іркуіш құрылысына және су құбырлары желілерінің жолына, аудан бюджетін оңтайландыру мақсатында 70,0 млн. теңге көше жарығын қалпына келтіруге, балалар және спорттық алаңдар құруға, шағын саулет нысандарын орнатуға, әкімшілік ғимаратын жөндеуге, көше жарығының тіреулерін жарық диодты суреттермен көркемдеп безендіруге қаражат бөлінген жоқ.

Күрделі экономикалық жағдайға байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша салымдар төмендеді, 13,6 млн.теңге игерілді (жоспардан 19,6%).

3. 2015 жылға ауданның басқа да ауылдық елді мекендерін дамыту іс – шаралар жоспарында 23 жұмыс орынын құру, 73,9 млн. теңге сомасына 26 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2015 жылғы 01 қазан жағдайына 3 жоба іске асты және 4 жоба іске асырылуда, 43,2 млн. теңге игерілді, оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында – 3 жоба, 3 жұмыс орны құрылды, 38,3 млн. теңге игерілді; кәсіпкерлік саласында – 1 жоба, 4,5 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым мен абаттандыру – 3 жоба, 0,4 млн.теңге игерілді.

Салық түсімдерінің қаражаттарын жергілікті өзін-өзі басқару шоттарына беруіне байланысты округ әкімдеріне жергілікті қауымдастықтардың жиналысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджеті есебінен жоспарланған іс-шаралардың орындалуын іске асыру мәселесін қарастыру тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында Шемонаиха шағын қаласының 2016-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары бекітілді. Жоспардың негізгі стратегиялық бағыттары экономиканы әртараптандыру және қала инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Жоспарда 611 тұрақты және 852 уақытша жұмыс орындарын құрумен сомасы 70,6 млрд.теңгеге іс-шаралар жоспарланған.




Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет