«Шемонаиха ауданының аумағын дамыту бағдарламасын және жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы»



жүктеу 222.59 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі222.59 Kb.
түріБағдарламасы

«Шемонаиха ауданының аумағын дамыту бағдарламасын

және жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы

жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы»

2017 жылғы ақпарат
Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатының қойылған міндеттерін атқару мақсатында, Үкімет пен қоғамның атқарушы, өкілетті органдарының, БММ күшімен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі аудандық бекітілген іс-шаралар жоспарын (екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар) және Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңынжүзеге асыру жөнінде бірлескен жұмыс атқарылып жатыр.

Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығын орындау мақсатында, 2016 жылдың мамыр айында әділет органдарында заңды тұлға – «Шемонаиха ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №73 қаулысымен «Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы» КММ жаңа Жарғысы күшке енді.

Үлгілік ережеге сәйкес, аумақтық ЖРО міндеттеріне аудан көлемінде жастар мен жастар ұйымдарына ақпараттық-әдістемелік, кеңестік қолдау, жастардың бастамаларын қолдау бойынша көмек көрсету, жастар ортасындағы ахуалды саралау мен мониторинг кіреді.

Жастар ресурстық орталығы жастар қоғамдық бірлестіктерімен, мәдениет, білім, спорт мекемелерімен, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, аудандық ішкі істер бөлімімен, аудандық орталық ауруханамен, «Мәңгілік Ел» ТБО, «Нұр Отан» ХДП, Ардагерлер кеңесімен, ауданның әкімшілік ‒ аумақтық бірліктерінің әкімшіліктерімен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарады. Жастар істері жөніндегі кеңес қызметі ведомствоаралық қарым-қатынас үшін алаңша және негізгі тетік болып табылады, оның құрамына мемлекеттік органдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді. Кеңес отырыстары бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын өткізіледі.

Қазіргі кезеңде, аудан әкімінің төрағалығымен Кеңестің 4 отырысы өткізілді. Отырыстар барысында келесі сұрақтар өзекті және келешекті болып табылды: ауылдық жастардың тынығу уақытын ұйымдастыру және олардың күрделі мәселелері; жаппай спортты дамыту, спорттық және тынығу инфрақұрылымдық нысандардың қызметі; жастарды техникалық және кәсіби білім алуға ынталандыру және тарту шаралары; жұмыспен қамту жағдайы, жасөспірімдік қылмыс және жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту жөніндегі іс-шаралар ахуалы; ауданда қоғамдық-қауіпті ауруларды азайту бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру; волонтерлік қызметті дамыту.

Шемонаиха ауданында «Нұр Отан» ҰДП «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын жандандыру мақсатында, жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандар, Кеңес мүшелері, белсенді жастардың өкілдері қатысуымен әкімшілік – аумақтық бірліктердің әрбір ауылында партия конференциялары өткізілді, олардың қорытындылары бойынша белсенді жастар арасынан төрағаны сайлаумен, әрбір ауылда алғашқы «Жас Отан» ұйымдары құрылды.

13 қыркүйек күні Шемонаиха ауданында «Нұр Отан» ҰДП негізінде «Жас Отан» жастар қанатының конференциясы ұйымдастырылды, оған ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің «Жас Отан» ЖҚ төрағалары және жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандары, ауданның колледж және мектептерінің жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі өкілдері, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Е.И. Шабанованың және барлық қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен «Жас Отан» ЖҚ бастауыш ұяшығының төрағасы лауазымына жастар ресурстық орталығының директоры – К.Н.Буднецкий сайлануы туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ ауданда белсенді азаматтық ұстанымды жастардың санын арттыру және «Жас Отан» ЖҚ қызметін күшейту жөніндегі сұрақтар қарастырылды.

Күн тәртібінде екінші орында, бұдан маңызы кем емес, жастар мәслихатын құру және ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде жас депутаттарды сайлау сұрағы тұрды.

Шемонаиха ауданында үш апта бойы сайлау өткізуге дайындық жүргізілді. Сайлаушылар тізімі белсенді түрде қалыптастырылды, олар 16 – 29 жас аралығындағы жастар. 21 сайлау учаскелері құрылды, және депутаттарға 39 үміткер ұсынылды. Шемонаиха ауданының жастар мәслихатына депутаттар сайлау бүкіл жұмыстың қорытындылаушы кезеңі болып табылды. Олардың құрамына бүкіл ауданнан 16 жас адам кірді. «Жастар мәслихатын құру және алдағы жастар депутаттарын сайлау – болашақ басқарушыларды дайындап, өмір мектебі болатын жастарға арналған ірі жоба.


Жастар ресурстық орталығының бастамасы бойынша әкімшілік – аумақтық бірліктерінің әкімдері жанында Жастар істері жөніндегі Кеңестер құрылды.



Жыл сайын жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанатының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің, кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, ауылдық жастардың бос уақытын ұйымдастыру жұмыстарын күшейту мақсатында, жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандар, мәдени қызметкерлер, полиция инспекторлары, денсаулық сақтау қызметкерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, кітапханашылар мен ауылдық жастарды тартумен ауылдық округтарда көшпелі Кеңестер, кездесулер өткізеді.

Биыл, Шемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі көшпелі Кеңес аясында 31 қазан ‒ 23 қараша аралығында ауданның 10 селолық округінде кездесулер өткізілді. Рулиха а., Сугатовка а., Зевакино а., Волчанка а., Усть – Таловка к., Октябрь а., Қызыл Шемонаиха а., Верх – Уба а., Выдриха а., Первомайский к. отырыстар өткізілді.

Әрбір елді мекеннің ерекшелігін есепке алумен, ауылдық округтардың мәдени – тынығу және спорттық нысандары бар болуы және олардың жұмысы туралы ақпарат жинақталды. Бос уақыттық қызмет нысандарының қажеттілігі жөніндегі сараптама жүргізіледі (клуб мекемелері, достық үйі, демалыс саябақтары, спорт модулдары, алаңшалар және т.б.) және бос уақыттық нысандар санын көбейту бойынша ұсыныстар әзірленеді. Бос уақыттық нысандардың қызметіне тиісті жағдай жасау, ауылдық округтарда қызметтерін жандандыру мақсатында, бейінді құрылымдардың өкілдері: АІШБ, АОА, кітапханашылар, білім беру мекемелер мамандары, жастар саясатын жүзеге асыру сұрақтарын жетекшілік ететін әкімшілік – аумақтық бірліктер мамандары – қатысуымен, өткізілетін іс-шаралардың нақты күндерін және жауапты атқарушыларын көрсетумен, 2017 жылға арналған іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді.

Ағымдағы жылда «Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы» КММ қызметін қамтамасыз ету үшін 11401,0 теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Аудан аумағында жастар саясатын жүзеге асыру саласында қойылған мақсаттарға жету үшін келесі бағыттарда жұмыс жүргізілуде:



Жастарға патриоттық және азаматтық тәрбие беру ‒ аудандағы жастар саясатын жүзеге асырудың басымдылық бағыттарының бірі болып табылады.

Осы бағыттағы бірлескен жұмыс шеңберінде келесі маңызды іс-шараларды белгілеп өту қажет:

- «Көмек қолы» акциясы, оның шеңберінде волонтерлік жасақтар құрамына кірген жастар ресурстық орталығының жұмысшылары және студенттер жасы үлкен адамдардың өтініші бойынша үй маңындағы қарды тазалауға көмек көрсетті.

-2015 жылы Президент Әкімшілігімен бекітілген жаңа мереке ‒ Қазақстандық жастар күні (9 ақпан).

Жастар ресурстық орталығымен «Қысқы ермектер» атты бағдарлама ұйымдастырылды, оның құрамына көшедегі ойын сәттері кірді.

Іс-шараға Шемонаиха қ. – Ю.Гагарин атындағы №3 және №4, Усть-Таловка к. И.М.Астафьев атындағы, Первомайский к. Д.М.Карбышев атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылар командалары, Зевакино а. мектеп оқушылары, сондай-ақ Гуманитарлық – Техникалық колледж студенттері қатысты.

Ашу бағдарламасы қатысушылардың сапқа тұруын, жастар ресурстық орталығының директоры К.Буднецкийге сәлем беру мен қысқы ойындар қатысушыларының визит карточкаларын тамашалауды көздеді. Кейін командалардың сайысы «Қардан жасалған бекініс» байқауында өтті, бұл сайыста Зевакино а., Усть-Таловка к. және Первомайский к. оқушыларының командалары үздік атанды; «Ледянка-шанасымен слалом» байқауында № 4 мектеп командасы таза жеңіске жетті; «Арқан тартыс» байқауында Гуманитарлық – Техникалық колледж студенттері, № 3 мектеп оқушыларының командасы, Усть-Таловка к. мектеп оқушылары үздік нәтижелер көрсетті, және «Эстафета» байқауында барлық командалар тамаша нәтижелер көрсетті.

  Төрешілік ойынның әр кезеңі үшін он ұпайды жүйе бойынша баға беру жолымен өткізілді, таза ауадағы спорттық – сауықтыру іс-шараларында Усть-Таловка к. И.М.Астафьев атындағы мектеп оқушыларының командасы 47 ұпай есебімен жеңіске жетті.

Командалар 1, 2 және 3 орындар үшін мадақтамалармен, ойындарға қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды, ал жеңімпаздарға сонымен қатар естелік сыйлықтар берілді.




Аудандық байқау ‒ Первомайский к. Карбышев атындағы мектеп негізінде өткізілген Отан Қорғаушылар күніне арналған сап пен өлең байқауы және әскери эстафета.





Жыл сайынғы «Естелік вахта» атты акция, бұл шараның белсенді қатысушылары болып мектеп оқушылары табылады. Акция қаланың бір неше жерінде өтеді: «Даңқ» мемориалы, Бауыржан Момышұлы мүсіні, И.М. Астафьев және Т.С. Вербицкий жерлес-қаһармандарға арналған ескерткіш, Шемонаиха қаласында және ауылдық округтерде.




Тап солай дәстүрлі болып кеткен «Мәңгілік полк» акциясы.


Ауданның мемлекеттік қызметкерлі мен жастары қатысқан «авто» және «вело» жарыспен мерекеленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.



«Естелік шамын жақ» атты азаматтық – патриоттық акциясы. Акция қатысушылары мемориалдық от маңына гүлдер қойды, осы оқиға туралы естелік құрметіне шамдар орнатты. Аудандық Мәдениет үйінің әртістерімен соғыс туралы өлеңдер орындалды.

Ауданның селолық округтері қатысқан «Менің ауылым!» атты ең үздік портфолио байқауы.

24 қараша күні, Ел Басы ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Рухани Жаңғыру: Идеялар жәрмеңкесі 2017» қамқорлығымен, Гуманитарлық ‒ Техникалық колледж негізінде аудандық жастар форумы ұйымдастырылды. Форум аясында «Болашақ қуаты» атты инновациялық жобалар байқауы өткізілді. Шемонаиха және Гуманитарлық ‒ Техникалық колледж студенттері қазақстандықтардың өмірін көріктендіруге жағдай жасайтын, арзан электроэнергиясын табу мәселесін шешетін баламалы қуат түрлері туралы өз зерттеулер ұсынды. Ұсынылған жобаларды талдап тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.




Жас отбасыларды құттықтау. Акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің шеңберінде өтті. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жастар мәслихатының хатшысы Ю.Морозовамен бірлесіп Жаңа жыл қарсаңында некесін заңды еткен отбасыны құттықтады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп жүргізілетін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және кәсіптік бағдар беру жұмысы жастармен жұмыс жүргізудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Жыл ішінде колледж, мектеп негізінде колледж оқушы жастар мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру жөніндегі студенттік сұхбаттық аландары өткізілді. Оқушыларға осы саладағы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы, жұмысқа орналастыру бағдарламалары мен жастарды уақытша жұмыспен қамту туралы ақпарат беріледі, жұмыс тәжірибесін жинау, уақытша жұмыстарға қатысқанда және «Жастар тәжірибесін» өткенде қосымша табыс алу секілді жағымды жақтар туралы айтылды.

Шемонаиха ауданы жастарының дерекқоры құрылды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Шемонаиха ауданындағы жастар саны 7750 адам құрайды (16,9%), олардан 3764 (48,5%) қала, 3986 (51,4%) ауылдар. Қазақстанның өзге аудандарына, облыстарына, өңірлеріне, жақын және алыс шетелге шығумен байланысты, 2013 ‒2017 ж.ж. кезеңінде жастар саны 1386 адамға (2,7%) азайды, олардан 2013 ‒2017 ж.ж. кезеңінде жастар санынан тұратын қалалық тұрғындар саны 305 адамға көбейді, ауылдағы жастар саны 1691 адамға (10,7%) азайды.

Жастардың жалпы санынан оқушылар саны 1280 адам құрайды, студенттер ‒ 1332 адам.«Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнаманы сақтау саласындағы заңдылықтың жай-күйі туралы» Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы алқасының 31.10.2016 жылғы №7 кеңейтілген отырысының ұсынымына сәйкес, аудан бойынша жұмыссыз, соның ішінде есепке алынбаған жастардың нақты санын орнатуға шаралар қолданылды. Нәтижесінде жастардың жалпы санынан (7750 адам) жұмыспен қамтылған жастар саны 4840 адам құрайды, 298 ‒ жұмыссыз жастар, Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздық бойынша есепке алынған 57 адам, олардың ішінен 39 адам ауылдық жастар анықталды. Анықталған жұмыссыз тұлғаларды тіркеуге қою бойынша жұмыс жүргізілуде. Тоқсан сайын жастар дерекқоры жаңартылып отырады.



- Жастармен жүргізілетін жұмыстағы қоғамдық белсенділік, көңіл-күй мен сана-сезімге заманауи ықпал жасау құралдарының бірі ақпараттық – насихаттау жұмысы болып табылады.

Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық - насихаттау жұмыс тобының құрамына жастар орталығының өкілдері кіреді. Кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, колледж, мектеп жұмысшыларының ұжымдары және селолық округтар тұрғындары арасында ақпараттық – түсіндіру іс-шараларын өткізуге қатысады. Колледж оқушылары арасында 2017 жылғы 31 қаңтардағы Ел Басының Қазақстан халқына жасаған Жолдауының негізгі қағидаларын талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Көшпелі Кеңестер өткізу аясында тұрғындарға елімізде болып жатқан әлеуметтік ‒ экономикалық өзгерістер туралы ақпарат беру жұмысы жүргізіледі.



Жастарға (МБЖЖ, 2020 – ЖЖК, 2020 – БЖК) мемлекеттік бағдарламалар, жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша әрдайым қеңес беру арқылы қолдау жұмысы жүргізіледі.

- Жастар саясаты саласында ақпараттық қамтамасыздандыру, БАҚ-мен өзара әрекеттестік.

«Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы» КММ қызметінің бетін ашу мақсатында әлеуметтік желілерде: «В Контакте» – «Шемонаиха Жастары» тобы, «Мой мир», «Одноклассники», Twitter, Facebook қоғамдықтары қызмет етеді. Сондай-ақ жастар ресурстық орталығының әртүрлі бағыттарындағы іс-шаралар туралы ақпарат келесі бұқаралық ақпарат құралдарында жыл бойы белсенді түрде жарық көрді: «Мой город Шемонаиха», «Уба-Информ», «ЛЗ Сегодня», «Шемонаиха тынысы» атты газеттер, Шемонаиха ауданы әкімінің ресми сайты.

2016 жылдың шілде айынан бастап «Шемонаиха қаласында жасалған» блогы әрекет етеді. Блог танымалдығының мониторингі үшін есептеуіш орнатылды, ол есепті кезеңде 9352 келуші адам белгіледі. «Уба - Информ» газетімен бірлесіп «Ступенька» айдары басталып жүргізіледі, мұнда жастар іс-шаралары, акциялары, жастардың жетістіктері, дарынды, өнерпаз жастар туралы, белсенді жайғасым ұстанатын адамдар (студенттер, мектеп оқушылары, спортсмендер, жұмысшы жастар және басқалар) туралы әңгімеленеді.

Бүгінгі таңда, Ел Басы «Рухани жаңғыру» Жолдауында ұсынған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру ‒ негізгі міндеті болып табылатын vkoshemonaiha.kz ақпараттық ресурсін жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы жобаны жүзеге асыру үшін аудан оқушылары тартылады. Ресурстің негізгі ақпараттық маркерлері ретінде Шемонаиха ауданының мәдени құндылықтарын, экологиялық және рекреациялық мүмкіндіктерді, жетістіктерді, үмітті және табысты сақтау болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындарды спортқа тарту жастар саясатын іске асырудағы маңызды қадамның бірі болып табылады

Жастар ресурстық орталығы негізінде әуесқойлар бірлестігі «Восток» туристік клубы тұрақты негізде қызмет етеді. Ағымдағы жылда (су, жаяу және тау туризмге арналған) туристік жабдық сатып алу үшін қосымша қаражат бөлінді. Иеленген жабдықтар ауданның жастары арасында білім беру, мәдени және тынығу мінездегі іс-шараларын өткізуге мүмкіндік берді. Тұрақты негізде жастарды туризммен белсенді түрде айналысуға тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Шемонаиха колледжінде кіріспе семинар өткізілді. Студенттер туристік клубтың алдағы жұмысы, белсенді туризм пайдасы туралы ақпараттандырылды, жастарды туризммен белсенді түрде айналысуға тарту мақсатында сауалнама жүргізілді. Семинар нәтижесі бойынша, клубқа кіруге 25 сұраным түсті, жазғы кезеңде демалыс күннің жорығы, Шемонаиха ауданының туристік бағдарларын белгілеу жұмысы өткізілді.

Жазғы кезеңде, Уба өз. бойынша туристік ағу, демалыс күнінің жорықтары, Шемонаиха ауданының туристік бағдарларын белгілеу іс-шаралары өткізілді.

Осы бағытта маңызды іс-шаралардың бірі ретінде Шығармашылық үйімен бірлесіп шілде – тамыз айларының аралығында үш айналымда өткізілген Уба өз. бойынша экологиялық ағу акциясын белгілеп өтуге болады. Үзіліс уақытында кейін лагерь құрылған орында жаға тазалау жұмыстары жүргізілді, балалар алғашқы туристік дағдыларына ие болды. Қорытынды бойынша туристік ағуға ауылдық жастар санына 60 адам қатысты.



Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері еңбек және демалыс лагерінің қатысушыларымен бірге Шемонаиха колледжі негізінде «Туристік көпсайыс» атты эстафета нысанында ұйымдастырылған мастер ‒ класс өткізді. Балалар қозғалысты жеңілдетіп жылдамдататын, қауіпсіздікті және техникалық әрі тактикалық тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін жабдықты қолданып кедергі қойылған қашықтар қатарын өтті, осылайша спорттық жорықтардың бірнеше сабағын алды, бұл білім альпинизм бойынша қолданбалы шұғылданумен қоса Долганиха т. туристік жорықта тәжірибеде қолданылды.

Маусым айында ШҚО ЖжБҰА «Ауылдық жастарға арналған әлеуметтік қызмет ұйымы» атты өзекті жобалардың («Трасса» жобасы) бірін жүзеге асыру аясында облыстың бес ауданына, соның ішінде Шемонаиха ауданына да барып қайтты. Олардың Шемонаиха ауданы бойынша жүрген жорығы Верх-Уба – Выдриха – Волчанка және соңғы мекен Шемонаиха бағдары бойынша өтті. Осы ауылдардың әрқайсысында белсенді тұрғындармен кездесулер өткізілді, олардың барысында жастардың қажеттіліктері жөнінде өзекті сұрақтар қойылды, нәтижесінде алдағы жұмыста тірек болатын көшбасшылар анықталды.

25 шілде ‒ 8 тамыз аралығында «Восток» туристік клубының жұмысын жетекшілік ететін жастар орталығының әдіскері А.Аксёнов «Менің қалам ‒ Алматы» республикалық экспедиция шеңберінде Солтүстік Тянь-Шань бойынша екінші қиындық дәрежесіндегі спорттық ‒ туристік тау жорығына қатысты, нәтижесінде спорттық туризм бойынша 3-дәреже нормативтері қорғалды. Осы іс-шараға қатысу мақсаты – спорттық деңгейді арттыру, сондай-ақ Шемонаиха ауданында спорттық туризмді дамыту және көпшілікке таныту.



Бұл тәжірибе ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Восток» туристік клубының қатысушылары арасында Батыс (Рудный) Алтай бойынша бірінші қиындық дәрежесіндегі спорттық жорығын өткізуге құқық беріп, 3-дәреже нормативтерін орындауды және осы бағытта алдағы спорттық дамуға мүмкіндік берді. Жорық барлық қатысушылар мен Республикалық бағдарлық – санатты комиссия мүшесі В.АШестернинмен есептелді. Осы жорық туралы есептеме ҚР спорттық туризм ұлттық федерациясы ресми сайтында орналастырылған (http://www.fetur.kz/otshet/).








15 қыркүйек күні Шемонаиха қ., Уба өз. жағасында жастар ресурстық орталығы Шығармашылық үйімен бірлесіп ұйымдастырған туризм мерекесі өтті. Бұған аудан мектептері мен колледждерінің оқушылары санынан он екі команда, олардың қолдау топтары, жауынгерлік жүріс-тұрысы және жалпы позитивті көңіл күйі ойдағыдай жағдай жасады. Туристік көпсайыс бойынша жарыс үш кезеңге бөлінді: «туристік дағды», «туристік техника», «біл және істе». Жастар азимут бойынша бағдарлау, адамға бірінші көмек көрсету, шынайы спорттық катамаранмен кедергілерден өту, палатканы тез жығу мен орнату, от жағу арқылы өздерін сынады, сондай-ақ толық жеке сақтандыру жүйесінде бұдан әрі технологиялық кезеңдерді өтті. Барлық командалар бір-бірінен шамалы үзіліспен жеңіске бет алды. Және туристік жарыстардың нәтижесі бойынша, бірінші орынға Гуманитарлық - Техникалық колледжінің (Шемонаиха қ.) командасы ие болды, екінші орын БЭМС («Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «А.С. Иванов атындағы Выдриха «Жалпы білім беретін мектеп - балабақша» кешені» КММ) командасына берілді, ал үшінші орынды «Ритм» («Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Октябрь «Жалпы білім беретін орта мектеп - балабақша» кешені» КММ) командасы алды. Негізгі туристік дағдылар мен тапқырлықтан бөлек, жастар «лагерьді жайластыру», және «үздік туристік ас» секілді байқауларда жарысты, осылайша («Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Сугатовка «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» КММ) «Экстремалы» командасы өздерін үздік көрсетті, «Эдельвейс» («№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ) командасы өздерін әжептәуір қызық көрсетіп, «визит карточкасы» байқауында жеңіске жетті.



Бір күн бұрын 14 қыркүйекте, дәстүрлі болып саналатын «Жан жанмен сырласады» атты әндер фестивалі өтті. Бір күзгі кеште Уба өзенінің жағасында поэзия және гитарамен ән салу әуесқойлары өз шығармалары мен жағымды сезімдерімен бөлісу үшін жиналды. Шемонаиха қ. қатысушыларынан бөлек, Семей және Новосибирск қ. орындаушылары қатысты. Қатысушылар мен қонақтар үшін сақна мен жақсы акустика әзірленді. Әндер «еркін микрофон» тәртібінде орындалды, ал кешкі уақытта қатысушылар от маңына жиналды.

Жастар орталығы негізінде, қыста күн сайын сағат 18.00-ден – 22.00-ге дейін спорт залда, бекітілген кесте бойынша теннис және волейбол секциялары жұмыс істейді, мерекелі күндерге орайластырылған турнирлер мен жарыстар өткізілді. Жастар орталығы мен дене шынықтыру және спорт бөлімінде жұмыс істейтін мамандардың күшімен «Жастар» стадионында екі турник қалпына келтірілді.

Волчанка а. «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Киров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ интернаты негізінде үш кезеңде өткізілген «Жастар саясаты мектебі ‒ 2017» оқыту курсын ұйымдастыру осы жаздың маңызды іс-шараларының бірі болып табылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бастамаларын дамыту, оларды келешек өмірдің негіздеріне үйрету, тәуелсіз кәсіпкерлік қызметке дайындау, өмірдің қиын жағдайына тап болған жұмыссыз жастарды оқыту бағдарламасына қатыстыру жолымен олардың сұрақтарын кешенді түрде қарастыру, қиын жағдайдан шығу жолын табу.


ЖСМ – 2017 бірінші айналымы 12 – 16 маусым аралығында ұйымдастырылды, оған Октябрь, Выдриха, Разин, Каменев, Первомайский, Зевакино ауылдық округтерінің жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандары және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Екінші айналым 3 – 7 шілде аралығында өтті, оған 15 – 29 жас аралығындағы белсенді азаматтық көзқарастағы жастар қатысты.

Сонымен, 31 шілде – 4 тамыз аралығында ЖСМ соңғы айналымының қатысушылары болыпКиокушинкай каратэспортсмендеріқатысты.

Жастар саясаты мектебі ‒ 2017 оқыту курсының үш кезеңі қорытындысы бойынша оқыту курсты Шемонаиха ауданының жастары санынан 60 өкіл өтті.

5-6 тамыз аралығында Курчатов қ. келген жас мамандар делегациясының келіп кетуі жазғы демалыстың соңғы іс-шарасы болды, бұл кездесудің мақсаты – жастар саясатын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу, жұмыс саласындағы достықты және келешек ынтымақтастықты нығайту, белсенді түрде демалу.

Қонақтар Волчанка а. Киров орта мектебінің интернаты негізінде орналасты. Ұзақ сапардан кейін ауданға келу күні жастар делегациясы үшін Уба өз. демалыс ұйымдастырылды. Қонақтарға табиғатпен танысу, демалу, шомылу, катамаран тебу, Шемонаихалықтармен танысу және аздап араласу мүмкіндігі ұсынылды. Кешкі уақытта Мәдениет үйінің артистерімен әзірленген концерттік бағдарлама және дискотека ұйымдастырылды.

Екінші күн Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының қызметі мен жұмыс әдеттерімен танысудан басталды. Бұл туралы Жастар орталығының директоры К.Н. Буднецкий хабар етті. Қатынас семинар – жаттығу нысанында өтті, сондай-ақ жастар саясатын жүзеге асырудың өзекті сұрақтары мен мәселелері қарастырылды. Бұдан кейін қонақтар қаланың ерекше жерлерін көріп кетті, жерлес – жазушы Анатолий Степанович Иванов атындағы естелік жеріне, соның ішінде «Мария жартасы» кешеніне барып қайтты, дәл сол жерде қоштасу кеші өткізілді.



Дарынды жастарды іздеп жетілдіруге жағдай жасау, сондай-ақ жастарды ауданның мәдени өміріне қатыстыру ‒ жастар саясатындағы маңызы кем емес басымдық болып табылады.

2017 жылғы 15 желтоқсан күні ауданымызда соңғы он жыл ішінде қолдауға және ең үлкен назарға ие «Мисс Шемонаиха – 2017» атты сұлулық байқауы дәстүрлі түрде аудандық Мәдениет үйінде өткізілді, «Мисс Шемонаиха» атағы үшін күресуге ауданымыздың 10 сүйкімді ару қызы келді.Қыздар дәл бұдан бұрын өткен байқауларда секілді «Визит карточкасы», «Дарындар күресі» атты айналымдарда өздерін таныстырып өтті, әрбір айналым екі кезеңнен тұрды: «Құрбыңды жолығуға сай киіндір», «Әуенді тап», сондай-ақ дәстүрлі «Кешкі көйлектердегі дефилесі». Байқау қорытындысы бойынша арулардың әрбірі қандай болса да номинациямен белгіленді, ұйымдастырушы «Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы» КММ, сонымен қатар демеушілер сыйлықтарын алды, олар: «Ару» сұлулық салоны, «Интрига» ішкі киім дүкені және тырнақ сервисінің шебері Подкорытова Мария.Комиссарова Мария – «Мисс Романтика», Берекеева Айгерим – «Мисс Сүйкімділік», Шкваркина Светлана – «Мисс Темперамент», Ротенко Виктория – «Мисс Әртістік», Рахманова Арина – «Мисс Сәнділік», Елизавета Агафонова – «Мисс Таңғажайып», Саенко Арина – «Мисс Fashion». Көшбасшылар үштігінде Рутц Светлана – «Мисс Күлкі» және Гаан Анастасия – «Мисс Көрермендер Көзайымы». Биыл, төрешілер шешімі бойынша, «Мисс Шемонаиха - 2017» атағын заң бойынша «Гуманитарлық – Техникалық колледж» БММ бірінші курс студенті Ганиева Динара жаулап алды. Нәзік, сыпай қыз өзінде көптеген қасиет бар екенін көрсетті.

КВН ойындары.Қатарынан екі жыл КВН үш айналымды ойын ретінде жүргізіліп келеді. Бірінші және екінші айналымдар –ауылдық жастар қатысумен өтетін аумақтық және жартылай финал ойындары болып саналады, ал үшінші айналым - финал, аумақтық ойындардың жеңімпаздары аудан колледждерінің командаларымен сайысады. Өткен жылы КВН ойындары ауылдарда жүргізілген еді, ал биыл аудандық Мәдениет үйінің негізінде өткізілді.



Екі жыл ішінде КВН ойындарының белсенді қатысушылары қатарына Зевакино а., Волчанка а., Рулиха а., Октябрь а., Верх-Уба а. – Выдриха а., Убинкаа., Рассыпное а. командалары кіріп үлгерді, өткен жылы – Первомайский к., Усть-Таловкак., Камышинка а. командалары да қатысқан еді. Осы қызықты ойын жыл сайын өз қатарларына жаңа қатысушылар мен жанкүйерлерді баурайды. Биыл, КВН ойындарына Шемонаиха қаласының №4 ОМ және №5 ОМ командалары қатысып, өздерін белсенді көрсетті. 3 қараша күні өткен алғашқы ойында келесі командалар өздерін таныстырды: «БЭМС» Зевакино а., «Непохожие» Волчанка а., «Тайны Вселенной» Выдриха а..

10 қараша күні Рассыпное а. «Плохие детки», Убинка а. «УМКА», «№5 НОМ» КММ «Жарқын болашақ» командалары үздік команда атағы үшін сайысты.

Ал үшінші ойында Рулиха а. «Пятый элемент», Октябрь а. «Октябрьские пельмени», «№4 НОМ» КММ «108», Верх-Уба а. «Булавки» командалары жалын шашқан кекесін мен актерлік шеберлік көрсетті.


Командалар жарысы келесі байқауларда өтті: «Он сказал: «Поехали!» визит карточкасы, «Тайны вселенной» капитандар байқауы, СТЭМ «Гравитации вопреки!» СТЭМ, «Дети галактики» үй тапсырмасы.



Төрешілік әр ойын кезеңі үшін әрбір төреші өз бағасын ашық түрде хабарлау жолымен өткізілді. Барлық командалар айқын әрі біртума болдыАлайда табан тірескен күрес нәтижесінде ең көп ұпай жинаған көшбасшылар анықталды, олар: Зевакино а. «БЭМС», Волчанка а. «Непохожие», Рулиха а. «Пятый элемент», Октябрь а. «Октябрьские пельмени».8 желтоқсан күні, олар Шемонаиха колледжі мен Гуманитарлық ‒ Техникалық колледж командаларымен сайысқа түсті.

Финал үш байқаудан тұрды: «По дороге в Голливуд»атты сәлемдесу, «Как стать звездой» шынығу және«Звезда в шоке» атты музыкалдық байқау. Ойындар қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі тәртіпте берілді: үшінші орын –«Непохожие» Волчанка а., екінші орын – «FRESH» Шемонаиха колледжі, және бірінші орын – «Шок» Гуманитарлық – Техникалық колледж.
Тұрғындарда экологиялық мәдениет қалыптастыру, тазалықты сақтауды насихаттау, аулаларды көгалдандыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ өз қаласы, өз ауылы, өз үйі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында, елді мекендерді көріктендіруге бағытталған іс-шаралар жүргізілді.

«Шырша, өмір сүр!» атты экологиялық шығармашылық байқау жыл сайын өткізіледі, мектеп, колледж оқушылары, олардың мұғалімдері және ата-аналары белсенді қатысушылары болып табылады.



Қатысушылармен ұсынылған композициялар қоласты материалдан жасалған болды. Барлық жұмыстар Жаңа жылдық мерекеге сәйкес ертегідегідей ахуал қалыптастырды.
Өзіндік «Ёлка в сапожках» композициясы үшін Ю.Гагарин атындағы мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Анастасия Бирюкова бірінші орын алды.

Гуманитарлық-Техническалық колледжінің 17-МШ тобы «Билайн» атты ара балауызынан жасалған шырға үшін екінші орынға ие болды.





И.М. Астафьев атындағы мектеп оқушысы Анастасия Сероваға «Скоро, скоро новый год!» атты коллаж жасағаны үшін үшінші орын берілді.


Жыл бойы, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері дәстүрлі түрде «Санитарлық жұма» және сенбіліктерді жүйелі түрде өткізді, экологиялық акциялар жариялады, тазалық айлықтарында қоқыс жинау бойынша еңбек десанттарын ұйымдастырды.

Көктем келуімен, бірінші кезекте «Жастар» стадионы ретке келтірілді, аумағы қоқыстан тазаланды, ағаштар қиылып ағартылды.

Стадионда тазалық сақтау жұмыстары үнемі өткізіледі.

Жазғы кезеңде, «Шемонаиха қаласында жасалған» бастама тобы «Три березы» атты ауданымыздың көрікті жерлерінің бірінде аумағын бірнеше рет тазалады.
Уба өз. қалалық жағажайында да санитарлық тәртіп орнату өткізілді.

Ұқсас экологиялық акциялар ауданның селолық елді мекендерінде де өткізіледі. Ең игі дәстүр ‒ бастау мен көлдерді тазалау. Шемонаиха ауданының барлық әкімшілік ‒ аумақтық бірліктерінде «Бұлақ, өмір сүр!» экологиялық акциясы жарияланады, іс-шара мақсаты қараусыз қалған және лайланған бұлақтарды абаттандыру, жастарды қоршаған ортаны сақтауға тарту.

«Бұлақ, өмір сүр!» экологиялық акциясы жазғы кезеңде ғана емес, тіпті алғашқы қар түскенкүздің аяғында өткізіледі, оған еңбек жасақтары,соның ішінде мектеп оқушылары, мұғалімдер, аудандық мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысатын.

Жыл сайын, «Менің атаулы ағашым» атты экологиялық акция аясында Шемонаиха ауданының білім беру мекемелерінде жалпы білім беру мекемелерінің түлектері өз мектептері маңындағы жер телімінде көшеттер егеді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72-жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» ҰДП, Ардагерлер кеңесімен және «Жас Отан» ЖҚ бірлесіп А.С. Иванов атындағы саябақта шырша көшеттер егілді. Аудандық Мәдениет үйінің аумағында Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаров, Шемонаиха қ. әкімі М.Желдібаев және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен ұқсас акция өткізілді. Әрбір адам өз сүйікті қаласын көгалдандырып, абаттандырып үлес қосуүшін ағаш отырғызды.

Жыл басынан бері тұтас алғанда, 12 ай қорытындысы бойынша 5370 адам қамтылуымен 76 қоғами ‒ саяси және әлеуметтік – маңызды аудандық іс-шара өткізілді, 958 адам қамтылуымен 36 ақпараттық кездесу өткізілді, әртүрлі сұрақтар бойынша 382 кеңес беру қызметі көрсетілді; 43 баспа және 32 электрондық материал әзірленіп жарияланды.



Осылайша, жастар ресурстық орталығының қызметімен жастар қамтылуы 81,7 % құрайды. Жастар саясаты және патриоттық тәрбиелеу саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысатын жастар үлесі жастардың жалпы санына 69,2 % құрайды.

ШҚО Талдау және болжау институтының зерттеу мәліметтері бойынша жастардың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырумен қанағаттану деңгейі соңғы 4 жылда өсіп, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 38,2% құрады (2013 жылда – 26,4 %).

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі барлық шаралар кешені жастар арасында жағымды ой нығайтуына, қоғами ‒ маңызды және әлеуметтік ‒ пайдалы қайраткерлікке қатысуды кеңейтуге себептеседі.

«Шемонаиха ауданы әкімдігінің

Жастар ресурстық орталығы» КММ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет