«Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 017 жылғы айдың қорытындылары туралы» АҚпарат өнеркәсіп



жүктеу 59.26 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі59.26 Kb.

«Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2017 жылғы 3 айдың қорытындылары туралы»

АҚПАРАТ
1. Өнеркәсіп
2017 жылғы қаңтар-наурыз айларында ауданда 12,3 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері шығарылды, өткен жылдың деңгейіне 105,6%. Табиғи көлем индексі 88,6 %.

Аудан өнеркәсібінің негізгі үлесін тау-кен өндіру саласы алып жатыр (71,3%), өткен кезеңде 8,7 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, өткен жылдың деңгейіне 102,9% құрайды. Қолданыстағы бағада табиғи көлем индексі – 82,5%.

Төмендеу себебі: өндірілген кендегі металдардың азаюы. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында мыс-мырыш кені 294,1 мың тонна, 2016 жылғы сәйкес кезеңіне 92,3 %, мыс концентраты 20,3 мың тонна (68,1%), мырыш концентраты 8,5 мың тонна (87,6%) өндірілді.

2017 жылы Артемьев шахтасының екінші кезегінің құрылысына КАZ MINERALS тобымен 9,0 млрд. теңгеден астам сомада қаражат қарастырылған.

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 22,9% алады. Салада сомасы 2,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ол 2016 жыл деңгейіне 113,0% құрайды. Сала бойынша ТКИ – 108,6%.


  1. Ауыл шаруашылығы

Тірідей салмақта ет өндірісінің көлемі 1004,9 тонна (97,9%), сүт – 8 287,5 тонна (100,1%), жұмыртқа – 1215 мың дана (93,5%) өндірілді.

Мал басы: ІҚМ – 28 709 мың бас (99,5 %), оның ішінде сиыр – 10 251 бас (103,3%), қой және ешкі – 14 147 бас (93,6 %), шошқалар – 10 138 бас (88,7%), жылқылар – 3 234 бас (99,7%), құстар – 58 295 бас (97,5 %).

Сүт өнідірісін дамыту үшін келесі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:

1. Екі СТФ қайта салу: «Камышинское» ЖШС және «Рулиха» ЖШС.

2. «Белокаменское» ЖШС бұзау қора салу және «Авдеев» ЖК 100 басқа мал бордақылайтын базаның құрылысы.

3. Селолық округтерде екі сүт қабылдау пунктерін ашу.

4. Усть-Таловка округінде ауыл шаруашылық кооперативін құру.

Ауданда 230,4 мың га ауыл шаруашылық пайдалы жер бар, оның ішінде 140,5 мың гектар егіндік, 65,4 мың гектар жайылым және 17,7 мың гектар табиғи шабындық.

2017 жылдың өніміне 5 945,3 га күздік дақылдыр егілді (өткен жылдың деңгейіне 104,4%), оның ішінде күздік қарабидай 1 164,3 га, күздік бидай 4 205 га және күздік рапс 576 га.

Алдын ала деректер бойынша 2017 жылы егіндік құрылымы мынаны құрайды: дәнді-бұршақ дақылдарды 59,0%, майлы дақылдар 29,0%). Қолда мал басын қажетті жем-шөп көлемімен қамтамасыз ету үшін жем-шөп дақылдары жалпы ауданнан 10,0%, картоп пен басқа да көкөністер 2,0% құрайды.

Топырақтың құнарлығын және ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 4,28 мың тоннаға минералды тыңайтқыштарды жеткізуге шарттар жасасты, бұл 2016 жылға қарағанда 36 % көп. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары 2017 жылғы өнімге ауыл шаруашылық дақылдардың 18,0 мың тонна тұқымдарын екті (талап етілетін 16,6 мың тоннадан 108,3%). Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары жаппай репродукция тұқымдары мен үшінші сынып тұқымдарынан бас тартты. Зертхананың қорытындысы бойынша 14,9 мың тонна тұқым (98%) егу сапасына тексеруден өтті. Талдау нәтижелері бойынша 12,7 мың тонна – 1 және 2-класты (85,1 %). Ауыл шаруашылық құрылымдар ауыл шаруашылық дақылдар тұқымдарын элиталы тұқымдармен және бірінші репродукция тұқымдарымен алмастырып сатып алуда.

Ауданда 1949 га суармалы жерлер бар. 2017 жылы «Қозыбаев М.Ә.» ШҚ Германияда шығарылған «Ренке» фирмасының «Фрегат» кезекті суару машинасын сатып алуды жоспарлап отыр (шаруашылықта 9 «Фрегат» қондырғысы бар). Нәтижесінде суару ауданы 40 га артады, бұл 729 га немесе есептегі суармалы жерлердің 37,4%. Суармалы егістікте негізінен картоп егіледі.

Көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізу үшін ауданға 2900 тонна дизельді отын қажет, оның ішінде 2600 тонна дизельді отын жеңілдік бағамен бөлінген (литрға 125,6 теңге), Павлодар НХЗ-дан әкелу бойынша операторлар анықталды.


3. Шағын бизнес
Ауданда 252 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2016 жыл деңгейіне 104,6% (241 бірлік).

Әрекет ететін кәсіпорындар саны - 176 (жалпы санынан 69,8%), 2016 жыл деңгейіне – 105,4%. Оның ішінде белсенділер саны – 149 бірлік (2016 жыл деңгейіне 106,4%).



«Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындаүстеме ақы ставкасын субсидиялау үшін 2017 жылы Аймақтық үйлестіру кеңесі «Д.В.Пономарев» ЖК «Дүкенді және жер телімін сатып алу» жобасы мақұлданды, құны 12,5 млн. теңге.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 2584,0 млн. теңгені құрады, 2016 жыл деңгейіне 128,1 %. Табиғи көлем индексі – 116,2 %.


4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2 148,4 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 123,2 %. Табиғи көлем индексі 117,3 %.

Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 1 149,3 млн. теңге, 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 ретке жоғары.

Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 1 062 шаршы метрді құрады (100,8 %).
5. Бюджет
2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша жеке табыс бойынша аудан бюджеті 134,5 % орындалды, жоспар бойынша 309,3 млн.теңге, нақты түскені 416,1 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 128,3%.

2017 жылғы 3 ай қорытындысы бойынша алгоритмдер аясында қосымша 4,0 млн.теңге түсті, өткен жылғы деңгейге 117,6 %.

2017 жылдың 1 сәуіріне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражат – 99,6 % игерілді, 1 002,4 млн. теңге жоспардан, 998,2 млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттағы қалдықтары 4,2 млн.теңгені құрады. Қалдықтардың негізгі себептері: объективті 2,0 млн. теңге сомада: бос орындар, жұмысқа жарамсыздық парақтары, іссапар кестелерінің өзгеруі – 0,8 млн. теңге, мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу – 0,6 млн. теңге, жәрдемақы алушылар санының азаюы-0,4 млн. теңге, дөңгеленуі есебінен – 0,2 млн. теңге және субъективті 2,2 млн. теңге сомада, оның ішінде шарттарды ұзақ мерзім жасасу есебінен – 1,5 млн. теңге, орындалған жұмыс актілерінің жоқтығынан – 0,7 млн. теңге.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың Бақылау шоттарында қаржат қалдығы 2017 жылғы 01 қаңтарға 13,7 млн теңгені құрады. І-тоқсанда ЖӨӨБ шоттарына түсімдер 43,3 млн. теңгені құрады, шығындалғаны 14,9 млн. теңге. 01 сәуірге қаражат қалдығы – 42,1 млн. теңге.


6. Халықты жұмыспен қамту

Орташа айлық еңбекақы 121 528 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 117,9%.

Аз қамтылған азаматтар саны есептік кезеңде 665 адамды құрады (2017 жылдың 01 қаңтарына 670 адам).

2017 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 234 адамды құрады, ол 2016 жылғы деңгейден 31,2% төмен (2016 жылдың 01 сәуіріне 340 адам). Талданып отырған кезеңде 48 жұмыс орны құрылды, ол жылдық тапсырмадан 17,8% (270 жұмыс орны). 45 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды, аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 21,7% құрады (2016 жылдың 01 сәуіріне – 31,3%).

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 47 адам тартылды (14,8% жылдық тапсырмадан – 318) немесе өткен жылға 59,5%. Жастар тәжірибесіне 13 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жолданды.

Атаулы әлеуметтік көмек 1,0 млн.теңге сомасына 83 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (26 отбасы), алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 41 адамға артты. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 30 өтініш білдірушілерге 0,4 млн.теңге төленді, өткен жылмен салыстырғанда алушылар саны 7 адамға көбейді. «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 0,6 млн.теңге сомасында 41 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (17 отбасы). Тұрғын үй көмегі 2,7 млн. теңге сомасында 196 алушыға төленді, алушылар саны 7 адамға азайды.

Ағымдағы жылы (2016 жылғы транш есебінен) мал шаруашылығын дамытуға, омарта шаруашылығы өнімдерін сатып алуға 4 қарыз алушыға 12,0 млн. теңге сомасында шағын кредиттер берілді.
7. Білім беру

Ауданда 5167 оқушысы бар жалпы білім беретін 23 мектеп, 1070 баланы қамтитын 3 қосымша білім беру мекемелері, 10 балабақша, оларда 1408 баланы қамтитын 61 топ, 15 бірлік – шағын орталықтар, оларда 398 баланы қамтитын 21 топ жұмыс істейді.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 1-ден 6 жасқа дейін – 90,8%, Шемонаиха қаласында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек 0-ден 3 жасқа дейін 578 орын, Усть-Таловка кентінде 97 орын.

1 балаға орташа шығын:

мектептерде – 366,3 мың теңге (2016 жылғы деңгейге 98,8%);

мектепке дейінгі мекемелерде – 186,7 мың теңге (100,3%).

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттары есебінен Верх-Уба селосында апатты мектептің орнына 300 орынға арналған орта мектептің құрылысы жалғасуда. Мердігер - «Өскемен – Құрылыс» ЖШС. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2017 жылғы тамыз айы.

8. Денсаулық сақтау

2017 жылғы қаңтар-наурыз айларында ауданда 70 адам туылды, 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 138 (-68 адам), 173 адам қайтыс болды, 203-ке қарсы (-30 адам).

Туберкулезбен сырқаттанушылық 1 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 2,2 (2016 жыл – 5 жағдай, 100 мың тұрғынға 10,9). Өткен кезеңде туберкулезден қайтыс болған жағдайлар тіркелген жоқ.

Қатерлі ісіктен өлім-жітім 15 жағдай (2016 жыл – 9 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 33,1.

Ауданда сәйкес кезеңде ана және бала өлімі тіркелген жоқ.
9. Құқықтық тәртіп

2017 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан аумағында 183 қылмыс тіркелді, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 13% жоғары (2016 жылғы қаңтар-наурызда - 162).

Қылмыстардың деңгейі 10 мың тұрғынға 163,1 құрады (2016 ж. – 142,5). Қылмыстардың ашылуы өткен жыл деңгейінен 2,3 пайыздық орынға жоғары: 2016 жыл – 84,7, 2017 жыл – 87,0.

Ағымдағы жылы 12 ЖКА жасалды, онда 19 адам зардап шекті, олардың ішінде 1 қайтыс болды (2016 жылы 4 ЖКА, 8 зардап шегуші, 2 қайтыс болды).



Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет