Үкімет отырысында президент тапсырмасы бойынша қолға алынатын жаңа ипотекаға қатысты негізгі мәліметтер айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: vestnikstroy.ru

Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

  • 2024 жылы "7-20-25" ипотекаға 100 миллиард теңге бөлінді
  • "9-20-25" ипотекасы тұрғын үй бағасына қалай әсер етеді: Сарапшылар айтып берді

"Ол үшін қосымша 272 миллиард теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банк 300 миллиард теңге сомасына ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарламаны іске қосады. Жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың баспанаға мұқтаж отбасын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр", — делінген хабарламада.  

Жалпы биыл рекордтық 18 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 миллион шаршы метрге артық.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керектігін айтқан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.