Шет ауданы



жүктеу 323.92 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі323.92 Kb.

Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтың

2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және

2017 жылы алда тұрған міндеттері туралы

ЕСЕБІ

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері талай сындарлы белестерден өтіп, көптеген жетістіктерге жетті. Өркениетті елдермен тереземіз теңесті. Бір шаңырақ астында ұйысқан бірлік пен ынтымақтың арқасында кездескен қиындықты еңсеріп, дүние жүзінде орын алып отырған қаржылық-экономикалық дағдарыстарға да тойтарыс беріп келеміз. Бұл жетістіктеріміздің барлығы ең алдымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының табысты жемісі. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы, маңызды стратегиялық бағдарламалары мен ауқымды жобаларының барлығы да ел болашағы үшін жасалынып, экономиакамызды өркендетуге бағытталған. Осы бағытта Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы-Жол бағдарламасын, 5 институттық реформа және «100-нақты қадам» Ұлт жоспарын қабылдады. Экономикамыз индустриялдық-иновациялық бағытта өрістеп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Кеше ғана Тәуелсіз еліміз 25 жасқа толып отыр. Қазақстан Рес­публикасы толық тәуелсіз­дікке жетудің жолына түсті,  небір тайғақ кешулерден аман-­есен өтіп, азаттықтың алғашқы әрі азап, әрі ғажап асуларынан абы­роймен асты, айналасы он­шақты жылдың жүзінде егемен ел ретінде да­мудың даңғылына қарай қа­дам басты. Одан кейінгі он­жылдықта қазір бүкіл әлем «Қазақстан жолы» деп ат қой­ып, айдар таққан шын мәнінде  феномен құбылысты дүниеге әкелді. Бүгінде біздің еліміз эко­номикадағы ішкі жалпы өнім­нің өсу қарқыны жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы көрсет­кіш­тердің біріне қол жеткізіп отыр.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауынан туындаған мәселелер, облыс, аудан, ауыл әкімдеріне қойған міндеттер халық мұқтаждарын орындауға бағытталды. Үлкен мағынаға ие әрбір жаңа Жолдау – бұл, ең алдымен, егемен еліміздің жарқын болашағына бастар бағыт. Осы бағытта Шет ауданында бірқатар жұмыстар орындалып, 2017 жылда атқарылатын мақсат- міндеттер қойылды. 2016 жыл барша еліміз, аудан халқы үшін табысты да берекелі жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік секторда маңызды табыстарға қол жеткізді.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 2016 жылдың қорытындысымен толық орындалды.

Нақты сектор саласында 30,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 8,7 млрд.теңгеге артты, айғақтық көлем индексі 120,0 пайыз болды. Саладағы өнімінің 82,8 пайызы тау-кен кәсіпорындарында, 4,7 пайызы өңдеу кәсіпорындарында өндірілсе, 12,5 пайызы коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар үлесіне тиесілі.

Бұл салада алдыңғы орында жүрген «Нова-Цинк» серіктестігі өнім өндіруде нәтижелі жұмыс жүргізіп жыл қорытынтысымен 18,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылғыдан 7 млрд.теңгеге артып отыр. Кәсіпорын 2016 жылы 66,5 мың тонна мырыш, 8,0 мың тонна қорғасын қоспаларын өндірді.

«Бапы Майнинг» ЖШС 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілетін өнімге сұраныстың болмағандығына байланысты кәсіпорын тоқтап тұрды. Сәуір айында жұмысын жандандырып, 5 млрд. теңгеге 788,0 мың тонна темір қоспасын өндіріп, 2015 жылдан 3,4 млрд.теңгеге артты.

Кварцит шығарумен айналысатын «Крамдс - Кварцит» ЖШС Тектұрмас кенорнында 180,0 мың м3 кварцит өндірілді, өндірілген өнімнің ақшалай түріндегі көлемі 739,0 млн. теңгені құрап, 2015 жылғы деңгейден 297,0 млн теңгеге артты.

Ауданымыздың тұрақты экономикалық даму көрсеткішін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті өнімінің қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығару бүгінгі күннің басты талабы. Осы тұрғыда ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, үлкен міндеттер тұр.

«Сары – Арқа Коппер Процессинг» ЖШС-ің Алмалы кен орнында «Катодтық мыс өңдіру заводының құрылысын салу» жобасы бүгінгі күнге қолға алынып, аймақтық кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізілді. Жоба бойынша аудан аумағында 2016-2019 жылдары озық байыту технологиялармен жабдықталған жобалық қуаттылығы алты мың тонна катодтық мыс шығаратын завод салынып, пайдалануға берілмекші. (Катодтық қалайыда мыстың құрамы – 99,99% )

Завод құрылысына 14,0 млрд. теңге көлемінде инвестиция қарастырылса (қаржыландыру көздері – «Цесна Банк» АҚ), заводтың құрылысы кезінде 400-450 адам, ал фабрика іске қосылғанда 350 жаңа жұмыс орыны ашылып, жақын жатқан Ақсу-Аюлы, Ақшатау және Ақадыр елді мекендерінің тұрғындары жұмыспен қамтылып, аудан бойынша салық түсімдерінің көлемі арта түспек.

Алдын ала жасалған зерттеулер бойынша өндірілген катодтық мыс Европа мен Қытайға экспорттауға бағытталуда. Аудан әкімдігі завод құрылысына 166 га жер учаскесін бөліп берді.

Сонымен қатар Шет ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына серіктестіктің тіркелгендігі салық түсімдері көлемінің ұлғаятыны айқын болып отыр.

Аудан өнеркәсіп саласының әлеуеті өте үлкен. Бүгінгі күнге «Сары Арқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамында «Үлкенжол», «Сұлу Мәдине» кенорнындарында марганец кенін, «Дүйсен», «Киік» кенорнындарында темір кенін, «Байназар» вольфрам және молибден кенін, «Батыстау» кенорнында полиметалл кенін, «Алмалы», «Киікбай-Сайдал» кенорындарында жез және алтынды барлау жобаларының тізбесі қалыптастырылды. Сондықтан, бұл салада ауданның даму болашағын жасау бағытында Қорғантас, Үлкенжол, Алмалы, Ұзынжал кенорындарындағы пайдалы қазбаға барлау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан көлеміндегі кәсіпорындар, мекемелермен ағымдағы жылы негізгі капиталға 8,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылды, оның ішінде өнеркәсіп саласына 5,3 млрд. тенге көлемінде инвестиция құйылды. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың денгейінен 700 млн. теңгеге артық.

Ағымдағы жылы өңірде 32 млрд. тенгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, 2016 жылға қарағанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,7 млрд теңгеге артып,106 пайызды құрады.

Негізгі капиталға 9 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды, 2016 жыл денгейінен 800 млн. теңгеге артық.
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы
Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдар саны 2372 бірлікке жетіп, 2015 жылдан 100,5 пайызға артты. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 4464 адамға жетті, 2015 жылдың көрсеткішінен 101,1 пайызға артып отыр. Осы салада өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 13,8 млрд. теңгеге жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 104,8 пайызға артып отыр.

2017 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген құрылымдар саны 2380 бірлікке, онда жұмыспен қамтылғандар саны 4485 адамға жетеді деп жоспарлануда. Жалпы осы салада өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 14,3 млрд. теңгеге жетеді деп межеленуде.

Жергілікті кәсіпкерлер өз істерін ашуға әр түрлі несиелік қорлардан ағымдағы жылы 543,0 млн. теңге көлемінде несие алып, 28 шағын инвестициялық жобалар іске асырылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаумен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында берілетін грантқа 2016 жылы ауданнан 10 үміткердің құжаттары тапсырылып, 8 қатысушы өз жобаларын комиссия алдында қорғады. Комиссия шешімімен «Сән салонын ашу» жобасы женімпаз атанып, грант иегері болып анықталды. Кәсіпкер аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылында аталған жобасын жүзеге асырып, тұрғындарға қызмет көрсетпекші.

Аудан бойынша 2011-2015 жылдар аралығында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 210,8 млн. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылып, 87 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын несиелік ұйымдар арқылы 25,0 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында бүгінгі күнде жеке кәсіпкер М.Қасым 20,0 млн. теңгені құрайтын «Сауда және қоғамдық тамақтану орынын ашу» жобасы бойынша құжаттарын «Delta Вank» АҚ-на қарауға ұсынды. Жоба 2017 жылы жүзеге асырылады деп күтілуде.

Ауданда тұтыну тауарларының бағасын тұрақтандыруда, инфляция процестерін тежеу жөніндегі аудандық штаб және жұмыс топтары жұмыс атқаруда.

Ауданда тіркелген 362 дүкеннің 189-ы азық – түлік тауарларын сатумен айналысады. Азық – түлік тауарларына 5-10 пайыз көлемінде үстеме ақы қосу жөнінде 162 дүкен иелерімен меморандумға қол қойылды. Меморандумда қамтылған міндеттемелер орындалысы үнемі бақылауда.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі

"Агробизнес-2020" бағдарламасы
2016 жылдың қорытындысымен ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімнің жалпы құны 24 млрд. 501 млн. теңгені құрап, ол 2015 жылмен салыстырғанда 133,1 пайызға немесе 5 млрд. 450 млн. теңгеге артты, айғақтық көлем индексі 102,5 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мал шаруашылығы өнімділігін және сапасын арттыруға Үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына көптеген қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы аудан бойынша 597 шаруа қожалықтарына 667,3 млн. теңге көлемінде субсидия берілді. Өсімдік саласына берілген субсидия көлемі 52 шаруа қожалықтарына 70,1 млн. теңге.

Өндірілген ет көлемі 14,3 мың тонна, сүт 67,5 мың тонна, жұмыртқа 6,97 млн. дана, 2015 жылдың 10 айлық көрсеткішпен салыстырғанда ет 3,7 %, сүт 16,4 % және жұмыртқа 0,3 % көбейді.

С.Сейфуллин кентіндегі «Қарағанды Ауыл-Сүт» Комбинатының филиалы аудандағы 27 елді мекендердің тұрғындарынан жыл басынан бастап 3500 тонна сүт жинап, өнім өткізушілер 212,8 млн теңгенің табыс көзіне иеленді.

Ағымдағы жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша және «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» аясында жыл басынан бастап Ресей мемлекеті Алтай өңірінен барлығы 363 бас 78,6 млн теңгеге өз қаражаттарымен сатып алынса, ағымдағы жылы тағы 200 бас асыл тұқымды сиыр сатып әкелу жоспарланып, он айда Ресей мемлекеті Алтай өңірінен 273 бас асыл тұқымды сиыр сатып алынды 78,6 млн теңгеге, яғни жоспардың орындалысы 136,5 пайыз. Оның ішінде «Мейрам» қожалығы -144, «Ақбұлақ» қожалығы -49 сүтті бағыттағы сиыр, «Ақатан» қожалығы» - 80 етті бағыттағы .Ақжал округінен «Жандос» (басшысы Мұхатаев Дастан) шаруа қожалығы өз қаражатына 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашып, соңғы үш жылдан бері асыл тұқымды сүтті бағыттағы мал басын 700-ге жеткізіп отыр. Мал қораларын салуға, ауылшаруашылығы техникалары, технологиялық жабдықтарды сатып алуға 1 млрд.теңгеге тарта қаржы салды. Алдағы уақытта сүт өнімдері бойынша қайта өндеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы саласы арқылы 368,5 млн теңгенің инвестициясы құйылды. Тауар өндірушілердің ағымдағы жылы сатып алған жаңа ауыл шаруашылық техникалар - 56 бірлік, жалпы құны -368 млн теңге.

Мал бастарын асылдандыру мен мал өсіру тұрғысында ауданның шаруа қожалықтары әр түрлі бағдарлама аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы алынған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 14 жобаға 102,1 млн теңге, жыл бойына берілген жоспар 600 бас болса, алынғаны 631 бас ірі қара, орындалысы 105,2 пайыз, «Алтын-Асық» бағдарламасы арқылы 7 жобаға 42.6 млн теңге, берілген жоспар 1432 бас, алынғаны 1632 бас ұсақ мал, орындалысы 114.0 пайыз және «Құлан» бағдарламасы бойынша 9 жобаға 226,5 млн теңге, берілген жылдық жоспар 514 бас, алынғаны 418 бас, орындалысы 81,3 пайыз. «Ақадыр көмек» несие серіктестігі арқылы 13 жобаға 75,1 млн теңге, «Шет көмек» несие серіктестігі арқылы 17 шаруа қожалықтарына 135.6 млн теңге және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 32-шаруа қожалықтары 88,9 млн теңге көлемінде несие алды.

Аудан бойынша әр түрлі бағдарламалар аясында жалпы алынған несиелік қаражат 92 шаруа қожалықтары 670.9 млн. теңге, оған 797 бас ірі қара, 26 бас асыл тұқымды бұқа, 3277 бас қой және 688 бас жылқы алынды.

Мал бастарын асылдандыру бағытында біршама іс-шаралар атқарылуда. Аудан бойынша асыл тұқымды 8593 бас мал бастары бар, соның ішінде ірі қара 2553 бас, қой 4940 бас және жылқы 1380 бас. Яғни жалпы мал бастарына шаққанда 5,6 пайызды құрайды, соның ішінде ірі қара 4,0 пайыз, қой 3,4 пайыз және жылқы 3,6 пайыз. Бүгінгі таңда аудан көлемінде 1-асыл тұқымды мал зауыты және 21-асыл тұқымды шаруашылықтары бар.

Барлық шартты түрдегі мал бастары 154,5 мың басқа жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеді.

2016 жылға 580,0 млн. теңгені құрайтын және 80 жұмыс орынын ашатын 7 инвестициялық жобалар шаруа құрылымдарының өз қаражат есебінен жоспарланған болатын, бүгінгі күнге орындалып отырғаны 5 инвестициялық жоба, жалпы құны 228,0 млн.теңгені құрайды. Қосымша 44 жұмыс орыны ашылды.

Аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы және «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жеке қосалқы шаруашылықтар ашу туралы берілген жоспарды орындау барысында атқарылып жатқан жұмыстар.

1.Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін (СПК)–ашу, («ЫНТЫМАҚ») жоспар – 3, орындалысы -2.

Біріншісі- «Бірлестік» АӨК Тағылы ауылдық округінде құрылған болатын, басшысы Акимов Хайролла, желтоқсан айының 20-нан бастап индустрияландыру Картасына тіркелді.

Екіншісі - жаңадан АӨК («ЫНТЫМАҚ» бағдарламасы ) - пилоттық бағдарлама бойынша Өспен ауылдық округінде құрамында 28 адаммен «Алға» АӨК - ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, Әділет басқармасына тіркелді, басшысы Мекім Дастан Есетұлы. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 66,5 млн. теңге толықтай қаржыландырылды, технологиялық жабдықтар мен техника алуға 40,0 млн. теңге қөлемінде қаражат 2017 жылдың басынан бастап қаржыландыру қарастырылып жатыр.

Үшінші - Ақжал ауылдық округінен орта бизнес өкілі Мұхатаев Зияда ауылшаруашылығы кооперативін ашуға жұмыстар жүргізіп жатыр (өз қаражатымен).

2.Мал сою пункті - 1 бірлік, құны 35,5 млн. теңге, Ақшоқы ауылдық округінен Әбішев Мақсат игеруге ниетті, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

3.Сүт қабылдау пункті -1, құны 4,5 млн. теңге, «Бірлік» -Ағадыр кентінде жүзеге асырылды, (жеке кәсіпкер Қ. Шөпенов) жоба құны 7,0 млн. теңге, ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы аталған жобаның 7,0 млн.теңге көлеміндегі қаражаты алынды, қосымша жабдықтармен комплектациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

4. Тауарлы сүт фермасын ашу, немесе «Ырыс» бағдарламасы бойынша Өспен ауылдық округінен «Мейрам» шаруа қожалығы (басшысы Абсадықов Есет) «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы алынған 58,0 млн. теңге несиеге мал қорасын салып, Ресейдің Алтай өңірінен 144 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды сиырларын әкеліп , жобаны жүзеге асырып отыр.

5.Жеке қосалқы шаруашылықтар құру (мал бордақылау, (ЛПХ) - «Береке», «Игілік» бағдарламалары ) –жоспар 50 бірлік, құны- 71,0 млн. теңгеге, ауыл, кент округтері әкімдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, күнделікті жұмыс жоспарлары жеткізілді, күн сайынғы жұмыс кестеге белгіленіп, әр округтен кемінде 6-7 өтініш қабылдап оны халықты жұмыспен қамту орталығына жолдап одан әрі ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына дейін жеткізіп, құжаттарын тапсыруды қадағалауда. Бүгінгі күнде аудан бойынша ашылғаны - 16 жеке қосалқы шаруашылық, игерілгені- 45,7 млн. теңге. Мұның ішінде: «Береке»- 7, «Игілік»- 9.

Бүгінгі күнге өтініш берушілердің саны 105. Жұмыс жалғастырылуда.

6. Ауылшаруашылық өндірістік кооператив (СПК), («ЫНТЫМАҚ» бағдарламасы) - ашу үшін, елді мекендердің мүмкіншіліктерін ескере отырып пилоттық бағдарламаға Өспен ауылдық округін белгілеп, Қаржылай қолдау қорының өкілдерінің қатысуымен кооперативтің мән-мақсатын түсіндіргеннен кейін 50-ге тарта адам тілек білдіріп, өтініш берді. Жетекшісі болып Айғыржал ауылынан Астана Аграрлық университетінің түлегі, жас маман Мекім Дастан сайланып, ниетті 50 адамның ішінен іріктеліп, дұрыс деп табылған 28 –нің құжаттары қаржылай қолдау қорының қарауына өтті.

7. Мал сою бекетін қосымша жабдықтауға 1 орын -5,0 млн. теңге бөлініп отыр, оны игеруге Ақсу-Аюлы округінен С.Мұстафа ниетті. Ол азамат осы жобаға қосымша қайта өңдеу, яғни шағын шұжық цехын немесе малды шағын бөліктерге бөліп, (упаковка) қоса игеруге құжаттарға сұраныс жасап отыр.

2016 жылдың көктемінде аудан бойынша 17 мың 472 гектар масақты дәнді дақылдар, соның ішінде 4946 гектар бидай, 11566 гектар арпа және 960 гектар сұлы дақылдар себілді. Ал, себілген өнімнен 10900 гектар арпа, 5000 мың гектар бидай шабылды. Орташа түсім әр гектардан 14,0 центнерден түсті.

2017 жылдың көктемінде себілетін егістік алқаптарына құйылған астық дақылдары 2000 тонна соның ішінде бидай 500 тонна, арпа 1400 тонна және сұлы 100 тонна.

Аудан бойынша 907 гектарға картоп дақылы отырғызылып, өнім 100 пайызға жиналды. Орташа түсім 200 центнер/гектар. 131 гектар көкөніс алқабынан түскен өнім 2 096 тонна, орташа түсім әр гектарына 160 центнерден айналды. 6000 гектарға көп жылдық және 900 гектарға бір жылдық шөптер себіліп, жиналып алынды.

Мал азығын дайындауда аудан бойынша жоспар 339,0 мың тонна болса, шабылып жиналғаны 420,0 мың тонна.(123%)

Жыл басынан бастап 10 мәрте Қарағанды қаласында, Астана қаласында 1 мәрте және 6 мәрте аудан аумағында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге 12 ауылдық округ, 40 шаруа қожалықтары қатысты.

Сатылған жалпы азық-түлік өнімі 46,0 млн. теңгені құрады. Тауар өндірушілердің жәрмеңкеге апарған азық-түлік өнімдерінің бағалары базардың бағасынан 15-20 %-ға төмен сатылды.

2017 жылы жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды 60 бірлікке жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар әр түрлі қаржылық институттар арқылы несие көлемін 610 млн.теңгеге арттыру көзделіп отыр.


Ветеринария

2016 жылы ауданда малдың сібір жарасымен ауырғандығы бойынша бір дерек тіркелді. Еркіндік ауылында төтенше жағдай жарияланып, шектеу қойылды. Еркіндік ауылында барлық малдар сібір жарасына қарсы егілді. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді. Жергілікті бюджеттен төрт бөлмелі пәтер сатып алынып, медициналық пункт ашылды. Жалпы аудан бойынша ветеринарлық санитарлық қауіп бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Аудан көлемінде тіркелген 15 сібір жарасы көмінділерінің 11 орны анықталып, уақытша қоршалды, көмінділер айнала жыртылып сақтандыру белгілері қойылды.

2016 жылы аудан бюджетінен 3 млн. 300 мың теңге қаражат бөлініп, 11 көмінді топографиялық картаға енгізілді. Барлығы кейінгі екі жылда 11 көмінді топографиялық картаға түсіріліп, жер кадастырының автоматтарылған жүйесіне енгізілді.

Мал қорымдарының құрылысына және күтіп ұстауға және сібір ошақтарын қоршауға қаржы ағымдағы жылдың бюджетінде қарастырылып отыр.

Аудан көлемінде қолданыстағы 13 мал қорымының 5 тұрпатты (Ақой, Кеншоқы, Төменгі Қайрақты, Нұраталды, Дәрия), 8 жадағай (Ақсу-Аюлы, Ақадыр, Красная Поляна, Бұрма, Көктіңкөлі, Шет, Тағылы, С.Сейфуллин).

Республикалық бюджет есебінен мал өлекселерін өртеп жоятын 2 пеш инсинератор алынып, іске қосылды.

Ауданның 12 ауыл округі мен кенттерінде 16 мал сою нысандары жұмыс істеуде. Оның ішінде 4 мал сою бекеті (Ақжал-1, Ақсу-Аюлы-2, Көктіңкөл-1), 12 мал сою алаңы (Ақжал 2, Бұрма, Талды-2, Ортау, Шет, Красная Поляна , Нұраталды, Батық, Көктіңкөлі, Ақадыр). Ауыл және кенттер бойынша 40 пайызға қамтамасыз етілген. 2017 жылы - 5 мал сою алаңы іске қосу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру.

2016 жылдың басында жасалған жоспарға сәйкес 40 000 бас ірі қара малы (100%), 118 170 бас қой-ешкі (100%), 10826 бас жылқы (100%), 77 түйе (100%), 1311 бас шошқа (100%) бірдейлендіріп нәтижесі компьютерлік дерекқорға енгізілді.

Сібір жарасы, құтыру, қарасан, бруцеллез ауруларына қарсы барлық малдарға ветеринариялық профилактикалық іс шаралар 100 % орындалды.
Жер мәселесі.

Аудан жерінің жалпы әкімшілік-аумақтық шекарасы 6 569 405 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2 155 161 га, оның ішінде – егістікке жарамды – 81 415 га.

Шет ауданында тіркелген егістік жер алқабы барлығы - 92 878 га жер(77 пайыз), оның ішінде пайдаланушыларға бекітіліп берілген жер - 81 715 га болса, қалған жердің қоры - 11 088 га, бекітілген жердің 43 717 га немесе 53,5 пайыз егістігі пайдалануда, былтырғы жылмен салыстырғанда пайдаланып жатқан егістіктердің көлемі 544 га немесе 1,5 пайызға өскен.

Суармалы егістік алқабы барлығы - 3645,0 га жер, оның ішінде: пайдаланып отырған жер - 3084,0 га болса, пайдаланылмай жатқан жер - 84,0 га, аудан бойынша суармалы егістік жердің 85 пайызы пайдалануда, қалған 15 пайызды құрайтын жермен қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде.

Жайылым жерлердің 87 905 га немесе 4,2 пайызы пайдаланбай жатыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда пайдаланбай жатқан жайылымдар 158 605 га немесе 7,5 пайызға азайған.(2015 жылы - 239 607 га)

Аудан бойынша тіркелген 1196 шаруа қожалықтарына 2 млн. гектар жер бекітіліп берілген, соның ішінде егістік жерлерімен – 72 575, оның пайдаланатыны – 35 361 га.

Мемлекеттік емес кәсіпорындардың (ТОО, СПК) – саны 19, жалпы жер көлемі – 106 262 га, соның ішінде егістік жерлер – 8 865 га, оның пайдаланатыны – 8 081 га.

3 мемлекеттік құрылымдарға - 8 437 га жер берілген. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа мақсаттағы 98 құрылымдарға- 23 198 га; 2 орманды жерлер- 7 832 гектар. Елді-мекеннің жалпы саны 60, жер көлемі- 619 817 гектар, оның ішінде: Кенттер саны 7, алып жатқан жер көлемі- 131 416 га; ауылдық елді мекендер саны - 53, жер көлемі- 488 401 га.

Жерлерін тиімді пайдаланбай отырған 116 шаруа қожалықтары анықталды, жерінің көлемі 87 905 га. 2016 жылда 28 (жиырма сегіз) жер пайдаланушы өз еріктерімен ерікті түрде пайдаланбайтын жерлерінен бас тартуларына байланысты, жалпы көлемі- 24 793 га жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылып алынды, оның ішінде: егістік – 1829 га, шабындық – 284 га, жайылым – 22 405 га, соның ішінде жақсартылған жайылым – 1075 га, басқа алқаптар – 275 га. Пайдаланбайтын жерлерін мемлекетке өз еріктерімен тапсыру жұмыстары жалғастырылуда.

Жерлерін тиімді пайдаланбай отырғандың 3 шаруа қожалықтарының құжаттары жер пайлану инспекциясына шара қолдануға жіберілді. Ал қалған пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша әділет басқармасына жерлердің тіркелуі туралы ақпарат сұратылып, кірістер басқармасына шаруа қожалықтардың тіркелгендігі және жер салығын төлегендігі жөнінде ақпарат сұратылып, хат жолданды.

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша жасалып жатқан жұмыс барысында, жерді тиымды өз мақсатында пайдалану немесе пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекеттік жер қорына қайтарып қайта айналымға енгізу жұмыстары бойынша ауданымыздың Ақсу-Аюлы, Ақшоқы, Талды, Нұраталды, Бұрма, Батық, Ақой, Өспен, Шет ауылдарында және Сейфуллин, Дария, Акшатау, Ақжал кенттерінде осы жоғарыда аталып отырған жұмыстар бойынша шаруашылықтардың қатысуымен семинар-кеңестер өтті.
"Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасы
2016 жылы коммуналдық салаға әр бюджеттік деңгейден жалпы 513,9 млн. теңге қаралды. Оның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге республикалық және облыстық бюджеттері есебінен жалпы 406,2 млн. теңге, аудандық бюджеттен 107,7 млн. теңге.

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша елді мекендерде ауыз су құбырларын және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге республикалық және облыстық бюджеттерден 75,5 млн. теңге бөлініп, ол қаржыға 5 елді мекендерінде жалпы ұзындығы 3,4 км ауыз су құбырлары мен 3,3 км кәріз желілері және олардың қондырғылары жөнделді. (Ақадыр, Мойынты, С.Сейфуллин, Төмеңгі Қайрақты, Доңғал).

Аудандық бюджеттен бөлінген 25,3 млн. теңгеге 6 елді мекендерінің ауыз су құбырлары жөндеуден өткізілді. (Ақсу-Аюлы, Ақадыр, Ақшатау, Талды, Үңірек, Төменгі Қайрақты).
Аудандық маңыздағы жолдар

2016 жылы автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы және аудандық бюджеттен 161,7 млн. теңге қарастырылып, 9 елді мекеннің 30,2 шақырым ішкі көше жолдары мен елді мекендерге кіреберіс жолдары орташа жөндеуден өткізілді (Бұрма, Жұмыскер, Ақадыр, Ақжал, Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Дәрия, К.Мынбаев, Ақтөбе).

Аудандық бюджеттен бөлінген 13 млн. теңгеге Ақсу-Аюлыдағы Күлейменов көшесінің 3 қиылысы жөнделсе, оның 1 көшесі асфальтталып, екеуіне қиыршық тас төселді. Ақадырдан кіре беріс жолдың сол жақ қанатына қиыршық тас төселіп, Жапақов көшесінің жолы орташа жөнделіп, көше шамдары орнатылды.

Көктіңкөлі ауылына қарасты 56 разъезге баратын тас жолдың көктемгі тасқын судан бұзылған бөлігін жөндеуге аудандық бюджеттен 7,8 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жолдарды жөндеуге бөлінген қаржының үнемделгенін тиімді пайдалану мақсатында Ақсу-Аюлыдағы Тлеулин көшесіне орташа және Ортау, Кәрім Мыңбаев ауылдарына, Дәрия кентіне баратын тас жолдардың тасқын судан бұзылған жерлері жөнделді. Жалпы аудан бойынша аудандық маңыздағы жолдар мен елді мекендер жолдары 2016-2017 жылғы қысқы маусымға жоспарланған дайындық деңгейінде болды.
Қысқы жылу беру маусымына дайындық

Алдағы қысқы маусымға дайындық шаралары толыққанды жүргізілді. Биыл аудан орталығында Жанқұтты би көшесіндегі 12 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің жер төлесіндегі отқазандығы тұрғындардың сұранысы бойынша сыртқа шығарылып, арнайы ғимарат салынды.

Ақжал кентіндегі орталықтандырылған жылу жүйесін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша қыркүйек айында конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған "Электржабдықтау" ЖШС кенттегі көпқабатты үйлерді және барлық әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету қызметін заңдылықтарға сәйкес атқаратын болады.

Аудандағы барлық әлеуметтік нысандарына қысқы маусымға қажетті 18331 тонна көмір тасылып түсірілді. Аудан аумағында қысқы жылу маусымы қалыпты деңгейде өткізілуде.

Бізді ендігі уақытта алаңдататын бір жағдай – Ақжал кентіндегі мөлтек аудандығы орналасқан №5 бес қабатты тұрғын үйдің апаттық күйі. Осыған байланысты, аудан әкімінің шешімімен төтенше жағдай жарияланып, барлық тұрғындар басқа үй жайларға көшірілді.Төтенше жағдайды жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы тиісті іс-шараларды жүргізіп жатыр. Жұмысты атқаратын мамандандырылған мердігер компания анықталып, «Аспап» ӨК-мен келісім-шартқа отырдық. Үйдің жертөлесіндегі негізгі тіректерге нығайту жұмыстарын жасауға алғашқы кезекте ауданның резервінен 17,0 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары мердігер компанияның өз қаражаты есебінен атқарылуда.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігі мен «Nova-Цинк» ЖШС-нің басшылығымен келісе отыра, Ұлттық экономика мен Инвестиция және даму министрліктерінің арасындағы өзара әлеуметтік міндеттемелер туралы келісім шартқа өзгерістер енгізілуге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда тұрғын үй жертөлесінің бағаналарын нығайту жұмыстары аяқталып, жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 3 кіреберістердің жұмыстары аяқталуына байланысты тұрғындар өз пәтерлеріне қоныстануда. Жақын арада жұмыстар толық аяқталып, тұрғындар өз үйлеріне қайта кіргізіледі.

Тұрғын үй

Жыл сайынғы көктемгі су тасқыны, одан кейінгі жаз айларында толассыз жауған қалың жаңбыр сулары ертеде салынған үйлерге зиянын тигізуде. Биыл Ақадыр кентінде 2 үйдің, Ақсу-Аюлыда 2 үйдің төбелері құлап, соның салдарынан ондағы тұрғындар баспанасыз қалды. Оларға қол ұшын созып, уақытша тұруға баспана тауып берілді. Биылғы жылы аудан орталығындағы интернатты баспана мұқтаж адамдарға арнап арендалық негіздегі тұрғын үйге ауыстыру ойымызда бар.

2016 жылдың қортындысымен, қаржыландырудың барлық көздері бойынша 5 631 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 83,9 пайызға орындалып отыр.

Ал құрылыс жұмыстар көлемі 2016 жылы 1 384,7 млн.теңгені құрап, жоспар 104,5 пайызға орындалса, 2015 жылмен салыстырғанда 86,1 пайызға орындалып отыр.


Су тоғандары

Аудан бойынша 34 су тоғаны тіркелген. Оның 31 - аудандық коммуналдық меншікке алынған. 2 су тоғаны жеке кәсіпкердің иелігінде.

Аса қауіпті - 8 су тоғаны бар. Оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы қаралмаған. Сол себепті осы 8 тоғанның құжаттары дайындылып, облыстық коммуналдық меншікке "Қарағанды су қоймалары" мекемесіне берілді.

Бүгінгі күні су тасқынына дайындық шараларын жүргізу мақсатында тоғандардың су ағарларын уақытында тазалап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын шаруа қожалықтардың, демеушілердің көмегімен жүргізіп, ұстап отырмыз.

Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері тарапынан су тоғандары қатаң бақылауға алынған.

Төменгі Нарбақ су тоғанының құжаттары толық рәсімделіп, аудандық коммуналдық меншікке алынған болатын. Бұл тоған күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Төменгі Нарбақ» су тоғаны көктемгі су тасқыны кезінде, мамандардың анықтағандай су дамбының астыңғы табанын шайып, соның салдарынан су тоғанының дамбысы бұзылған.

Биылғы жылы бұл су қоймасына су жиналмайды. Сол себепті ешқандай қауіп төндірмейді.


Абаттандыру

Бағдарлама шеңберінде абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына республикалық, облыстық бюджттерден үшінші және төртінші кезеңдермен жалпы 207,5 млн. теңге бөлінді.

Үшінші кезеңмен қаралған 30 млн. 887 мың теңгеге Ақадыр, Ақшатау, Ақсу-Аюлы, Батық, Т.Қайрақты, Нұраталды елді мекендерінде тротуар төсеу, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілді.

Төртінші кезеңмен қаралған 176,6 млн. теңгеге ауданның 15 елді мекендерінен 32 жоба іріктеліп, 23 балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары, 5 көшелерді жарықтандыру жобалары, 2 тротуар төсеу, абаттандыру жұмыстары, 2 әкімшілік ғимараттарда мүгедектерге қолайлы жағдай жасау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралды.

Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа өткен ғасырдың нәубәт жылдарында қуғын-сүргіннен және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш салынды. Ақадыр, Ақжал елді мекендерінде көпфункционалдық спорт алаңдары орнатылды. Орталық Шортанбай жырау көшесінің бойында заманауи үлгіде 3 бизнес нысаны бой көтерсе, енді біреуінің құрылысы осы жылы аяқталмақшы. Тамыз айында Босаға ауылында заман талабына сай тойхана салынып, қолданысқа берілді.

Ақсу-Аюлы ауылының М.Жапақов көшесінде жаңадан салынған 16 пәтерлік тұрғын үйдің маңайын абаттандыруға облыстық бюджеттен бөлінген 9 млн. 805 мың теңгеге аталған үйдің маңайы абаттандырылды.(көлік жолдарына арналған асфальтбетонды жабындылар төсеу, балалар ойын алаңын, жаяужол тақтамаларын мен кіші сәулет пішіндерін орнату және тиесілі аумақты толық көгалдандыру). Аудан орталығы Ақсу - Аюлы ауылына Қарағанды және Балқаш қалалары жағынан кіре-беріс екі аркаға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп безендіру жұмыстары жүргізілді.


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Жыл басынан жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 2325 адам тіркелді. 1513 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жоспар 171 пайызға орындалды.

Қоғамдық жұмыспен қамтылған 531 жұмыссыздарға 28 млн. 118 мың теңге қаражат төленді. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан 84 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарында «аспазшы», «слесарь-электрик» мамандығы бойынша 129 адам оқытылды.

01.01.2017 жылға есепте тұрған жұмыссыздар саны 280 адам. (әйелдер 201 адам, жастар 84 адам).

Табысы төмен 32 отбасына 794,0 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді. Аз қамтамасыз етілген 7 отбасына (47 адам) "Өрлеу" жобасы бойынша 1,872 млн. теңге шартты ақшалай көмек көрсетілді.

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 1 млрд. 106 млн. 266 мың теңге бөлінді. Бағдарламаға - 636 адам қатысты, оның ішінде: өзін-өзін жұмыспен қамтыған -323, жұмыссыздар-302, жартылай жұмыспен қамтылғандар – 11 адам.

2016 жылы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім саласына 203 млн. теңге және Ақсу-Аюлы ауылдық округіндегі Шет агротехникалық колледжін күрделі жөндеуден өткізуге 37,8 млн. теңге бөлінді.

Мәдениет саласына 236,6 млн. теңге.

Спорт саласына 18,08 млн. теңге.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автокөлік жолдары саласына 432 млн. теңге.

Екінші бағыт бойынша ағымдағы жылы 160,4 млн. теңге бөлінді.

2016 жылы несиелуге 53 адамға 159,0 млн.теңге бөлінді. Кәсіпкерлік оқуға -1,4 млн теңге. Қазіргі таңда 52 адам 148,9 млн. теңге несие алды.

Үшінші бағытқа - 18,9 млн. теңге бөлінді. Жоспар бойынша кәсіптік оқуға -5 адамға 1,901 млн. теңге бөлінді. Қайта даярлау курстарына 14 адам, 3 ай мерзімге. Бөлінген қаржы 2,8 млн. теңге. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 29 адамға 7,955 млн.теңге бөлінді. «Жастар тәжірибесіне» - 2,2 млн тг бөлініп, жоспарға сәйкес 10 адам жіберілді.

Жыл басынан аудан бойынша 4 бос жұмыс орындарына жәрменке өтті. 23 жұмыс беруші қатысып, 222 бос жұмыс орындары халыққа ұсынылды. 29 адам жұмысқа тұрғызылды.

Бүгінгі күнге ауданның мекеме, кәсіпорындарында еңбекақы бойынша берешек жоқ.


Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Аудандық бюджеттің 63 пайыз шығыны ауданның білім беру саласына бөлінді.

2016 жылға аудандық білім саласын қаржыландыру 2 млрд 980 млн.теңгені құрап, былтырғы жылға қарағанда 860 млн. теңгеге артты. 2016 жылы мектептердің материалдық - техникалық базасын нығайтуға 36 млн. теңге бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 6 млн. теңгеге артық.

3 млн. 500 мың теңгеге 2 робототехника кабинеті алынса, мектептердің компьютерлік паркін толықтыруға үшін 12 млн. 700 мың теңгеге 200 компьютер алынды.

Бүгінгі күні бір компьютерге бес баладан келеді. (облыстық орташа көрсеткіш – 5,4 оқушы)

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының 1 бағыты бойынша биылғы жылы 228 млн. теңге бөлініп, 30 білім беру нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

3 мектептің базасында (Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы, Х.Сәрінжіпұлы атындағы және Ә.Ермеков атындағы орта мектептерінде) тірек мектебі (ресурстық орталықтар) құрылып, шағын жинақты мектептермен жұмыс істеп отыр.

"Назарбаев" зияткерлік мектебіндегі педагогикалық шеберлік орталығының "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығында жаңартылған мазмұн бойынша 236 ұстаз арнайы оқу курстарынан өтті.

Аудан орталығында орналасқан интернаттың мектептерден алыс орналасуы, қысқы мезгілде оқушылардың мектепке баруына қолайсыздық туғызуына байланысты қазіргі интернат ғимаратын жалдамалы тұрғын үй мақсатында қолданысқа енгізіп, ал Ы.Алтынсарин орта мектебінің жанына биылғы жылы интернат салу жоспарланып отыр.

Аудан бойынша мектепке дейінгі мекемелердің саны - 38. Оның 6-ы балабақша, 32 - шағын орталықтар. Балабақшаларда қамтылған бала саны - 655, шағын орталықтарда - 793. Барлығы - 1448. 6 шағын орталық толық күнді (228 бала), 2017 жылы екі жарты күндік шағын орталық толық күнді шағын орталыққа ауыстырылатын болады.

Мектепке дейінгі мекемелерге 2-6 жасқа дейінгі 134 балалар кезекте тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында келесі бағыттар қарастырылатын болады.

- Келешекте 2 елді мекендегі босаған дәрігерлік амбулаториялардың ғимараттарын балабақша негізінде жөндеуден өткізу.(Сейфуллин кенті- 50 орын, Мойынты кенті-25 орын)

- Интернаттың құрылысы аяқталған соң босаған 3 қабатты ғимараттың 1 қабатын балабақша ретінде қайта жаңартып мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы іске қосу.

- Келешекте жұмыс істеп тұрған "Нұрдәулет"(50 орын) балабақша ғимаратын тағыда 50 орынға кеңейту.

- Қолданыстағы мектепке дейінгі мекемелердегі орындарды тиімді пайдалану.

- Жаңадан шағын орталықтар ашу.

2017 жылғы білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарына 120 компьютер, 10 млн теңгеге 3 робототехника, 25 млн теңгеге 5 арнайы жабдықталған кабинет, 5 млн теңгеге 10 кәсіптік бағыт-бағдар беру кабинеті, 6 млн 300 мың теңгеге 4 технология кабинеті, 2 млн теңгеге спорттық құрал-жабдықтар, 3 млн 350 мың теңгеге шағын орталыққа жиһаз алу және де 4 жалпы білім беру мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.



2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Аудан тұрғындарына жыл көлемінде медицина саласының 59 нысаны қызмет көрсетсе, олардағы 324 ақ халатты абзал жандар дәрігерлік көмектерімен қол ұшын берді. 2015 жылы құрылысы басталған 6 елді мекендегі отбасылық - дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.

Еркіндік және Ақшоқы ауылы тұрғындарының сұранысы бойынша фельдшерлік-акушерлік пунктін ашуға бюджет есебінен ауылдан баспана сатып алынып, аудандық орталық аурухана меншігіне берілді.

Аудан орталығы мен Ақадыр кентінде 2 әлеуметтік дәріхана ашылып, төменгі бағамен тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде.

Аудандық ауруханаға 2016 жылы 4 жас дәрігер және 2 тәжірбелі дәрігер келіп қызметке орналасты. Аудандық орталық аурухананың қаражатына 3 түлек интернатураны аяқтап, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында бітіріп ауылға келеді.

Ауданның демографиялық көрсеткіштері төмендегідей:

2016 жығы бала туу көрсеткіші 15,43 құрады.(2015 жылы 13,34)

Жалпы өлім көрсеткіші 7,03 құрады.(2015 жылы 8,16)

Бір жасқа дейінгі 2 нәресте өлімі тіркеліп, инсенсентевтік көрсеткіші 3,3 ні құрады.(2015 жылы 9,3)

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Аудан тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 69,5 жылды құрайды.

Туберкулезбен сырқаттанушылықтың деңгейінің өскендігі байқалады. Егер 2015 жылы бірінші рет туберкулезбен ауырып 23 науқас тіркеліп, 100 мың адамға саналған интенсивтік көрсеткіші 57,0 құраса, ал 2016 жылы 33 ауру тіркеліп интенсивтік көрсеткіші 75,4 құрап отыр.(Облыстық көрсеткіш - 60,2).

Аудан тұрғындары арасынан ауруға шалдыққан сырқаттарды ерте анықтау үшін скринингтік тексерістер жүргізілуде. 2016 жылғы жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.Ағымдағы жылы да аудан аумағында медицина нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 дәрігерлік амбулатория бой көтермекші.


Мәдениет, спорт, жастар саясаты
2016 жылы жүйелік кесте бойынша барлық жоспарланған мәдени – көпшілік іс шаралар толығымен жүзеге асырылды. Мәдениет саласына 2016 жылы 484 млн. 443 мың теңге бөлінді. (2015 жылы - 285 млн. 300 мың теңге)

2016 жылы мәдениет үйлерінде 1757 мәдени шара ұйымдастырылып, оған 37,8 мың тұрғын қамтылды.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті бюджет есебінен 236,6 млн. теңгеге барлығы 11 мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу және 2 саябаққа аббаттандыру жұмыстары жүргізілді. (Ақой, Көктіңкөлі, Талды ауылдық мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстарына, Ақсу-Аюлы, Ақжал, Ақшоқы, Бұрма, Тағылы, Нұраталды мәдениет үйлеріне және Аудандық балалар кітапханасының, Ақадыр кентіндегі С.Сейфуллин атындағы кітапхана ғимараттарына және Ақсу-Аюлы ауылының саябағына, Ақсу-Аюлының мәдениет үйінің жанындағы фонтан, дала сахнасына).

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында Ақадыр кентіндегі Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени - сауық орталғының ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді. (15 млн. теңге). Аудандық мәдениет үйінің және Мойынты кентіндегі мәдениет үйінің отқазандықтары ағымдағы жөндеуден өтті.

2016 жыл аудан жұртшылығы үшін мерекеге толы жыл болды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында облыстық «Ардагерлер ән салады» фестивалі жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді. Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің және теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында саланың үздік қызметкерлеріне аудан әкімінің сыйақысы тапсырылды. Республикалық аттестациядан «Ақсу-Аюлы», «Ақадыр әуендері» ансамблдері, 2 халық театры халықтық атақтарын қорғап, республикалық аттестациядан өтті.

Ауданымызда дәстүрге айналған қымыз мұрындық фестивалі биыл аудан орталығында өткізіліп, ерекше сипатқа ие болды. Дәрия кентінің 80 жылдық мерейтойы аудандық деңгейде аталып өтілді.

Республикалық деңгейде Ақжал кентіне қарасты Қарабұлақ жерінде Баян батырдың мазарына қойылған тастың ашылу салтанаты өткізілді.

Құқық қорғау қызметкерлерінің арасында облыстық ауыл спартакиадасы өтті. Атаулы іс - шараға Рио олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова мен жаттықтырушысы арнайы келіп, спартакиаданың ашылу салтанатына қатысты.

2017 жылға ауданның мәдениет саласы бойынша ауқымды шаралардың жүзеге асырылмақ. 2017-2019 жылдары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ақшатау, Өспен, Үңірек, Мойынты, Босаға, Красная Поляна мәдениет үйінің ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасының 2017 жылға арналған жоспары, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында ағылшын тілін оқыту курсын ашу, «Мәдениет саласы бойынша 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» бойынша алға қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін жүйелі жұмыстар атқару көзделуде.

Аудан бойынша бұқаралық спортпен айналасушылар саны - 14390. (жалпы тұрғындардың 32,9%). Ауданда 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, ондағы дайындалатын бала саны 1 244. Аудан бойынша 185 спорт нысандары қызмет атқарады. 2016 жылы аудан бойынша өткізілген спорттық-бұқаралық жарыстардың саны - 420, қамтылған адам саны - 26 258.

Кәсіпорындар мен мекемелерде 38 денешынықтыру ұйымдары бар, онда 10 774 адам шұғылданады. 6 спорт нұсқаушы кент пен ауыл округтерінде қызмет атқарады.

Ауданда спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша 2016 жылы Ақадыр, Ақжал кентерінде және Бұрма ауылында көп салалы хоккей корттары орнатылды. Аудандық орталық стадионға жарық шамдар орнатылып, көрермендер отыратын орындықтары ауыстырылып, төбесі жабылды. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша 10 жасыл төсеніші бар спорт адаңдары, 12 балаларға арналған спорт алаңдары салынып, ауданда спорттың дамуына үлесін қосуда.

Ауданның тұрақтылығын қамтамасыз ету, оған мәдени-әлеуметтік және қоғамдық ұйымдардың осы бағыттағы жұмыстарын үйлестіру ішкі саясат бөлімінің жұмысына байланысты.

Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында 24 кездесу өткізіліп, оған барлығы 2140 адам қамтылды.

Бүгінгі күнде аудан бойынша 16 мұсылмандық мешіттер мен 6 дәстүрлі емес діни ұйымдардың филиалдары тіркелген. Экстремистік бағытта діни бірлестіктер тіркелмеген.

Аудан бойынша діни экстремизмді насихаттау фактірлері орын алған жоқ. Жалпы алғанда аудандағы діни ахуал бірқалыпты, тыныш.

Аудандағы жастар арасындағы қоғамдық саяси ахуал үнемі назарда. Бүгінгі күнде аудан аумағында жастар саны - 12 200. (жалпы тұрғындардың 27,9%) Олар аудан аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенді қатысуда.

2016 жылы жұмыссыз ретінде 594 жас тіркелсе, оның ішінде жұмысқа орналасқаны 376 жас.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 2016 жылы 29 жас маманға баспана сатып алу үшін әрқайсысына 3,181 млн.теңге, 64 жас маманға 148,470 мың теңгеден әрқайсысына бір реттік көтерме ақы төленді.

"Жасыл ел" жастар еңбек жасағының жұмыстарын жүргізуге Ақсу-Аюлыға 1,0 млн.теңге, Ақадыр кентіне 1,0 млн.теңге, жалпы 2 млн. теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша кейінгі 3 жылда 5,5 млн. теңге бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылды.

Жастардың қатысуымен бұзақылықтар, қылмыстық әрекеттер тіркелген жоқ.

Жастарды елін, жерін сүюге, спортқа деген құлшыныс пен рухани құндылықтарымызды бағалауға насихаттау мақсатында «Ұлағатты ұрпақ – ел болашағы», «Ауғанның от жалыны», «Әскери-патриоттық айлығы ту көтерді», «Чернобыль» апатын, «Жаңа патриотизм бүгінгі жастардың тұрақты болашағының негізі», «Жаса Қазақстан», «Мен әскерде қызмет етуге дайынмын» атты тақырыптарда дөңгелек үстелдер, спорттық және көпшілік іс - шаралар ұйымдастырылып, жыл көлемінде осы өткізілген шараларға 350 жас қатыстырылды.

Аудандық «Шет шұғыласы» газеті мемлекеттік тапсырыстарды орындау мақсатында арнайы құрылған медиа-жоспар бойынша жұмыс атқаруда. Газет аптасына бір рет бейсенбі күндері 3760 данамен жарыққа шығады.


Криминогендік жағдай.

Өткен жылмен салыстырғанда жалпы қылмыс 25,0 пайызға төмендеп отыр. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 26-дан 19-ға дейін немесе 26,9 пайызға, ал көшеде жасалған қылмыс 16-дан 9-ға дейін немесе 43,8 пайызға төмендеген. 2016 жылы аудан аумағында 4 ауыр қылмыс тіркеліп, 100 пайызға ашылды. Ал, қылмыстар сарапына келсек адам өлтіру, көлік ұрлау, алаяқ фактірлері тіркелмеген.

Тергеу мақсатында аймақтық жедел-тергеу және іздеу топтары жұмыс атқаруда. Ай сайын құрылған топтардың атқарып жатқан жұмыстары туралы тыңдау өткізіліп отырылады. Жергілікті жерлердегі учаскелік полиция қызметкерлері тоқсан сайын халық алдында есеп береді.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау

2016 жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында 188 адам болды. Ақадыр кентінде өткізілген жеке қабылдауда - 44 адам болса, Ақсу-Аюлы ауылында 144 адам қабылданды.

Оның ішінде 69 адам коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша, 21 адам тұрғын үй мәселесі, 25 адам әлеуметтік қорғау мәселесі, 12 адам жер мәселелері, 1 - деңсаулық сақтау және 4 - білім саласы бойынша.

Жұмыс сұраған 11 адамның жеке қабылдау барысында мәселелері шешіліп, жұмысқа қабылданды.

Қабылдауда болған 4 адамға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үй алуға несие берілді. Үйлері апаттық жағдайда тұрған 4 отбасы уақытша үймен қамтамасыз етілді.

Қалған адамдарға қабылдау барысында заңдылықтарға сәйкес тиісті түсініктемелер беріліп, өтініштері бақылаудан алынды.


Мүлікті жария ету

Рақымшылық кезеңі басталғаннан бері, 94 өтініш түсіп, 83 өтініш қаралмай кері қайтарылды, себебі 62 өтініште көрсетілген мүліктің меншік иесі болғандықтан әділет басқармасында тіркелген. 21 өтініш жер актілерінің болмауына байланысты, иелеріне қайтарылды.

Нәтижесінде, 11 өтініш комиссия шешімімен, 107,5 млн. теңгені құрайтын тоғыз тұрғын үй жария етілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес Шет ауданының 10 мекемесімен және ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің аппараттарымен мемлекеттік қызметтердің 81 түрі көрсетіледі.

2016 жылы жалпы 57268 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 47 пайызға артық.(2015 жылдың 10 айында - 28390). Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 3630, «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 401, ал мемлекеттік мекемелер арқылы 50864 қызмет тікелей көрсетілген. Атап өтерлік, шілде айында «жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» қызметі 221 рет көрсетілген. Оның ішінде «жұмысқа орналасуға берілген жолдамалар қызметі» бойынша 179 азамат жұмыспен қамтылған.

Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу мемлекеттік қызметі бойынша желтоқсан айында 328 қызмет көрсетілген болатын.

2015 жылы мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы 102 рет орын алған және 1 қызмет бойынша шағым түскен. Бұл мерзім бұзушылықтарға жол берген тиісті сала басшыларымен мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

Биылғы жылдың қыркүйек айында 2 қызметтің мерзімі кешіктіріліп орындалды. Жауапты тұлғалар жіберілген кемшіліктер бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Барлық мекемелерде мемлекеттік қызмет алушылардың арыз – шағымдарына арналған журналдар ашылған. Бүгінгі күнге дейін бұл журналдарға ешқандай арыз – шағым түскен жоқ.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуында жеткен жетістіктері, ол біздің және жалпы халық болып бірлесіп, ұйымдаса атқарған жұмыстарымыздың нәтижесі.

Алдымызға жоспарланған міндеттер мен ауқымды істеріміз де жетерлік. Тек осының барлығын абыроймен атқарып шығуымыз қажет.

«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» деген қағиданы берік ұстануымыз керек екенін Елбасы қадап айтты. Бұл біздің бәріміздің елдігімізге елеулі сын болмақ. Сондықтан жауапты сәтте бірлігіміз бұрынғыдан бетер жарасып, еліміздің игілігі үшін ерінбей тер төгуіміз керек. Елбасы жеткізген осы тұжырымдардың бәрі туған Отанымыз – Қазақстанды жылдан жылға жаңғыртып, жайната беруге апарып саяды. Мемлекет басшысы алға тартып отырған тапсырмаларды орындау әрбір азаматтың міндеті. Елбасы бізге даму бағытын белгілеп, нақты мақсаттар қойып, баршамызға сенім білдірді. Ендеше, Елбасымыздың үмітін ақтайық! Елбасының Жолдауын басшылыққа ала отырып, кез келген дағдарысты еңсеріп, үлкен жетістіктерге қол жеткізейік. Бірлігіміз бен тірлігіміз баянды болсын!





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет