Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары



жүктеу 114.03 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі114.03 Kb.

ЖОК 336 221 4
Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары
Ерғали А.
Акциздер дегеніміз – бұл тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық болып табылады. Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларған салынатын салық акциздерді өзінің айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Осы салықты бұрыннан бері көптеген мемлекеттер және бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салуарқылы қолданып келді.

Акциздер латын тілінен аударғанда «accidere» кесу деген сөзіне шыққан. Ол тұтынуға арналған тауарлардың бір бөлігін кесіп алу деген ұғымды білдірген. Сондай-ақ жанама салықтарға сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдерді де жатқызуға болады. Және де кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері мен, ішкі рынокта салынатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасын жатқызамыз.

Нарықтық қатынастар жүйесіне ену отандық салық салу жүйесін құру қажеттілігін туғызады. Механикалық еліктеу мен нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің, сонымен қатар экономикасы транзитті мемлекеттердің салық жүйесін Қазақстан экономикасына көшіру қайта құрылған басқару жүйесі мен қадағалау құралдарының көрінісі ғана болатын еді. Сонымен қатар қайта құрудың қысқа мерзімдері басқа мемлекеттің салық салу жүйесін құру мен жұмыс атқару тәжіриесін максималды есептеуді қажет етеді.

Дүниежүзілік тәжірибеде бөлу қатынастарының эволюция процестерінде салық салу жүйесінің үш моделін бөліп көрсетугеболады. Оларға:



  • Салық салу обьектісі ретінде көбінесе табыстарды қарастыратын модель;

  • Салық салу обьектісі ретінде көбінесе шығыстарды қарастыратын модель;

  • Табыстар мен шығыстардың қатынасы салық функциялары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Бұл модельдер салық салу жүйелерінің эволюциясын көрсетеді. Салық жүйесінің даму динамикасы экономикасы тоқырау, салық базасы тар мемлекеттерде салық салу ретінде көбінесе шығындар қолданылады, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде – табыстар. Кәсіпкерліктен түскен табыстарға немесе халық табыстарына тікелей салық салынады. Үшінші модель экономиканың тұрақты даму теориясына әлдеқайда сай келеді. Салық салу жүйесіне қалыптасқан әлеуметтік –экономикалық жағдайға сай уақытылы енгізілген түзетулер жанама және тікелей салықтар арасындағы тепе-теңдікті максималды орнату арқылы экономиканың тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік бюджетті қалыптастыру процесінде салық төлеушілер мен мелекет мүдделерін қосылуына әкеледі. Салық базасының қысқаруына және нақты салық формаларының оңтайлық мүмкіндігінің қысқаруына әкеліп соғатын экономикалық дағдарыс кезінде мүдделердің сәйкестігіне жету өте қиын

Дамыған елдерде акциз салығын жетілдіру арнайы объективті факторлардың әсерінен анықталады. Олардың қатарына өндірістік қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мемлекеттің салық салу жүйесі арқылы әсер етуін жатқызуға болады. Салық табысындағы тұтыну мен оларды алу мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық барлық салық жүйесін құрудың негізгісі болып табылады. Дамыған елдерде мемлекеттік шығындарды азайту жолдары және салық түсімдеріне қажеттілікті қысқарту бағыттары тұрақты іздестірілуде.

Батыс экономистерінің ойы бойынша, барлық нарықтык, экономика елдеріне тән салықтық мәселелер мыналар:


  1. Салық жүйесі салық төлеушілердің түсінуіне және салық органдарының тиімді басқаруына өте қиын. Бұл міндетті түрде артық әкімшілік шығындарға әкеледі және салықтардан жалтарудың неше түрлі тәсілдерін тудырады;

  2. Жеке табысқа салық салу салықтың ауыртпашылықты әділетсіз бөлуді сипаттайды;

  3. Салықтың жоғарғы ставкалары экономикалық шеішмдер қабылдауға кері әсер етеді. Бұл топқа енетін салық төлеушілердің жұмысқа ынтасы жоғалып, көлеңкелі экономика қыздырушылығын білдіреді және қор жинауда әртүрлі қиыншыпықтарға толы болады;

  4. Салық салу кәсіпорындарыды қаражаттарды инвестициялауға және балансты экономикалық емес салықтық себептермен құруға мәжбүр етеді. Бұл күрделі қаржы салу мен шектелген ресурстарды бөлу сапасына кері әсер етеді.

Аталып өткен мәселелердің барлығында салық жүйесінің жетілмеуі орын алып отыр. Бірақ та салық арқылы мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мүмкіндігі бұл маселелерді шешудің қажеттілігін міндетті және кейінге қалдыруға болмайтын қылды.

Аталып өткен мәселелердің барлығында салық жүйесінің жетілмеуі орын алып отыр. Бірақ та салық арқылы мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мүмкіндігі бұл маселелерді шешудің қажеттілігін міндетті және кейінге қалдыруға болмайтын қылды.

Қазақстан әлі толығымен нарықтық экономикасы дамымаған, бұның бір себебін қаржы механизміндегі сапалық өзгерістердің тежелуін жатқызамыз.

Қаржы нарығында әлі де мемлекет пен оның ресурстары билік етуде, ал жеке кәсіпкерлердің жинақтары шетте қалуда. Бұған ең алдымен өндірістік сектордан капиталды шығарып тастайтын және қалыпты инвестициялық процестің дамуына кедергі келтіретін, өкіметтің салықтық саясаты әсер етеді. Айта кету керек, өзінің сыртқы өлшемдері мен салықтар құрамы бойынша Қазақстандық салық жүйесі толығымен дерлік батыстық "модельдің көшірмесі деуге болады. Ол жақта салықтар мүлдем азаматтар мен кәсіпорындардың нарықтық белсенділігін тежеудің факторы ретінде қарастырылмайды. Ендеше, мұндай айқын айырмашылыққтардың себептері неде?

Бұл сұраққа жауап беру үшін, біріншіден, Қазақстандағы және батыс еліндегі экономпкалық жағдайды салыстыру, екіншіден, батыс елдерінің салықтық саясатының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне назар аудару керек.

Түрлі экономикалық жағдайларда және әртүрлі субъектілер үшін, салықтардың бірдей түрлері өздерін әрқилы қырынан көрсетеді. Батыста негізгі салық төлеушілеріне, табысты негізінен заңды жолмен көп бөлігінде азаматтардың банктік шоттарына қолма-қол ақшасыз жолмен аударылатын еңбек ақы түрінде алатын түрғындардың орта тобы жатады. Сонымен қатар, көпшілік батыс елдерінің экономикасы жоғарғы даму жағдайында, тұрғындардың табыстары өсуде, ал ондағы әртүрлі әлеуметтік жәрдемақылардың үлесі үлкен. Сондықтанда салықтардың жоғарғы ставкалары қолданылады.

Қазақстанда табыстардың едәуір бөлігі қылмыстық немесе жартылай заңды сипатқа ие, жеке тауарлық айналымда қолма- қол ақшаның үлесі зор. Сонымен бірге, елдегі өндірістік белсенділік ерекше төмен, көптеген косіпорындар ауыр қаржылық жағдайда тұр және тіпті өз жүмыскерлеріне еңбек ақы төлеуге қаражаттары жоқ. Сондықтанда, Батыста өндірістік және инвестециялық іскерлікке аса ауыртпашылық тигізбейді деген салықтар, Қазақстанда мемлекеттік экономикалық қауіпсіздігі үшін қатерге айналатындығы және қоғамда қатты толқулар тудыратындығы қазір ешкімді таң қалдырмайды.

Батыста салық жүйесі азаматтардың жеке табысына салық салуына бағытталған. Бірақ ол жақта қоғамдық өнімнің бөлінуі былайша іске асады: оның негізгі массасы тікелей жеке тұлғалардың қолдарына түседі жалдамалы жұмыскерлерінің экономиканың негізгі салаларындағы өзіндік құн құрылымындағы үлесі 70-80 жетеді, содан кейін барып бұл сомалардан қаржылық құрылымдарда секторда, мемлекетте сәйкес салықтық тәсілдер түрінде өз тобырын табады. Бірақ, бұл жағдайда, салықтар тек қана, азаматтардың тапқан табыстарының, жұмыскер мен оның жанұясының негізі өмірлік кажеттіліктерін канағаттандырғаннан кейін қалған бөлігіне салынады.Көпшілік елдерде бұндай қасиеттердің құны шамамен 12-14 мың АҚШ долларымен бағаланады, бұл сом салық, өмір шегі ретінде белгіленген.

Ал Қазақстанға келсек, көптеген салықтық реформалар нәтижесіндегі қатардағы жалдамалы жұмысшының табыстары алдында ұсталған қалған табыс салықтарынан тыс 60-70%-ке кесілген болып қалды. Бұл сома әлеуметтік қорларға шамамен 26% төлемдерден 10-20% ҚҚС-нан акцизден, кедендік баждардан және зейнетақы аудамдарына қосылады. Осыдан келе көлік құралдарына,мүлікке, жер- участке салықтарына және басқа салықтарға бөлінеді. Бұл барлық салықтар жүмысшылардың табысынан табыс салығы, прогрессивті өспелі салық ставкасы төменгіі айнамалы шек ұсталынады.

Батыс елдерінің салық жүйесінің басқа да негізгі принциптерін Қазақстанда да керек қылмайды. Тәжірибеде Батыс елдерінің кәсіпорындарында салықты төлеуі міндетті, өндірістен тұтыну мақсатына кіріс алынса( жүмысшылардың еңбек ақысы мен дивидентті төлеуі) немесе олардың иесі өзінің капиталдарын бизнестей толықтай шешіп алуын көрсетеді.Басқа жағдайларда олар салық туралы ескермейді және бұл уақытта бәрімен қабылданғаннан өзгермейтін саясат.

Қазақстандағы салық жүйесі негізінен батыс елдерінің модельдерінің көшірмесі, нақты экономика жағдайына қалыптастыру әректтеріне қарамастан, біршама ірі және қиын болды. Сонымен қатар жалпыға белгілі салық жүйесінің құрылымының негізгі принципттері қарапайымдылығы немесе табыстылығы, өзіндік жорамалға жол бермейді, ол көптеген қоғам мүшелеріне тиімді.

Біздің елімізде керісінше, салық салудың батыс әдістері қажетті дайындықсыз және салық төлеушілердің нақты мүмкіншіліктерінің есебінсіз енгізілуде. Мысалы, бұл ҚҚС пен акциздің енгізілуіне байланысты, ол жалпы компьютерлердің қолданылуынсыз мүлде нашар бақыланады. Сонымен қатар ол қымбат, әлеуметтік аса қауіпті салық оны АҚШ-та тегіннен тегін бұрыннан бері талқылап келе жатқан жоқ, ал қосылған кұнға салынатын салықты енгізуге Жапония үкіметі қауіптенеді; олар бүрыннан бұл салықты ентізгісі келген бірақ сол сәтте алып тастады. Қазақстанда осы салық алу ставкалары, сонымен қатар бағаның өсуімен жұмыс күші құнының өсуіне әкеп соқтырады.

Салық жүйесі -- нарықтық қатынастарының маңызды элементінің бірі және одан мемлекеттегі, қоғамдағы экономикалық қайта құрулардың жетістіктері тәуелді болады. Өкінішке орай, билік органдарының да экономикалық ғылымның да көптеген жылдар бойындағы тәжірибе есебінен салықтарға кері көз қарастарды қалыптастырды. Сондықтан бұл аймақтағы кез келген шешімдер мүмкін әлеуметтік және саяси өзгерістер болуын ескере отырып қабылдануы керек.

Бұл аймақтағы дамымаған еддерінің үлкен практпкалық жене теориялық біліктілігі, тек Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жағдайын ескере отырып қолдана алады.

Қазақстан қоғамы таяуда мемлекеттің 2005 жылғы сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағытымен танысты. Қазақстан Республикасы Президентінің сәуір айындағы мемлекетке жолдауында негізгі экономикалық және әлеуметтік бағыттардың арасынан ең бір басты тапсырмаларының бірі -салық ауыртпалылығын төмендету, зейнетақыны және еңбекақыны жоғарылату болып табылады. Берілген бағыт жалпы экономика және әлеуметтік ортаның негізгі реформалауы болып табылады. Сонымен қатар мүмкіндік нәтижесін және күтілген өзгерістердің қорытындыларын талдағымыз келеді.

Бүгінгі таңда Казақстаң Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында ҚР Үкіметіне келесі негізгі бағыттар жүктелген.

Біріншіден, экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық -инновациялық стратегияны іске асыру. Қазақстан бәсекеге қабілетті экономикалық үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірісті, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол ашу жүктелінген. Биылғы жылдың ортасына қарай Қазақстанда нарықтық туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өңеркәсібі, көлік - логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болу керек. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзак мерзімдік мамандануын солар айқындайтын болады.

Қазақстанды жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі - Ұлттық инновациялық жүйе жасау жүктелді.

Екіншіден, Қазақстанның шағын және орта кесіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Қазақстанда қәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғыздыру жүктелді. Осы мақсатқа қол жеткгзу үшін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Осы Қорға биылғы жылы Республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлінеді, онда шағын бизнес субъектілерін несиелендіру мүмкіндігі 25 млрд. тенгеге дейін өседі.

Үшіншіден, Қазақстанда аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастыру жүктеледі. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда республикалық бюджеттен 57,9 млрд теңгеден аса қаржы бөлінеді.

Төртіншіден, қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005 - 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру жүктелді.

Банктердің қызметі ашықтықтың ашылуы өнегес болуға тиіс. Ең алдымен мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігі бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.

Бесіншіден, биылғы жылдан бастап, ҚР іс жүзінде әрбір отбасының мүшесіне игі ықпалын тигізетін 2005 - 2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасы іске асыру жүктелді. Биылғы 1 шілдеден бастап барлық зейнетқерлерге, еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне қарамастан 3000 теңге мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақы төлем жасалатын болады. Осылайша ең төменгі зейнетақының мөлшері негізгі зейнетақы төлемімен бірге 9200 теңгені құрайтын, ал зейнетақының орташа мөлшері 12000 теңгеден асатын болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің және бюджет саласының, қызметкерлері - мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 32% көтеру, ал 2007 жылдан бастап орта есепнен 30 % көтеру жоспарланып отыр. Негізінен алғанда жалақы мемлекеттік қана емес, жеке меншік секторда да өсуге тиіс. Осьгған орай биылғы шілдеден бастап, ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге дейін өсіру қажет.

Қорытындылай айтқанда, мемлекет қаржы саясатын жетілдіруде шешімді қадам жасады, сондықтан оның мүмкіндік нәтижесі туралы сұрақтың маңызы өте үлкен.

Салық реформасын жүргізу қиындықтары, бірінде Қазақстанның экономикасы нарықтық қатынастарға негізделмеген өтпелі кезеңде, оның барлық қайшылықтарымен бірге болуымен байланысты. Осыдан қазіргі жағдайда салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуі мүмкіндігі болмайды. Қоғамдық экономикалық қатынастарының калыптасуы жағдайындай, салық саласында қателіктер мен тәжірбиелер әдісімен жүруге тура келеді. Мұнда есте сақтау керегі бұл әр түрлі жақтарға қарай өзгеріп отыру, құрылғанда консервативті қатынастарға қарағанда неғүрлым қауіпті. Сонымен акциздер жүйесін жетілдіру үшін мына бағыттарды ұсынамыз:


  1. Акциз салығының ставкаларына үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салық төлеушілердің назарлығын тудырады. Сондықтанда салық ставкалары салық заңдылығында орын алып тұрақты болу керек.

  2. Бензин мен дизель отынына салынатын акциздерді бақылау үшін автомобильге май құю стаңцияларына арнайы есептеуіш құралдарын орнатып, оны салық органдары тексеруі керек.

  3. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың акциз салықтарының қамтылу аймақтары өте ұқсас. Қазақстанда да жарнамалардың барлық түрлерін (теледидарлық, радиолық және тағы басқалар) осы акциз салығымен алу қажет. Сонымен әрбір азамат өзінің тұтыну мөлшеріне қарай салық төлеу қажет.

Акциз салығы ешкімді де зорлап, мәжбүрлеп төлетуді талап етпейді. Акциз салығы әрқашанда елдің барлығын көрсетеді. Сондықтанда бұл салықты мүмкіндігінше қолданып мемлекеттің бюджетін толтырудың жан жақтарын қарастыру қажет. Жоғарыда біз ұсынған жарнамалар кейінгі жылдары өте көбейін кетті, егерде осы қызмет түрлерін акциз салығымен алсақ бюджет кірісінің өсе түсетіні сөзсіз.

Қазіргі жағдайда қызмет етуші акциз салығының жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қоюға болмайтындығы анық. Себебі оны қайта құрудың кез келген шаралары, тауар өндірушілердің көңіліне қарай болса да, қаржылық тұрақтылыққа әсіресе салық саясатына сенімді өзгертуі мүмкін.

Бүгінгі күнде салық ауыртпаларын біршама күшейту немесе бәсеңдету нақты емес. Салық ауыртпашылығының өсуі өндірістің тек қана жабылуына немесе оның көлеңкелі экономикаға кетуі, яғни салықтардың түсуін төмендеуіне әкелуі ықтимал.
Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі, - Алматы, 2010 жыл

  2. Бухгалтер бюллетені №16, сәуір 2010 жыл

  3. Бухгалтер бюллетені №10, наурыз 2010 жыл

  4. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу». - Алматы, 2008 жыл

  5. В.Г.Князева Д. Г.Черника «Налоговая системы зарубежных стран» Закон и право, 1997 г

  6. Карагусова Г.Д. «Налоги : сущность и пракика использования» - Алматы, 2010 г

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз



Развитие способов получение акцизов в зарубежном

практике
Ерғали Айғаным
Акцизами называются косвенные налоги на высокорентабельные товары. Плательщиками акцизов являются производящие и реализующие подакцизные товары предприятия и организации независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности. Объектами обложения акцизами являются стоимость подакцизных товаров, определяемая исходя из отпускных цен без учета акциза, а по подакцизным товарам, на которые установлены твердые ставки акцизов (в абсолютной сумме на единицу обложения), - объем реализованных подакцизных товаров в натуральном выражении.

Development of ways reception of excises in foreign expert
Yergali Aiganym
As excises are called indirect taxes which are established by the state in percentage of cost price of the goods realized by the enterprises-manufacturers. They are established, as a rule, on the highly profitable goods. Payers of excises are the making and realizing excise goods of the enterprise and the organization irrespective of patterns of ownership and a departmental accessory. Objects of taxation by excises are the cost of the excise goods defined proceeding from cost prices without the excise, and on the excise goods, on which firm rates of excises (in the absolute sum on taxation unit), - volume of the realized excise goods in natural expression are established.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет