Шетел тілін үйретуде тілдік іскерлікке қалыптастыру жолдары



жүктеу 119.49 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі119.49 Kb.

Шетел тілін үйретуде тілдік іскерлікке қалыптастыру жолдары
Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.

Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.


Ағылшын тілін оқытуда білім алушының қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын, әуестігін арттыру керек.

Білім алушының шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта білім алушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
«Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде білім алушының сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету» деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді. Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал-лексика деп есептейді.Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек.  Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынастың ең негізгі құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негізінен, сөздің екі жағы қарастырылған. Ол- сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы); сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні. мәселен,Н.П.Бехтерева сөздің мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі:

пішіні (форма); мағынасы (значение); қызметі (назначение).

Оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу. Білім алушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар:
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы;
2. Білім алушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атау(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - білім алушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз іріктеледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана меңгеріліп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.

Тілдің негізін құрайтын сөз белгілі бір мағына беріп, ақпарат жеткізіп қана қоймай, ұлттық сананың қалыптасуына әсер ететіні белгілі.Қоғамдағы барлық салада тілдің бұқаралық қарым-қатынас аясындағы қызметі артуда. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту және т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондықтан тілдік қатынасқа байланысты айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты, қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу қазіргі кезде өзекті мәселелер қатарына жатады.

Білім алушының сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқытушы сабаққа кіргеннен білім алушымен диалогта болады. Білім алушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - білім алушыны қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдері былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесу іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс- негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Білім алушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады

Дәстүрлі оқытудан кейін ілесе пайда болған «Коммуникативті оқыту»тәсілі ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытуда маңызды орын алады. Үйренушілерге тиімділігі жөнінен бұл тәсіл барлық сөйлеу әрекеті түрлерінде қатынас дағдыларын игеру туралы мақсатты көздейді. Бұл жүйе білімді, ептілік пен дағдыны анықтауды, қалыптастыру әдістерін, бақылау мен бағалауды қамтиды. Шет тілдерін оқытудағы бұл жетілген жүйе бұрын да педагогикалық қоғамдастықпен қабылданған болатын және қазір де оның бір бөлігі болып саналады.

Ағылшын тілін үйретуде коммуникативті-бағдарлы оқыту тәсілін тәжірибеге енгізу қарқынды хабарламалармен алмасуға, ғылым мен техника саласындағы жаңа ойлар мен пікірлерді қарастыруға, мәдениет саласындағы үлкен жетістіктермен алмасуға әкелді.Осы жолдардың бірі бойынша, тіл үйренушілер қарым-қатынас жүргізуде белгілі коммуникативті міндеттерді орындау арқылы аталған тәсіл аясында оқытылады. Бұған қоса оқытушының түсіндіруі немесе әдеттегі практикалық жаттығулар барынша ықшамдалған.

Екінші ұсыным бойынша, үйренушілер оқытушы түсіндірмесімен жүргізілетін әдеттегі жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды. Оқыту процесінде қажетті тәсілді таңдау көбіне үйренушілердің оқу сатысы және үйрену деңгейі арқылы анықталатыны мәлім.

Коммуникативтік бағыт шеңберінде келесі терминдер сәтті болып көрінеді, оқыту тәжірибесінде жаттығудың үш түрі барды белгілейді: нақты коммуникативтік, шартты коммуникативтік және коммуникативтік емес.

Жаттығулардың үшінші түріне тілдік аналитикалық жаттығулар және дайындық жаттықтыру жаттығулар тілдік материалды автоматтандыруға сөйлеу іс-әрекетінен тыс кіреді.

Көптеген әдістемелік басылымдарда жаттығу бірінші және екінші түрлері бөлінбейді, ал типологияға тек қана екі категория жатады: дайындық (коммуникативтік емес) және коммуникативтік жаттығулар.

Дайындық және коммуникативтік жаттығулар соңғы екі онжылдықта шетел тілін оқыту тәжірибесінде кеңінен таратылды.

Дайындық жаттығуларға келесі жаттығулар жатады, дрилл, логикалық қайтадан топтау, дұрыс-дұрыс емес, мақұлдаулар, ранжирование, қалдыруларды топтау, оқулық перифраз, ұлғайтуға арналған жаттығулар, толықтыруға арналған жаттығулар, сезіп қоюға арналған жаттығулар, «мозаика» түрі бойынша жаттығулар, тіл бірліктерінің ара қатынасының жаттығулары және бір қатар басқа жаттығулар.

Коммуникативтік жаттығуларға келесі жаттығулар жатады, «ми шабуылы», ауызша сөз сөйлеу, семантикалық картаны құрастыру, дискусияның әр түрлі (бағытталған, еркін, сценарий, рөлдік ойын, интервью, стимуляция, жоба.



Компьютерлік бағдарламалар арқылы лексиканы үйрету, олар: көрсету, бекіту және бақылау. “Weather” тақырыбына жасалған презентациямен жұмыс жасау. Бірінші кезеңде – тақырып бойынша лексиканы ендіру. Компьютерді пайдалану арқылы сөздер тізбегі көрсетіліп, білім алушылар 1 минуттың ішінде берілген тақырыппен танысып, қарап шығады. Екінші кезеңде дыбысталуды өңдеу және лексиканы бекіту жұмыстары жүргізіледі. Білім алушылар жеке дара немесе жұппен бірінші және екінші слайдтарға қайта оралып, сөздер мен сөйлемдерді қайталау арқылы жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты шамамен 5-10 минут, ол үйретілетін сөздердің көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Ал, үшінші кезеңде меңгерілген лексиканы бақылау жұмысы жүргізіледі. Білім алушыларға өтілген тақырыпқа сәйкес танымдық жаттығулар, тапсырмалар беріледі.

Лексиканы үйретудегі презентация арқылы сабақ беру тәсілінің тиімділігі:



  • жаңа лексикалық, грамматикалық (мүмкін фонетикалық)

материалдарды презентация көмегімен әсерлі және көрнекі етіп түсіндіру;

  • әрбір слайдты көрнекілік не таратпалы материал (кестелер,

схемалар, диаграммалар, т.б.) ретінде пайдалану мүмкіндігі;

  • анимациялық кескіндердің көмегімен оқушылардың назарына бақылау жасау;

  • танымдық әрекетті ұйымдастырудың әр түрлі формаларын (топтық, жеке, жұптық) қолдану мүмкіндігі;

  • оқу уақытын үнемдеуі;

  • алуан түрлі мәтіндік, аудио-бейне көрнекіліктердің үйлесімділігі;

  • оқушылардың танымдық белсенділігін көтеру, тұрақты оқу

мотивациясын қалыптастыру және жаңа оқу материалын қабылдау және ұзақ уақыт есте сақтау мүмкіндігі болып табылады.

Шетел тілін оқытуда ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі, өз ойларын айтады, дəлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар, бірі монолог түрінде сөйлеу, екіншісі диалог түрінде сөйлеу. Білім алушыны монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы өте зор. Шетел тілін оқыту əдістемелерінде (тірек) ұғымы əр түрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жүмыстарда ол стимул, əрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат білім алушының ойлауына түрткі бола алады, ал оқытушының міндеті білім алушының тыңдаған, оқыған, көрген мəліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз əрекетін ұйымдастырушы болып, ойлардың бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дəнекер бола алады.Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін,сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білу тиіс, монолог-сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер оқушылардың дайындалған монолог түрінде сөйлеуіне көп септігін тигізеді.

1. Монологқа не диалогқа тəн логиқалық сызба. Бұл сызба сөйлемдердің бірізділігін, дəйектілігін көрсетіп, ең бастысы мазмұнды болжауға, айтылуды жоспарлауға жəне лексикалық, грамматикалық толықтырылуына, стилистикалық өрнектелуіне бағытталады.

2. Логиқалық мағыналық сызба. Мұнда сұрау сөздерінің бірізділігі сақталады.

Мысалы: Who? Where When?

3.Структуралық сызба. Мұнда айтылатын сөздің логикалық, синтактистік құрылымына жəне морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады.

4. Тезис не сұрақ түріндегі жоспар.

5. Сөзді бастауға жəне аяқтауға байланысты тілдік тіректер.

Жоғарыда айтылған тірек түрлерінің барлығы да айтпақшы сөздің жалпы бағытын сонымен бірге мазмұнын,жоспарын бағдарлауға мүмкіндік береді.

Олар айтылатын сөздің логикалық құрылымын, сапалық жəне сандық толықтығын қамтамасыз етеді.

Белсенді оқыту əдістемесінің жақтастары тірек-сөйлемдерді үлгі-мəтін болмаған жағдайда, мағыналық жоспар ретінде пайдалануды ұсынады. Ал структуралық-функционалдық бағыттың өкілдері структуралықсызбаларды ойды бір сөйлем деңгейінде айтуда, əрі қарай толық мəтіннің композициясын анықтайтын логикалық-мағыналық сызба түрінде пайдалануды ұсынады.

Осыған орай алгоритімдерді де қолдануға болатындығын көрсетеді. Олардың мақсаты-оқыған мəтін негізінде өз ойын айту, өзгерту, ықшамдау, өмірлік тəжірбиесіне байланысты мағұлматты өңдеу іскерліктерін дамытуға үйрету болып табылады. Шет тілін үйренудің процессуалды бөлігі оқушылар арасындағы жұмыстың ұжымдық формаларын ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Күнделікті өмірден алынған оқушылардың болашағына байланысты ойын түрлерін, пікірталастар, дебаттар ұйымдастыру, жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін диалогтар, полилогтар құрумен қатар эр оқушыға педагогикалық психологиялық қолдау көрсету керек.

Монологты түрде сөйлеуге үйретудің бір түрі ситуациялық- рөлдік

ойындарды қолдану. Ситуациялық- рөлдік ойындарды орындау барысында əр білім алушы өзіне белгілі бір рөлді алады да сол рөлге сай өзін-өзі ұстауға тырысады. Ситуациялық-рөлдік ойындар барысында көптеген өзара байланысты тілдік ситуациялар қолданылады. Ойын атмосферасы кезінде білім алушының өзіне тəн қабілетін көрсете алуы сабақта қолданылатын жұмыс түрлерін қызықты ете түседі. Ойын кейде күнделікті өмірде кездесетін адамдар арасындағы қарым-қатынастарға құрылады да білім алушының тілдік те тілдік емес те шеберліктерін шыңдайды. Ситуациялық-рөлдік ойындар ауызша сөйлеу білігі мен дағдыларын, сондай-ақ білім алушының топ болып қарым-қатынас жағдайында оларды өздерін ұстау мəдениетіне үйретеді.

Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда білім алушының сөйлеу іскеріктерін дамытуда тіректерді коллаж ретінде пайдалану өте тиімді болып отыр, себебі ол обьектіге жəне оның компоненттеріне жан-жақты қарауға, бірден зейін аударуға мүмкіндік береді. Коллажды əсіресе елтану мəтіндерімен жұмыс істегенде қолданған тартымды, қызықты жəне тиімді. Коллаж мазмұны түрі жағынан көзбен көру көрнекілігінен жатады, ол сызба, сурет, фотоматериал,диаграмма, тақырып, сөздер жəне сөйлемдер ақпарат оқушылар бойында ассосация топтамасын туғызады. Негізгі түйін жəне оның компоненттерінің арасындағы байланыс бағыттаушы сызықтармен, түстермен жəне сандармен белгіленеді. Коллаж мəтін мазмұнын айтып беруде,болып жатқан уақиғаның даму желісін көрсетуде,қысқаша мазмұндық тірек бола алады,ал мұндағы суреттер,тілдік,графикалық сызбалар жəне тағы басқа білім алушылардың ттақырыпқа терең үңілуіне,ойдың шығармашылықпен дамыуына жағдай жасайды. Тілдік тіректер жалпы дидактикалық жəне методикалық принциптерді ескере отырып, төмендегідей талаптарға сай құрылуы тиіс:

1. Біріншіден өтіліп жатқан материалды ескеру қажет.

2. Екіншіден тіректер түсінікті жəне көрнекілі болуы тиіс.

Тілдік тіректер оқу процесін жандандырып, білім алушының монолог түрінде сөйлеу іскерліктерін, қалыптастырып, дамытады.

Кез келген сөйлеу іскерліктерін дамыту процесінде екі кезеңді, яғни сөйлеуге дайындық жəне сөйлеу кезеңін ескеру қажет. Сөйлеуге дайындық кезеңінде алдымен фонетикалық жəне лексика-грамматикалық дағдылар қалыптастырып, білім алушының өз ойларын монолог сөз түрінде айтуы жаттықтырылады. Монологтың структурасын, композициясын жəне архетиктуралық жағын үйретуде үлгі мəтінді пайдалану керек.

Сөйлеу – оқытудың мақсаты. Сөйлеу - өте көп аспектілі және кұрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Мұғалімге ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жұзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу – бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі – пікір айту пайда болады. Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жұргізу бірнеше қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен білім алушының сөйлесу қарым –қатынасы бір жақты болса. білім алушылар көбінесе үнсіз қалады. Яғни:

- өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмайды;

- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады;

- өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі келмейді.

Бұл жағдайда білім алушыны сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет.Ал, білім алушыны сөйлету үшін, ең алдымен ұстаз лексиканы қалай меңгерту керек деген сұраққа жақсы жауап беруі тиіс. Лексиканы үйретудің түрлі әдістері мен тәсілдерін білген жағдайда ғана бала жақсы сөйлеп шыға алады. Демек, білім алушының сөйлеуі үшін лексиканың маңызы зор.

Қазіргі қазақтандық қоғам көпұлттық, көптілділік, көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан, осы қоғамға бейімделген, көп тілді меңгерген, көпмәдениетті тұлға қалыптастыру - өэекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, білім алушының ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру.

Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Тәуелсіз еліміздің көшін болашаққа жетелдейтін негізгі күштің бірі –білім. Ал, елдің ертеңі терең білімді, ой-өрісі мен таным-түсінігі биік, халқын ардақтай алатын, Отанын қадірлеп-қастерлей алатын, жеті жұрттың тілін білген жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да, тәуелсіз мемлекетіміздің білімі мен ғылымының дамуы үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену бүгінгі күннің басты міндеті.

Бірақ та есте ұстар жайт: жақсы меңгерген шет тілі өз ана тіліміздің абыройын асқақтату жолында қызмет етуі.

Осы жоғарыда айтылған факторлар бүгінгі таңда жас тәуелсіз еліміздің әлемнің саяси аренасында лайықты орын алуда- шет тілін жетік игерудің өзектілігін көрсетіп отыр. Сондықтан да шет тілін игеру еліміздің білім саласын дамытудың басым бағытының бірі болып қала бермек.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет