«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»



жүктеу 68.43 Kb.
Дата20.03.2018
өлшемі68.43 Kb.


Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің


міндетін атқарушының

2015 жылғы «8» мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

3 - қосымша



«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) мөлшері 3х4 сантиметр бір түсті фотосурет;

3) жеке басты куәландыратын тіркеу карточкасы (түпнұсқа және көшірме);

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған есепке алу карточкасы;

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады..

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777.

«Шетелде Қазақстан Республикасының

азаматтарын есепке алу»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

нысан


_____________________________________________________

(есепке қабылдаған, консулдық мекеменің атауы)



ШЕТ ЕЛДЕРДЕ УАҚЫТША ЖҮРГЕН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

1.Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болғанда)_____________________________


2. Туған жерi және күнi __________________________________________

3. Паспорттың №, қашан және кiм бердi_____________________________

4. Паспорттың қолдану мерзiмi және ұзарту туралы белгiлер___________ _______________________________________________________________
5. Паспортқа енгiзiлген адамдар____________________________________ _______________________________________________________________
6. Болу елдерi визаларының жарамдылығы немесе рұқсат мерзiмi_______ _______________________________________________________________
7. Сапардың мақсаты:____________________________________________
8. Жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту және т.б. орны____________________
9. Тұрғылықты жерiнiң мекенжайы және телефон нөмiрi ______________
10. Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________________________
11. Ерекше белгiлер_______________________________________________
Қолы___________

20__ жылғы «____» __________

«Шетелде Қазақстан Республикасының

азаматтарын есепке алу»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

нысан

________________________________________________



(есепке қабылдаған, консулдық мекеменің атауы)

ШЕТЕЛДЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

 

Фото сурет



орны
1. Тегі, аты, әкесінің аты (егер тегіңізді, атыңызды ауыстырсаңыз, пайдаланған барлық

тектеріңізді атаңыз)___________________________________________________________

2. Туған күні_________________________________________________________________

3. Туған жері_________________________________________________________________

4. Ұлты______________________________________________________________________

5. Білімі мен мамандығы, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз____________________

____________________________________________________________________________

6. Шетелге шығудың мақсаты және күні__________________________________________

7. Қазақстан Республикасында бұрынғы тұрғылықты мекенжайы_____________________

____________________________________________________________________________

8. Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы мен телефон нөмірі___________________________

____________________________________________________________________________

9. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы________________________________________

____________________________________________________________________________

10. Қазақстанда туыстарыңыз бар ма, олардың тектері мен мекенжайлары_____________

____________________________________________________________________________

11. Паспорттың нөмірі, қашан және кім берді, қолдану мерзімі_______________________

12. Паспортқа енгізілген тұлғалар________________________________________________

13. Паспорттың мерзімін ұзарту және ауыстыру туралы белгілер______________________

14. Жергілікті билік берген құжаттардың көшірмелері_______________________________

15. Қазақстан Республикасына сапарлары туралы белгілер___________________________

16. Ерекше белгілер ____________________________________________________________



Қолы____________                                         20___ жылғы ___________



Каталог: assets -> Consular%20documents
assets -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет