Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар



жүктеу 340.87 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі340.87 Kb.

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР


8





Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар







Мазмұны


Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар 1

Мазмұны 2

ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 2

Қытай 2020 жылы қызыл планетаға жүретін марстық машина жібереді 3

Финляндияда пилотсыз электрмаршруткалары жіберілді 3

Дубайда өзінің жеке Hyperloop-ын салуды жоспарлап отыр 5

Қытай әлемде бірінші квантты байланыс серігін іске қосты 6

NASA марсқа саяхат жасау үшін роботтарды дайындайды 7

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 9

3D-принтерінде әлемдегі ең жоғары технологиялық велосипеді басылған 9

Израильде тамақ өнімдері қалдықтарынан газ өндірісін игерді 10

Камаз Шатл пилотсыз шағын автобустарын көрсетті 11

Сымсыз трамвай: 30-секундтық қуаты 5 километрге жетеді 12

NHK Жапондық телекомпания әлемде бірінші болып 8К пішімінде хабар таратуын бастайды 13

Экологиялық және үнемді: электропитбайктың велосипедтпен гибриді 14

Китай ғарыштық гипердыбыстық ұшақты жасайды 15

ИИДМБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ 16

Н.Назарбаев Ж. Қасымбекпен «Нұрлы жол» және ИИДМБ іске асыру жайлы талқылады 16

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17

3D-басып шығару соқыр аналарға өздерінің әлі туылмаған балаларын алғаш рет «көруге» мүмкіндік туғызады 17

Операцияларды жасауға қабілетті қашықтықтан басқарылатын медициналық микророботтар жасалды 18

Сингапурлық ғалымдар келешектің бетонын жасады 19

Hyperloop One инженері: ұшатын автокөліктер бес жылдан кейін пайда болады 20

Виртуалды ақиқаттың әлемдегі алғашқы спутнигін келесі жылы іске қосады 21

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР 23

Facebook жарнаманы бұғаттаушылардан айналып өтетін әдіс ойлап тапты 23

ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР 25

Алмалар мен басқа да жемістерді жинауға арналған робот жасалды 25

ПРОЦЕСТІК ИННОВАЦИЯЛАР 26

Microsoft және Mit ұсынған татуировка смартфонды басқаруға мүмкіндік береді 26

Google жаңа Fuchsia операциялық жүйені әзірлейді 27

МАРКЕТИНГТІ ИННОВАЦИЯЛАР 28

Apple әлемге жаңа смартфондарын 2016 жылдың 7 қыркүйегінде ұсынады 28

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР 30

Қиын операцияларды өткізуге қабілетті робот-хирург жасалды 30

ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



Қытай 2020 жылы қызыл планетаға жүретін марстық машина жібереді







NASA америкалық аэроғарыштық агенттігі Марсқа 2020 жылы жаңа роверді жіберуді жоспарлап отырған жалғыз агенттік емес екен. Ұқсас жоспарлары туралы Қытай 2020 жылдың шілде немесе тамыз айына қарай Қызыл планетаға өзінің марсқа жүретін машинаны отырғызуды жоспарлайтынын айтты.


Синьхуа қытайлық ақпараттық агенттігі хабарлағандай, алдағы ғарыштық миссиясы туралы баспасөз-конференцияда Бейжіңде оның келешек жетекшісі Чжан Жун Цяо айтты. Маман марсқа жүретін машинаны іске қосу Long March-5 тасығыш-ракетасының көмегімен жүзеге асырылатындығымен бөлісті. Жібергеннен кейін 5 айдан кейін отырғызу модулі Қызыл планетаның орбитасына шығады, одан кейін өзінің саяхатын марсқа жүретін машина бастайтын экваториалды бөлігіне отырғызуды жүзеге асыратын болады.

Соңғы жылдар ішінде Қытай өзінің ғарыштық бағдарламасын белсенді дамытады. 2013 жылға қарай Айға «Юту» ровері жіберілген болатын, ол біздің табиғи спутникте алдындағы жоспарланған үш айдың орнына екі жыл жұмыс істеді. Жақында ел алғашқы квантты спутнигін іске қосты және квантты қорғанышымен алғашқы ғаламдық Желіні жасауды жоспарлап отыр.

Марсқа 2020 жылға қарай жіберілетін алты дөңгедекті ровер «Юту» айға жүретіннен ірі келген және шамамен 200 килограмм салмағы бар. Ол мықты радар мен қашықтықтан зондтау камерасы бар он үш түрлі ғылыми құралдармен жарақталған. «Юту» сияқты марсқа жүретін машинаның негізгі бағдарламасы 3 айға есептелген.
Дереккөз: http://hi-news.ru/space/kitaj-v-2020-godu-otpravit-na-krasnuyu-planetu-marsoxod.html

Финляндияда пилотсыз электрмаршруткалары жіберілді







Финляндияның астанасы электрлікпен жұмыс істейтін екі жаңа пилотсыз автобусты өз басқаруына алды. Yle сайты екі жолаушы көлік құралының Хернесаари ауданы бойынша бағытталатынын және адамдарды 2016 жылдың қыркүйегінің ортасына дейін таситынын хабарлайды.


EasyMile EZ10 автобустарын Францияда жасайды, өндірісі Robosoft үнділік компаниясымен бірлесе жұмыс істейтін Liger автомобильді француздық концернімен реттелген. Автобустар сағатына 40 километрге дейін жылдамдықты ұлғайта алады, бірақ фин астанасының билігі жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында сағатына 10 километрге дейін пилотсыздардың жылдамдығын шектеу туралы шешім қабылдады. Алдында осы автоматты басқарылатын электробустар француз полигондары мен кәдімгі жолдарда тестіден өткен, бірақ оларды кәдімгі машиналармен бірге көшеде жіберу шешімі қазір ғана қабылданды. Шағын-автобустар жолаушыларды жақын қашықтыққа тасымалдай алады. Метро станциясынан автобустардың аялдамасына дейін. Әзірге осы, әлі ескеретін және жете пысықтайтын мәселе өте көп!

Финляндия —керемет ел, пилотсыз техниканы жүргізіп жаттықтыру үшін жақсы келіседі, жергілікті заңдар роботтарға жолаушыларды тасымалдауға және автокөліктің көшедегі қозғалысына қатысуға тыйым салмайды ғой. Қанша жүргізем десең де өз еркіңде.

Финдықтар жүргізушісі жоқ «ақылды» автобуста жүру бұйырған жалғыз адамдар емес. Ертеректе АҚШ-та 3D-принтерінде басылған Olli электрлік шағын автобусты жаппай өндіріске дайындай және тестілей бастады, ресейлік Volgabus компаниясы жолаушыларды тасымалдау және жүкті тасу үшін қолдануға келетін әмбебап өздігінен жүретін және модульді автоплатформаның әзірлемесімен айналысады, атқарым деректері Сколковода белсенді тестілеуді өткізіп жатыр.
Дереккөз: http://hi-news.ru/robots/v-finlyandii-zapustili-bespilotnye-elektromarshrutki.html

Дубайда өзінің жеке Hyperloop-ын салуды жоспарлап отыр







Дубай қаласының үкіметі Built Earth Live конкурсын жариялады, оның шеңберінде 48 сағаттың ішінде әлемнің түпкір-түпкірінен 100 команда мамандары Hyperloop жоғары жылдамдықты темір жолының жергілікті нұсқасы үшін дизайн жасауға тырысады.


Осы конкурста жеңіске жетудің басты шарты кемінде 10 минут ішінде Дубайдан Эль-Фуджайр қаласына жолаушыларды жеткізуге теміржолдың қабілеттілігі болып табылады. Екі қаланың арасындағы қашықтық шамамен 105 километрді құрайды.

Біріккен Араб Әмірліктері бүгінгі күні әлемнің ең ілгері «ақпараттық қолжетімділік» жоспары рейтингінде үшінші орынды алып отыр. Бұл индекс электронды құрылғылардың 11 түрлі санаттарында Желіге қосылған тұтынушылардың санын көрсетеді. Мұндай смартфондар, планшеттер, мобильді және үстел ДК, Smart TV, ойын консольдері және басқа да гаджеттер кіреді. Бұл ретте БАӘ Германиядан, Норвегиядан, Ұлыбританиядан, Жапониядан және әлемнің көптеген дамыған елдерінен озады. Рейтингте алғашқы болып Гонконг пен АҚШ. БАӘ өзінің көлік жүйесінің алға жылжыту жоспарында көш бастауға кіріскен сыңайлы.

Build Earth Live конкусры 2016 жылдың қыркүйек айында өтеді. Ел үкіметі өз планетасынан үздік ақыл конкурсына қатысуға тартуды жоспарлайды. Осылар әлемдегі ең жылдам темір жолдардың бірін құру әрекетінде ми шабуылын екі күн бойы жасайды. Екі күндік конкурстың нәтижелері бойынша тек екі команда «финалға» өтеді, олардың жобаларын бұл жерде сараптау комиссиясы бағалайтын болады. Жеңімпаз-команда Hyperloop іске қосу және салу, әрі қарай зерттеу жүргізу үшін қажетті БАӘ үкіметінен қаржыландыруға ие болады. Осылайша Дубай Элона Маска жобасы жұмыс істейтін әлемнің бірінші қалаларының біріне айналады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/v-dubae-planiruyut-postroit-svoj-sobstvennyj-hyperloop.html


Қытай әлемде бірінші квантты байланыс серігін іске қосты







Сәтті бастау 2016 жылдың 15 тамызында Цзюцюань ғарыш айлағынан жүзеге асырылды. Серікті орбитаға жеткізген ракетаның атауы Long March-2D, ал оны іске қосу екі жылға есептелген Quantum Experiments at Space Scale (QUESS) миссиясы шеңберінде болды.


Серіктің салмағы 600 астам килограммды құрайды, оның орбитасының биіктігі 500 километр, ал Жердің айналасынан айналу кезеңі 90 минут. Серікті Мо-Цзы деп жарықтың оптикалық қасиеттерін зерттеуде алғашқы болып қатысқан қытай филосовы және ғалымның құрметіне атады.

Жаңа серіктің көмегімен қытайлық аэроғарыш агенттігі квантты шифрлеу негізінде байланыстың қорғалған сеанстарының тестілерін өткізгелі жатыр: станция бір бірінен километрден астам қашықтықта орналасқан Бейжің мен Үрімші екі жер үсті станцияларының квантты шиеленісуі күйінде фотондарды жіберетін болады. Сондай-ақ серіктің көмегімен квантты телепортация бойынша тәжірибе өткізу жоспарланған.

Квантты телепортация — кеңістікте ажыратылған ілініскен (шиелініскен) жұптың көмегімен қашықтыққа бөлшектердің квантты күйін беру. Квантты телепортация кезінде бөлшек жіберу нүктесінде бұзылады, одан кейін қабылдау нүктесі пайда болады.

Квантты телепортация бойынша тәжірибелер спутниктегі арнайы тестілеу камерасы және Тибеттегі жер үсті станциясының арасында жүзеге асырылатын болады. «Екі жаққа» бөлшектерді телепортациялауды жүргізу жоспарланады.

QUESS сәтті аяқталса Қытай үкіметі ғаламдық желіні бұзудан қорғауды жасау мақсатында квантты байланыс спутниктерінің санын орбитаға шығаруды жоспарлайды.
Дереккөз: http://hi-news.ru/space/kitaj-zapustil-pervyj-v-mire-sputnik-kvantovoj-svyazi.html

NASA марсқа саяхат жасау үшін роботтарды дайындайды







Хьюстон және NineSigma NASA Ғарыш орталығымен бірлесе отырып жаңа конкурсқа тіркеуді ашты — Space Robotic Challenge. Бұл шара Марсқа саяхат жасауға ғарышкерлерге көмектесетін андроидтерді әзірлеудің мүмкіндіктерін іздеуге бағытталған.


Space Robotics Challenge роботтардың икемділігі шеңберін кеңейтетін 1 миллион доллар сыйлығы бар конкурс болып табылады. Командалар NASA Robonaut 5 (R5) роботының негізінде үлгіленген виртулды роботты бағдарламалауы және байланысты кідіртуді қосатын ынталандырғышта тапсырма сериясын орындауы тиіс.

Жерде роботтандырылған жүйелер гидравликаны қолданудың арқасында ерекше икемділікке қол жеткізді, бірақ ғарышта оларды планеталардың бетіндегі қатты жағдайлар мен қатудың төменгі температурасы үшін қолдануға болмайды. R5 гидравликаның орнына икемді технологияларды – ғарыштағы жұмыстың проблемаларын шешуі керек болатын новаторлық тәсілдемені қолданады. Бұл технологиялар сондай-ақ Жердегі адамдарға да қажет болып қалуы мүмкін, себебі біздің туған планетамыздағы қауіпті немесе төтенше жағдайларда жұмыс істей алады.

«Байланыстың кідіруімен жұмыс істей алуға қабілетті дәл және епті роботтарды біздің астронавттарды қолдау үшін шешуші мәнге ие болатын күрделі және қауіпті міндеттерді шешу үшін Марсқа және басқа да жерлерге ғарыш ұшулары мен жер үсті экспедициялары барысында қолдануға болады, — дейді NASA Centennial Challenges бағдарламасының басшысы Монси Роман. — NASA және біздің серіктестер қоғамның осы шақыруға жауап беретіндігіне және инновациялық технологияларды көрсете алатынына сенімді».

Конкурс виртуалды ортада өтетін болады. Әрбір R5 командасы марсиандық мекендеу ортасына зиян келтірген бұрқасынды шаңның салдарын шешетін болады. Үш міндет бар: байланыс тарелкасын баптау, күн массивін жөндеу және тұрғын үйге кемуін болдырмау.

Конурсқа қатысу үшін тіркеу осы аптада басталды, іріктеу туры қыркүйектің ортасынан қарашаның ортасына дейін өтетін болады. Осв турдың финалға қатысушылары желтоқсанда жарияланады және 2017 жылдың қаңтарынан маусымның ортасына дейін ашық практикаға қатысады. Соңғы виртуалды конкурс 2017 жылдың маусымында өтеді, ал жеңімпаздар маусымның аяғына қарай анықталады.

Жарыс шеңберінде әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету, басқа да робот техникалық жүйелеріне қолданылатын болады, бұл оны Robonaut 2 сияқты роботтардың анағұрлым ескі үлгілеріне, сондай-ақ келешек үлгілеріне қатыстыруға мүмкіндік береді.

Конкурстың шеңберінде әзірленетін технологиялардың арқасында роботтар астронавттардың алдында келіп, мекендеу ортасын баптап және күн көзінің батареялары, байланыс өмірмен қамтамасыз ету жүйелерін баптай отырып және тіпті алғашқы ғылыми зерттеулерді өткізе отырып жерге қону үшін таңдалған учаскелерде алдын ала миссияларына қатыса алады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/space/nasa-gotovit-robotov-k-puteshestviyu-na-mars.html

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



3D-принтерінде әлемдегі ең жоғары технологиялық велосипеді басылған







«Велосипедті не үшін ойлап шығару керек?» деген ой да туындауы мүмкін. Және екі дөңгелекті қозғалу құралының ғасырлар бойы қалыптасқан конструкциясымен жаңа нені ойлап табуға болады?

Электр қозғалтқышы, түрлі навигациялық және қосалқы гаджеттері бар үлгілердің бірталайы бар, бірақ қарапайым екі дөңгелекті досымызды жасау үшін заманауи технологияларға қол жеткізу ешкімнің ойына кіріп шыққан емес. Бельгияның өнертапқыштарынан басқа ешкімнің ойына кіріп шыққан жоқ.

Жасап шығарылуы үшін атауы ерекше Flam王D (Flame3D деп оқылады) компаниялардың тобы жауап береді.Жоғарыда айтылып өткендей, барлық бөлшектері 3D- принтерінде басылған, ал велосипед 王-Bike (дұрысы Е-Bike деп оқылады) атауына ие болды. Конструкциясының негізінде велосипед рамаларын жасау кезінде қолданылатын кез келген қазіргі заманның алюминий қорытпасынан жеңілірек және берік өте берік полимер жатыр. Бір полимерден велосипедтің барлық дерлік бөлшектері жасалған, оның ішінде дөңгелектері мен тежегіш жүйесі бар. Барлық бөлшектері ең көп жүктемені сақтай алады және қатты соққыларға шыдайды. Оның үстіне, кейбір бөлшектері, мысалы отырғыштары мен басқыштары дененің бөлшектерінің пішімін қайталайтын берік қыздырылған металлдан жасалады. Айта кету керек, мұндай материалдар велосипедті жасау кезінде алғаш рет қолданылып отыр.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/na-3d-printere-napechatan-samyj-vysokotexnologichnyj-velosiped-v-mire.html

Израильде тамақ өнімдері қалдықтарынан газ өндірісін игерді







Израильден стартап тағам дайындауға немесе үйді жылытуға болатын пайдасымен тұрмыстық қалдықтарды пайдалануды ұсынған.

Ол үшін тәулігіне төрттен сегіз литр газға дейін шығара алатын бұл 2-4 сағаттың ішінде ас үй плитасының жұмысы үшін жеткілікті болады, үй портативті биогаз блогын әзірлеу қажет болды.

Өнертабыс HomeBiogas деп аталады, және көріп отырғандарыңыздай, кәдімгі қоқыс багынан ешқандай ерекшелігі жоқ. Оның үстіне ол адамдар энергияның жаңартылатын көздеріне қолжетімділікпен проблемаға тап келетін жерлерде қажет болып қалуы мүмкін. Басқа адамдардың өздері, тіпті жай ғана үнемдегісі келетіндер осындай керемет заттан бас тартпайтын шығар.

Аталған газ көлемін шығару үшін блокқа кез келген тағам қалдықтарының шамамен алты килограммын салу керек, оның ішінде ет сүт өнімдері жарай береді. Әдетте мұндай қалдықтарды компостерлеуге болмайды, бірақ израильдік ғалымдар үшін біріншіні, екіншіні және компотты әзірлеу үшін газ шығару үшін жарай береді.

Құрылғының пайдалы функциялары мұнымен бітпейді. Өндіруші осындай биогаз қалдығын пайдаланып отырған әрбір үй, жылына алты тоннаға көмірқышқыл газының пайда болуын қысқартуға көмектеседі және осы мерзімге бір тоннаға дейінгі қоқысты жоюға септігін тигізеді.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/v-izraile-osvoili-proizvodstvo-gaza-iz-pishhevyx-otxodov.html

Камаз Шатл пилотсыз шағын автобустарын көрсетті







Крокуста өткен Экспо Мәскеулік халықаралық автосалоны (МХАС-2016) шеңберінде КАМАЗ автоконцерннің конструкторлары елге келешекте дәстүрлі қоғамдық көліктің орнын ауыстыруға қабілетті пилотсыз шағын автобустардың жобасын ұсынатын болады.

Шын мәнінде, Шатл шағын автобус қана емес, қоғамдық көлікті жақсартуға арналған тұтастай экожүйе болып келеді. Шағын автобустар алдын ала салынған бағдарлар бойынша қозғалмайтын автономды қозғалыс құралдары болып табылады. Бағдар жолаушылардың қажеттіліктеріне байланысты құрылатын болады: мобильді қосымшаның көмегімен адам жету қажет болатын орналасқан жері мен нүктесін белгілеуге қабілетті, бұлтты сервис жанындағы 12 адамнан (атап айтқанда жаңа көлік құралының сыйымдылығына байланысты) деректерді жинайды және шағын автобусты тікелей тапсырыс берушіге жібереді. Оның үстіне, шақыру кезінде Шатлды қолданғыңыз келетін режимді таңдауға болады: такси ретінде немесе ұжымдық көлік ретінде ме. Сәтті сынаулар кезінде ірі қалаларда осындай машиналардың тұтастай паркін құру жоспарланады.

Жоба бойынша тек КАМАЗ мамандары ғана емес навигациялық бағдарламалық жабдықтаманы ұсыну мен инфрақұрылым үшін жауап беретін Яндекстің қызметкерлері де жұмыс жасайды. Шағын автобустың габариттері ұзындығы бойынша 4,6 метрді және ені бойынша 2 метрді құрайды, қозғалуының максималды жылдамдығы 25км/сағ аспайды, көлік құралының барлық дөңгелектері айналады, сондықтан ол «жанымен» де қозғала береді, бұл қаланың қозғалысы көп аудандарында тұраққа қоюға ыңғайлы болады. «Жергілікті жерлерде бағдар алу» үшін қақтығысудың алдын алу үшін және жылдамдық режимін бақылау үшін радарлар, камералар, ультрадыбыстық хабарлағыштар мен қауіпсіздіктің түрлі жүйелері қолданылады. Оның үстіне автобус композитті негіздемеде және толық жетегімен металл корпусымен жабдықталған.

2018 жылға қарай пилотсыз автобустарды көрме орталықтарында, ғылымды қажет ететін қалаларда, мұражай кешендерінде және әуежайларда пайдалануға жоспарланған. Айта кету керек, бұл қоғамдық көлік саласында жақсарту бойынша Кам автозауыты мамандарының бірінші тәжірибесі емес: Дәл қазір Мәскеу көшелерінде отандық өндірістің экологиялық таза электробусы тест сынауынан өтіп жатыр.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/kamaz-prodemonstriroval-bespilotnye-mikroavtobusy-shatl.html


Сымсыз трамвай: 30-секундтық қуаты 5 километрге жетеді







Zhuzhou Electric Locomotive (Чжучжоу электровоздар)Қытайлық машина құрылыс компаниясы бірмезгілде 380 жолаушыға дейін тасымалдауға қабілетті «сымсыз» трамвайды әзірлеп шығарды.


Суперконденсаторларды қолданудың арқасында, өндіруші қысқа уақыттарға тоқтау кезінде платформаларға қуаттала отырып сымсыз бағдар бойынша жылжуға қабілетті көлік құралын жасап шығарды. 3-5 километр өту үшін, трамвай шамамен 30 секунд бойы жолаушыларды күтіп тұруы керек – бұл аккумуляторды қуаттауға және әрі қарай кете беруге жеткілікті болады.

Синьхуа Қытайлық жаңалықтар агенттігі, көлік құралын жасауда қолданылатын барлық технологиялар және өндіріс үшін қажетті бөлшектер Қытайды әзірленіп шығарылғандығын көрсетті. Мұндай алғашқы вагон конвеерден 2016 жылдың 1 тамызынан бастап шықты. Енді тек қуаттау құрылғылары бар аялдамалар жасау керек, болды: трамвайлардың мүйіздерін кесіп алып, көшелерден әдемілікті бұзып тұрған сымдарды алып тастауға болады.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/besprovodnoj-tramvaj-30-sekundoj-zaryadki-xvataet-na-5-kilometrov.html


NHK Жапондық телекомпания әлемде бірінші болып 8К пішімінде хабар таратуын бастайды







Жапония, әрдайым озық жоғары технологияларында болуға тырысады. NHK телекомпаниясы әлемде бірінші болып 8К орасан зор рұқсатты спутникті жүйелі көрсетілімдерін бастайды (7680 х 4320 пиксель). Super Hi-Vision пішімінде сигналды берудің алғашқы тестілері кеше өтті.


Тәжірибе барысында теледидар контенті 4К және 8К рұқсаттарында кезекпен берілді. Естеріңізге салып өтейік, 8К – бұл 1080 р ретінде көрсету кезіне қарағанда он алты есе көп. Оның үстіне көрсетілім 24 динамикпен surround-жүйелерін ұстайтын 22.2 пішімінде аудионы сүйемелдейтін болады.

NHK телеарнасы таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 5-ке дейін 8К пішімінде хабар тарататын болады. Жапонияда осындай телесигналды қабылдауға жарамды мұндай жабдық ешкімде болмағандықтан, NHK адамдар керемет сападағы көріністерді көруі үшін бүкіл ел бойынша арнайы үлкен экрандарды орнатқан.

Жақын арада телекомпания Рио-дағы олимпиада ойындарының 8К көрсетілімін бастауды жоспарлап отыр, сапасы жоғары теледидар контентіне қызығушылықтың мол болатыны сөзсіз. Әділдік үшін, айта кету керек бүгінгі күні 4К рұқсатының қолдауымен теледидарлар барлығында жоқ. Бірақ NHK телекомпаниясы үшін бұл кедергі емес, себебі ол адамдар дайын болғанның алдында жаңа технологияларын алға жылжытқан. Мысалы, компания HD пішімінде хабар таратуды өткен ғасырдың 80 жылдары бастаған болатын.
Дереккөз: http://hi-news.ru/entertainment/yaponskaya-telekompaniya-nhk-pervoj-v-mire-nachinaet-veshhanie-v-formate-8k.html

Экологиялық және үнемді: электропитбайктың велосипедтпен гибриді







Гибридизация әзірлеушілер үшін, тәжірибе жасау үшін кең өрісті аша отырып ерекше қызығушылықтарын тудырады. . Электровилосипедтерінің Ресейлік өндірушісі Eltreco тренді қолдап, ерекше үлгіні шығарды – электропитбайк пен Sparta New Lux Orange велосипедінің гибриді.


Негіз ретінде күрделі жүктерді көтеруге қабілетті берік рамасы мен үлкейтілген клиренсі бар питбайктың конструкциясы алынды (мотокроссқа арналған шағын-мотоцикл). Көлік құралын электромотор немесе басқыштарын айналдыру көмегімен қозғалтуға болады. 1000 Вт қуаты Sparta New Lux Orange 40 км/сағ дейін оңай жылдамдық алуға мүмкіндік береді - екі есе жинақы электробайк үшін керемет нәтиже. Ол екі бірдей тежегіш жүйесімен жарақталған. Екіншісінің қосымша плюстері бар – тежеу кезінде аккумуляторды қуаттайды және тежегіш дискілерінің пайдалану мерзімін ұзартады.

Бір қуатымен құрылғы шамамен 40-50 км жол жүреді, одан кейін жүрудің қашықтығын шектеусіз «велосипедті» режимге ауысуға болады. Анағұрлым қолайлы жылжу үшін велоотырғышын орнату мүмкіндігі қарастырылған (ауыстырып қосқыш жиынтық ішінде бар).

Sparta New Lux Orange тек қала бойынша ғана емес, жолсыз жерлермен жылжуға арналған. Амортизаторлары жолдың бедерлі жерлерін тегістейді, ал Maxxis HOLLYROLLER әмбебап қақпақшалары экстремалды жүріс үшін тамаша өту мен шудың төмен деңгейін қамтамасыз етеді.

Бортты компьютер дисплейінде райдерге қажетті ақпараттың барлығы көрсетіледі: ағымдағы жылдамдығы, өтілген қашықтығы, аккумулятор қуатының деңгейі. Электропитбайктың қосымша баптауларын Airwheel (iOS және Android үшін) мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.


Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=15656


Китай ғарыштық гипердыбыстық ұшақты жасайды







Қытайлық аэроғарыштық ғылыми-технологиялық корпорациясы әуе көлігіне кәдімгі әуежайдан көтеріліп, тура орбитаға бағыт алуға мүмкіндік беретін үйлесімді циклымен жаңа қозғалтқыштарын пайдаланудың мүмкіндіктерін зерттей бастайды.


Жоба бойынша жұмыс істеп жатқан корпорация инженері Чжан Юн Қытай жақын арада 2030 жылы пайдалануға енгізуді жоспарлап отырған жаңа ғарыштық ұшағы бойынша жұмысты бастайтын хабарлайды.

Көлденеңнен ұшу үшін машина реактивті қозғалтқыштарды қолданатын болады, әуеде болған кезінде ұшақ тура нүктелі әуе-реактивті қозғалтқыштарына ауыса алады, ал біраз жылдамдық алғаннан кейін жоғары дыбыстық жануымен кәдімгі әуе-реактивті қозғалтқыштарынан ерекшеленетін гипердыбыстық тіру нүктелі-әуе қозғалтқыштарына ауысады. Гибридті ғарышплан атмосфераның жоғары қабаттарына ұша алады, ал орбитаға шығуы үшін өзінің ракеталық қозғалтқыштарын қолданатын болады.

Қытайлық аэроғарыштық ғылыми-технологиялық корпорациялары ұшақтың планетаның орбитасына ұшқан кезде тиімді болатынына сенім артады. Инженерлер, мұндай ұшатын аппаратты іске қосу арзанырақ болатынын айтады, демек ұшақты тек ғылыми мақсаттарда ғана емес, ұшу үшін қолдануға болады. Қытайлық инженерлердің әзірлемесі аспан астында ғарыш туризмін дамытуға көмектесуі ықтимал.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/kitaj-sozdayot-kosmicheskij-giperzvukovoj-samolyot.html

ИИДМБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ



Н.Назарбаев Ж. Қасымбекпен «Нұрлы жол» және ИИДМБ іске асыру жайлы талқылады







ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің индустриалды-инновациялық дамуы мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге министрлік қызметінің басым бағыттары туралы мәлімдеді.

Елбасы республикаға тікелей шетел инвестицияларын тартуды ынталандыру мен экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды құру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру керек екендігін атап өтті.

Оның үстіне, Қазақстанның Президенті жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға шақырылған «Нұрлы жол» бағдарламасы щеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін қозғады.

ҚР Инвестициялар және даму министрі атап өткендей, ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа жол жабынының шамамен 800 км пайдалануға енгізу жоспарланған.

2020 жылға дейін 7 мың км ұзындығы бар автожолдың құрылысы аяқталатын болады, оның ішінде Астана-Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтау және т.б. бар.


Дереккөз: http://www.government.kz/ru/novosti/1002888-n-nazarbaev-obsudil-s-zh-kasymbekom-realizatsiyu-gosprogramm-n-rly-zhol-i-gpiir.html

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР



3D-басып шығару соқыр аналарға өздерінің әлі туылмаған балаларын алғаш рет «көруге» мүмкіндік туғызады







In Utero 3D Польшалық компания мамандары жақында ата-ана болатын соқыр адамдарға өз қызметін ұсынады. 3D-принтерінде басып шығарылған олардың әлі туылмаған балаларының ауқымды үлгілері көз жанарынан айрылған адамдарға саусақтарының бастарымен өз сәбилерінің аяқтары мен қолдарын сезіну мүмкіндігін сыйлайды.

« Мен өзім де көп балалы анамын, — деп әңгімесін бастады In Utero 3D компаниясының негізін қалаушы Александра Витковска тілшілерге, — өзімнің әр балама жүкті болған кездегі сезімім есімде. Әсіресе олардың бет әлпеттерін бірінші рет көрген ультрадыбыс сеанстары ерекше есімде қалыпты. Сол кезде соқыр аналар мен әкелерге ұмытылмас сезім сыйлайтынымды білген едім. Бір ата-анадан екіншілерге осындай кішігірім сыйым».

Егер сіздер компания осылайша соқыр ата-аналар есебінен пайда табады деп ойлайтын болсаңыз, қателесесіз. Сәбидің бейнесін басып шығару In Utero 3D не бары 1 евро тұратын болады. Бірақ егер сіз Польшада тұрсаңыз. Егер Сіз басқа елден болсаңыз, онда сол 1 евро немесе 1 доллар үшін ультрадыбыстық сканирлеу нәтижелері бойынша компанияның мамандары 3D-принтері үшін файл жасайды да, сізге электронды пошта арқылы жібереді, ал оны өзіңіз басып шығарасыз. Басып шығару процесі 4 тен 7 сағатқа дейін уақытыңызды алады.

Бұл жағдайда ультрадыбыстық сканирлеудің нәтижелері дұрыс форматта сақталуы өте маңызды. Тек компания қызметкерлері ғана олар бойынша баланың үш өлшемді үлгісін құра алады. Как утверждает Александра Витковска, для этого родителям не понадобится какое-то дополнительное дорогостоящее исследование. УДЗ қазіргі заманғы аппараттарының көп бөлігі жатыр ішіндегі ұрықтың үш өлшемді үлгісін жасай алады. Әр кезде мінсіз емес әрине, бірақ алынған деректер соқыр ата-ана өз баласын алғаш рет ұстап көруі үшін жеткілікті болады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/3d-pechat-pozvolit-slepym-materyam-vpervye-uvidet-svoix-eshhyo-ne-rodivshixsya-detej.html

Операцияларды жасауға қабілетті қашықтықтан басқарылатын медициналық микророботтар жасалды







Соңғы бірнеше жыл бойы адамның ағзасының түрлі бөліктерінде манипуляцияларды жасай алатын шағын роботтарды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұрын роботтар асқазан ішек жолдарымен немесе қан тамырлары бойынша пассивті түрде жүрсе, жақын арада барлығы өзгеруі мүмкін, себебі адамның бақылауымен дәрілерді жеткізе алатын және тіпті хирургиялық операцияларды жасауға қабілетті микророботтар жасалды.

Өнертабыс үшін Швейцариядан ғалымдардың екі тобы жауапты: Швейцариялық федералды Лозанна политехникалық университетінің мамандары Швейцариялық ведералды технологиялық институтының мамандарымен бірге. Олардың роботтары таргетацияланған жолымен дәрілік препараттарды жеткізуге, сондай-ақ дәлділігі жоғары операцияларды, мысалы тамырды тромбтан тазарту бойынша орындауға қабілетті. Оның үстіне, роботтар электромагнитті өрістің, сондай-ақ жылудың (жылу көзімен жылжи отырып) және тіпті лазердің көмегімен қашықтықтан басқару функциясымен жарақталған.

Микророботтардың өздері жұмсақ, икемді және өте жылжымалы болып табылады. Роботтың негізін қаңқасы ретінде нанобөлшектері құрайды, сондай-ақ жоғарыда аталған күштің әсерімен жұмыс істейтін сезімтал «қозғалтқыштар» бар. Екінші элемент роботтың капсуласына икемділік беретін гидрогель. Және негізгі құраушы бөліктерінің үштігін тұйықтайтын инертті зат ішінен капсула, ол бір сәтте микроскопиялық докторды бұза алатын адамның имунды жүйесін «алаңдатпау» үшін жасалған.

Микророботтарды жасаудың процесі де бірегей: гидрогельдің қабатында магнит сияқты жұмыс істей бастайтын нанобөлшектері таратылады, осының есебінен кез келген бағытта электромагнитті өрістің әсерімен роботты бағыттауға болады.

Роботтың бетінен сұйық ортаға түскен кезде қататын полимер қабаты жағылады. Микророботтар «белгіленген жерге» жеткеннен кейін роботтарды дәрілік құралдарды жіберуге немесе хирургиялық құрал болып табылатын кішкентай жгутты жіберуге итермелейтін қыздыру жүргізіледі.

Өнертабыстардың көбі сияқты, бұл табиғаттың өзімен қарастырылған. Роботтың қозғалысы African trypanosomiasis бактериясының жүрісіне негізделген, олар қозғалу үшін кішкентай жгутты пайдаланады, бірақ қауіп төнген кезде оны ішке тарта алады және электрохимиялық градиенттің бағыты бойынша жылжи алады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/robots/sozdany-medicinskie-mikroboty-s-distancionnym-upravleniem-sposobnye-delat-operacii.html


Сингапурлық ғалымдар келешектің бетонын жасады







Бетон, құрылыс материалдарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылса да, біршама жағымсыз кемшілікке ие. Уақыт өте келе ол кебеді, жарылады және нәтижесінде қатты қысым астында сынып кетуі мүмкін. Наньян технологиялық университетінің (Сингапур) ғалымдары сынудың орнына иілуі үшін осы материалды берік ету әдісін ойлап тапты.

Әдетте бетонды цемент, қиыршық тас, құм және судан жасайды. ConFlexPave, сингапурлық ғалымдардың жасаған материалының тағы бір компоненті бар – ол полимерлі шағын талшықтары. Олар адамның шашынан жұқа келеді, бірақ бетонға қосқан кезде көрсетілетін қысым кезінде жүктемені біркелкі тарату жолымен оны берік етуге қабілетті.

Нәтижесінде ConFlexPave жасаушылары пайымдағандай, «ол металл сияқты икемді, және кәдімгі бетон үшін максималды жүктемеден асатын екі есе жүктемені ұстауға қабілетті». Оның үстіне, жасаушылары материалдың сырғанауға қарсы әсерінің жоғары дәрежесіне ие екендігін айтты.

Жаңа материалды зауытта жасауға болады, содан кейін құрылыс алаңына жеткізеді. Бұл жағдайда бетонды орнында араластыратын құрылысшылардың жұмыстары жеңілдеп қана қоймай, уақытына қарай екі есе жылдам материал әзірленеді екен. Уақыт өте келе плиталар сынған кезде, оларды ауыстыруға болады (мұндай тәжірибе кәдімгі бетон плиталарымен де бар).

Қазіргі сәтке ConFlexPave жаңа материалын сынау тек зертханада өткізілген. Бұл жағдайда кәдімгі үстелдің өлшеміндей плиталары қолданылған. Әрі қарай ғалымдар университеттік кампус аумағында жаңа нысандардың құрылысы үшін осы материалдан жасалған плиталарды қолдануды жоспарлайды. Кезекте бірінші тұрған жаяу жүргіншілер және автомобильдер жолдары. Олардың беріктілігін тексеру үш жылдың ішінде жүргізілетін болады.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/singapurskie-uchenye-sozdali-beton-budushhego.html


Hyperloop One инженері: ұшатын автокөліктер бес жылдан кейін пайда болады







Ғарыш инженері Питер Диамантидис, жаңа буынның Hyperloop One көлік жүйесін жасау бойынша жұмыс істеп жатқан, Buisness Insider басылымына қазіргі сәтте бірнеше компания қатарынан ұшатын автокөліктерді әзірлеумен айналысып жатқандығын айтты. Питердің айтуынша екі-үш жылдан кейін АҚШ-та жолаушыларды тасымалдауға қабілетті жеке дербес дрондар мен осындай автокөліктердің прототиптері пайда болады.

Инженер Америка ашқан жоқ, көптеген компаниялардың дербес әуе көлігін әзірлеумен айналысып жатқаны бұрыннан белгілі, солай бола тұра мұндай өмірді пайымдайтын мәлімдемелерді оқыған көңілге қонымды,

Маман айтып өтті, қазіргі кезде әуе көлігі шешу қажет болатын бірқатар мәселеге тап келеді. Олардың ішінде АҚШ азаматтық авиациясын басқару тарапынан лицензияның және осындай автокөліктерге арналған тұрақтардың жоқтығы.

Қазір әлемде ұшатын автокөліктердің бірнеше жобасы бар. Олардың екеуі Google ден Ларри Пейдж, екі стартапты салған, 100 миллон АҚШ долларынан астамына дербес ұшатын аппаратын жасаумен айналысады. Пейдж анонстармен асығыстық танытпайды, және әзірлемелерді ақырын қаржыландырады, ал AeroMobil-ден словакия инженерлері жұмысын 2017 жылдың аяғына қарай аяқтауды жоспарлаған өздерінің аэромобильдеріне алдын ала тапсырыстары үшін жинауды бастаған.
Дереккөз: http://hi-news.ru/eto-interesno/inzhener-hyperloop-one-letayushhie-avtomobili-poyavyatsya-cherez-pyat-let.html


Виртуалды ақиқаттың әлемдегі алғашқы спутнигін келесі жылы іске қосады







Шағын америкалық SpaceVR компаниясы Халықаралық ғарыш станциясына әлемдегі алғашқы виртуалды шындықтың спутнигін жіберу және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Запуск планируется осуществить в 2017 году с помощью ракеты-носителя Falcon 9 компании SpaceX.

Кішігірім стартап Халықаралық ғарыш станциясының бортында коммерциялық зертханасы бар NanoRacks компаниясымен келісім-шартқа отырды. Осы Келісімнің шеңберінде SpaceVR кубсат 1 стандартының Overview жинақы наноспутнигін салады. Осыдан кейін аппаратты жер айналасындағы төмен орбитаға жеткізеді және NanoRacks компаниясы шығарған CubeSat Deployer құрылғысының көмегімен пайдалануға енгізеді. Overview 1 МКС жеткізу келесі жаздың басында жүзеге асыру жоспарланып отырған CRS-12 ғарыштың жүк миссиясы шеңберінде SpaceX компаниясының шеңберінде Dragon капсуласы бортында жүзеге асырылатын болады.

SpaceVR компаниясы 2015 жылға қарай Kickstarter алаңының краудфандингті жобасы ретінде пайда болды. Осы жобаға сәйкес МКС-ге 360 градус режимінде және 3D- пішімінде түсіретін 12 бейнекамера жеткізу жоспарланған. Өкінішке орай 500 000 долларын жинау мақсатына қол жеткізілген жоқ, сондықтан SpaceVR шамамен бір айға бұл жобаны кейінге қалдырды. Біршама уақыт өткеннен кейін компания қажетті қаражатты жинауға тағы да әрекет жасады, бірақ 100 000 доллар түрінде. Осы жылдың сәуір айында SpaceVR 1,25 миллион доллар сомасына инвестицияларды алғаны туралы жариялаған болатын. Барлық алынған қаражатты борттағы екі бейнекамерамен жинақы спутникті әзірлеуге салу және оны Жердің орбитасына шығару уәдесі берілген.

«Біз радиомодульді, биіктікті басқару жүйесін, маневрлік қозғалтқыштар мен гироскоптарды жинадық, спутникті басқару үшін қажетті бағдарламалық жабдықтама жасадық», — деді SpaceVR компаниясының атқарушы директоры Райан Холмс.

SpaceVR МКС жеткеннен кейін және ғарышқа CubeSat Deployer қондырғысы арқылы іске қосылғаннан кейін Overview 1 спутнигіне толық бақылау алады. Екі камерасының болуының арқасында, спутник 3D (360 градус) пішімінде түсірілім жасайды және оны нақты уақыт режимінде көрсететін болады.

Холмстың айтуынша, SpaceVR спутниктен көрсету үшін ақылы жазылымды орнатуды жоспарлайды.

Бағдарламаны Солтүстік Каролинадағы Дьюк Университетінің профессоры бразилиялық нейрофизиолог Мигель Николели басқарады. 2003 жылы ол маймылдардың мидың белсенділігінің көмегімен виртуалды қолдарының қозғалысын бақылай алатынын дәлелдейтін ғылыми жұмысты жариялаған болатын (еске «Газонокосильщик» фантастикалық фильмі түседі). Зерттеулер мен жаттығулардың нәтижелері бойынша, WAP бағдарламасына қатысқан сегіз еріктінің ішінен, чемпионатты ашу үшін Джулиано Пинто таңдалды.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/pervyj-v-mire-sputnik-virtualnoj-realnosti-zapustyat-v-sleduyushhem-godu.html

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР



Facebook жарнаманы бұғаттаушылардан айналып өтетін әдіс ойлап тапты







Facebook компаниясы жарнаманы бұғаттаушыларға соғыс жариялайды. Өзінің ресми блогында компания пайдаланушылардың көбі өздерінің дербес компьютерлеріне тым орынсыз немесе жалықтыратын деп табатын жарнаманы бұғаттаушыларды орнатады екен.

Бірақ біраздан кейін бұғаттау мүмкін болмай қалады. Facebook қазіргі кезде бұғаттаушы бағдарламалық жабдықтаманы қолданатын адамдар үшін сайттың десктопты нұсқасында жарнама көрсетуді бастайтынын хабарлайды».

Компанияның дәл осы бұғаттаудан шығаруды қалай жоспарлап отырғандығы — айтылмайды. Дегенмен Facebook «ақ тізім» деп аталатынға кіру үшін, бұғаттауды дайындаушыларға ақша төлемегендіктерін айтады. Осындай опция, әртүрлі интернет-басылымдар, сондай-ақ басқа да бизнеске –бейімделген БАҚ олардың еркін жылжу жобаларын қолдайтын қаржылай қаражаттардың сыртқа кетіп жақтандығына шағым айта бастағаннан кейін ғана қолжетімді бола бастады.

Бұдан өзге, Facebook жекелей алынған пайдаланушының қандай да бір жарнамасын трансляциялауда жарнама берушілердің мүдделерін білдіретін жаңа қызметті енгізеді. Пайдаланушыларда, соның негізінде жарнамалық ұсыныстар құрылатын өзінің мүдделерін көрсету мүмкіндігі пайда болады. Жаңалықтар лентасын қарау кезінде жарнамада «саусақты жоғарыға қаратып қоюға» болады (ол сіз үшін пайдалы болғандығын білдіретін болады) немесе тізімнен алып тастау қажет. Мұндай жағдайда келесі жолы басқа тақырыптағы жарнамалық блок пайда болады.

Осындай шешім кейбір пайдаланушылардың белгілі бір жағдайда ашуларын тудырады. Соған қарамастан, Facebook үшін бұл бизнес-тәсіл барынша орынды болып саналады, әсіресе егер компания өзінің кірістерінің басым бөлігін дәл осы жарнамадан алып отырғандығын ескерер болсақ. Өзінің артықшылық берулерін қандай да бір жарнамалық блоктарға баптауға мүмкіндік беретін жаңа құрал, мәселелерді шешудің бейтарап әдісі ретінде қолданылуы тиіс: жарнамадан бас тартуға болмайды, сонымен қатар өзіңіз үшін қызықтырақ болуы мүмкін жарнамалық блоктарды да таңдауға болады.


Дереккөз: http://hi-news.ru/business-analitics/facebook-nashla-sposob-obxoda-blokirovshhikov-reklamy.html

ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР



Алмалар мен басқа да жемістерді жинауға арналған робот жасалды







Соңғы кезде роботтар келешекте өндірістегі адамның еңбегін алмастыратыны жайлы әңгіме жиі естіледі. Бірақ келешек біз ойлағанымыздан да тез болатын сияқты, жақында алмаларды жинауға арналған робот жасалды, олардың сериялық өндірісі жақын араға жоспарланып отыр.


Оны дайындалуына Abudant Robotics Inc компаниясы жауапты. Роботтың өзі әзірше атауын алған жоқ, бірақ дайын модель шынында да айырықша әсер қалдырады. Робот секундына бір жемістен жинайтындай жылдамдықпен алма жинай алады, ағаштан ағашқа жылжи алады және осы уақытта оның дәндерін жаншымайды. Бірге құрастырушы Abudant Robotics Дэн Стири, жеміс-жидектерді бүлдірмей машинамен жинап алуды жасап шығару, «жоба инженерлеріне арналған ескерту» болды, бірақ жеңіл жинап алудың шешімі тез арада табылды: ол вакуумдық жинау. Шын мәнінде, мұдай әдіс шаңсорғыштың көмегімен үйді тазалауға ұқсас келеді. Айырмашылығы сонда, робот барынша ақылдырақ келеді және жиналған алмалар роботтың түтікшесінде сорылып алынғаннан кейін, сұйыққоймаға келіп түскен кезде жеміс-жидектер бір-біріне соғылмауы және бүлініп қалмауы үшін, амортизациялағыш түтікшеден тұратын тор арқылы өтеді. Бұдан өзге, келешекте роботтың бағдарламалық қамтамасыз етуі бүлінген (мысалы қотыр түскен) ағаштарды анықтауға және оларды айналып өтуге, сондай-ақ ауруға шалдыққан алма ағаштарын белгілеп кетуге қабылетті болады.

Келешекте жеміс-жидектер мен көкөністердің басқа түрлерін де жинауға да қолдау жасауды қосуды жоспарлайды. Бұл жобаға Австралияның және АҚШ-тың фермерлік шаруашылықтары қызығушылық танытып отыр.


Дереккөз: http://hi-news.ru/robots/sozdan-robot-dlya-sbora-yablok-i-drugix-fruktov.html

ПРОЦЕСТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Microsoft және Mit ұсынған татуировка смартфонды басқаруға мүмкіндік береді







MIT Media Lab және Microsoft компаниясының зерттеу бөлімінің зерттеушілер тобы смартфон немесе кез келген электронды құрылғыны басқаруға тачпад ретінде қолдануға болатын уақытша татуировканы әзірлейді.


Дайындаушылардың хабарлаулары бойынша, бір ғана қашықтықтан басқарумен шектеліп қалмайды. Қазіргі сәтте татуды бірнеше нұсқада пайдалану мүмкін болып отыр: трекпад ретінде немесе NFC-тің көмегімен деректерді қабылдау немесе беру үшін. MIT баспасөз қызметінің хабарламалары бойынша, татуға сондай-ақ теріге смартфонның дисплейі тәріздес затты ендіруге арналған LED-жарықдиодтары да түзілетін болады.

Шын мәнінде бұл, жағдайды осындай тәсілмен шешу үшін пайдаланылып отырған бірінші жағдай емес. Алты жыл бұрын, 2010 жылы Карнеги Меллон, кейіннен жоғарыда сипатталған жобамен жұмыс істейтін команданың құрамына кірген студент, осыған ұқсас техологияны: «Skinput»-ті жасап шығарды. Теріге енгізілген ерекше тату қоршаған ортаның температурасына қарай өзінің түсін өзгерте алды және есіктердегі электрондық құлыптарды аша алды.

Қазіргі кезде технология дайындаудың бастапқы кезеңінде болып отыр, ал «ақылды» тату жасаудың қызметін, оны құрастырушылар қыркүйек айында, DuoSkin арнайы іс-шарасы аясында толықтай ашуды қарастырып отыр. Қазір белгілі болып отырғандай, татуларды жасау үшін, ең үздік өткізгіштікті құратын алтындатылған шаңдату пайдаланылады.Біз Мы постараемся следить за развитием технологияның дамуын бақылап отыруға тырысатын боламыз, ал енді дайындаушылар құрғақ сөз болып қалмауы үшін, технологияны паш ететін бейнені жасап шығарды.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/tatuirovka-ot-microsoft-i-mit-pozvolit-upravlyat-smartfonom.html


Google жаңа Fuchsia операциялық жүйені әзірлейді







Google корпорациясы әзірлеген барлық операциялық жүйелер, біреуді біріктіреді: олардың барлығы Linux ядросында құрылған. Бірақ Android Police порталы атап өткендей, Google қазіргі кезде кодының фрагменттері GitHub сайтынан табылғандай Fuchsia жаңа операциялық жүйені әзірлеп жатыр.


Дереккөзге сәйкес, жаңа ОС Magenta ядросына құрылған, ол өз кезегінде, LittleKernel ядросының базасында құрылады. LittleKernel, өз кезегінде, өте шектеулі ресурстардан жасалған құрылғыларда жұмыс істеуге арналған. Оның базасында құрылған Magenta әуел бастан-ақ заманауи телефондар мен компьютерлерге негізделіп жасалған.

Android Police атап өткендей, Fuchsia-ны да компьютерлер мен телефондарда пайдалану жоспарланып отыр. Жаңа ОС-ты құрастырушылардың бірі Трэвис Гейзельбрехт, таяу арада Raspberry Pi 3 шағын компьютерлеріне арналған нұқсаның да пайда болуы қажеттілігі туралы ақпаратпен бөлісті.

Жаңа ОС туралы қазіргі күнде белгілі болып отырған бар жағдай, оның 32-биттік және 64-биттік ARM процессорларын, сондай-ақ столға қойылатын ДК-дің 64-биттік процессорларын да қолдайтындығы. Google–дің өзі Fuchsia-ны өз өнімдерінде пайдалана ма, жоқ па, ол жағы әзірше белгісіз.

Android Policeдің пікірі бойынша, дамудың екі нұсқасы бар: немесе компания келешекте собирается в будущем заменить новой системой свои өзінің Android-ы мен Chrome OS-ын жаңа жүйемен ауыстыратын болады, немесе Fuchsia-ны өзінің OnHub роутері сияқты қондырғыларда немесе Google Home колонкаларында сырттағы қондырғылары ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.

Бұдан өзге, портал Google-дің коммерциялық өнімдерге ешқашан да жете алмайтын, жай ғана кезекті эксперимент болып қалуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Өйткені тұтастай ядроны және операциялық жүйені дайындау — өте күрделі міндеті. Да и сама Google-дың өзі де ОС Android-тың, Chrome OS-тың және олардың базасында шығарылатындардың барынша өзі тәріздес болып көрінеді.
Дереккөз: http://hi-news.ru/software/google-razrabatyvaet-novuyu-operacionnuyu-sistemu-fuchsia.html

МАРКЕТИНГТІ ИННОВАЦИЯЛАР



Apple әлемге жаңа смартфондарын 2016 жылдың 7 қыркүйегінде ұсынады







Қыркүйектің басында iPhone 7 ресми презентациясы өтеді. Apple батыс баспасөзіне осы шараға ресми шақыруды тарата бастады. Жаңа смартфондарды әлемге 2016 жылдың 7 қыркүйегінде көрсетеді. Таңдалған күнінде үлкен мағына бар, ол iPhone үлгісінің нөмірімен сәйкес келеді. Apple осы күні тағы қандай жаңалығымен таң қалдыруы мүмкін?


iPhone 7-нің анонсы жағдайына арналған іс-шаралар тынық мұхиттық уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-ға жоспарланған. Осы уақытта Сан-Францискодағы Билл Грэхем Цивик Аудиториум залы өз есігін қонақтарына айқара ашады. Әлбетте, Apple таныстыруды онлайн режімде тарататын болады, сондықтан да өзіңіздің Mac’-теріңізді, MacBook’-теріңіз бен Pad’-тарыңызды дайындай беріңіз, өйткені Windows-тан және Mac OS және iOS-тен өзгеше болып келетін басқа да операциялық жүйелер арқылы сіз таратылымдарды қарай алмайсыз.

Соңғы айларда iPhone-ның жаңа модельдеріне қатысты аз ақпарат шығып кеткен жоқ. Біз смартфондардың осыған дейін шығарылған iPhone 6s моделіне барынша ұқсас болатындығына қазірдің өзінде 100% сенімдіміз, бірақ сонымен қатар но при этом лишатся отвратительных пластиковых полос на задней стенке корпустың артқы бетіндегі жеккөрінішті пластик жолақтар, сондай-ақ құлаққаптарға арналған 3,5-миллиметрлік кіріс болмайды. Смартфондар Apple A10 процессорлармен жабдықталады және барынша көп жедел жадысын алатын болады (бізге жетіп отырған мәліметтерге сүйенсек, кішірек моделінде 2 ГБ, ал үлкенінде – 3 ГБ болады). Үлкен модельдерінде ішкі жадының ең шекті көлемі 256 ГБ-қа дейін арттырылуы мүмкін, ал кіші модельдерде 16-ның орнына 32 ГБ-тан басталатын болады.

Әлбетте, бізге жаңа iPhone қаншалықты сәнді камерамен жабдықталғандығы туралы тағы да айтатын болады. Тағы да сол алыпқашпа сөздерге сүйенсек, бұл бейнені оптикалық тұрақтандыратын 12-мегапиксельдік камера болады. Ең сапалы суреттерді алу үшін, iPhone 7 Plus-те екі линзалы камера болуы да мүмкін. Бұдан артық, жан-жақты мәліметтерді біз таяу арада білетін боламыз. Бізбен бірге болыңыздар, сондай-ақ, AppleInsider.ru сайтындағы құлақтандыруларды жүйелі түрде тексеріп отыруды ұмытпаңыздар, өйткені іс-шараларды өткізілетін күні, сол жерде орыс тілінде түсініктемелер берілетін онлайн-көрсетілім жүргізілетін болады .
Дереккөз: http://hi-news.ru/phone/apple-predstavit-miru-novye-smartfony-7-sentyabrya.html

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР



Қиын операцияларды өткізуге қабілетті робот-хирург жасалды







Инженерлер мен медиктердің тобы Пенсильвания штаты, Питтсбургте Карнеги-Меллон университетінен Хоуви Чоузет профессорының басшылығымен келімсектер туралы ғылыми-фантастикалық кинолардың экранынан біздің әлемге қайта келген өзгеше робот-хирургты жасап шығарды. Сонымен бірге робот денеге ешбір кесік жасамай күрделі хирургиялық манипуляцияларды жасауға қабілетті.

Аздап қорқынышты көрінетін машина атауы The Flex Robotic System (TFRC) деп аталды және ол жоғары мүмкіндікті камерасы және ішкі жағында хирургиялық аспабы бар камералы иілгіш зондты білдіреді. Оны басқару қазіргі заманғы консольдер геймпадын еске салатын контроллердің көмегімен жүзеге асырылады. Роботтың «арсеналында» тіндерді іліп алуға, қиюға арналған әртүрлі құралдар, сондай-ақ қандауыр пышақ ретінде пайдалануға, сондай-ақ қанның кетуін тоқтатуға арналған коагулятор ретінде пайдалануға қолайлы лазер бар. Бұдан өзге, робот бөлініп шыққан тіндерді, сұйықтықтарды ағзадан көшіруге, сондай-ақ сараптама жасау үшін әртүрлі сынамалар алуға да қолайды.

Дәрігердің көмекшісін құрастырушылар айтып отырғандай, қондырғының түптұлғасы 2004 жылы дайындалған және жобаны толық көлемде жүзеге асыру үшін оларға 10 жылдан артық уақыт және мемлекеттен, сондай-ақ жеке инвесторлардан 130 миллион долларға жуық инвестиция қажет болған.



Карнеги-Меллон университетінің ғалымдарының келесі қадамы болып, олардың жеке мойындаулары бойынша, осы тектес аппараттарды ота жасауға пайдалануға арнап өндіріске енгізулері саналады. Және, жабдықтардың аймақтағы құнының барынша жоғары, бір данасы 1 миллион доллардан артық (дәлірек айтсақ, 980 мың доллар) болуына қарамастан, The Flex Robotic System жасауға арналған медициналық дәрі-дәрмектерге кететін қаржыны жақсылап үнемдеуге мүмкінді береді, ота жасауға кететін уақытты барынша азайтады, ең бастысы, оңалту кезеңін азайтады және отаның өтуін және емделушінің өмір сүру сапасын барынша жақсартады, сондай-ақ жаңа тілмен айтқанда эндоскопиялық медицинаға айналуына мүмкіндік береді. Одан өзге, өз құнында жаңа иілгіш робот іс жүзінде өзінің тікелей бәсекелесінен, құны осы аймақта бір данасына 1,9-дан 2,3 миллион долларға дейін өзгеріп тұрған Da Vinci роботынан 2 есеге арзан.
Дереккөз: http://hi-news.ru/robots/sozdan-robot-xirurg-sposobnyj-provodit-slozhnejshie-operacii.html






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет