Шетелдіктерден їйренеріміз кґп біздіѕ



жүктеу 21.97 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі21.97 Kb.

Время молодых.2010.- № 4-5. – 1 апрель

Қоңыров Е.

Күлкімен емдеу дәрігерлері
Всемирная известная поп-дива в Астане! Круто! Только вот посетить наш город мега-звезда на этот раз мило… отказалась. Первоапрельские шутки еще никто отменял… Только не расстраивайтесь. Лучше посмотрите сколько вокруг интересного и по-настоящему жизнерадостного! Взять хотя бы наших ребят из КВН. Ну чем не звезды? Встречайте! Вчерашние кавээнщики, нынешние звезды ТВ Алмас Токабаев, Баянды Сахария и Даулет Бекмаганбетов!
Жапондықтар жаңа нәрсе ойлап табудан алдына жан салған емес. Кейбір қызмет түрлерінде адамның өзін алмастырып үлгерген роботтар мен әр түрлі техникалар да алғаш болып осы елде тәжірибеге енетіні белгілі. Тіпті бүгінде көптеген елдердің емдеу әдістерінде қолданылып жүрген «күлкі» терапиясы да осы халықтың еншісінде екен. Ал мұндай емдеу әдісі біздің елде қаншалықты жүзеге асуда? Осыған орай күлкі күні қарсаңында шымшым қалжыңдармен халықты емдеп жүрген «Асхана жаңалықтары» бағдарламасының жігіттерімен кездесіп қайтқан едік.
Өнер саласына әркім әрқалай келеді. Біреулер әлдекімнің жетегімен келсе, енді біреулер құдай берген қабілетін халық игілігіне жұмсау мақсатында сахнаға шығады. Керек десеңіз, сол жолда таңдаған мамандығын тәрк ететіндер де кездеседі. Оған мысал аталмыш бағдарлама жігіттерінің негізгі мамандықтарының өнермен үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығы. «Барлығымызды бір арнаға тоғыстырып, себепші болған Елордамыздағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті»-дейді жер қатынастарының маманы, «Асхана жаңалықтарының» негізін қалаушылардың бірі Дәулет Бекмағамбетов. «Осы университет қабырғасында жүріп әр түрлі мәдени шараларға қатыстық. Жалпы өнерге біржола бет бұруыма университет жанынан құрылған «Аграрка сарбаздары» КВН командасының ықпалы жоғары болды» - деген Дәулет КВН-нің талай таланттың тұсауын кескендігін айтып өтті. «Негізі кәсіби өнер саласын бітірген мамандардың көбі КВН-ды «холтура» деп менсінбейді. Десек те, қазіргі кезде мойындап келе жатқан сияқты. Жалпы КВН ешқандай арнайы білімдері жоқ дарын иелерінің қолдан жасаған өнер түрі секілденіп көрінеді. Бізде сол өнер саласында азды-көпті еңбек еттік. Осы КВН-нің себепші болуының арқасында бүгінде бәріміз бір-бірімізбен «тонның ішкі бауындай» болып кеттік десем арттық айтқандығым емес. Сол себепті ортақ тележоба ашып, бүгінде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» қызмет етеміз» - дейді «Асхана жаңалықтарының» жүргізушісі, мал дірігері Баянды Сахария.

Өнерде, соның ішінде күлкі саласында қызмет ету үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігі сөзсіз. Халықты күлдіру оңай да, сол күлкімен артынан ұтымдай ой қалдыру қиын шаруа. Соған қарамастан бұл жігіттер өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Университет қабырғасында жүріп қарапайым әзіл арқылы сахнаның дәмін татқан олар сатира саласында да айтар ойлары бар екенің дәлелдеп үлгерді...


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет