Шетелдіктерден їйренеріміз кґп біздіѕ



жүктеу 27.46 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі27.46 Kb.

Астана ақшамы. – 2010. - № 32. – 30 наурыз

Қожабеков Ғ.
Тұғырда – Төлегенов
Данияр Төлегенов – 1989 жылы туған бокстан Қазақстанның спорт шебері, жасөспірімдер және жастар арасындағы республика чемпионы ересектер арасында Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері (2009 ж.), чемпионы (2010 ж.), Ливерпульде өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионы (2005 ж.), Мароккада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006 ж.). С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінң студенті. Бапкері – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Мұстафин.

Данияр боксқа он жасында келді. Астанадағы №37 орта мектепте оқып жүргенде осы білім ордасында Мұрат Мұстафин балалар мен жасөспірімдерді бокстың қыр-сырына баулып жүретін. Бұл Сидней олимпиадасының қарсаңындағы кез еді. Қазақ боксында Ермахан Ибрайымов, Мұхтархан Ділдәбеков секілді былғары қолғап шеберлерінің айбыны тасып, ел мерейін өсіріп жүрген кездері еді ғой. Осындай ағаларының өнеріне тәнті болуға бел буды. Баласының бұл ойын әкесі Қалымқайдар мен анасы Раушан да қолдап ала жөнелді. Содан киіктің асығындай Данияр үшін үздіксіз жаттығулар, алғашқы жарыстар да басталып кетті.

Бала Данияр бірінші рет қаламыздағы «Локомотив» стадионында өткен қалалық жарысқа қатысты. Жолы болып алғашқы үш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, чемпион атанып шыға келді. Осы жеңісіне қатты қуанған Данияр жаттығуларын тіптен еселей түсті. Бапкері Мұрат Мұстафиннің айтқандарын екі етпей, мүлтіксіз орындай берді. Содан республика чемпионатына барды. Бұл жарыста да мерейі үстем балып қайтты.

Данияр үшін 2005 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысуға жолдама алғаны керемет қуаныш әрі үлкен жаупкершілік болғаны айқын. Бапкері екеуі бұл жарысқа ерекше дайындық жүргізді. Тек қана жүгірумен немесе жаттығу «қапшықтарын» соғумен шектеліп қалмай, тактикалық және психологиялық тұрғыдан айрықша дайындыққа кірісті.

... Ливерпуль – Ұлыбританияның әсем шаһары. Төрткүл дүниенің ең таңдаулы жас-өспірім боксшылары әлем чемпионатының көрігін қыздыра түскен. Солардың арасында 16 жасар астаналық Данияр Төлегенов те жүлдеге қол жеткізем деп үміттеніп жүр. Данияр бірінші жекпе-жекте мексикалық боксшыны таза ұтты. Екінші айқаста алаң иесімен қолғап түйістірді. Кең сарай іші гу-гу. Жанкүйер біткеннің бәрі ағылшын баласын қолдап кеткендей. Бірақ Данияр бұл жекпе-жекті өте жинақы бастап, қарсыласын ұпай санымен тізе бүктіре білді. Жартылай финалда астаналық боксшы Ресей боксшысымен қолғап түйістірді. Тағы да жеңіс. Ал финалда Өзбекстандық Хидияттулаевқа қарсы шықты. Бұл жекпе-жекте де қазақстандық Төлегенов жеңіске жетті.

2006 жылы Данияр Мароккада жастар арасындағы әлемдік додаға қатысты. Жартылай финалға дейін барлық қарсыластарын қиналмай ұтқан астаналық тастүлек ақтық сынға шығаратын осы айқасында бір кемшілік жібергендей болды. Ұпай санымен ұтылуға мәжбүр болды. Дегенмен қола жүлдегер атанып қайтты.

Данияр үш жылдан бері ересектер арасындағы жарыстарға қатысып келеді. Германияда өткен халықаралық түрнирде, сондай-ақ Ресейде өткен «Гран-При» жарыснда топ жарды. Ал Қазақстан чемпионатында, өткен жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Миржан Рақымжановтан ұтылып, қола жүлдегер атанса, биыл Астанада өткен Қазақстан біріншілігінде 54 келі салмақта сол Рақымжановты финалда ұтып, ел чемпионы атағын алды. Жақында өткен Өзбекстан, Украина, Әзербайжан және Қазақстан құрамалары арасындағы халықаралық түрнирде барлық қарсыластарынан басым түсіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

- Менің бала кезімнен еліктеп өскен боксшыларым Серік Қонақбаев пен Генадий Головкин болды. Осы боксшылардың техникасына қатты қызығамын. Әлемдік бокста осы боксшылардай өнер көрсеткім келеді, - дейді бізбен әңгімесінде Қазақстан ұлттық құрамысының боксшысы Данияр Төлегенов.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет