Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада қаласында өтіп жатқан WTA 1000 — Qatar Total Open турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі жеңісті жолын Дохада да жалғастырып жатыр. Ол WTA 1000 — Qatar Total Open турнирінің алғашқы айналымында қытайлық Чжу Линді 6:2, 6:1 есебімен ұтып, екінші кезеңге шықты. Отандасымыз екінші айналымда әлемдік рейтингте 23-орында тұрған америкалық Эмма Наварроға қарсы ойнайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен болатын.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.