Шығармашылық сабақТАҒы кәсіби шеберлік болатбекова Ғ. С. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз



жүктеу 81.68 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі81.68 Kb.
түріСабақ

ӘОЖ 37.036/371.3/780
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚТАҒЫ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК
Болатбекова Ғ. С.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Қазіргі таңда әлеуметтік, экономикалық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.

Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек [2].

Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлері мен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама- қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуымен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс- әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды [3].

Ғалымдардың айтуынша, әрбір адамның шығармашылық іскерлігінің шыңы әр алуан

- Адам, ең алдымен, мамандық таңдайды, кәсіби іс- әрекетке көшеді, кәсіби шеберлікті меңгереді. Сонымен әр адам жеке мүмкіндігіне қарай кәсіби шеберлігінің шыңына жетеді.

Әрбір іскер оқытушы студенттің шығармашылық қабілетін дамытуға тырысады.

- Шығармашылық қапбілет өзіне деген сенімділігін арттырады.

Біз, көбінесе, студенттердің өз қабілетін толық көрсетпейтінін білеміз. Әр адам өзін жетілдіру үшін өзін - өзі қанағаттанбай, жоғары талап қойып отыруының үлкен мәні бар.

- Шығармашылық қасиет уақытты бағалауға ұмтылдырады.

Педагогикалық шеберліктің құрамына мыналар жатады:



  • мәдениетті адам ретінде оқытушының жеке қасиеттерінің жоғары деңгейде дамуы;

  • кәсіби – педагогикалық іскерлік;

  • ынтымақтасу педагогикасын, қазіргі оқыту мен тәрбиелеу технологиясын меңгеру;

  • педагогикалық шығармашылық, өзін-өзі дамыту, жүзеге асыру;

  • жоғары педагогикалық нәтижелерге жету.

Сонымен қатар шешімін таппаған мәселелер бар. Олар төмендегілер.

  1. Неге біреулер шығармашылықтың шыңына жете алады, ал біреулер жете алмайды?

  2. Шеберлік шыңына, кәсіби – шығармашылыққа жетудің ең тиімді жолы қандай?

  3. Адамның шығармашылық қабілетінің жетілуінің қандай мүмкіндіктері бар?

- Бұл мәселені шешу үшін қазіргі кезде жетілген диагностикалық әдістеме қалыптаспаған.Сондықтан оқытушылар зерттеушілік жолына түсіп, кәсіби шығармашылық шеберлікке қадам басуы қажет.

- Шығармашылық пен өнер егіз ұғымдар. Сондықтан, шығармашылықтың қозғаушы күші - әралуан, өнердің түрі болып табылады. К.Ушинский «Адамды жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбие арқылы жүзеге асады. Өнер адамды өмірді жете білуге, тануға көмектеседі, әсер етеді » десе, Л. Толстой «Талант деп аталатын ерекше қасиет басқалар көре, аңғара алмайтын құбылыстарды көре алады» дейді [1].

Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Адам өнер арқылы сұлулықты сезінуге өмірде де, өнерде де, сұлулықты жасауға үйренеді.

Озық педагогика: әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш – қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

- В.Сухомлинский «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата- ананың, тәрбиешліердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке

- шығармашылықпен қарауға үйрету».деп атап көрсеткен [4].

- Таным үрдісі бірнәрсеге қызығудан басталады, ал қызығу мақсатқа жету қажеттілігіне айналғанда белсенділік оянады. «Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді» дейді М. Әуезов. Сондықтан, баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып, толық қанды тұлға қалыптастыруды өнердің, оның ішінде музыканың ролі ерекше [2].

Өзім осы баяндаған теориялық бағыттамаға, 23 – жылдық педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, ТарМУ-нің Мәдени – тынығу жұмысы мамандығы топтарында музыка пәнінен өткізген ашық сабағымды тақырыбы: «Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік жоспарын құрудағы шеберлігі» сабақ үлгісін ұсынамын.



І бөлім.

«Білгір музыкант - ХХІ» сайысының қысқаша жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты:

Мәдени – тынығу жұмысы мамандығының студенттері арасынан музыка сабағына қызығушы, талапты, алғыр музыкантты анықтау. Оларды ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Сайыс 7 айналым бойынша өтеді.

І. Бәйге. (Үш топқа 8 сұрақтан лездік сұрақтар беріледі, тез әрі дұрыс жауап бергендер 10 ұпаймен бағаланады. 7 сұрақ 1 ұпаймен, 8 сұрақ 2 ұпаймен бағаланады).
Лездік сұрақтар: МТЖ - 1 тобының студенттеріне:


    1. Нота дегеніміз не? (Жазбаша белгі)

    2. Ноталардың қандай өлшемдерін білесіңдер? (Бүтін, жарты, төрттік, сегіздік, он алтылық).

    3. Диапазон дегеніміз не? (Дауыс көлемі).

    4. Ән үйретпес бұрын оқушылармен қандай жұмыс жүргізу керек? (Жаттығу).

    5. «Альт» хорда кімдердің дауысына жатады? (Әйелдердің).

    6. «Тембр» дегеніміз не? Ол кімдерде болады? (Дауыс бояуы. адамдарда, аспаптарда, құстарда, жануарларда).

    7. Нота сызығы нешеу, ол қалай оқылады? (Бесеу. Төменнен жоғары).

    8. Қазақ халқының алғашқы музыка мәдениетінің сатысын құрған кімдер? (Қорқыт, Әль-Фараби, Асан қайғы).


МТЖ - 3 тобының студенттеріне:

1. Гамма дегеніміз не? (Дыбыс қатары).

2. Күнделікті тұрмыстағы дыбыстар нешеу? Олар қалай аталады? (2 музыкалық, музыкалық емес дыбыстар).

3. Пауза дегеніміз не? (музыкалық аялдама, үзіліс).

4. Қазақстандағы алғашқы хор қай жылы құрылды? Оған кім жетекшілік етті? (1934 жыл. Латиф Хамиди).

5. Ең кіші хор мен ең үлкен хор қанша адамнан тұрады? (12 – 120 адамнан).

6. Аралас хор қанша дауыстан тұрады? Олар қалай аталады? (4 дауыстан, сапрано, альт, тенор, бас).

7. Музыка сабағындағы музыкалық қызметтерге нелер жатады? (Ән айту, музыка тыңдау, балалар музыкалық аспабында ойнау, муз.дидактикалық ойындар, ырғақтық қимыл-қозғалыстар).

8. Эстетикалық тәрбие дегеніміз не? музыкалы-эстетикалық тәрбие жөнінде еңбек жазған көрнекті педагог кім? (Оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастырудың негізгі компоненттерінің бірі. В.А.Сухомлинский).
МТЖ - 5 тобының студенттеріне:

1. Интервал дегеніміз не? Олардың аталуы? (2 дыбыстың ара қашықтығы. Прима, секунда, терсия, кварта, квинта, секста, септима, октава).

2. Әуен дегеніміз не? (Ән өнерінің негізі, сөзі жоқ ән).

3. Күй дегеніміз не? Төкпе күйдің атасы кім?(Аспапқа, домбыра, қобызға арналған музыкалық шығарма. Құрманғазы).

4. Ансамбль, строй, нюанс дегеніміз не? (Бірлік, бірлік үйлесімділік, әуен түзеу, ренк немесе нақыш).

5. Лад дегеніміз не? Оның түрлерін атап бер? (Тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың өзара қатынастары. Можарлы, минорлы).

6. Мутация дегеніміз не? (Бала дауысындағы өзгеріс немесе алмасу).

7. Музыка тыңдату қанша кезеңнен тұрады? 2-ші сынып оқушыларының тыңдау мүмкіндігі (4 кезеңнен, 2 минут).

8. Халықтық музыкаға не жатады? ХІХ ғасырда өмір сүрген айтыскерлерді атап бер? (айтыс, жыр, толғау, желдірме және лирикалық әндер. Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Түбек, Сүйімбай, Құлманбет, Жамбыл т.б.).

ІІ бөлім. Полиглот.

Әр топ үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша ән орындайды. 20 ұпаймен бағаланады. (1 минут уақыт беріледі).



ІІІ бөлім. Көкпар.

Студенттердің эрудициясын, ой-өрісінің тереңдігін байқау. 20 ұпаймен бағаланады (2 минут уақыт беріледі).

Берілетін тапсырма:

МТЖ -1. Музыканың саясатта алатын орны.

МТЖ -3. Экологияда музыканың әсері бар ма?

МТЖ -5. музыканың патриоттық тәрбиедегі рөлі.



IV бөлім. Қызықты 5 сұрақ (10 ұпаймен бағаланады).

  1. Күләш Байсейітова СССР халық әртісі атағына неше жасында ие болған? (24 жас).

  2. Париж консервараториясына 10 жасында қабылданған әйгілі француз композиторның аты-жөні? (Джорж Бизе).

  3. Өсімдіктер мен балықтардың сүйіп тыңдайтын музыкасын атап бер? (Симфония).

  4. В.А.Моцарт алғашқы музыкалық шығармасын қанша жасында жазған? (4 жас).

  5. Екі дыбыстың қосындысынан дәмді сорпа әзірленеді? Ол қай дыбыстар? (фа, соль).

V. Тыңдай біл. (5 ұпаймен бағаланады, 1 минут уақыт беріледі).

Тест сұрақтары интерактивті тақтада көрсетіледі. Тестің жауаптары 3 сұрақ, 4 нұсқадан тұрады.



Тест сұрақтары:

  1. Музыка педагогикасы саласында эстетикалық тәрбие беру және музыка тыңдау мәселесімен кім айналысты?

А) З.Кодай

Б) Д.Б.Кобалевский

В) В.Н.Шадцкая

С) А.Н.Карасьев

2. музыка сабағының басты бөлімдері

А) Дирижерлау, ән айту, дауыс жаттықтыру.

Б) Хормен ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты

В) ұйымдастыру, музыка тыңдау, шығармашылық тапсырма

С) Музыкалық іс-әрекет түрлерін пайдалану

3. Мектептегі музыка сабақтарында сауаттылықтың маңызы:

А) Қарапайым музыка сауатын білуде

Б) Нотамен ән айту мүмкіндігінде

В) Музыка сауатының элементтерін, музыкалық-танымдық іс-әрекеттерді меңгерту.

С) Музыкалық ырғақтық қимылға тәрбиелеуге


1 сұрақтың жауабы: Д.Б.Кобалевский.

2 сұрақтың жауабы: Хормен ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты.

3 сұрақтың жауабы: Қарапайым музыка сауатын білуде.

VI. Әуенді тауып көр. (20 ұпаймен бағаланады).

3 топқа 2 әннен халық әндерін жасыру. 3-6 дыбыстан орындалған әуенді анықтау.



VII бөлім. Ораторлық. (Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген 50 ұпаймен бағаланады, 2 минут уақыт беріледі).

МТЖ -1 тобына:

«Егер мен музыка продюсері болсам ...»

МТЖ - 3 тобына:

«Егер мен мәдениет мнистрі болсам ...»

МТЖ - 5 тобына:

«Егер мен музыка пәнінің мұғалімі болсам ...». Бұл сайыстың түрленуі мұғалімнің шеберлігіне, қиялына байланысты. Тапсырмаларды білімгерлердің білім деңгейіне қарай күрделендіріп алуға тырыстым.

Сабақтың барысы:

І. Мұғалімнің алғы сөзі (Тақырып бойынша бірер сөз. Сабақтың өтілу барысы туралы студенттерге ақпарат беру).



Сайыс сабақ «Білгір музыкант ХХІ».

І Бәйге.

ІІ. Полиглот.

ІІІ. Көкпар.

IV. «Қызықты 5 сұрақ».

V. Тыңдай біл.

VI. Әуенді тауып көр.

VII. Ораторлық.

ІІ. Шығармашылық жұмыстар (студенттердің дәстүрлі емес сабақ түрлерінің үлгісін көрсетуі. Понарамалық түрде).

Концерт сабақ.



  1. «Шолпан» муз. Е. Брусиловский екі дауыстағы хордың орындауында.

  2. «Болмасын соғыс болмасын!» муз.Н.Тілендиев. Мектеп әні бір дауысты хордың орындауында.

  3. Балалар ансамбльінде ән орындау, халық әні «Угай, угай».


IV. Қорытынды. «Insert» картасы.


Нені білдік?

Нені үйрендік?

Нені білгіміз келеді?

1.

2.


1.

2.


1.

2.

Мұғалімнің түйінді сөзі: Сонымен, сабағымызды А.Байтұрсыновтың мына бір сөзімен қорытындығалы отырмын. «Ұстазсыз шәкірт - тұл», яғни, ХХІ ғасырдың білімді де, білікті тұлғасын тәрбиелеп, білім беруде мұғалімнің кәсіби шеберлігі орасан зор болмақ. Студенттердің білімін бағалау.
Әдебиет
1. Н.В. Бордовская А.А. Реан. Педагогика Санкт – Петербург. 2000 – 101 б.

2. Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы – «Қазақ Университеті», 1993.



3. Н.С. Лейтес. Умстевенные способности и возраст. М, Просвещение, 1971, 144-б.

4. А.Н. Леонтьев. Деятелность. Сознание личности. М, 1975-291 б.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 II-tom
Dulaty2012 II-tom -> Қасенова А.Қ., Елеусіз А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 39 кремний қос тотығындағы триттийдің (Н ) радиациялық диффузиясы
Dulaty2012 II-tom -> Тәуелсіз Қазақстан ономастикасы: кеше және бүгін Құламанова З. А., Бердібаева Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 547. 913 Elaeagnus angustifolia гүлінің компонентті қҰрамын зерттеу
Dulaty2012 II-tom -> Коммерциялық банктің несие портфелінің сапасын арттыру мәселелері (Қр екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде) Әуелбаев С. Ш., Абубакирова Г. М
Dulaty2012 II-tom -> Азаматтық іс жүргізу сатыларының ТҮсінігі, ТҮрері және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатысының ТӘжірибелік мәні және маңызы жунисалиев А. Т
Dulaty2012 II-tom -> Оронимдердің лексика-семантикалық сипаты Құламанова З. А., Каримова А. Ш. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> «информатика» курсын оқу кезінде интерактивті тақтаны қолдану құрмашова Г. С., Құсмұхамбетов Е. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 657 471 бюджеттендіру шығындарды басқарудың тиімді тәсілі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет