«Шығармашылық» шеберлер мектебінің Жас лингвист бағыты бойынша ІІ кезеңінің тапсырмалары 5-7 сынып



жүктеу 30.52 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі30.52 Kb.

«Шығармашылық» шеберлер мектебінің Жас лингвист бағыты бойынша ІІ кезеңінің тапсырмалары

5-7 сынып


1

Үзіндінің тіліне талдау жасаңыз.

Бұл өлкенің

Таңы неткен арайлы!

Адам түгіл,

Тас күлімдеп қарайды.

... Алтын кірпік,

Дөңгелек көз күлімдеп,

Май келеді!

Желкілдейді көк желек.

Қыз ерніндей

Қызғалдақтар дірілдеп,

Бұйра бұлақ

Жатыр аунап еркелеп.

Май келеді-

Жер анасын жасартып,

Асқар таудың

Аппақ шашын қарайтып.


2

Тіл мәдениеті (эссе жазу)

3

Тасымал

4

Күрделенген жай сөйлем, жасалу жолдары

5

М.Жұмабаевтың поэзиясының көркемдік ерекшеліктері (1 өлеңін талдау).

6

Сөз бедері, стиль туралы айтыңыз

7

Жақша: қойылу себептері

8

Құрмалас сөйлем, оның түрлері

9

Берілген сөйлемге талдау жасау.

Қайтарда6 Ғалия Балуан Шолақтың аулына1 соқпақ боп еді4, Біржан3 жолдан бұрыс2 көрінеді5 деп ризаласпады (Мұқанов С. Балуан Шолақ. -Алматы, 1980. 71-бет).

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР:

  1. фонетикалық талдау;

  2. лексикалық талдау;

  3. сөзжасамдық талдау;

  4. морфологиялық талдау;

  5. сөз тіркесін талдау;

  6. сөйлем мүшесіне талдау;

7-берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жасау қажет.

10

Теңеу, эпитет, метонимия (Пікірлерді жинастыру; ғалымдар цитаталарын қолдана білу, анықтамасын жазу, мысалдар келтіру)


8-11 сынып

Төмендегі мәтіндерге мынандай талаптар бойынша түсініктеме жазу:

а) Әрбір мәтін құрылымына қарата 2,3,4 тармақты синтаксистік тұтастықтарды ажыратып, әрбіріндегі ой түйіндерін анықтау;

ә)Тармақ ішіндегі дыбыстық, лексикалық қайталауларды тауып, ырғақ жасаудағы, өлеңді мәнерлеудегі әсерлерін сипаттау;

б)Мәтіндерден идеялық жүк көтеріп тұрған есімдер мен етістік тұлғаларын табу, лингвистикалық талдау жасау;

в)Поэтикалық инверсия қандай тіркестер мен сөйлемдерде орын алғандығын және қандай стильдік мақсатты көздейтіндігін айқындау.

2. Мәтіннің бейнелеуіш құралдарын ажыратып, көркемдігін тану, шығарма стилін сипаттау:

ә)Мәтіннен метафоралық тіркестерді тауып, авторлық түрлеріне сипаттама беру; б)Өлеңде синонимдік қатарлар болса, олардың қандай қызметте жұмсалып тұрғандығын анықтау;

в).Өлең шумақтарындағы дыбыстық қайталауларды тауып, олардың мәтінге әсерін байқау; т.б. бейнелеуіш құралдарына ажырату.

Талданатын мәтіндер:

1) Бұқар жырау. «Көкте бұлыт сөгілсе», «Ай, айтамын, айтамын»,

«Алла деген ар болмас», «Арту-арту бел келсе», «Әлемді түгел көрсе де»;

2) А.Құнанбаев. «Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Көзімнің қарасы»

«Қарашада өмір тұр», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Құлақтан кіріп бойды алар»;

3)С.Торайғыров. «Шәкірт ойы», «Неге жасаймын»;

4) М.Жұмабаев пен М.Мақатаевтың өз қалаулары бойынша екі өлеңін талдауға алу.

Әдебиеттер:

1.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (Төртінші кітап), А., «Ана тілі»1993 82б.



2.Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы.1957. 1т., 148 б.

3. Қ.Өмірәлиев. «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі», Ғылым-1983. 66-67б.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы
blogs -> Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы
blogs -> Оқу әдістемелік кешен Қазақстанның физикалық географиясы
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар 9-сынып
blogs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
blogs -> Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования методическое пособие


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет