Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жыл ішіндегі жұмыстар туралы



жүктеу 128.68 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі128.68 Kb.

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жыл ішіндегі жұмыстар туралы

Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 2 бастауыш, 4 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылардың саны 3033 оқушыны құрайды.


Ауданның шалғай орналасқан 10 елді мекенінен 265 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылды. Оқушылар 10 орта мектепке: Глуховка, Ү-Владимировка, Сосновка, Өндіріс, Мостик, Семияр, Канонерка және Беген орта мектептері мен Н.Баймұратов атындағы орта мектепке және Борас орта мектеп-бақшасына тасымалданады.
Білім беру бюджеті. Білім беру мекемелері бойынша 2012 жылғы бюджет 1221576,0 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджет- 60114,0 мың теңгені құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайту.

Жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2012 жылдың 3 тоқсанында Үлкен-Владимировка және Беген орта мектептеріне 25 орындық ПАЗ 53  екі автобус және Глуховка орта мектебіне газель сатып алынды, оған 13751,0 мың теңге бөлінді. Н.Баймуратов атындағы орта мектепке және Семеновка, Канонерка орта мектептеріне жалпы 10370,0 мың теңге сомада химия кабинеті сатып алынды. «Березовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 10212 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттің есебінде – 3567,0 мың теңге, республикалық бюджеттен – 6645,0 мың теңге бөлінді.  


Ыстық тамақпен тамақтандыру. 21 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылып, 98,2 пайызды құрады. Қазіргі уақытта 21 асхана және 6 буфет жұмыс істейді, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылады. Тамақтандыру құрамына сүт және сүт өнімдері мен дәрумендірілген кисель, бір балаға аптасына 6 рет 20 граммнан есептегенде бал енгізілді. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларының саны-432, жетім бала – 50, көп балалы отбасыларының 21 оқушысы жергілікті бюджеттің қаражаттары мен жалпыға міндетті оқыту қорының есебінен ақысыз тамақтандырылуда. 
Мектепке дейінгі білім. Ауданда 135 оқушыны қамтитын 1 Борас орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі мекемесі жұмыс істейді. Ауданда 3-4 жасындағы 582 баланы қамтитын қысқа мерзімді 32 топ пен 125 баланы қамтитын 5 толық күнді шағын орталық бар. Барлығы шағын орталыққа – 707 бала барады. 842 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды, бұл 81,9 пайызды құрайды. Ауданның 24 мектебінде 30 мектепалды сыныптар, оның ішінде 18-і қазақ тілінде ұйымдастырылды. Мектепалды мектепте барлығы 374 бала бар. 

Оқу-әдістемелік жұмыстар. Жоспар бойынша К-Владимировка орта мектебінің базасында 8-11 сыныптар арасында жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық туры өткізіліп, оған 154 бала қатысып, оның ішінде 75 бала жеңімпаз атанды. 
«Айналайын» байқауына 10 мектептен 227 оқушы қатысты, жүлделі орын– 96. 30 қазанда «Ақбота» интеллектуалдық сайысқа 10 мектептен 164 оқушы қатысты, 18 жүлделі орын бар, қарашада «Асыл тас» байқауына қатысқан 10 мектептен 164 оқушы 18 жүлделі орын алса, «Орыс қонжығы» байқауына 8 мектептен 94 оқушы қатысты.
Ғылыми  жобалардың Республикалық байқауына 5 оқушы қатысып, 3 жүлделі орынға иеленді. Екінші турда Темирлан Мукашев, Екатерина Кузьмина, Патимат Майндурова сынаққа қатысып, жақсы нәтижелерін көрсете білді, іріктеуден кейін Алматы қаласында өткізілетін Республикалық турға дайындық үстінде. «Жарқын болашаққа бастаған-ұлт көшбасшысы» атты Республикалық  шығармалар байқауында Балжан  Закуова мен Нурлан Ахановтың шығармалары үздік деп танылды.Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне  Үлкен Владимировка орта мектебінің командасы қатысты, Темирлан Мукашев жүлделі 3-ші орынды иеленді.
2012 жылғы қарашада «Дарын» орталығымен «21 ғасырдың  көшбасшысы» атты байқауы өткізіліп, оған Үлкен Владимировка орта мектебінің 6 сынып оқушысы Дильназ Таласбаева қатысты.
2012 жылдың 6 желтоқсанда Н.Баймұратов атындағы орта мектептің базасында білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімімен ақын Нұрлыбек Баймұратовтың 125-жылдығына орай салтанатты іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушылары арасында ақынның өлендері мен поэмаларынның байқауы, жас ақындар айтысы, шығармалар мен суреттер байқаулары өткізіліп, оған 83 оқушы қатысты. Суреттер байқауында Н.Баймұратов атындағы орта мектептің оқушысы А.Жексенаеваның жұмысы үздік болып танылды. Акынның өлендерін оқу байқауында Р.Иванова, А.Воронцов, С.Толенбаева, Е.Нуркасымова байқалды. Ауданның жас ақындары өз шығармаларын оқыды,әділ қазыларына 1-ші орынды иеленген Н.Ахановтың өлендері ерекше көзге ілінді. Бағдарламаның бастысы болған-айтыс өнері, онда Дастан Казкенов және Інкар Молдахметова көрермендер сүйіспеншілігіне ие болса, Д.Казкенов бас жүлдені, І.Молдахметова 1-ші орынды, К.Сланбеков 2-ші орынды және Ф.Оразгалиева 3-ші орынды иеленді.Н.Баймұратов туралы шығармалар байқауында Н.Аханов 1-ші орынды, А.Рахметтулина 2-ші орынды және Т.Курмангалиев 3-ші орынды иеленді.
«Балдәурен» сауықтыру лагерінде конкурс женімпаздары Қара Мырза орталау мектебінің оқушысы Арина Искакова және Қоянбай орта мектебінің оқушысы Еркежан Ахмерова демалды.
2012 жылғы 25 желтоқсанда «Канонерка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыныптан тыс сағаттарда және сабақтарда  экологиялық тәрбиенің мәселелері» атты семинар өткізілді. Семинарда  аталған мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен даярлық тобының жетекшілері белсенділік танытты. Семинар барысында мұғалімдер Айжан Тасбулатовна Акбидаевамен 2-ші сыныпта «Өсімдіктерге қажетті күтім», Людмила Константиновна Хаматовамен 4-ші сыныпта «Қыс туралы ертегіге саяхат» тақырыптарында ашық сабақтар және мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Олеся Юрьевна Грошевамен және Надежда Ивановна Алексеевамен «Ертегілер елінде қонақта» мен «Біз – теңізшіміз» дене шынықтырудан сабақ берілді. Жаңа инновациялық педагогикалық технологиялар мұғалімдерге оқу үрдісін жаңғыртуға және оқушыларды экология мәселелеріне тартуға мүмкіндік берді. 

Тәрбие жұмыстары. Бүгінгі күні ауданда 0-ден 18-жасқа дейінгі 5664 бала тұрады. Аз қамтылған отбасылардың балаларының саны 432, қамқорлықта 68 бала және патронаттық тәрбиеде 19 бала; 17 мүгедек бала үйде оқытылады және 21 бала 16 күн көрісі төмен отбасында тәрбиеленуде.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциясының есебінде 9 бала және мектепішілік есепте 29 оқушы тұр.
2012 жылы барлығы 28 рейд жүргізілді. «Жалпыға міндетті оқыту», «Қадағалау», «Алдын алу», «Жасөспірім» тақырыптарында 4 рейд жүргізілді.
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау комиссиясы, қамқоршылық және қорғаншылық органы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциясы нашар отбасыларына барды (16)
Оқу кезіңде оқушылардың құқық бұзушылықтары тіркелген жоқ.
Бала еңбегі мәселелері бойынша «Сенім телефоны» (872236-91395) жұмыстары ұйымдастырылды (қоңырау шалынған жоқ). Балалар еңбегі мен жұмыстың қауіпті, зиян түрлері жөнінде видео материалдар көрсетілді.
Қосымша білім беру. «Шығармашылық үйі» МККК – да  18 педагог қызметкерлері, оның ішінде 10 мұғалімде –жоғары білімі, 8 мұғалімде - арнайы орта білімдері бар.
Шығармашылық үйінде қосымша үйірмелер: Қара Мырза орталау мектебінің базасында «Ағаштан ою», Кіші Владимировка орта мектебінің базасында «Туристтік», Н.Баймұратов атындағы орта мектептің базасында «Шебер колдар», Березовка орта мектебінің базасында «Шебер қолдар», Беген орта мектебінің базасында «Тоғызқұмалақ, дойбы», Кіші Владимировка орта мектебінің базасында «Ағаштан ою», Семеновка орта мектебінің базасында «Сурет салу», Кривинка орта мектебінің базасында «Балшықтан жабыстыру» үйірмелері ашылды. Қосымша тағы 9 топ  ашылды. Жұмыстар аудандық және облыстық көрмелерде көрсетілді, Риддер қаласында Бесқарағай ауданының мәдениет күнін өткізген кезде үлкен шығармашылық кездесу өткізіліп, оған барлық декоративтік-қол таңба өнері мен қайыс бұйым жасайтын және техникалық жасау үйірмелері қатысты. 2013 жылы «Бесқарағайда Шығармашылық Үйінің Күні» ауқымды іс-шараны өткізу жоспарлануда, оның көлемінде 10 команданың қатысуымен КВН, декоративтік-қол таңба өнері мен үйірмешілердің жұмыстарды сату-жәрмеңкесі өткізілетін болады, оған қоса қосымша би, туристік және экологиялық үйірмелердің өнері көрсетілетін болады. 
2013 жылғы 3 қаңтарда жалпы 2484 бала қамтылды, оның ішінде, балалар-жасөспірімдер-спорт мектебінде-243, Шығармашылық Үйінде – 600, балалар-өнер мектебінде-135, Мәдениет Үйінде-1406, аудан мектептерінде – 1406 бала бар, бұл 82 пайызды құрайды. 

 
Жазғы демалыс. «2012-2015 жылдары Бесқарағай ауданында кәмелеттік жасқа толмағандардың жазғы демалысы, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуы» атты бағдарламасы дайындалды, 2012 жылы балаларды демалысымен, сауықтырылуымен және жұмыспен қамтылумен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.


Ауданда 1-10-шы сынып оқушыларының саны 2928 оқушыны құрады.                 2918 оқушыны жұмыспен қамту және демалудың әртүрлі үлгілерімен қамту жоспарланды. Балалар қылмыстарын, қараусыздықтарын төмендету мақсатында кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі бөлімде және мектепішілік есепке алу бөлімінде тұрған балалардың жазғы жұмыспен қамтылуына ерекше назар аударылды.
Аудан бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекциясының есебінде барлығы – 13 бала болса, оның ішінде 10 бала қамтылды. Мектепішілік есепте – 60 баланың ішінде 47 бала және күн көрісі төмен отбасының 42 баланың ішінде 36 бала қамтылды.
27 маусымнан 8 шілдеге дейін Семей қаласының қала сыртындағы «Радуга» лагерінде 25 қамқорлықтағы, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары демалады. Жолдамаларға 400,0 мың теңге бөлу жоспарланды.
Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының 2012 жылғы 29 мамырдағы хатының негізінде 49 қамқорлықтағы, аз қамтылған отабсыларының балалары және 7 бала ата-анасының есебінде «Матросово» сауықтыру лагерінде демалды. Жолдама алуға 1739,0 мың теңге бөлінді.
2 бала (Глуховка орта мектебінен жетім бала Назерке Капанова және Березовка орта мектебінен аз қамтылған отбасының баласы Дастан Кенжебеков) Италияның Чезенатико қаласының сауықтыру лагерінде демалды.       1-11 тамыз күндері ауданымыздың 62 оқушысы Тараз қаласының «Тау Самалы» сауықтыру лагерінде демалды (оған 1798,0 мың теңге бөлінді).
6-17 тамыз аралығында 28 бала Семей қаласының «Жас Қанат» лагерінде демалды (оған 448,0 мың теңге бөлінді.)
167 бала Астана қаласына барып келді.
2-22 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысының квотасына сәйкес, ауданымыздың қамқорлықтағы және аз қамтылған отбасыларының 8 оқушысы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім орталығында демалды.
Басқа аудандармен қызметтестік жасау мен танысу шеңберінде аудан мектептерінің 612 баласы Абай ауданында 3 күн демалады.
1 маусымнан бастап 24 мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істеді.       1816 бала демалды. Мектеп жанындағы алаңдарының жанында жорықтар, экскурсиялар мен туған өлке бойынша 3 күндік турлар ұйымдастырылып, оған 1-10 сыныптың 2034 оқушысы қамтылды, сонымен қатар, спорттың футбол, волейбол түрлері бойынша ұлттық лагерьаралық спартакиада өткізілді, қамту 680 адамды құрады.
Жаз бойы жазғы кесте бойынша спорттық үйірмелер  жұмыс істеді. Сосновка орта мектебінде спорттық лагерь жұмыс істеді. Барлығы спорттық іс-шаралармен 1773 бала қамтылды.
Мектеп әкімшілігімен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесе жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер үшін «демалыс күнінің маршруттары» ұйымдастырылды. 685 бала Семей қаласына барып, балалар саябағында демалып, биологиялық орталыққа барды.
Ағымды жылғы 15 тамыздан 15 қарашаға дейін демалыс күндері (сенбі, жексенбі) Өскемен қаласының мәдениет және туризм жастар орталығының «Кругозор» бағдарламасы бойынша Бесқарағай ауданының 250 баласы этноауылға, хайуанаттар бағына, классикалық музыка аллеясына, «Эхо» кино-театрына және дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып демалды.
15 шілдеден бастап ауданның балалары үшін Шошқалы көлінің жағасында шатырлы лагерь ұйымдастырылып, онда 980 оқушы қамтылды. Лагерь «Бірлік» ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының ресурстық орталығы» үкіметтік емес ұйымымен ашылды.   
2012 жылғы 12-21 маусым күндері 25 оқушы бар топ Ербол Ануарбекович Алиповтың басшылығымен Қатон-Қарағай ауданына көп күнді туристік жорыққа шығып, «Жасыл Алан» фестиваліне қатысып, 2-ші орынды иеленді.  
Жоғары сынып оқушыларының жұмыспен қамту үлгілерін дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектептерде мектеп жиһаздарын жөндеу, мектепалды телімдеріндегі жас көшеттерді күту бойынша 24 оқыту өңдіріс бригадалары құрылып, онда 305 оқушы жұмыс істеді.
Жазғы кезеңде жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жоғары сыныптың 60 оқушысы жұмысқа орналастырылды.       
Мектептің асханалары үшін көкөністерді өсіру бойынша 20 отряд ұйымдастырылды. Осы мақсаттарға өңделген жер көлемі 8,02 га құрайды. Ағымды жылғы 18 тамызда аудандық орталығында жәрмеңке өткізілді.  
2923 бала жазғы демалыспен қамтылды, бұл 99,8 пайызды құрайды (мектептердің есептері).
Қамқорлық және қорғаншылық. Бүгінгі күні Бесқарағай ауданында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны - 68; жеке меншік құқығында баспаналары бар - 10, баспана алуға кезекке тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 46.
Балалар үйлерімен бірлестік жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта аудан мектептері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 23 әлеуметтік келісім-шарт жасап, қаражаттарды балалардың есеп шоттарына «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-на аудару үдерісі өткізілуде. Бүгінгі күні 1,5 миллионға жуық қаражат аударылды. Бірқатар, Көкпекті балалар үйімен әлеуметтік келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Спорт. 2012 жылы Бесқарағай ауданының аумағында Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жылдық бұқаралық-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның ауыл жастары мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін «Жұлдызша» шайбалы хоккейден және шаңғы тебуден аудандық жарыстар, үстел теннис бойынша біріншілік, шағын футбол мен волейболдан аудан Чемпионаттары, ауданның жалпы білім беретін мектеп олимпиадасының шеңберінде волейболдан, баскетболдан аймақтық және финалдық жарыстар, үстел теннис, шахмат, дойбы және тоғыз құмалақтан жарыстар, Ауғанстаннан әскерді шығаруға арналған ауданның ауылдық округтерінің командалары арасында баскетболдан аудандық жарыстар, спорт ардагерлері арасында шахмат бойынша және «Наурыз мейрамына» арналған гир спорты мен армрестлинг бойынша жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, Бесқарағай ауданының құрама командасы Шығыс Қазақстан облысының қызметкерлері спартакиадасының шеңберінде шаңғы тебуден соңғы жарыстарына қатысып, қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте екінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккей бойынша облыс Чемпионатына қатысып, облыс аудандары арасында бірінші орынды иеленді.      
2012 жылғы 12 маусымда Бесқарағай ауылында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Халық спортының XVI ойындары бағдарламасында аудандық спартакиада өткізілді.
2012 жылғы 19-23 маусым аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының 80-жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Халық спортының XVI облыстық ойындары өткізілді. 
Бесқарағай ауданының құрама командасы облыстың 14 ауданның арасында 246,75 ұпайды жинап, 7-ші орынды иеленді. 4 тамызда футболдан Бесқарағай ауданының құрама командасы аймақтық ойындарда 1-ші орынды, сонымен қатар, футболдан аймақтық чемпионатында 1-ші орынды және осы турнирдің финалдық кездесулерінде 2-ші орынды иеленді.
Ауылдық округтердің командалары арасында футболдан жазғы кезеңінің жабылуы, сонымен қатар, Өскемен қаласында «Жұлдызша» хоккеі бойынша турнир өткізіліп, онда Бесқарағай ауданының хоккейшілер командасы 2-ші орынды иеленді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері арасында спорттың 5 түрі бойынша жарыстар өтті.

ҰБТ. Бесқарағай ауданы бойынша барлығы 266 түлек бар. 183 түлек ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерін тапсырып, 178 түлек қатысты немесе 66,9 пайыз.
Аудан бойынша орташа балл – 62 баллды құрады.
2012-2013 оқу жылдары 11 сыныпта 230 оқуш оқиды. Қазіргі уақытта ҰБТ-2013-ке дайындалуда. Сынақ тестілеу мен қосымша сабақтар өткізілуде. Семей қаласының жоғары оқу орындарымен бірлесе кәсіптік бағдарламалық жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру, дене шынықтыру және


спорт бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Аринов 

Хабарландыру

Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №26/315-VI сессиясының XXVI шешімімен бекітілген, «Тұрғындардың компьютерлік сауаттылықтарының 52 пайызға дейінгі деңгейі» Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының толық индикаторына жету мақсатында  1 ақпаннан бастап 30 қарашаға дейін «Тұрғындардың компьютерлік сауаттылықтарын арттырумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген ақша қаражаттарына және Бесқарағай ауданында компьютерлік сауаттылыққа оқытудың 2013 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес, Бесқарағай ауданының мектептерінде тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстары ұйымдастырылатын болады.

Жоспар-кестесі





Аудан

Мектептің атауы

Мектептің мекен-жайы

2013 жылы оқитындардың саны

Айлар бойынша конкурстарды өткізу күні

1

2

3

4

6

7

1

Бесқарағай

Өндіріс орта мектебі

Өндіріс ауылы

15

ақпан

2

Долон  орта мектебі

Долон  ауылы

15

ақпан

3

Кіші Владимировка орта мектебі

Кіші Владимировка ауылы

15

наурыз

4

Березовка орта мектебі

Бозтал ауылы

15

наурыз

5

Беген орта мектебі

Беген ауылы

15

сәуір

6

Глуховка орта мектебі

Глуховка ауылы

15

сәуір

7

Канонерка орта мектебі

Канонерка ауылы

15

мамыр

8

Қара Марза орталау мектебі

Қара Мырза

15

мамыр

9

Семияр орта мектебі

Семияр ауылы

15

маусым

10

Кривинка орта мектебі

Кривинка ауылы

15

маусым

11

Сосновка орта мектебі

Ерназар ауылы

15

шілде

12

Қоянбай орта мектебі

Қоянбай ауылы

15

шілде

13

Ү-Владимировка орта мектебі

Бесқарағай ауылы

15

тамыз

14

Н.Баймұратов атындағы орта мектеп

Н-Николаевка ауылы

15

тамыз

15

Ү-Владимировка орта мектебі

Бесқарағай ауылы

15

қыркүйек

16

Семеновка орта мектебі

Қарабас ауылы

15

қыркүйек

17

Борас орта мектеп-бақшасы

Бесқарағай ауылы

15

қазан

18

Бөдене орта мектебі

Бөдене

15

қазан

19

 

Жыланды орталау мектебі

Жыланды ауылы

15

қараша

 

 

БАРЛЫҒЫ

 

285

 

Бөлім бастығы  А.Аринов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет