«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мм (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс: 8(72351) 2-23-82, электрондық мекенжайы



жүктеу 34.62 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі34.62 Kb.
түріКонкурс

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс: 8(72351) 2-23-82, электрондық мекенжайы: kadr@boroduliha.vko.gov.kz) «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ E-R-4 санаты (№ 13-0-2) бас маманына конкурс жариялайды (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кезеңіне), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56 376 теңгеден 76 235 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – жоғары,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы категориядағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақсан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалдық міндеттері: Барлық мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар бойынша мақсатты көрсеткіштерді әзірлеу және орындау бойынша жұмыс. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын, шағын және орта бизнес субъектілерін, өндірістік кәсіпорындардық қызметін қолдау мен дамытуды қамтамасыз ету.Аудан әкімінің жұмысын рейтингтік бағалаудағы мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыс: белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі, жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды тарату немесе жандандыру бойынша жұмыс, өнеркәсіп өнімін дамыту және көлемін арттыру (тау-кен өндіруші және өңдеуші). Ауылдық округтері әкімдерінің рейтинг қорытындысын жасау. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бағдарламасымен жұмыс. Кадрлық жұмысты жүргізу. Бөлім жұмысының жоспарларын әзірлеу. ТӨБЕ базасымен жұмыс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарлама соңғы рет жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар тізбесі: уәкілетті орган белгілеген нысанда жазылған өтініш; 3х4 көлемдегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама; білімі туралы нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6697 санымен тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жекебас куәлігі; құжаттарды өткізген кезде жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар тестілеуден өткендігі туралы сертификат (немесе нотариалды түрде куәландырылған сертификаттың көшірмесі).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды өз қолымен немесе құжаттарды қабылдау мерзімі кезінде пошта арқылы, сондай-ақ электронды пошта арқылы тапсыра алады (құжаттардың түпнұсқас әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Бородулиха ауданы әкімі ресми сайтының ғаламтор-ресурсында және «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында орналастырылады.

Әңгімелесу кандидаттарды хабардар еткен күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өткізіледі.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын үй-жай жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет