Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі «Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»



жүктеу 26.38 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі26.38 Kb.

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Барақ батыр негізгі орта мектебі

«Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»

Бердіғожина Бижамал Мұхаметқалиқызы

2013-2014 оқу жылы
Иман – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждарын, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті адал жүректі, көпшіл адамды иманды адам дейміз. Иманды адам айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, шабытпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет-бейнесінен танып, халық оны иманжүзді адам дейді.

«Тура биде «туған» жоқ, «туысты» биде иман жоқ» деп халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кішіпейілділігі, көпшілділігі, дос копшілдігі - әлеуметтік имандылықтық белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адм болу – кісілік борыш.

Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірім – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адмдардың бір-біріне мейір-шапағаты әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің аңсар шыңы. Мейірлі адмның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс.

Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатігездіктен қағып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз ер-азаматтарын мейірімді болса деген ниетпен «Мейіржан», «Мейірман», «Мейірбек» деген атаумен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баураған. «Көпті жамандаған көмусіз қалады» деп, халқымыз мейірлі болу - өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды. «Үлкен адамның сөзін тыңдай біл» деп, өсиет айтқан ата-бабамыз мейірімділік негізгі – сыйласым екенін дәл көрсетеді. Мейірімділік рәсімдері бата беру, байғазы беру, базарлық беру, көңіл сұрау, көңіл айту, жұбату т.б. жөн-жоралғылар арқылы іске асырылады.

Мейірімділіктік іс жүзіндегі бір көрінісі – қайырымдылық. Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға іс жүзінде жақсылық жасау. Қазіргі заманда байыған адамдар «Қайырымдылыр қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі аса бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке құштар адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау, кіріптарға қайыр беру, қартарды аялап, мүгедектерді қорғап-қоршау, әрбір адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы, бәсіре т.б. жөн-жоралғылар арқылы іс жүзінде ізіттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.



Бір сәтсіздік, ауыр жағдайға ұшырып, басқаларға кіріптар болып, көмек қажет еткен адамға жиып беретін көмек – жылу деп аталады. Жылу жасаған кезде кіріптарға көмек бермеген адамға зор кінә тағылып, оның адамгершілігі жоқ сараң, санасыз тасжүрек екенін жұрт бетіне айтып, одан түңіледі, кейде қауымнан аластап, қаперден шығарып тастайды. Еңбегімен елдің сүйіспеншілігіне бөленген қадірлі адамға сыйлық ұсыну, жаңа келген адамға байғазы беру, көп шығындап іс-әрекетінің арқасында тапқан игілігіне көрімдік беру, жас баланың қуанышын қуаттап, оған бәсіре арнау т.б. рәсімдер жөн-жоралғылар халқымыздың қайырымдылық дәстүрлері болып табылады.

Табиғатты қорғау, тал егу, гүл өсіру, жер суғару, құстарға қамқорлық жасау, аңдарды аялау – қайырымдылықтың қалыптасқан халықтың үрдісі, оны орындай білу – парыз. Ол үшін әрбір әдепті адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сіңіріп, тебірене іс-қимыл жасауға міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет