Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы есеп Аналитикалық жазба



жүктеу 276.58 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі276.58 Kb.
түріБағдарламасы


Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы есеп
5. Аналитикалық жазба.
Курчатов қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 41/296-V шешімімен бекітілді, Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9/55-VI шешімімен соңғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

«Қаланы дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасында» 2016 жылға 64 нысаналы индикатор жоспарланып, 49 нысаналы индикаторлар орындалған немесе жоспарға 76,6 %.5 индикаторлар бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.

Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 343 әкімдік қаулысымен бекітіліп, 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 802 әкімдік қаулысымен нақтыланды.

2016 жылға арналған жалпы 728,791 млн. теңге сомасына 90 шаралар жоспарланып, 825,856 млн. теңгеге немесе 113,3%,-ға 84 шаралар орындалды, соның ішінде:

- республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарда 427,971 млн. теңге орындалу 427,971 млн. теңгені немесе 100 % құрады;

- облыстық бюджеттен орындалу 166,778 млн. теңгені құрады жоспарда 145,578 млн. теңге немесе 114,6%;

- қалалық бюджеттен орындалу 135,257 млн. теңгені құрады жоспарда 132,392 млн. теңге немесе 102,2 %;

-кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік қаражаты есебінен жоспарда 22,850 млн. теңге 95,850 млн. теңге сомасына немесе 4,2 есеге іс-шаралар орындалды.



1 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ Өңірлік экономика

1 мақсат. Қала экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету.

Мақсаттарды іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор қарастырылған, сондай-ақ олар орындалмаған.

2016 жылы қала бюджетіне 991,3 млн. теңге немесе 110,3% меншік кірістер түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 166,8 млн. теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар 454,6 млн. теңгені құрап, салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі 987,7 млн. теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 122,2% құрады.

Толықтай 2016 жылы белгіленген жоспардың үстінен 92,3 млн. теңге түсті.

Курчатов қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуда 2016 жыл қорытындылары бойынша қол жеткізілген дамудың оң динамикасы жалғасуда. Рейтинг қорытындылары бойынша 2016 жылдың 12 айында қала 18 орынды алды.

Айсайын қаланың әлеуметтік-экономикалық дамыту көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі.



2 мақсат. Өнеркәсіптің басым секторларын дамыту.

Мақсаттарды іске асыру үшін 4 нысаналы индикатор қарастырылған, олардың 2 орындалып, 2 орындалған жоқ.

2017 жылдың 1 қаңтарына өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2 725,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 336,2 млн. теңгеге жоғары. Өсу қарқыны – 114,0%, нақты индекс көлемі – 101,4% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 803,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны – 121,0 %. НИК – 178,3.

Тау-кен өнеркәсібінде өнім көлемі 1 107,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7 млн. теңгеге жоғары, өсу қарқыны – 101,7%.

Өнеркәсіптік өндірудің негізгі үлесін тау-кен өнеркәсібінің үлесі және карьерлерді әзірлеу – 40,6%, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 29,4 % құрады.

Қаланың жеңіл өнеркәсібінде өз қызметін «Мерусар и К» ЖШС филиалы жүзеге асырады.

2016 жылдың 12 айында филиалмен 1,3 млн. бір реттік бетперделер өндірілген.

Табиғи түрдегі шығарылатын өнімдердің ұлғаюының себебі бас компаниядан спирттік майлықтар мен бір реттік бетперделерді өндіру бойынша қосымша жабдықтарды алуға байланысты.

2017 жылы химия саласында 2015-2019 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау Картасына қосылған, «Гидроксид кальций өндіру бойынша өндірісті модернизациялау» 1 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.



3 мақсат. Ішкі сауда саласын динамикалық дамыту

Жүргізілген талдаулар нәтижесінде 2016 жылдың қорытындылары бойынша келесідей нәтижелер анықталды: 1 нысаналы индикатор жоспарланып,сондай-ақ орындалмаған.

Бөлшек тауарайналым көлемі 2016 жылдың 12 айында – 5 253,3 млн. теңгені құрады, НИК – 78,6 %, бұл өткен жылдың деңгейінен 322,3 млн. теңгеге аз.

2016 жылдың 12 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік тауарларды, жұмыс, қызметтерді сатып алу 137 млн. теңгені құрады.

2016 жылы сауданың 3 нысаны ашылды олар: 1 дәріхана, 1 дүкен, 1 қоғамдық тамақтану пункіті.

Шағын бизнес кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айналым қаражаттарын толықтыруға кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін жартылай субсидиялауды қамтамасыз ету шеңберінде, 2016 жылы жабдықтарды сатып алуға, дүкен ғимаратын жөндеуге, автомобиль сатып алуға, шаштараз ашуға, азық-түлік дүкенін, балалар көңіл көтеру орталықтарын салуға 100,8 млн. теңге сомасына екінші деңгейлі банктер арқылы субсидия берілді.

Курчатов қаласында белсенді ШОБ санын ұлғайтуға ықпал ететін, жайдайлар жасалады.



4 мақсат. Өңір экономикасына инвестициялардың құйылуын ынталандыру

Жүргізілген талдаулар нәтижесінде 2016 жылдың қорытындылары бойынша келесідей нәтижелер анықталды: 4 нысаналы индикатор жоспарланған, олардан 2 орындалып, 1 орындалған жоқ, 1 индикатор бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.

Негізгі капиталға келіп түскен инвестиция 2015 жылға 1 278,8 млн. теңгеге ұлғаюмен, 2016 жылдың 12 айында 2 497,7 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 2 есеге ұлғайған. НИК – 194,4 % құрайды.

Салынған инвестицияның негізгі үлесі ішкі – 2 073,8 млн. теңге, бұл 83% құрайды, сыртқы – 423,8 млн. теңге.

Ғимараттарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарға – 925,6 млн. теңгені құрады, машина, жабдықтар, құралдар, мүліктер сатып алуға – 1 460,8 млн. теңге, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындарға – 111,1 млн. теңге, ШҚО бойынша жалпы көлемде негізгі капиталға келіп түскен инвестициялардың үлес салмағы – 0,6%.

Қазіргі уақытта «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және «Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттік» АҚ арасында «Радиациялық – тігетін су сіңіргіш суперабсорбенттер өндірісін құру» жобасы бойынша 31 млн. теңге сомасына технологияларды коммерциализациялауға инновациялық грант беру туралы келісім-шарт жасалған. Су сіңіргіш суперабсорбенттер өндірісінің технологиялық саласын жобалау бойынша жұмыстар жүргізіліде. Сонымен бірге «Дегелен» ЖШС-і тұрып қалған кәсіпорын өндірісін сатып алу және шығару үшін иневсторларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні жобаның бизнес – жоспары мен кәсіпорын бағасы жандандырылып және «KAZNEX INVEST» және «Ертіс» ӘКК» ҰК сияқты кәсіпкерлікті дамыту мен инвестициялар тарту бойынша Қазақстанның акционерлік қоғамына жіберілді.



5 мақсат: Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық- түлік тауарлары ішкі нарықта отандық өнімдердің салыстырмалы салмағының өсуі, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Мақсатты жүзеге асыру үшін 4 нысаналы индикаторлар қарастырылған, олардан 3 нысаналы индикаторлар орындалмаған және 1 орындалған. Картоп пен бақша дақылдарын өсіруге арналған алаңдардың 3 гектарға қыскаруына байланысты орындалмады.

Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің нақты индекс көлемі 95,8 % (482,3 млн. теңге) құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты индекс көлемі 92,8 % (306,0 млн. теңге) және мал шаруашылығының жалпы өнімінің нақты индекс көлемі 101,6 % (176,3 млн. теңге) құрады.

Еттің тірідей салмағы 155,5 тонна (өсім 1,1 %), сүт – 783,6 тонна (өсім 2,5 %), жұмыртқа -110 мың дана (өсім 1,1 %) өндірілді.

Мал басының саны ІҚМ- 1179 бас ( өсім 25,3 %), қой мен ешкі – 3024 бас (өсім 6,9 %), жылқы – 287 бас ( өткен жыл деңгейінде), құстар – 2029 бас (өсім 42 %) құрады.

2016 жылы эпизоотикалық саулықты қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар жүргізілді соның ішінде: сібір жарасына қарсы вакцинациялау: ІҚМ - 1000 бас; ҰҚМ– 2500 бас, жылқы - 200 бас, шошқа- 100 бас, түйе – 15 бас; аусыл: ІҚМ-2000 бас: ҰҚМ-7000 бас, шошқа - 100 бас. ІҚМ бруцеллезге қан сынамасы алынды - 793 бас, ҰҚМ -2172 бас. Ит пен мысықтың құтыруына қарсы вакцинация жүргізілді - 200 бас. Қала тұрғындарының санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2016 жылы қаңғыбас ит (112 бас) және мысық (115 бас) аулау жүргізілген, барлығы 227 бас санында, ит құтырыуының және басқа да аурулардың таралуын болдырмау үшін барлық шаралар қабылдануда.

2016 жылдың жоспарланған шараларына жүргізілген сараптама толық көлемде орындалып, болашақта бағдарламаны жүзеге асыру үшін барлық шаралар мен қабылданған міндеттерді орындау қабылданатын болады.

Бағыт: Әлеуметтік сала

6 мақсат. Білім берудің ұлттық стандарты шеңберінде білім беру ресурстары мен технологияларына жалпы орта білім алатын оқушылардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету

Жоспарланған 3 нысаналы индикатор, барлық индикаторлар орындалды.

Курчатов қаласында жалпы білім беретін 3 мектеп жұмыс істейді. №1 ЖОМ - 587 бала, №2 - 473- бала, №3 ОМ - 470. Оқушылардың жалпы саны 1530 бала.

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылармен жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізіледі. Мектептерде барлығы 1530 оқушы оқиды , оның ішінде 11-сынып оқушылар саны 69 оқушыны құрайды. ЖМБ білім беру бағдарламаларын меңгерген " өте жақсы/ жақсы - 254 оқушы, орташа есеппен 61,4% құрайды. Ауытқулар жоқ.

Қала бойынша барлығы 62 мүмкіндігі шектеулі бала бар, оның 20 - мектеп жасына дейінгі, 42 - мектеп жасындағы. Білім алатындары 32, оның ішінде 20 оқушы инклюзивті біліммен қамтылды.

Оқыту және тәрбиелеу үшін балаларға толыққанды барлық жағдай жасалған. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналары және заңды өкілдердің қатысуымен психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның тексеруінен өтеді. ПМПК-ның ұсынымдары бойынша балалар Семей қаласына мүмкіндіктері шектеулі балалар оқитын арнайы мектептерге жіберіледі. 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасы балалары сапалы, теңгерімделген ыстық тамақпен қамтылды. 1-4 сынып оқушылары (658), аз қамтылған отбасы балалары (164 бала) теңгерімді тегін ыстық тамақпен (100 %) қамтылған, тамақтану рационына бал, сүт және қышқыл сүт өнімдері кіреді.

Барлық жалпы білім беретін мектептер лингафондық және мультимедиялық кабинеттерімен және химия, биология, физика кабинеттерімен -100 %. қамтамасыз етілген .

Барлық мектептер 100% интернетке қосылған.

Қала мектептерінің оқушыларын тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету үшін ҚБ- дан 10 450,0 мың теңге бөлінді. 1, 4,8 сыныптарға оқулықтар сатып алынды, мазмұнын жаңарту бойынша және қорландыру циклі бойынша саны-12 265 дана.

Сондай-ақ орыс тілді мектептер үшін қазақ тілі оқулықтары 927 дана қосымша сатылып алынды, жалпы білім беру ұйымдарының қаласының актісі бойынша барлық оқулықтар берілді. Оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.



7 мақсат. Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз ету.

1 нысаналы индикатор жоспарланып, сондай-ақ ол орындалған.

Курчатов қаласында 2 мектепке дейінгі мекеме, жалпы бала саны- 433 бала және бала саны-135 -ті құрайтын жалпы білім беретін мектепте кіші орталықтар жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орналастырылған 260 бала. 3-тен 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылған 715 бала (100 %), жалпы білім беру мектептерінің жанында екі балабақша, екі шағын орталық жұмыс атқарады. мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы балалар 100 %. қамтылды.

8 мақсат. Мемлекеттік жастар саясатының дамуыту

1 нысаналы индикатор қарастырылған. Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжамдау институтының мәліметтері бойынша осы көрсеткіштер 2016 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілген. Атқарушы билік органдарына халықтың сенімділік деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданды.

Патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, жастардың белсенді қоғамдық ұстанымдарын құру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Шығармашылық, мәдениет, спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы жұмысты жалғастыруда. Шешіледі жастардың әлеуметтік мәселелері күрделі жағдайда: қайта жаңартылған тұрғын үй, Тәуелсіздік көшесі, ашылған балалар ойын-сауық орталығы, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, қала бойынша спорт алаңын орнату Workaut. Бұл жақсартуға мүмкіндік береді, қаланың тартымдылығын жас мамандар үшін. Орталығы жастардың текущеом жылы жүргізілді: шерулер, флешмобтар 25 жылдығына арналған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жабу ССП-благотворительная акция "ертегі Сыйла балаға", экологиялық акция "Таза жағалау", "Мен, көргім де өз қаламызды таза", "горняк", "мәңгілік полк" акциясы, қайырымдылық мини-футбол бойынша турнир. Жалпы саны 4800 адам.

Жүзеге асырылған мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасы. Жастар арасынан сайланды 1 қалалық мәслихатының депутаты. 2 отырысы өткізілді жастар істері жөніндегі Кеңестің, облыс әкімі жастармен. Деңгейі жоғары оқушылар арасында патриотизмді және жұмысшы жастар қаласы.

ЖҚБ бірлесіп "жастар Одағы" Курчатов организованые спорттық жарыс болып өтті. Қамту 420 адам. Құрамына жастар бірлестігінің қатарына жас мамандар қала кәсіпорындарының, жастар, окончившая жоғары және кәсіби мекемелер.

Сондай-ақ, саны жастардың жас мамандар Кеңесі, ҚР ҰЯО РМК. Бастамасы бойынша жастар қаласы атты дөңгелек үстел өтті, қатысушылар, үндеу "Біз ядролық қарусыз әлем үшін" шақыру Елбасының қорғай өзінің бейбіт болашақ.

9 мақсат. Тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту.

6 нысаналы индикаторлар жоспарланған, олардан 2орындалып, 3 орындалмаған, 1 индикатор бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында Курчатов қаласының халқына медициналық көмек көрсету құрамына екі бөлімшеден тұратын стационар, кеңестік - диагностикалық емхана және тәулік бойы шұғыл көмек көрсететін шұғыл жедел жәрдем бөлімі жатады.

Өлімді төмендету үшін мақсатты топтарды скринингтік тексеру жүргізу жалғасуда.

Ағымдағы жылда 7 науқас коронаграфияға жіберілді, 14 адам стенттеуден өткізілді, аортокоронарлық ұштастырудан 4 адам, Астана қаласындағы онкология және трансплантология ғылыми зерттеу институтына екі науқас жіберілді.

Семей қаласының санавиациясы жедел көмек көрсету үшін 7 ұшу жасады, 8 науқасқа көмек көрсетілді, шығу 11, 12 науқасқа көмек көрсетілді.

Қалалық аурухана тропониндік - тестпен толық көлемде қамтамасыз етілген, облыстық бюджет қаражатынан актилиз препаратының қоры жасалды.

Сүт бездері ісігіне скринингтік тексеруден 262 әйел өтті, барлығы тексерілді.

Жатыр мойыны ісігінен тексерілгендер 279 әйел, орындалу пайызы 100.

Колоректалдық ісігінен 574 адам өтті, барлығы тексерілді.

Аталық без ісігінен 118 өтті, тексерілгені 118, орындалу пайызы 100. Анықталғаны 1 жағдай.

Асқазан және ас қорыту ісігіне скринигтік тексеруден 412 адам өтті, тексерілгені 412, орындалу пайызы 100.

Бауыр ісігі скринингтік тексеруден 1 адам өтті, 100 пайыз орындалды.

2015 жылдың 12 айында қала халқының туберкулезбен науқастануының бес жағдайы қала бойынша тіркелді, бұл 100 мың тұрғынға 49,3 құрады.

Туберкулезден өлім - 1 адам, бұл 100 мың тұрғынға 9,8-ы құрады. Алдын алу тексеру кезінде қайтадан туберкулез ауруымен 4 жағдай тіркелді, 1 өлгеннен кейін анықталды.

Қатерлі ісіктерді ерте анықтаудың жалпы емдеу желісінің қызметін жақсарту және үйлестіру үшін 2013 жылы онкологиялық кабинет ашылды.

Жас ана мектебі және дені сау бала (ДСБ) кабинеті ашылды, онда балаларды психикалық-әлеуметтік дамытуды ынталандыру үшін ойыншықтар жиынтығы, тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жиынтықтар, компьютер, телевизор, оқу материалдары және көрнекі құралдар бар.

10 мақсат. Тұрғындарды жұмыспен қамту шаралардың тиімділігін арттыру.

Жоспарланған 3 нысаналы индикаторлардан, 1 индикатор орындалмаған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен нысаналы индикаторларды орындау бойынша аз қамтылған азаматтарға, көпбалалы аналарға және басқа да әлеуметтік қорғалатын халықтың қабатына, азаматтарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу, кәсіби оқыту, сонымен қатар жұмыссыздаға әлеуметтік қолдау жасау, соның ішінде отандастарымызға; ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; жұмыспен қамту сұрақтарымен жүгінген азаматтарды жұмыссыздар есебіне қабылдау және тіркеу; жұмыссыздықты төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру және де азаматтардың ерікті таңдалған жұмыспен қамту сияқты пайдалы іс-шараларымен белсенді жұмыс жүргізілді.

2016 жылы Курчатов қаласы бойынша 385 жаңа жұмыс орындары құрылып олардан: 71 тұрақты және 314 уақытша мерзімдік орындар.

2017 жылдың 01 қаңтар жағдайында жұмыспен қамту бөліміне 550 адам жүгінді, 413 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқанда үлесі 75 ,1% құрайды.

2016 жылы жұмыссыздық деңгейі ШҚО статистика департаментінің мәліметтері бойынша 4,8 % құрайды.

Жылдың басынан бастап жұмыссыз азаматтарды кеңінен қамту үшін 115 келісімшарт жасалды, солар бойынша 140 жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты. Ақылы қоғамдық жұмыстар аяқталғаннан кейін 32 адам немесе 23,0 % жұмысқа орналастырылды.

Жұмысқа орналастыру деңгейін жоғарылату мақсатында жұмыссыз азаматтраға кәсіби оқыту, қайта оқыту, біліктіліктерін көтеру ұсынылады. 2016 жылы оқытуға 16 жұмыссыз азамат келесі мамандқтар бойынша оқытылды: аспазшы – 6 адам, электромонтер – 5 адам, көпірлі кран машинисті- 5 адам, Оқуды аяқтағаннан кейін 12 адам жұмысқа орналастырылды.

«Атамекен» кәсіпкерлердің өңірлік палатасымен кәсіпкерлік ынтаға жәрдем көрсету бойынша 10 жұмыссыз адам оқытылды, нысаналы топ санынан: оралмандар 5 адам, жастар – 1 адам, көп балалы ана – 1 адам.

11 мақсат. Тұрғындардың әлсіз қатпарларын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.

Жоспарланған 3 нысаналы индикаторлардан, 3 индикатор орындалды.

2016 жылы атаулы әлеуметтік көмекті екі отбасында тұратын 8 адам алды. Алушылар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 25% құрады.

Курчатов қаласында 36 адам – бөгде адамның күтімін қажет ететін жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер және 8 мүгедек – балалар тұады, сондай-ақ оларға бес әлеуметтік қызметкерлермен үйден қызмет көрсетіледі. Игерілу 100%.

Қызмет көрсетумен қамтылған үлес салмағы 14 % құрайды.

5 әлеуметтік қызметкерлер 36 мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсетеді.

2016 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 94,0 мың теңге бөлінген, жыл бойында жәрдемақы алуға 8 адамнан тұратын 2 отбасы өтініш білдіріп және алған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың басым бөлігі толық емес отбасылар (жалғызбасты аналар, 7 жасқа дейінгі балаларды қарауда отырған ажырасқан әйелдер) және 2-3 баласы бар отбасылар, білімі жоқ және білім жоқтығынан кірістің ең төменгі деңгейінде еңбекақылары бар отандастардың отбасылары құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар құрамында жұмысқа жарамды халықтың үлесін төмендету үшін бөлім мамандарымен жыл бойы жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына қатыстыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Олар ақылы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыстарға, еңбек нарығында қажетті мамандықтарға оқыту, өз ісін ашу үшін шағын несиелер алу сияқты шаралар.

12-мақсат. Сақтау, отандық мәдениетті насихаттау және дәріптеу

2 нысаналы индикаторлар қарастырылған. Барлық индикаторлар орындалған.

2016 жылы кітапхананың жалпы қоры 34 506 дана, оның ішінде 7901 мемлекеттік тілде. Қалалық кітапханада - 2442 оқырман, кітап беру – 42805. кітапханаға келушілер-12400. «Ирбис» бағдарламасына 20 026 кітап енгізілді, енгізу 58 пайызды құрайды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Қалалық кітапханада қызмет ету кафедрасы, 16 орынды оқу залы, кітап қоймасы, қосалқы және тұрмыстық бөлмелері бар.

Кітапхана өз қызметінде әртүрлі жұмыс формалары мен әдістерін пайдаланады, сондай-ақ зейнеткерлер мен мүгедек жандарға үйде қызмет көрсетеді.

Қалалық кітапхана қаланың ересек және мен жасөспірім тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Қалалық кітапхана оқырмандарды тарту үшін жыл сайын қазақ және орыс тілдерінде әр түрлі баспаларға жазылады.

Жыл бойы барлық мемлекеттік мерекелер және Қазақстан Республикасының атаулы күндері халықаралық оқиғалар ұйымдастырылған көрмелерден, әдеби шолулардан, бұқаралық ақпарат құралдардан танымдық, ойын-сауық, конкурстық және өзге де, көпшілік іс-шаралардан көрініс тапты.

Кітапхана барлық тұрғындар үшін ауқымды іс-шаралар өткізу арқылы мемлекет саясатын, жалпыадами құндылықты насихаттайды. 2016 жылы қалалық кітапхана 100 іс-шара ұйымдастырып, өткізді.

Қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін әлеуметтік-маңызды және мәдени-көпшілік іс-шараларға, фестивальдарға, байқауларға шығармашылық ұжымдардың және жас таланттардың қатысуға ұйымдастыруын қаланың мәдениет бөлімінің айсайынғы жоспарына және облыстық, республикалық фестивальдардың және байқаулардың Ережесіне сәйкес өткізіледі.

Қалалық мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге, шығармашылық ұжымдарды облыстық, республикалық, халықаралық фестивальдарға және байқауларға қатысуға 2016 жылы 3,500 млн.теңге бөлініп, игерілді. 127 іс-шара өткізілді, оның ішінде – 9 көшпелі іс-шаралар, мемлекеттік мерекелерге арналған – 10 іс-шара және 108 мәдени-көпшілік іс-шаралары.

2016 жылы Курчатов қаласының мәдениет мекемелері барлығы 337 іс-шара өткізіп, 125000 адам қатысты. (Қалалық мәдениет үйі – 127, достық үйі – 110, қалалық кітапхана - 100).



13 мақсат. Көпшілік спортты дамыту.

Жүргізілген талдау нәтижелерінде 2016 жылдың қорытындылары бойынша келесі нәтижелер анықталды: 2 мақсатты индикатор жоспарланған, орындалуы – 100 %.

Курчатов қаласында тұрғындарының саны 12 273 адамды құрайды, олардың ішінде дене шынықтыру және спортпен 3680 адам шұғылданады. Қамтылу 30 % құрайды.

БЖСМ 387 балалар, балалар-жасөспірімдер аула клубында – 71 балалар айналысады. Барлығы қамтылу 458 балаларды – 30 % құрайды.

Курчатов қаласында мәдени – ағарту іс-шараларын өткізу, құқықбұзушылықпен және қараусыздықтың алдын алу, ұлттық шығармашылық пен спортқа араластыруды, салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бос уақытын ұйымдастыру үшін қосымша білім берудің 5 (бес) мекемелері жұмыс істейді: Балалар музыка мектебі, Балалар жасөспірімдер шығармашылық үйі, Балалар жасөспірімдер спорт мектебі, «Горизонт» балалар жасөспірімдер клубы және «Скала» балалар жасөспірімдер клубы. Қосымша білім берумен қамтылған – 1005 (65,6%) балалар. Мектептердегі оқушылар саны – 1350

Мектептерінде спорттық секциялар және кружоктар жұмыс істеп, инклюзивтік білім беруге арналған жағдайлар жасалған. Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылсайын жаңартылады.

Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 26 спорттық секциялар (футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, хоккей және т.б.) жұмыс ітейді, онда 582 оқушы (35 %) айналысады.

14 мақсат. Туризм индустриясын тұрақты дамыту.

2016 жылдың қорытындылары бойынша 3 нысаналы индикаторлар жоспарланған, статистикалық мәліметтер 2017 жылдың сәуір айнда жаияланады.

Курчатов қаласында туризімнің дамуына ерекше назар аударылады. Техникалық және өнеркәсіптік туризіммен айналысатын, шетел туристерінің арасында Қазақстанда үлкен қызығушылықты екі объекті танытады – «Байқоңыр» космодромы және бұрынғы Семей сынақ полигоны (одан әрі - ССП).

2016 жылы ССП мұражайына 400 жуық адам, «Тәжірибе алаңын» 250 астам адам, «Атомдық» көліне 50 адам, зертханалық корпусқа 150 жуық адам, сонымен қатар Радиациялық қауіпсіздік институтының далалық лагеріне 100 жуық адам келді.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Курчатов қаласында туристарды орындарға орналастыру жасалынған, резедент емес – 143 адам (сәйкес кезең 2015 ж- 139), өсу қарқыны – 102,8%, резедент – 1307 адам (2015 жылы – 1 131), өсу қарқыны – 115,5%. Ақшадай түрде көрсетілген қызметтер көлемі – 12 млн. 368 мың теңгені (2015 жылы – 8 млн. 854 мың теңге), өсу қарқыны – 139 % құрады.

Кәсіпкерлік ынтаны дамытуға ықпалдасатын, қалалық бюджеттің кіріс бөлігін көтеру, жағдайларды жасау және кеңейту үшін ҚР ҰЯО жергілікті атқарушы органдармен бірігіп бұрынғы ССП объектілеріне туристік турлардың ұйымдастырылу тұжырымдамасы әзірленген.

Туристер санын ұлғайту үшін Семей, Алматы, Астана, Қарағанды («Тоғас-Интурсервис» ЖШС, «ШОЛПАН» турфирмасы, «Барика»ЖШС, «Номадик Трэвел Казахстан» ЖШС, «Kyrgyz Concept Almaty» ЖШС) қалаларының қазақстандық туристік компанияларымен жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар ресейлік туроператорларды тарту бойынша мәселе қарастырылуда, олар:РФ Москва қаласында «Апогей» ТК, «Кариатида» ТК, «TEZtour» ТК, «Dельфин» ТК, «Турбюро Москва» ТК және РФ Санкт-Петербург қаласында «Ирида» ТК.

Қалада екі қонақ үй жұмыс істейді: «Маяк» және ЖК «Ли В.В.» қонақ үйі.



15 мақсат. Қазақстан халқын топтастыратын фактор ретінде толерантты тілдік ортаны құру.

2016 жыл 3 мақсатты индикаторлар жоспарланып, жүргізілген талдау қорытындысы бойынша индикаторлардың орындалуы 100 пайыз.

Курчатов қаласы бойынша жалпы тұрғындар саны 12 237 адам. Оның ішінде 18 бен 65 жас аралығындағы ересек тұрғындардың саны 9188 адам. 9188 адамның ішінде 5 337 адам мемлекет құраушы ұлт, 3 851 адам өзге ұлт өкілдері.

Тілдерді оқыту орталығында 2015-2016 оқу жылында мемлекеттік тілді үйрету курсына (8 топ) 98 тыңдаушы, оның ішінде 35 өзге ұлт өкілі тартылды. «Тілашар» бағдарламасы бойынша 1 топ, 12 өзге ұлт өкілі мемлекеттік тілді үйренді.

Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 2016 жылы ұйымдастырылған «Әдемі сөйле, сауатты жаз» апталығы, «Біліктілікті арттыру – заман талабы», «Қане, қазақша сөйлейік!» тақырыбында 10 күндік акциясы өткізіліп, аталған шараларға қатысқан 156 өзге ұлт өкілі мемлекеттік тілді меңгергенін көрсетті. Тілдерді оқыту орталығынан басқа 2015-2016 жылы қаладағы мекемелер мен кәсіпорындардағы 4 үйірмеде 520 тыңдаушы қазақ тілін үйреніп шықты (№ 3 орта мектебі, Достық үйі, 3514 әскери бөлімі, қалалық аурухана), оның ішінде мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгерген өзге ұлт өкілдерінің саны - 215 тыңдаушы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен бағынысты кәсіпорындарында қызмет ететін 1050 адамның 447-сі (өзге ұлт өкілдері) мемлекеттік тілді меңгерген.

18 бен 65 жас аралығындағы ересек тұрғындардың саны 9188 адам. 9188 адамның ішінде 5 337 адам мемлекет құраушы ұлт, 3 851 адам өзге ұлт өкілдері. Барлығы белгілі бір деңгейде 3 тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) меңгереді.

«Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы аясында Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығында ересектерге арналған ағылшын тілін үйрету курсы ұйымдастырылған. Үйірмеге (6 топ) 62 тыңдаушы тартылған.

Мектептерде (№3 орта мектебі, № 2 мектеп, № 1 орта мектеп, «Күншуақ» бала бақшасы) ағылшын тілін оқыту бойынша ұйымдастырылған. 4 үйірмеде 110 тыңдаушы ағылшын тілін үйренді.

Курчатов қаласында – ғылыми-зерттеулік мекемесі Ұлттық ядролық орталығы Еуропа, АҚШ, Жапония, Франция, Бельгия, Үндістан, тағы басқа мемлекеттердің, жетекші халықаралық ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейтіндіктен қызмет ағылшын тілін білуі маңызды. Орталықтың мәліметі бойынша 172 қызметкер ағылшын тілін белгілі деңгейде меңгерген. 

Заман талабына сәйкес қалалық аурухананың 45 медицина қызметкерлері және 3514 әскери бөлімінің 25 әскери қызметкерлері белгілі деңгейде ағылшын тілін меңгерген.

«Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК ұстау үшін 5,740 теңге бөлініп, игерілді.

Курчатов қаласының Достық үйі тілдерді оқыту орталығының базасында украин және неміс тілдерін үйрету курстары ұйымдастырылған. 2015-2016 оқу жылында украин тілін үйрету курсында – 25 тыңдаушы, неміс тілі курсында -24. Оқыту ақысыз түрде жүргізіледі.

Курчатов қаласында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 11 мемлекеттік органдар бар.

2016 жылы қаланың мемлекеттік органдарындағы кіріс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы – 99,3 пайызды құрады.

Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту және мемлекеттік тілдің рөлін түсіндіру және насихаттау бағытында өткізілетін мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси іс-шаралар бөлімнің ай сайынғы жоспарына және жолданатын облыстық конкурстар мен фестивальдардың Ережелеріне сәйкес өткізіледі.

2016 жылы мемлекеттік тілді түсіндіру және насихаттауға бағытталған қалалық мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізуге 0,600 теңге игерілді. 15 іс-шара өткізілді, оның ішінде 8 қалалық конкурстар, 6 көшпелі іс-шаралар, 1 акция.

Мемлекеттік тілді насихаттау, үш тілді жетік меңгерген жас таланттарды қолдау мақсатында өткізілетін қалалық конкурстардың жеңімпаздары Курчатов қаласының намысын облыстық, республикалық конкурстарда қорғайды.

Қалалық «Тіл парасат – 2016» конкурстың жеңімпазы Олеся Мельникова Өскемен қаласында өткізілген облыстық конкурсында жүлделі 3-орынды иеленді. Атырау қаласында өткен Ж.Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсында Арайлы Алтаева 3 орынды иеленді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүргізгенде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзушылық факторы болған жоқ.



Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

16 мақсат. Қоғамдық орындарда және көшелерде, сенімді құқықтық тәртіпті қамту, қылмысты ашу

5 мақсатты индикатор қарастырылып, толық көлемде орындалды.

Қылмыстардың үлес салмағының төмендеу индикаторлары бойынша, жасалынған үлес салмағы 20,2% құрайды, 205 жылдың сәйкес кезеңіне (+/-; 8,8%) қарсы 29 %.

Қалалық полиция бөлімі қылмыстардың санын азайту мақсатында қызмет көрсететін аумағында жұма сайын барлық қызметтегі қызметкерлер тартылған жалпы жұмыстар жүргізіледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерікті халық жасағының жиынтық отрядының мүшелері қатысады.

Азаматтардың құқықтарының бұзылған жағдайда заңды мүдделерін қорғау мен қылмысты жасырып қалмау мақсатында, Курчатов қаласының полиция бөлімімен есепке алу-тіркеу тәртәбі бойынша жұмыстар белсендірілген.

Ішкі істер органдарының бейнесін (имиджін) көтеру мақсатында, білім ұйымдарында өсіп келе жатқан ұрпақтың әсери-патриоттыққа тәрбиелеуде, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің көмектесуімен «Юный друг полиции» атты мектеп отрядтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, кәмелеттік жасқа толмағандардың жағынан қылмыс пен құқық бұзушылықты жібермеудің алдын алуда, қаланың оқу мекемелерінде білім бөлімі өкілдерімен тұрақты дөңгелек үстелдер, оқу отырыстары өткізіледі. НД тіркеуде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар мен отбасы нашар тұратын жанұя балалары әр түрлі үйірмелерге және спорттық секцияларға қатыстырылады.

Курчатов қаласының полиция бөлімімен қызмет көрсететін аумақта, тұрақты негізде шұғыл-алдын алу шаралары жүргізіледі, олар: «Жасөспірім», «Топ», «Денсаулық», «Жалпылай оқыту», «Құқық тәртібі», «Мак», «Допинг», «Есірткіге қарсы». Сонымен қатар түнгі уақыттарда жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында, жасөспірімдер жиналатын орындарда, тұрғын үй кірмелері мен жер төлелеріне тексеру жүргізіледі.

Полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтауды тексеру рейдтік шараларын жүйелі түрде жүргізеді. Қызметкерлердің жол қозғалысы ережесін сақтаулары, жеке автокөліктері, қызметтік автокөліктің жұмысына және олардың автотұраққа уақытында қойылуына бақылау жасалады.

Жол патруль полиция бөлімшесінің желісінде 560 (2015 жылы 563) бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 219 жүргізушілер ішімдікпен (2015 жылы 198). 96,7 пайыз төлеттірді. (Сонда өткен жылдың есептік кезеңіне төлеттіру 95,2 % құрады).

Ауыр және өте ауыр қылмыстардың жалпы ашылуы 6 (100 %) тіркелген , 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарсы 7 (85,7 %). Олардан ауыр 6 (100 %) 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарсы 7 (85,7 %) , аса ауыр қылмыстар тіркелмеген.

Курчатов қаласының аумағында 2016 жылдың 12 айында тіркелген қылмыстардың жалпы санынан 44,6% (56 ден 81 фактілерге дейін) және орташа ауыр қымыстар 60,7% ( 28 ден 45 фактілерге дейін) ұлғаю болды .

Полиция бөлімінің басшысымен және полицияның учаскелік инспекторларымен тұрғындармен жүргізілген жиындарда, азаматтардың жеке мүліктерін (пәтер, автокөлік және басқа да мүліктерін) сақтау бойынша шаралар туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Учаскелік полиция инспекторларымен пәтерлерге ұрлық жасаудың алдын алу мақсатында, өздерінің қызмет көрсететін участіктерінде азаматтарға тұрғын үйлеріне темір есіктер мен домофондар құрудың қажеттілігі туралы түсіндірме шаралары жүргізіледі. Қылмыс жасалудын алдын алу мақсатында тұрақты негізде «Квартира», «Скотокрад», «Правопорядок» және т.б. жедел –алдын алу шаралары жүргізіледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты мен тапсырмалары қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау деңгейін сапалы қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алуды толық маштабты және тиімді жүйелерін жетілдіру, құқықты тиімді қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерін, қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың мақсатты әлеуметтік-құқықтық алдын алуларын жүзеге асыру болып табылады.

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарландыруларды есепке алу және тіркеу толықтығын қамтамасыз ету бойынша мақсатқа сай жұмыстар, қылмыс жағдайы туралы оъективті статистикалық мәліметтерге жету жүргізіледі. Кестеге сәйкес, Курчатов қаласының ПБ тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ережелерінің насихаттау және түсіндіру бойынша, сонымен қатар Курчатов қаласында жедел жағдайдың жағдайы туралы жұмыстар жүргізіледі.

Осы талдау қорытындыларын жасай келе, яғни толықтай Курчатов қаласының ПБ ұжымы қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жүктелген міндеттерді толықтай орындайтындығын айтып өту қажет. Құқық қорғау қызметінің ұйымдастырылуы негізінде дұрыс құрылуда. Әлбетте, жұмыста жіберілген қате, кемшіліктер және істеліп бітпеген жұмыстар бар, оларға шындап көңіл бөліп және аз уақыт ішінде оларды жою бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдау қажет.

Қаланың үш жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қалалық ауруханамен (СӨС кабинеті) бірігіп, төмендегі іс-шараларға белсенді қатысты:


  • «Дәрі-дәрмектерді дұрыс және дұрыс емес қолдану» дөңгелек стөлі ұйымдастырылды;

  • Денсаулық бұрыштарын дайындады;

  • «Никогда употреблять и пробовать наркотики – это хорошо», «Вредные привычки – это опасно?», «Токсические вещества» дәрістерін өткізді;

  • Психологические тренинги «Сумей отказаться», «Быть здоровым – это модно», «Равновесие» псигологиялық тренингтерін.

«Мы против наркотиков!» акциясы, шығармалар конкурсы, «Мое отношение к наркотикам» эссесі, «Вредные привычки. Наркомания» алдын алу диктанты, суицид, есірткі шегу, токсикомания, жыныстық тәрбиелердің алдын алу бойынша тренигтер өткізілді.

17 мақсат. Негативтік төтенше жағдайлардан аумақтың максимальдік қорғалуы.

1 нысаналы индикатор қаралды, орындалу 100%.

2016 жылы Курчатов қаласында су тасқынының қауіпті кезеңі шиеленіссіз өтті, қосымша шығындар мен материалдық қаржылар қажет болған жоқ. 100 адам көлеміндегі жедел әрекет ету бөлімшесі мен 30 бірлік құрамындағы техника қойылған тапсырмаларды орындауға дайын. ЖӘБ хабарландыру, жинақтау және сапқа тұрғызу жаттығулары жүргізілді.

Жүргізілген тексерулермен анықталғаны: Ертіс өзенінің арнасы тегіс, қала шегінде гидротехникалық ғимараттар (бөгеттер, жағаны нығайтатын жұмыстар және т.б.) салынған жоқ, бұдан басқа Курчатов қаласы табиғи түрде пайда болған жарқабағында (Етріс өзенінен биіктігі -14 м. ) орналасқан.

Курчатов қаласы сейсмотұрақты аумақта орналасқан.

Курчатов қаласының аумағында дала және орман аймақтары жоқ. Іргелес дала аумақтары Павлодар облысының Май ауданына және ШҚО Бесқарағай ауданына жатады.

Қала аумағындағы қиратушы жер сілкіністері кезінде жедел әрекет ету күштерін және құралдарын даярлыққа келтіру мақсатында, қиратушы жер сілкіністерінің салдарын жою үшін қолданыстағы қала Жоспары түзетілді. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардағы әрекеттерге Апатты-құтқару қызметінің, азаматтық қорғаныс күштерін даярлықта ұстау қамтамасыз етілген.

Жүргізілген талдауға сәйкес, Курчатов қаласының аумағында соңғы 10 жылда жыл сайынғы болатын қайталанатын сипаттағы төтенше жағдайлар байқалмаған. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, әлеуметтік-мәдени маңыздағы, қауіпті өндіріс объектілері, көп пәтерлі тұрғын үйлер сейсмо қауіптілігі жоғары аймақтардан тыс орналасқан.



Бағыт: Инфрақұрылым

18 мақсат. Тұрғындарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету.

2 мақсатты индикатор қарастырылып, барлық индикаторлар орындалды.

Барлық этаптарға қойылған мақсаттар бойынша жаңа заманауи байланыс қызметін енгізудің арқасында тұрғындар қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен соның ішінде, SIP база платформасының ұсынылған байланыс қызметіменқамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта кең жолақты интернет желісін пайдалануға қолжетімділік өсті.Қала аумағында бес ұялы байланыс операторлары атап айтқанда,Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel қызмет атқарады.

Компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету үшін №3 мектепте компьютер кабинеті құрылды, ондағы 15-тей компьютер Интернетке қосылған. Азаматтарды оқытатын тренер біліктілігін арттырып оқу курсынан өткен. Компьтерлік сауаттылықты 4,9 мың адам меңгерген.

2016 жылы ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығы және қала әкім аппаратының мемлекеттік қызмет моноторингі жаңартылып, бекітілді.

2009 жылғы сәуір айынан бастап Курчатов қаласы әкімінің ресми сайты- kurchatov.vko.gov.kz қызмет көрсетеді.Сайтты «Рейтинг-телеком» ЖШСжасаған. 2016 жылы «Курчатов қаласының әкім аппараты» ММ ресми Веб-сайтының бағдарламалық кодын оңтайландыру бойынша қызметтер ұсыну туралы келісімшарты түзілді.

Курчатов қаласы әкімдігіне жалғастыра салынған жайда 2013 жылдың шілдесінде, Халықты қамту орталығының операциялық залында «Диалог» азаматтардың бейне өтініш орталығы» ақпараттық жүйесінің кабинкалары орнатылды.Ақпараттық жүйе қала басшылығына бейне өтініштер қалдыруға, тұрғындардың уақытын үнемдеуге бағытталған. 2016 жылы «Диалог» ақпараттық жүйесі арқылы 5 өтініші тіркелді.

19 мақсат. Құрылыс саласының тиімді дамуына жәрдемдесу және тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамту

1 нысаналы индикатор қарастырылып, орындалды.

2016 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 3496 кв.м. құрады.

20 Мақсат. Автожол саласы инфрақұрылымының дамуы және елді мекендер арасында көлік байланысын қамтамасыз теу.

2 мақсатты индикатор қарастырылған, толық көлемде орындалды.

42 км. Қалалық және аудандық жолдарды ұстау қамтамасыз етілген. Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 11,9 км. құрайды.

аудандық маңызы бар жолдардың 87,0% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда немесе 10,35 км.

Қалалық жолдарды ұстау және жөндеуге 63,678 млн. теңге қаржы бөлінді.

Теміржол көлігі «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компания» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Семей тасымалдау бөлімшесімен ұсынылады.

Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау Семей және Павлодар қалалары арасындағы байланысты қматамасыз ететін екі тұрақты қалааралық және бір қалалық маршрутпен жүзеге асырылады. Қалада бір автостанция бар.Әуе және өзен көлігі қалада жоқ.

21 Мақсат. Көппәтерлі тұрғын үйді пайдалану

1 мақсатты индикатор қарастырылған, толық көлемде орындалды.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандары үлесінің төмендеуі 36,5 % құрайды. Курчатов қаласында 74 көппәтерлі тұрғын үй бар. 27 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Тұрғын үйлерге жеке кәсіпкерлер қызмет көрсетеді. 2016-2017 жылғы жылу маусымына дайындық кезеңінде тұрғындардың өз қаржылары есебінен үй ішілік инженерлік желілер мен үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

22 Мақсат. Сапалы ауыз сумен тұрғындарды қамтамасыз ету және елді мекендерде су тарту жүйесінің қызметі.

1 мақсатты индикатор қарастырылған, толық көлемде орындалды.

Тұрғындардың орталық сумен қамтамасыз етілу деңгейі 100% құрайды. Қызметтерді «Курчатов Водоканал» көрсетеді.

23 Мақсат. Коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымының дамуы.

4 мақсатты индикатор қарастырылған, толық көлемде орындалды.

Тазартылған нормативті ағынды сулардың үлесі 100 % құрайды.

«ККЭК» МКК есебінен жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. №2 қазандық оны ұстауға кеткен үлкен шығындар себебінен тоқтатылды, алайда қаланың жылумен жабдықтау жүйесі шығыршықталды және пайдалануға дайын.

Сумен жабдықтау желісінде 2015 жылға 90 апат тіркелді. Ұзындығы 99 км құрайды.

Су тарту желісінде 2016 жылға 131 апат тіркелді. Ұызындығы 42 км құрайды.



24 мақсат. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіру

3 мақсатты индикатор қарастырылған, толық көлемде орындалды.

Курчатов қаласы қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерімен 100 % қамтылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды ұстауды «Балапан» МКК жүзеге асырады, өндірістік қалдықтар полигонын ұстауды «ККЭК» МКК жүзеге асырады.

25 мақсат. Азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру

3 мақсатты индикатор қарастырылып, барлығы толық көлемде орындалды.

2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсететін қала әкімдігінің мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді алған тұрғындардан сауалнама жүргізілді. Оның ішінде 516- дің 491 жақсы, 25 қанағаттанарлық жағдайда.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер әлеуметтік-маңызды қызмет болып бөлінбейді, осыған байланысты осы индикатор бойынша жоспар жасалмайды.

2016 жылы электронды құжат айналымы жүйесін пайдалану бойынша «НИТ» АҚ қызметкерлерінің ұсынған есептері негізінде жалпы тіркелген кіріс құжаттар, бақылау секторы, өтініштер – 6139 құжатты құрайды, оның 6139 құжаты БЭҚАЖ орталығы арқылы тіркелгендіктен электрондық құжат айналым жүйесі 100 пайызды құрайды.

Қала әкімінің аппаратында Электрондық қызмет орталығы «Қала әкімінің виртуалды қабылдауы» модулына ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметті мониторингілеу бөлімінің маманы тағайындалған. Маман күнделікті қала әкімінің атына түскен электронды өтініштерді тексереді.

Электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесі шеңберінде әлеуметтік-маңызды қызметтер енгізілген, қызметтер электрондық түрге ауыстырылған.

Курчатов қаласы әкімінің Ақпараттық қауіпсіздік саясаты әзірленген.



Қала әкімдігінің Интернет нүктелерінде әлеуметтік желілерде жұмыс жасауға шектеулер Интернетке біріңғай қол жеткізу шлюзі арқылы қойылған.
Курчатов қаласының әкімі Н. Нұрғалиев

орын. Аралов А.Б.

тел. (8 722 51) 2 35 04



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет