Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі



жүктеу 96.71 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі96.71 Kb.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2017 жылғы «____»_______________

№______ қаулысымен бекітілген

Шығыс Қазақстан облысы

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті
техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі


  1. Жалпы ережелер

1. Осы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.



  1. Жүк көтергіш механизмдерді есепке қою және есептен алу

2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жүк көтергіш механизмдерін: крандары, көтергіштерді, эскалаторларды, арқан жолдарды, фуникулерлерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде жүк көтергіш механизм иесінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 ақпандағы № 10332 тіркелген бұйрығының жүк көтергіш механизмдерін есепке қою (тіркеу) тәртібіне сәйкес қойылады (бұдан әрі – Қағида).

3. Паспортпен бірге құжаттар тізбесі (паспорт, техникалық сипаттама, пайдалану нұсқаулығы, құрастыру бойынша нұсқаулық (құрастыру қажет болса), мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттармен қарастырылған Қағиданың 1-бөлімі 1-параграфының 7-тармағына сәйкес әзірлеу үшін өзге де құжаттар беріледі.

4. Дайындаушы паспорты жоқ жүк көтергіш механизмін есепке қою, мамандандырылған сараптама ұйымының Қағиданың 1-бөлімі 2-параграфының 50-тармағына сәйкес жасаған паспорт телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

5. Есепке мыналар қойылмайды:

Қағиданың 1-бөлімі 2-параграфының 53-тармағына сәйкес қол жетекті механизмдерімен барлық типтегі крандар, қол жетекті механизмі қозғалысы кезінде көтеру механизмі ретінде пневматикалық немесе гидравликалық цилиндр қолданылған крандар;

көпірлі крандар және жылжымалы немесе жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін қоса алғанда, еденнен кранға ілінген тетігі бар аппарат немесе стационар пульт көмегімен басқарылатын айналмалы консольді крандар;

жүк көтергіштігі 20 тоннаға дейін қоса алғанда жебесі бар өздігінен жүретін крандар;

үнемі ұшырылатын немесе айналу механизмімен жарақталған жебе үлгісіндегі крандар;

монтаждалатын құрылыста орнатылатын діңгектерді, ғимараттарды, құбырларды монтаждау үшін жылжымалы крандар;

оқу мақсаттарында кәсіби техникалық училищелер мен техникалық курстар полигондарында орнатылған көпірлі және мұнаралы крандар;

экскаваторларда, уату-жүктеу агрегаттарында және басқа да технологиялық машиналарда орнатылған, осы машиналарды жөндеуге қолданылатын крандар;

жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін кран-манипуляторлар;

электр тальдар және жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар.

6. Жүк көтергіш крандар Қағиданың 1-бөлімі 2-параграфының 62-тармағына сәйкес есептен шығарылғанда және қайта монтаждағанда, кранды басқа заңды немесе жеке тұлғаға бергенде, кранды тіркелмейтіндер тобына ауыстыру кезінде есептен шығарылуы тиіс.

7. Жаңадан орнатылған лифт немесе шағын жүк көтергіш лифтіден басқасы қайта қалпына келтірілгеннен (жаңғыртылғаннан) кейін лифт пайдалануға енгізілгенге дейін Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде есепке қойылады (тіркеледі).

Шағын жүк көтергіш лифт Қағиданың 1-бөлімі 2-параграфының 64-тармағына сәйкес ішкі есепке қойылады.

8. Лифт кабинасының металл құрылымы толығымен жаңа кабинаға ауыстырылып жаңартылғаннан кейін Қағиданың 1-бөлімі 2-параграфының 67-тармағына сәйкес лифтіге жаңа паспорт жасалады.

9. Лифт иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші негізінде, өтінішке қоса берілетін және Қағиданың 1-бөлімі 2-параграфының 72-тармағына сәйкес құжаттар тізбесі (өндіруші паспорта көрсетілген құжаттар тізбесі, техникалық дайындық актісі және аталған комиссияның лифтті қабылдау актісі) бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде есепке қою (тіркеу) жүргізілед

10. Жүк көтергіш механизмді есептен алу лифт иесінің жазбаша өтініші бойынша паспортта есептен алу себептері туралы жазба ресімделуімен жүзеге асырылады.



  1. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты есепке қою және есептен алу

11. Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде қысыммен жұмыс істейтін объектілерді: 0,07 МегаПаскальдан (бұдан әрі - МПа), (0,7 бір шаршы сантиметрге килограмм күш) (бұдан әрі - кгс/см2) астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан (бұдан әрі - 0С) асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді жергілікті атқарушы органға есепке қою Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 ақпандағы № 10303 тіркелген «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығының 19-бөлім 1-параграфына сәйкес жүргізіледі.

12. Қазанды есепке қою (тіркеу) кезінде мыналар ұсынылады:

1) қазан паспорты «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) № 25-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бойынша паспорт;

2) қазанды техникалық куәландыру актісі;

3) монтаждау сапасы туралы куәлік;

4) қазан орналасқан үй-жайдың сызбасы (жоспар және көлденең тілік, қажеттілігіне қарай және бойлай тілік);

5) жобаның су дайындығына сәйкестігі туралы анықтама;

6) қоректеуші құралдардын бар болуы және сипаттамасы және жобаға сәйкестігі туралы анықтама;

7) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

8) қазан Заңға сәйкес қолдануға рұқсат етілгендігі туралы ақпарат.

13. Дайындаушының паспорты жоқ қазанды есепке қою мамандандырылған сараптама ұйымы Бұйрықтың 19-бөлім 1-параграф 885-тармағына сәйкес құрастырған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

14. Ыдыстар іске қосылғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы «Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде есепке алынады.

15. Бұйрықтың 4-бөлім 2-параграфының 224-тармағына сәйкес мыналар есепке алынбайды:

1) қабырға температурасы 200 0С жоғары болмаған кезде жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықта (литрде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 0,05-тен (500) аспайтын бірінші топтағы ыдыстар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген температурада жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықтағы (литррде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 1,0-ден (10 000) аспайтын 2, 3, 4-топтағы ыдыстар. Ыдыстардың тобы Бұйрықтың № 3 қосымшасына сәйкес анықталады;

2) жылу оқшаулағыш қаптаманың ішінде орналасқан ауа бөлетін қондырғылардың және газдарды бөлетін аппараттар (регенераторлар, колонналар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, адсорберлер, бөлгіштер, буландырғыштар, сүзгілер, салқындатқыштар және қыздырғыштар);

3) технологиялық қондырғылар құрамындағы тоңазытқыш қондырғы және тоңазытқыш блок ыдыстары;

4) ауа электр ажыратқыштарының резервуарлары;

5) турбиналарды, генераторларды және сорғыларды реттеу, майлау және тығыздау жүйесіне кіретін ыдыстар;

6) сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған бөшкелер, стационарлы орнатылған, сондай-ақ сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және (немесе) сақтауға арналған, қоса алғанда сыйымдылығы 100 л дейін баллондар;

7) гидрометеорологиялық қызметпен пайдаланылатын сутегін алуға арналған генераторлар (реакторлар);

8) мұнай мен газды өндіріп алудың жабық жүйесіне енген ыдыстар (ұңғымадан магистральды құбыр өткізгішке дейін);

9) сұйытылған газдарды, қысымның астындағы сұйықтарды және сусыма денелерді тасымалдауға арналған ыдыстар оларды мерзімді түрде босату кезінде;


10) өздері көлік құралдарының қозғалтқыштарын отынмен қамтамасыз етуге арналған орнатылған сығылған және сұйытылған газдары бар ыдыстар;

11) жер астының тау-кен өндірістерінде орнатылған ыдыстар;

12) газ құбырларында, газ тарату станцияларында, пунктерінде және қондырғыларында орнатылған висценді және басқа сүзгілер.

16. Ыдысты есепке қою, есептен алу үшін ыдысты пайдаланатын ұйымның басшысы Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық көрсету саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне өтініш береді. Есепке қою үшін ыдыс иесі Бұйрықтың 4-бөлімі 2-параграф 245-тармағына сәйкес мыналарды ұсынады:

1) Бұйрықтың № 23-қосымшасына сәйкес ыдыс паспорты;

2) монтаж сапасы туралы куәлік;

3) қысым көзі, оның жұмыс ортасы, арматура, бақылау-өлшеу құралдары, автоматты басқару құралдары, сақтандыру және бұғаттау құрылғылары көрсетілген ыдысты қосу сызбасы;

4) өткізу қабілеті есептелген сақтандыру клапанының паспорты;

5) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

6)  ыдыс Қазақстан Республикасының аумағында Заңға сәйкес қолдануға рұқсат етілгендігі туралы ақпарат.

17. Дайындаушы паспорты жоқ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою аттестатталған сараптама ұйымы Бұйрықтың 4-бөлімі 2-параграфы 247-тармағына сәйкес құрастырған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

18. қызметін етудің нормативтік мерзімінен өткен ыдыстарды сараптама ұйымының оның әрі қарай қауіпсіз пайдалануға болатындығы туралы қорытындысы Бұйрықтың 4-бөлімі 2-параграфының 249-тармағына сәйкес ұсынылады.

19. Ыдысты жаңа орынға қайта орнату кезінде немесе ыдысты басқа иесіне беру кезінде, сондай-ақ оны қосу сызбасына өзгертулер енгізу кезінде ыдыс іске қосылғанға дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде Бұйрықтың 4-бөлім 2-параграф 250-тармағына сәйкес қайта тіркеледі.

20. Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органы ыдысты есепке қоюдан бас тартқан жағдайда өндірістік қауіпсіздік қамтамасыз ету қағидасының 245-тармағына сілтеме беріле отырып, Бұйрықтың 4-бөлімі 2-параграфының 251-тармағына сәйкес жазбаша түрде бас тарту себебі көрсетіледі.

21. 0,07 МПа астам қысыммен жұмыс істейтін құбыр өткізгіштерге дайындаушы және монтаждаушы ұйым ұсынатын құжаттама негізінде иеленуші кәсіпорын Бұйрықтың № 26- қосымшасына сәйкес паспорт жасайды.

22. Шартты өтуі 70 мм-ден астам І санатты құбыр өткізгіш, сондай-ақ шартты өтуі 100 мм ІI және ІІІ санаттардағы құбыр өткізгіштер іске қосылғанға дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде тіркеледі. Басқа құбыр өткізгіштер Бұйрықтың 27-бөлім 1-параграфының 1296-тармағына сәйкес құбырларды пайдаланатын ұйымдарда ішкі есепке қойылады.

23. Құбыр өткізгішті Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде тіркеу кәсіпорын әкімшілігінің-құбыр өткізгіш иесінің жазбаша өтініші негізінде техникалық куәландыру жүргізілгеннен кейін Бұйрықтың 27-бөлім 1-параграф 1297-тармағына сәйкес жасалады.

Бұл ретте құжаттар ұсынылады:

1) Бұйрықтың № 26-қосымшасына сәйкес құбыр өткізгіш паспорты;

2) құбыр өткізгіштіктің орындау схемасы;

3) Бұйрықтың № 20-қосымшасына сәйкес құбыр өткізгіш элементтерін дайындау туралы куәлігі;

4) Бұйрықтың № 21-қосымшасына сәйкес құбыр өткізгішті монтаждау туралы куәландыру;

5) иесінің құбыр өткізгішті монтаждау ұйымынан қабылдап алу актісі;

6) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже.





  1. Қорытынды ереже

24. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне құжаттар пакетін дайындауды және Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде есепке қоюды қауіпті техникалық құрылғылардың иелері, оларды пайдаланатын және қызмет көрсететін ұйымдар жүзеге асырады.

25. Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу туралы хабарламаны ұсынумен қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу жүзеге асырылады.



26. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу кезінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық саласындағы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою журналында және қауіпті техникалық құрылғы паспортында тиісті жазба жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет