Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. К. Ахметовтың облыс маслихаты сессиясында сөз сөйлеу тезисі



жүктеу 125.3 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі125.3 Kb.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың облыс маслихаты сессиясында сөз сөйлеу тезисі

2017 жылғы 12 шілдесіндегі



Жүктелген функциялар мен міндеттерді орындалуы туралы

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы еліміз үшін маңызды саяси оқиғаларға толы болды. Бұл:



  • еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу және Негізгі заңға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша үндеуі;

  • Еліміздің экономикалық жаңғыруының үшінші кезеңі басталды;

  • «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған президент бағдарламасының басталуы.

Осы жылдың ерекше ауқымды оқиғасы – ол «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі.

Алдын ала деректері бойынша Шығыс Қазақстанның экономикасы тұрақты даму жолында тұр. Жалпы өңірлік өнім 1,5 – 2 % шегінде тұрақты түрде өсуде. Бірінші жарты жылдықта ЖӨӨ 1,3 трлн. теңгені құрайды. Экономика өсуінің драйвері: өнеркәсіп – 108%, агроөнеркәсіп кешені - 107 %, құрылыс – 104%, сауда – 112%.

Облыстың өнеркәсіп мекемелері өнім өндірісін 53 млрд. теңгеге көтерді. Өндірістің тұрақты өсуіне келесі факторлар ықпалын тигізді:

Бірінші – Облыста Ақтоғай кен – байыту комбинатының құрылысы аяқталуда.

Екінші – жаңа технологияларды қолданумен Бақыршық кен – байыту кешенінің алтын кенорнын өңдеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, облыстың дамуына өз үлестерін жаңа индустриялы өндірістер де қосып жатыр. Ағымдағы жылда 434 млрд. теңгеге 11 жоба жүзеге асуда, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Үшінші – біздің міндет өндірісті әртараптандыру ғана емес, сонымен қатар инновациялық өзгеріс.

Қазақстанның үшінші жаңғыруына және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес ерекше мән, отандық ғылым әлеуетін арттыруға беріледі.

Облыста төрт мақсатты ғылыми-технологиялық бағдарлама әзірленген, онда 7 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба кіреді. Қазіргі таңда Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен 7 жобаны 3 млрд. теңгеге қаржыландыруға мақұлданды. Қалған 3 жоба кәсіпорындар (Казцинк, ТМК, ҮМЗ) және «НАТР» АҚ қаражатынан іске асатын болады.

Экономиканың екінші негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып табылады.

Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы өнімнің көлемі 7 млрд. теңгеге өсумен (НКИ - 104%) 106 млрд. теңгені құрайды.

Облыс сүт өндіру бойынша республикада көшбасшылық орынды ұстап тұр, сонымен бірге, 70% жеке қосалқы шаруашылықта өндіріледі. Сол себепті бүгін, өзін-өзі қамтыған тұрғындарды жұмыспен нақты қамтылу саласына тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін негізгі жағдайлар жасалған.

Бірінші, әкіммен ауылдықтар арасында сүтті сатып алу бойынша өзара қарым –қатынастың үлгісі пысықталған. Қазіргі таңда әлден 60 сүт қабылдау пунктері жұмыс істеуде.

Екінші, облыс аумағында үлгілік жабдықтарды шығару бойынша кәсіпорын құрылған.

Үшінші, ЖҚШ-да отардың өнімділігін арттыруға, сүт –тауар фермаларын дамытуға микрокредиттер беріліп жатыр. Кредиттеу сомасы 6 млрд. теңгені құрайды.

Сөйтіп, бірнеше міндет шешуін табуда:



  • кооперация және халықтың нақты өзін – өзі жұмыспен қамту үшін іргетас қалыптасуда;

  • тұрақты кірісімен жеке қоңыстарын кеңейтуге мүмкіндік қамтамасыз етілуде;

  • қайта өндіретін кәсіпорындардың жүктемелері артуда;

Және ең маңыздысы – заңды және табысты бизнес үшін жағдайлар жасалуда.

Келесі кезең – бұл үй шаруашылықтарын және шағын фермаларды кооперативке біріктіру.

Одан басқа, сүт –тауар фермалар желілерін кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылуда. Ағымдағы жылда мөлшері 5 мың бас малға арналған 18 ферма іске енгізіледі. Жылдың соңына облыста 17,2 мың бас малға арналған 60 ферма жұмыс істейтін болады.

Мал шаруашылығымен қатар, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға сүйене отырып, өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Облыста 201 мың суармалы жер (егістік жерден 15% ) бар, дегенмен оның 45% немесе 91 мың га ғана пайдалануда.

Өткен жылы 5 су шаруашылық объектісін қайта құруы аяқталған, ағымдағы жылда 8 су шаруашылық объектісін қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Соңғы 5 жылда су шаруашылық объектілерін қалпына келтіруге барлығы 13 млрд. теңге жұмсалған. Бұдан басқа, мемлекет жыл сайын 150 млн. теңге мөлшерінде суарушы суды жеткізіп беру қызметінің құнын қаржыландыруға және жұмыс пен жабдықтар құнынан 30 % мөлшерінде инвестициялық қаржыландыруға қаражат бөледі.

Ағымдағы жылда ауыл тұрғындарын колледж негізінде кәсіпкерлік негіздерін оқыту басталған. Шалғайдағы ауыл тұрғындарын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға икемді оқу орталықтары құрылған.

Экономика дамуының келесі маңызды бағыты инвестиция тарту, бизнес ортаны кеңейту және азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге үйлесімдікте, ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан өңірлерімен бірігу болып табылады.

Алматы қаласының, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Алматы облыстарының бизнес – қоғамдастықарымен кездесулер өткізіліп, меморандумдерге қол қойылды.

Шығыс Қазақстанның тауар өндірушілерінің ресурстары мен мүмкіндіктері Қазақстанның барлық облыстарының және шекарамен шектес мемлекеттердің нарығына шығуға мүмкіндіктері бар.

Жыл сайын ШҚО кәсіпкерлері сауда желілеріне экологиялық таза және сапалы азық – түліктердің едәуір көлемін қамтамасыз ете алады. Бір жарым миллион халқы бар Алматы қаласы біз үшін ірі өткізу нарығы болып табылады.

Бүкіл дүние жүзінде экономикалық өсудің негізгі драйвері деп шағын және орта бизнестің дамуы саналады.



Әлемнің дамыған елдерінде шағын бизнес 65% ЖІӨ дейін қалыптасады және онда 50 % дан 80 % -ға дейін қызметкерлер жұмыс істейді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қойылған басым міндеттердің бірі – «экономика құрылымында шағын және орта бизнестің үлесін 2020 жылға 40% жеткізу» болып айқындалған.

Қазіргі таңда ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған Шығыс Қазақстанда жалпы аймақтық өнімде ШОБ үлесі 15% құрайды, бұл әжептәуір көрсеткіш болып табылады.

Облыста шағын және орта бизнестің 87 мың субъектісі жұмыс істейді, өткен жылы 800 млрд. теңгеден астам сомасына өнімдер шығарылып, қызметтер көрсетілген.

Облыс қаржыландырылған жобалардың саны бойынша Республикада 2 –інші орында және мемлекеттік жасалған кепілдіктер саны бойынша 1 – інші орында тұр.

Облыстық бюджет және «Даму» қорының бірлескен қаражаттарынан көлемі

2 млрд. теңге болатын, жылдық 8,5% -бен 7 жылға жеңілдікпен кредиттеуге арналған аймақтық бағдарлама іске қосылған.



Бүгінгі күні Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен жұмыс пакетінде 227 млрд. теңге сомасына 88 жоба бар.

Қазіргі таңда 9 жоба бойынша 40 млрд. теңге жалпы сомасына 5 Кредит шартына және 4 Алдын ала келісуге қол қойылған, соның ішінде ЕҚҚДБ кредиті 22 млрд. теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 4 Кредит шартына және 2 Алдын ала келісуге қол қою жоспарлануда.

Барлығы, жылдың аяғына 56 млрд. теңгеге барлық 11 жұмыс жобасы бойынша 9 кредит шарты мен 2 алдын ала келісу болады.

Соның ішінде, ағымдағы жылда 15,4 млрд. теңгеге 3 жобаның жүзеге асуы басталады.

Барлығы іске асыру және жоспарлау сатысында 159 млрд. теңгеге МЖС 167 жобасы тұр, соның ішінде:



  • білім саласында – 154 жоба,

оның ішінде: 126 балабақшалар бойынша, 27 колледж бойынша;

  • денсаулық сақтау саласында – 5 жоба,

ең ірі «Өскемен қ. 300 кереуетке арналған көп бейінді аурухананың құрылысы» (25,2 млрд. теңге), «Семей қ. қалалық балалар ауруханасының құрылысы» (16,2 млрд. теңге);

  • түкш және жол саласына – 4 жоба,

«Зырян орталық қазандығын қайта құру» жобасы бойынша (2,6 млрд. теңге) жылдың соңына дейін конкурстық рәсімдер өткізіледі;

  • спорт саласында – 2 жоба,

қыркүйек айында «Тарлан Батырлары» ЖШС-мен Семей қ. жеке спорт объектісінде 350 спортшыға арналған мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен жаттығу үдерісін ұйымдастыру шартына қол қойылу көзделуде;

  • қоғамдық қауіпсіздік саласында – 2 жоба,

«Қауіпсіз ақылды қала» жобасы – жол жүру ережелері бұзушылықтарының бейне тіркеу жүйелерін орнатуды талап етеді ( Өскемен және Семей қалаларында 1,8 млрд. теңге инвестиция көлемімен 60 камера).

Өңірдің экономикалық үдерісіне ықпал етуге мүмкіндігі бар тағы бір маңызды инвестициялық ресурстар ретінде азаматтардың ішкі жинақтары болып табылады.

Қазіргі таңда шығыс қазақстандықтардың депозиттерінде 399 млрд. теңге жинақталған, оның ішінде 32,4 млрд. теңге Тұрғын үй -құрылыс банкісінің есебінде тұр.

4298 адамның ТҮҚЖБ-нде тұрғын үй құнының бастапқы жарнасынан 30%-дан астам жинағы бар, яғни бүгінгі күні 33 млрд. теңгеге тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар, соның ішінде Өскемен қ. 18 млрд. теңгеге (2283 адам), Семей қ. 15 млрд. теңгеге (2015 адам).

Ағымдағы жылда облыс бойынша 705 мың кв метр көп қабатты үйлер салынуда. 389 мың кв. метр пайдалануға беруге жоспарлануда, соның ішінде ЖТҮҚ 120 мың кв. метр ТҮҚЖБ жүйесі арқылы. Бюджеттік қаражаттар есебінен жеке тұрғын үй салынған аудандарға инженерлік коммуникация жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үйлердің үлгілік жобалары әзірленген.

Заманауи көлік-жол инфрақұрылымы, өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші, экономика және жергілікті туризмді дамыту факторы болып табылады. Ағымдағы жылы барлық көздерден 48 млрд. теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылдың қазан айына дейін 2,5 млрд. теңгеге 112 км облыс маңызындағы автожолдарға орташа жөндеу жүргізілетін болады.

Ерекше мән, дәстүрлі жазғы демалыс орындарына баратын жолдары мен қалалардың көше – жол желілеріне беріледі. Өскеменде 1,1 млрд. теңгеге 19 км және Семей қ. 1,7 млрд. теңгеге 33 км жол жөндеуден өткізілетін болады.

Облыс орталығы көшелерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелерін шешуге Өскемен қ. бюджетінен 6,3 млрд. теңге бөлінді.

Әуе жолы көлігін дамыту аясында 3 жоба іске асуда.

Біреуі Семей қ. бойынша – «Ұшып – қону жолағын, жермен жүру жолдарын және аэровокзалды қайта құру», екеуі Өскемен қ. бойынша: «Сағатына 200 жолаушы ұшып келуге мүмкіндігі бар терминалдың құрылысы», «Өскемен қаласының халықаралық әуежайының аэровокзал кешенін қайта құру».

Шетел инвестицияларын тарту бойынша міндеттердің мәнмәтінінде, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың КХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесулерін ескерумен біздің облыс, Қазақстанның шекарамен шектес өңірлерінің бірі ретінде Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеудің интеграциялық мүмкіндіктерін пайдаланады.

Соңғы жылдарда түрлі деңгейдегі 15 екі жақты кездесулер өткізілген, соның ішінде 8 - і жоғары деңгейде.

Негізгі сегіз бағыт бойынша ҚХР Синьцзян-Ұйғыр а. автономиялық ауданымен 918 млн. АҚШ долларына Ынтымақтастық жол картасы жүзеге асуда.

Экспорт әлеуетінің даму келешегін ескере отырып, қазақстан өнімін ҚХР стандартын есепке алумен сертификаттау зертханасын ашу мәселесі шешілген. Қазақстан Үкіметі мен ҚХР арасында облыстың сапа зертханасы үшін өтеусіз негізде жабдықтарды, сондай-ақ жобаны сертификаттауда, тіркеуде және оқу-әдістемелік сүйемелдеуде практикалық көмек көрсетуді ұсыну туралы келісімге қол қойылған.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Астанада өткен 4-інші Қазақстан – Қытай Іскер Кеңесінің отырысында «Семей қаласында ЖЭО құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, жобаның құны 1 млрд. АҚШ доллары. Қытай Даму Банкісі арқылы станция құрылысы құнынан 85% қаржы салынады, қалған 15% ТВЕА қытай компаниясымен бөлінеді, ал біздің тараптан инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскесі беріледі.

Қытай үшін Еуропаға шығатын ең қысқа жолды қамтамасыз ететін «Қарамай – Тачен – Аягөз» транзиттік темір жолының құрылысы маңызды бастамашыл жобаның бірі болып табылады. Наурыз айында осы жолдың құрылыс мәселесі бойынша алдын ала зерттеу жүргізу туралы меморандумге қол қойылды.

«Шәуешек - Аягөз» темір жолы тарауы автомобиль жолымен түйіндесуін ескерумен, ерекше көңіл Бақты кеден өткелінде көлік-логистика орталығы құрылысына беріледі.

Облыстың әлеуметтік саласын дамыту мәселелері Лидеріміздің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерге негізденеді.

Тәуелсіздіктің жас ұрпақтары үшін білім – болашақтағы жетістіктің ен негізгі факторы.

Ағымдағы жылда 25 мамандық және 39 біліктілік бойынша «Барлығына арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасына кіріскен.

Жастардың шетелде оқуға кетуін қысқарту және мамандарды орнықтыру мақсатында аймақтық ЖОО –ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы әзірленіп жатыр. Атом энергетикасы, машина құрылысы, металлургия салаларында ерекше талап етілген мамандықтар бойынша облыс гранттарын бөлу жоспарлануда.

Жастарымыздың бәсекеге қабілеттілік деңгейі көбінесе тілдерді білумен айқындалады. Ана тілін білу отаншылдық факторы, ал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің үшбірлік саясаты - қоғамның бірігу кепілі болып табылады.

2 млрд. теңге шамасында қаржыландыру көлемімен Үш тілдік білім берудің кешенді үш жылдық жоспары іске асуда.

Шетел және қазақстан тіл мамандарын тартумен кембридж жүйесі негізінде оқытудың заманауи әдістемесін енгізу жалғасын табуда. Мектептер жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген. 3,4 мың тіл пәндерінің педагогтары кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдірген, осы жылы 2,5 мың ұстаз курстан өтеді.

Білім сапасы деңгейін арттыру үшін жыл сайын мектептердің және басқа білім объектілерін жөндеуге қаражат бөлінеді.

Білім беру қызметтерімен қатар, медициналық қызмет көрсету сапасы және денсаулық сақтауда жұмысты ұйымдастыру деңгейінің маңызы зор.

Өткізілген кешендік аудиттың нәтижесінде есепке алынған 10 мың медициналық техника бірлігінен – 2 мың бірлік немесе 20% сапалық жағынан ескірген деп анықталған. Емдеу мекемелерін 23 млрд. теңгеге заманауи медициналық жабдықтармен жете жарықтандыру қажет.

Өткен жылы 1,5 млрд. теңгеге «Парыз» қорының қаражат есебінен барлық деңгейдегі ауыл денсаулық сақтау ұйымдары медициналық техникалармен және жабдықтармен жарықтандырылған. Ағымдағы жылда 6,4 млрд. теңгеге жабдықтарды сатып алу жоспарланған.

1,2 млрд. теңге жыл сайынғы қаржыландырумен үш жылдық Медицина кадрларын дайындау және оқытудың кешендік бағдарламасы әзірленді.



Ана мен баланы сақтау, онкология, қан таралу жүйесінің аурулары саласында жұмыс істейтін,150 дәрігер кезең кезеңмен үш жыл ішінде шетелдік және қазақстандық үздік клиникаларда даярлықтан өтеді.

Бұдан бөлек, дәрігерлер мен медбикелерді бірнеше деңгейде кешенді тәжірибелік оқыту қарастырылған.

Біріншіден, өңірлік деңгейде - Семей қаласындағы медицина университетінің әлеуетін тартумен.

Екіншіден, республика деңгейінде – Астана және Алматы қалаларындағы ғылым және медицина орталықтарының үздік мамандарынан білім алады.

Үшіншіден, батыс медицина университеттерінің үздік профессорлары мен практиктері бірлескен мастер – класс және ашық семинарлар өткізу үшін шақырылатын болады.

Облысымыз үшін әйелдер клубының командалары арасында өткен халықаралық Азия Чемпионаты маңызды оқиға болды.

Семей қаласының 300 жылдығына орай халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін «Абай Арена» заманауи мәдени – спорт кешенінің құрылысы үшін құжаттама әзірленуде.

Мемлекет басшысымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қойылған міндеттердің мәнмәтінінде Қазақстан тарихы туралы білімді кеңейту ерекше өзектілікке ие болады.

Әртүрлі саладағы ғылымдар, сарапшылар құрамындағы жұмыс тобы «Рухани жаңғыру» президент бағдарламасын өңірде жүзеге асыруға негіз болатын 30 жобаны іріктеп алды.

«Шығыс Қазақстанның өркениетті феномені» жобасы ерте заманнан өңір тарихының ғылыми тұғырнамасын құруға, тарихи – мәдени және этногентикалық үдерістердің көп қырлығын көрсетуге, мемориалдық мәдениеттің бірыңғай кешенін ұсынуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдан бастап археология саласында әлемнің (Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Бельгия, Венгрия, Польша, Япония, Германия және Ресей Федерациясы) жетекші ғалымдарының қатысуымен ауқымды жоба іске асырылуда.

Қазіргі таңда Қазақстанның көне тарихын зерделеуге ең маңызды 5 археология объектісі зерттелген, облыстық тарихи – өлкетану мұражайына 3 мың жаңа артефакт берілген.

«Ақ Бауыр» ашық аспан астында мұражайдың экспозицияларын кеңейту және «Тархан геологиялық қимасы» табиғи ескерткішті сақтау бойынша ұсыныстар қарастырылып жатыр.

Өңірдің мәдени мұра объектілері, жануар және өсімдік әлемі бойынша «Туған жер», «Традиции и обычаи народа Казахстана», «Туған өлке тарихы», «Атлас Большого Алтая: природа, история, культура», «Красные книги» кітаптар топтамаларының басылымы жоспарлануда.

Өскемен қ. 19 шағын ауданында тарихи- өлкетану бағыттағы және кескіндеме жәдігерлері біріктірілген, жаңа мұражайының құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда.

«Шығыс Қазақстанның қазынасы» туристтік кластер қалыптасуда. Жетекші ЖОО-мен бірлесіп облыстың мінәжат орындарының тізімі мен картасы жасалған.

«100 жаңа тұлға» жобасы бойынша аймақтық тізім құрылуда, онда 300 –ден астам кандидатура бойынша ұсыныстар келіп түскен.



Туған қаланы, ауылды әлеуметтік қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені «Жомарт жүрек» және «Жергілікті бастамалар картасы» жобаларының аясында өткізіледі. Қазіргі таңда жерлес демеушілердің және инвесторлардың тізімі, сондай ақ қаражат тартуды қажет ететін жобалар базасы қалыптасқан.

Ұлт Лидерімен қойылған, қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа ауқымды міндеттері елімізді жаңа сапалы деңгейге шығаратын рухани дамудың жаңа мүмкіншіліктерін ашады. Ал бірлік пен татулық, болашаққа талпыну табыс кепілі болып табылады.

С Ұлт


Каталог: assets
assets -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет