Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылға арналған ЖҰмыс жоспары



жүктеу 31.96 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі31.96 Kb.


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/79-VІ шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

I тоқсан


1. 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

Лязиза Карлқызы Кенжетаева - Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы.

2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есеп.

Серікқазы Биғазыұлы Оразалиев - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

Шығыс Қазақстан облысын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат.

Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыс дамуы бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпараттары.

Берік Сәрсембекұлы Бейсекенов - Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Асқар Байжігітұлы Можанов - Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

2. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарын дамыту жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп.

Қонысбай Қойшыбайұлы Төлеубеков - Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

3. Депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Сергей Федорович Солдатов – тұрақты комиссия төрағасы.

II тоқсан

1. Облыс әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.

Айжан Ерханқызы Садықова - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

3. Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы есеп.

Дулат Төлегенұлы Қазақпаев - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы.

4. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов – тұрақты комиссия төрағасы.


III тоқсан

1. Өңірдегі туризм саласының жағдайы және Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында даму болашағы туралы.

Жасұлан Бірлікұлы Сәрсебаев - Шығыс Қазақстан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы.

2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының есебі.

Владимир Михайлович Головатюк - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.

3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен қамту ұйымдарын, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат.

Ринат Мұратұлы Омаров - Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

4. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Ержан Ахтанұлы Нұрбаев – тұрақты комиссия төрағасы.
IV тоқсан

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2. Отбасын әлеуметтік және демографиялық дамытудың 2014-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын Шығыс Қазақстан облысында іске асыру қорытындылары туралы.

Елена Васильевна Старенкова - Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

3. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Шемонаиха ауданында орындалу барысы туралы.

Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров - Шемонаиха ауданының әкімі.

4. Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы есеп.

Дулат Төлегенұлы Қазақпаев - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы.

5. Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.



Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков – тұрақты комиссия төрағасы.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет