Шыѓыс ќазаќстан облысы тарбаѓатай ауданыныњ экономика б¤лімі



жүктеу 24.59 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі24.59 Kb.

Тарбағатай ауданының

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы ақпарат
Өнеркәсіп саласы бойынша 2017 жылдың наурыз айында 274,2 млн теңгенің өнімі шығарылып, нақты көлем индексі 132,4 пайызға орындалды.

Бөлшек тауар айналымы. Ауданда бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 5 кәсіпорын тіркелген Бөлшек тауар айналымының салыстырмалы бағада 1032,5 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 115 %.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 2437,2 млн теңгені құрап, табиғи индекс көлемі 111,4 % болды.

Есепті мерзім ішінде барлық өндірілген ет тірі салмақта 2696,9 тоннаны, сауылған сүт 7194,0 тоннаны, алынған жұмыртқа 440,9 мың. дананы құрап, ет өндіру 103,3 пайызға, сүт өндіру 128,0 пайызға, жұмыртқа өндіру 101,8 пайызға орындалды.

Шаруашылықтың барлық санаттарында мал басы мен құс санының өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, Ірі қара саны 131090 мың басқа (өсім 8,2%), қой-ешкі 340337 мың басқа (кемуі 7,2%), жылқы – 24349 мың басқа (өсім 5,5%), құс – 26,9 мың басқа (өсім 100,1%) жеткізілді.

Шағын бизнес субъектілері бойынша ауданда шағын бизнестің 78 кәсіпорыны тіркелді. Оның ішінде белсенді жұмыс істейтін 50 кәсіпорын тіркеліп, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 122 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 818,4 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 132,2 пайызды құрап, нақты көлем индексі 125,9 пайыз болды.

Оның ішінде экономиканың нақты секторына жеке меншік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 650,7 млн теңгеге немесе өсу қарқыны 140,1 пайызға орындалды.



Тұрғын үйді пайдалануға енгізу көрсеткіші бойынша 3 айда 2131 шаршы метр, 16 тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 101,7 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 37,1 млн теңгеге орындалып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны (104,5 млн теңге) 35,5 пайызға орындалды.

Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 247,7 млн. теңгені құрап, болжам (220,5 млн. теңге) немесе 112,3 % орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны – 117,4 % құрады

Меншікті кірістер бойынша аудан бюджетінің болжамы 180,3 млн теңгеге немесе 104,6 % орындалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Есепті мерзім ішінде 147 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (185 бала) 38 балаға азайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда қайтыс болу көрсеткіші 20 адамға азайып, қайтыс болғандар саны 40 адам болды.

Ауданда туберкулезбен алғаш ауырған 2 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40 % болды (2016 жылы 5 адам).



Әлеуметтік қорғау саласында 3 айда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 226 адамды құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,5 пайызға көбейді (216 жылы 180 адам).

Тұрғын үй көмегін алушылар – 31 алушы отбасына немесе 206 пайызға көбейіп (60-29), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 103 адамға немесе 77,1 пайызға (347-450), балалар жәрдемақысын алушылар – 602 балаға немесе 89,8 пайызға азайған (5315-5917).



Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту бойынша 25 бала бақша 37 шағын орталық жұмыс істейді. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі 1-6 жас аралығында тіркелген 2784 бала 100 пайыз қамтылып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 92,7 % .

Қылмыстылық.

Есепті мерзім ішінде 76 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 28 бірлікке азайса, қылмыстың ашылуы 100 пайызды құрады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет