Шыѓыс Ќазаќстан облысыныњ єкімдігі



жүктеу 19.62 Kb.
Дата15.07.2018
өлшемі19.62 Kb.



Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз ауданының

әкімшілік-аумақтық

құрылысына өзгерістер

енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VІ шешімінің және «Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Аягөз аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 944 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Тарлаулы ауылдық округінің Ақши ауылы, Сарыарқа ауылдық округінің Шұбартөс ауылы, Қопа ауылдық округінің Қарасу ауылы, Нарын ауылдық округінің Қарауыл және Төленді ауылдары, Бидайық ауылдық округінің Сатай және Шағырай ауылдары.

2. Таратылатын ауылдардың аумақтары:

1) Тарлаулы ауылдық округінің Ақши ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Тарлаулы ауылдық округі Тарлаулы ауылының құрамына;

2) Сарыарқа ауылдық округінің Шұбартөс ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Сарыарқа ауылдық округі Сарыарқа ауылының құрамына;

3) Қопа ауылдық округінің Қарасу ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Қопа ауылдық округі Қопа ауылының құрамына;

4) Нарын ауылдық округінің Қарауыл және Төленді ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Нарын ауылдық округі Нарын ауылының құрамына;

5) Бидайық ауылдық округінің Сатай және Шағырай ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Бидайық ауылдық округі Бидайық ауылының құрамына енгізілсін.



3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі Д. Ахметов

















Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет