Президент сайлауында жеңіске жеткен Лай Циндэ Тайванның Үнді-Тынық мұхиты аймағында демократияны, бейбітшілік пен өркендеуді одан әрі ілгерілетуге тырысатынын мәлімдеді. Сонымен қатар елдің АҚШ-пен бірге жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bg-eu.com / Тайванның жаңа президенті Лай Циндэ

 

Энтони Блинкен X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде Циндэны додада жеңіске жетуімен құттықтаған. Лай Циндэ АҚШ-тың мемлекеттік хатшысына жауап берді. 

"Мемлекеттік хатшы Блинкен, құттықтауыңызға рақмет. Тайвань мен АҚШ арасындағы серіктестік біздің ортақ құндылықтарымыз бен мүдделерімізге негізделген. АҚШ-тағы достарымызбен бірге жұмыс істей отырып, Тайвань Үнді-Тынық мұхиты аймағында демократияны, бейбітшілік пен өркендеуді одан әрі ілгерілетуге тырысады", — деп жауап жазды Тайванның жаңа президенті.

Еске салайық, өткен сенбіде Тайвандағы президент сайлауында оппозиция өкілдері өздерінің жеңілгенін мойындаған еді. Бюллетеньдердің 98%-ы бойынша санақта президенттік додада Уиллиам Лай жеңіске жетті (Лай Циндэ). Ол 40,2% дауыс жинады.

Басқарушы партияның кандидаты, 64 жастағы Уильям Лай (Лай Циндэ) – Демократиялық прогрессивті партия өкілі. Дегенмен Қытай билгілі Лайды "сепаратист" деп атап, Тайвань жұртшылығын, Демократиялық партияға дауыс бермеуге шақырған.   
 
 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.