Шілікті ауылдыќ округі



жүктеу 19.95 Kb.
Дата30.12.2017
өлшемі19.95 Kb.


Шілікті аулдық округі бойынша 2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындары арасында «Жаңа жылдарыңызбен» атты ауыл тұрғындары арасында би кеші болып, бидің төресі мен бидің ханшайымы анықталып оларға сыйлықтар берілді.

30жас 40-50 жас аралығында, студенттермен әр түрлі би жарыстары болып өтті.

Жергілікті жас өспірім ақынымыз Қабылбаев Дастанның «Сезім дауылдары» атты поэзиялық кеші өтіп құттықтап ақ жол тіледі.Сағындырған әндер-ай атты ән кеші болып кешке ауылдың әншілері 60-70 жылғы жылғы әндерді орындады.

«Шаңырағым-шаттығым» атты аналар мерекесіне ауылымыздағы алтын, күміс алқа иегерлері шақырылып құттықтап сый-сыйапат көрсетілді.

Аналар мерекесінде қыз-келіншектердің шыт көйлек кеші өтті.

«Ұлыстың ұлы күні Наурыз» құтты болсын ұлы мерекені халық болып тойлап Зайсан ауданында кйіз үй тігіп көрініс,концерт көрсетіп нәтижесінде 2-орынды иелендік. «Ынтымақты елде бақ тұрар» атты мерекеде ауылдың көшелері көрініс көрсетті.

1-сәуір күлкі күніне арналған «Күлкі керуені» мәдениет қызметкерлері, ауыл тұрғындары арасында әзіл-кеш ән шашумен өткіздік.

«Ән-көңілдің ажары»-атты Қарасай ауыл тұрғындары арасында мәдениет қызметкерлері өнер көрсетіп қайтты.Ауылдық округте Өнірді дамыту бағдарламасы бойынша құны 1892,8 мың теңгеге Х.Балшабеков атындағы саябақ қоршалды.

2003 жылы Жалши ауылындағы «Бәйге төбе» қорғанынан қазылып алынған сақ патшасының мүрдесі ауыл халқының талабы негізінде 29 маусым 2013 жылы қайта әкелініп жерленді.

ШҚО әкімі Б.Сапарбаевтың «Туған елге тағзым» акциясы бойынша

Шілікті орта мектебін 1983 жылы бітірген түлектер құны 3,5 млн тұратын «Алтын адам» ескерткішін орнатты.Ашылу салтанатында Зайсан ауданының әкімі А.А. Оңдаханов ескерткіш лентасын қиып осы шараның басы қасында жүрген азаматтарға өз ризашылығын білдіріп алғыс хаттар тапсырып сый-сыйапатын тапсырды.

Сондай ақ Шілікті ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.М.Сағиев халық атынан рахыметін айтып тиісті азаматтарға алғыс хат тапсырып сый-сыйапат жасады.

Шілікті орта мектебін 1993 жылы бітірген түлектер құны 4,5 млн болатын шағын футбол алаңын салып ауыл балаларына сыйға тартты.

Астана күнінің 15жылдығына орай ұйымдастырылған бұл мерекеге шағын футболдан турнир өтіп үш орынға 1993 жылғы бітірген түлектер ақшалай сыйлықтар тапсырды..



1981 жылы туған мектеп бітіргендеріне 15 жыл болған түлектер Шілікті орталық мешітін ағымдағы жөндеуден өткізіп өз қаражаттарынан 350 мың теңгеге жаңа үлгідегі есік-терезе салып,сырлау жұмыстарын жүргізіп,дауыс күшейткіш орнатып берді.

Имандылыққа бет бұрған осы қыз-жігіттерге ел болып ризашылығын білдірді. 15 шілде күні осы азаматтар Республикаға танымал әншілер А.Жорабаева,А.Иманбаеваның «Тату-тәтті» шоу концертін ауыл тұрғындарына тегін көрсетіп ауыл тұрғындарының ризашылығын алды, соңы ауыл жастарының би кешіне ұласты.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет