Шымкент қаласы №52 жалпы орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінің биология пәнінің мұғалімі – Менликулова Парасат Турганбековна



жүктеу 55.24 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі55.24 Kb.
түріСабақ


Шымкент қаласы №52 жалпы орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінің биология пәнінің мұғалімі – Менликулова Парасат Турганбековна



Еңбек өтілі 25 жыл. Санаты жоғары. Бітірген оқу орны КазЖенПИ 1984-1989 ж. Алматы қаласы.

Панорамалық сабақ үлгісі (20 мин)

Тақырыбы: Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы

Мақсаты:

Білімділік: Ағзалардың негізгі тіршілік орталарына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Экологиялық, гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, демонстрация, СТО. әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық,интербелсенді тақта, бейне көрініс.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

II. Ой қозғау. Бейне көрініс «Тірі ағзалардың тіршілік ортасы».

Сұрақ: Бұл көріністен біз нені байқадық?

Жауабы: Бұл көріністен ағзалардың тіршілік ететін ортасы туралы көрдік, яғни бүгінгі біздің сабақта қарастыратын мәселеміз де «Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы» туралы болмақ.

III. Мағананы танып білу.

Алдын ала үш топқа ағзалардың тіршілік ортасы туралы тапсырма берілген сол тапсырманы плакатқа жазып келу керек. Әрбір топ 1,5минуттан өз тапсырмаларын қорғап шығады.

I-топ. Су-тіршілік ортасы.

II-топ. Ауа – тіршілік ортасы және Тірі ағза тіршілік ортасы.

III-топ. Топырақ – тіршілік ортасы.

Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді.

Сулы орта.

Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді.

Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.

Гиробионтар – суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.

Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады.

Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады.

Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері.

Су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы.Көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер)) Фильтрация (сүзу) – қоректену көзі.

Кейбір гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар көп мөлшердегі суды сүзіп, ондағы кездесетін органикалық шығу текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді.

Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері.

Бұндай су тоғандары негізінен өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

Құрлықты – ауа ортасындағы тіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды.Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жанурлар денесі ауамен қоршалған- газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары,су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді,сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді.

Көптеген түрлерде ауа лектерінің көмегімен таралу – анемохория дамыған.Ауа лектерінмен ағзалардың пассивті қабылдануы –аэропланктондар деп аталады.

Бұл ортаның өзіндік ерекшелігі –температураның жылдам өзгеруі болып табылады.

Құрлық – ауалы ортаның жағдайы ондағы ауа – райының өзгерісіне тікелей байланысты.Ауа – райының өзгерісіне байланысты жер бетінің 20 км. бетіндегі атмосферасының үздіксіз өзгерісіне әкеледі (тропосфераның шегі).

Ауа –райының көп жылдық тұрақты өзгерісі сол жердің климатына сәйкес сипатталады.

Сонымен қатар, жерүсті тіршілігі үшін ол жердің жарық түсу жағдайы, жергілікті жер рельефі және грунтының құрамы, жауын – шашындардың (жауын, бұршақ, қар) мөлшеріне де көп байланысты.Топырақ – тіршілік ортасы.

Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауамен, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.

Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары: Микрофауна – топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін топырақ – микросу тоған жүйесі.

Сабақты бекіту: Екі түрлі ғана «ия немесе жоқ» деген жылдам жауап қайтару.

Сұрақтар:

I-топ. Экология тірі ағзалар мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын реттейді. Ия.

II-топ. Сулы ортаның мекендейтін ағзаларды аэробионттар деп атайды. Жоқ. III-топ. Белгілі иесінде өмір сүретін ағзалар эндобионттар деп аталады. Ия.


Толықтыру тесті.

Берілген сөйлемге тиісті сөздерді қойып, толықтыру:


1.Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда......
2.Су түбінде тіршілік ететін организмдер........
3.Судың беткі қабатында тіршілік ететін организмдер........
4.Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдер........
5.Ауа да тіршілік ететін организмдер.............
6.Топырақта тіршілік ететін организмдер..........
7. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер........
Төмендегі ағзалардың мекен ету ортасын атап шығыңдар.









V. Ой толғау.

Бейне көрініс «Экологиялық аппаттардың тірі ағзаларға әсері».



Тапсырма:

Бейне көріністен көрген әсерлерің бойынша эссе жазыңдар.

Тақырыптары:


  1. Таза болса табиғат – аман болар адамзат

2.Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!

3.Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғттың тілі жоқ.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы . Эссені аяқтау.

№ 52 жалпы орта мектеп




Ашық панорамалық сабақ
Тақырыбы: Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы


Пән мұғалімі : Меңліқұлова П.Т.

Шымкент


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет