Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті. Құрметті сайтқа кірушілер!



жүктеу 202.17 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі202.17 Kb.

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.
Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарынызға қала бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.
2018 жылғы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
Халық саны. 2018 жылы халық саны 979,8 мың адамды құрайды деп жоспарлануда, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға артады.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемін 405,6 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, нақты көлем индексі 2017 жылға қарағанда 103,5 пайыз.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 103,1 пайызға жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 102,2 пайыз, мал шаруашылығы 103,0 пайыз.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 103 пайыздық көлемінде жоспарланып отыр.

Сауда. Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2017 жылға қарағанда 102 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция. Облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлеміндегі қала инвестициясының үлесін 2017 жылғы 40,6 пайыздан 2018 жылы 40,7 пайызға ұлғайту жоспарлануда.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 89,5 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейін өткен жылғы 5,4 пайызында ұстау болжамдануда.
2018 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2 405 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 28 284 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 33 745 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 28 284 теңге;

орташа айлық жалақы – 108 901 теңге;



степендия мөлшері:

жоғарғы оқу орындарында – 20 949 теңге;

колледждерде – 16 759 теңге.
2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласы

бюджетінің негізгі параметрлері
2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетінің жобасы 2018-2020 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қалалық мәслихатының №24/192-6с шешімі 2017 жылдың 25 желтоқсанында қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында 4348 нөмірімен тіркелген. Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қалалық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» №84 қаулысымен атқарылуға қабылданды.

Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №27/233-6с «Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №24/192-6с «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес қала бюджетінің көрсеткіштеріне өзгерістер енгізілді.
Түсімдер
Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, 2018 жылға арналған қала бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 64 439,9 млн.теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 60 602,4 млн.теңге;

- салықтық емес түсімдер – 151,0 млн.теңге;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 686,4 млн.теңге.

2018 жылға арналған қала бюджетінің өзіндік кірістері негізінен реттелетін салықтардан құралады (қала бюджетіне түсімі орта есеппен 67,1%).

2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 47 257,4 млн. теңге нысаналы трансферттер және кредит қаралды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы № 11/110-VI шешiмiне сәйкес 2018 жылға 18 835,1 млн. теңге көлемінде субвенция қарастырылған.



млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Түсімдер

132 993,6

94 035,8

78 445,8

Салықтық түсімдер

60 602,4

60 661,3

64 357,5

Салықтық емес түсiмдер

151,0

122,6

130,2

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3 686,4

623,1

629,7

Бос қалдық

2 712,6







Трансферттердің түсімдері

47 257,4

32 628,8

13 328,4

Қарыздар түсімі

18 583,6
































Шығыстар

млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Шығыстар

132 993,6

94 035,8

78 445,8

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1 982,8

998,5

864,9

Қорғаныс

205,5

58,5

58,5

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару қызметі

356,6

610,2

510,8

Бiлiм беру

56 764,4

56 486,8

48 883,3

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

6 499,8

2 396,8

1 812,1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

42 567,3

19 083,2

10 592,2

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

4 493,2

3 743,7

3 710,8

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

2 391,1

5 111,6

2 663,4

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

579,7

383,4

383,4

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

476,9

111,3

111,3

Көлiк және коммуникация

11 960,3

4 599,7

2 748,1

Басқалар

871,0

451,1

151,2

Қарыздарды өтеу

1 650,0




5 954,7

Борышқа қызмет көрсету

6,8

1,0

1,0

Трансферттер

2 187,9








2018 жылға салалар бойынша шығыстар


2018 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстар бөлігінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді қоса есептегенде 132 993,6 млн.теңге қаралған, оның ішінде мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюжеттік бағдарламаларға қаралған қаржының көлемі 89 393,1 млн.теңгеге, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған даму бағдарламаларының көлемі 43 600,5 млн.теңгеге жоспарланған.
Оның ішінде ағымдағы бюджет бойынша негізгі шығындар:
Білім

Білім саласына жергілікті бюджет есебінен 54 032,5 млн.теңге жоспарланған.

Бюджет қаражаттары арнайы және жалпы типтегі бала бақшалаларды күтіп ұстауға, жалпы орта және қосымша білім беруге, оқулықтар мен әдістемелік кешендер сатып алуға, мультимедиялық кабинеттерімен жабдықтауға, жетім балаларды қорғауға, білім нысандарының күрделі жөндеуіне және білім саласындағы өзге де мақсаттарға жоспарланған.

Әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қорғауға қала бюджетінде 6 466,9 млн.теңге жоспарланған.

Аталған қаржылар жұмыспен қамту бағдарламасына жүзеге асыруға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік, тұрғын үй, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына көмектерін төлеуге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуге бағытталуда.



Қаланың тұрғын үй коммуналдық саласына жалпы 5 068,7 млн. теңге қаралды. Бұл қаржылар жер телімдерін және нысандарды мемлекеттік қажеттілікке алуға, көпқабатты тұрғын үйлерді сейсмикалық күшейту үшін ЖСҚ әзірлеуге қаланы түнгі жарықтандыруға, санитарлық тазалау жұмыстарына, жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеуге, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағытталуда.

Даму бюджеті бойынша шығындар:
Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар ғимаратының құрылысы

Қалалық бюджет есебінен 1 нысанның ЖСҚ әзірлеуге 14,7 млн. теңге жоспарланған.


Білім беру нысандарының құрылысы

Білім беру нысандарын дамытуға жалпы 3 012,1 млн. теңге жоспарланды. Оның ішінде:

Республикалық бюджет есебінен 3 мектептің құрылысына 695,3 млн.теңге;

Облыстық бюджет есебінен 12 мектептің құрылыстарына 1 973,3 млн.теңге;

Қалалық бюджет есебінен 1 балабақшаны қайта құруға және 13 нысанның ЖСҚ әзірлеуге (оның ішінде 4 нысан облыстық бюджетке қоса қаржыландыру) 343,5 млн. теңге.
Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй нысандарын дамытуға жалпы 22 161,0 млн. теңге бағытталуда. Оның ішінде:

Облыстық бюджеттің трансферттері есебінен 16 нысанның құрылысына және 1 ЖСҚ әзірлеуге (оның ішінде 7 нысан облыстық бюджеттің кредиттеріне қоса қаржыландыру) 3 275,0 млн. теңге;

Облыстық бюджеттің кредиттері есебінен 20 нысан құрылысына 18 583,7 млн. теңге;

Қалалық бюджеттен 3 нысан құрылысына, 15 ЖСҚ әзірлеуге және облыстық бюджетті қоса қаржыландырумен 302,2 млн.теңге.
Инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы

Бұл мақсаттарға жалпы 2 340,2 млн. теңге қаралған. Оның ішінде:

Республикалық бюджет есебінен 6 нысанның құрылысына 1 210,0 млн.теңге;

Облыстық бюджеттен 10 нысан бойынша және 1 ЖСҚ әзірлеуге 952,5 млн.теңге.

Қалалық бюджет есебінен 3 нысанның құрылысына, 14 ЖСҚ әзірлеуге және ОБ қоса қаржыландырумен 332,7 млн.теңге.
Коммуналдық шаруашылықты дамыту

Салаға жалпы 1 614,3 млн. теңге жоспарланды. Оның ішінде:

Облыстық бюджеттен 6 нысанға 1 507,8 млн.теңге;.

Қалалық бюджеттен 5 ЖСҚ әзірлеуге және 2 нысанның құрылысына, 4 нысанға қоса қаржыландыруға 106,5 млн.теңге.


Ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылысы

Жүйелерді дамытуға жалпы 2 955,9 млн. теңге жоспарланды. Оның ішінде:

Республикалық бюджет есебінен 1 нысанның құрылысына 487,4 млн.теңге;

Облыстық бюджеттен 14 нысаннның құрылысына 2 388,6 млн.теңге;

Қалалық бюджеттен 1 нысан құрылысына, 3 нысанның құрылысына қоса қаржыландыруға және 11 ЖСҚ әзірлеуге 79,9 млн.теңге.
Жылу-энергетикалық жүйелерін дамытуға

Барлығы 2 102,3 млн. теңге қаралды. Оның ішінде:

Республикалық бюджет есебінен 1 нысанның құрылысына 1 424,3 млн.теңге;

Облыстық бюджеттен 2 нысанның құрылысына 649,9 млн.теңге;

Қалалық бюджеттен 1 нысанға қоса қаржыландыруға және 2 ЖСҚ әзірлеуге 28,0 млн.теңге.
Газ жүйелерінің құрылысы

Барлығы 288,8 млн. теңге қаралды. Оның ішінде:

Облыстық бюджеттен 1 шағын ауданды газбен қамтамасыз етуге 264,7 млн.теңге;

Қалалық бюджеттен 2 нысанның құрылысына, 3 ЖСҚ әзірлеуге және 1 нысанның құрылысын қоса қаржыландыруға 24,2 млн.теңге.


Көріктендіру нысандарының құрылысы

Көріктендіру нысандарын дамытуға 800,4 млн. теңге қаралды. Оның ішінде:

Облыстық бюджеттен 2 нысанның құрылысына 762,0 млн.теңге.

Қалалық бюджеттен 2 нысанның құрылысына және 5 ЖСҚ әзірлеуге 38,4 млн.теңге.


Мәдениет және спорт нысандарының құрылысы

Жалпы бұл бағытқа 547,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде:

Облыстық бюджет есебінен 1 нысан құрылысына 117,5 млн.теңге;

Қалалық бюджет есебінен 2 нысан құрылысына, 1 нысанның қоса қаржыландыруына және 7 ЖСҚ әзірлеуге 430,1 млн. теңге қаралды.


Ауылшаруашылығы нысандарының құрылысы

Қалалық бюджет есебінен Беккари шұңқырының құрылысына және 4 ЖСҚ әзірлеуге 10,8 млн. теңге қаралды.


Көлік инфрақұрылым құрылысы

Көлік инфрақұрылымын дамытуға 7 222,8 млн. теңге бағытталуда. Оның ішінде:

Облыстық бюджеттен 12 нысанның құрылысына және 8 ЖСҚ әзірлеуге 6 993,1 млн.теңге;

Қалалық бюджеттен 5 нысанның құрылысына, 6 ЖСҚ әзірлеуге және 11 нысанды қоса қаржыландыруға 229,7 млн.теңге.


Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

Қала бюджеті есебінен 14 үйді күрделі жөндеуге 174,9 млн теңге қаржы қаралған.


Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту

Облыстық бюджет есебінен 1 нысанның құрылысына 200,0 млн.теңге қаржы қаралған.



2018-2020 жылдарға облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер:

млн.теңге


 

Сома, мың теңге

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

БАРЛЫҒЫ:

39 769 700

10 363 156

12 991 219

Даму

37 667 997

10 410 156

13 091 219

Құрылыс бөлімі

25 606 140

1 393 842

7 305 763

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

1 973 273

150 000

5 581 053

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу

21 858 711

263 951

833 790

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу

806 797

742 508

455 130

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

149 906

 

 

Cпорт объектілерін дамыту

117 453

 

 

Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту

200 000

134 856

 

Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту

500 000

102 527

435 790

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

5 068 741

6 966 314

4 185 456

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу

145 678

150 000

130 000

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

2 388 615

547 290

319 594

Коммуналдық шаруашылықты дамыту

1 507 790

1 507 454

1 172 486

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

500 000

1 300 000

1 646 917

Газ тасымалдау жүйесін дамыту

264 688

3 461 570

916 459

Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту

261 970







Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

6 993 116

2 050 000

1 600 000

Көлік инфрақұрылымын дамыту

6 993 116

2 050 000

1 600 000

Ағымдағы

2 101 703

 

 

Білім бөлімі

221 343

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

221 343

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарды төлеу (Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 320 орындық балабақша)

221 343

 

 

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

150 530

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

150 530

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарды төлеу (Қазығұрт және Жиделі ш.а. спорт ангарлары)

150 530

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

247 153

 

 

Жұмыспен қамту бағдарламасы

247 153

 

 

Жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

247 153

 

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

1 482 677

 

 

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1 482 677

 

 

Жолдарды күрделі жөндеу

1 482 677

 

 


2018-2020 жылдарға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер:

млн.теңге


Атауы

2018 жыл жоспар

2020 жыл жоспар

БАРЛЫҒЫ:

7 236 314

237 166

Даму:

3 817 060

237 166

Құрылыс бөлімі

1 905 286

0

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

695 286

0

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

1 210 000

0

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі

1 911 774

237 166

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

487 442

237 166

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

1 424 332

0

Ағымдағы

3 419 254

0

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2 243 430

0

Жұмыспен қамту бағдарламасы

814 942

0

Жалақыны ішінара субсидиялау

184 800

 

Жастар практикасы

618 324

 

Ақпараттық жұмысқа

3 125

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау

8 693

 

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну

351 113

0

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

173 983

 

Ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге

34 623

 

Техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар Тiзбесiн кеңейту

142 507

 

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру

1 398

0

"Инватакси" қызметін дамыту

1 398

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

1 061 375

0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне

1 061 375

 

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

14 602

0

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізу

14 602

 

Білім бөлімі

1 175 824

0

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

1 047 076

0

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру

1 047 076

 

Жалпы білім беру

128 748

0

Тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеу

103 533

 

Оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу

25 215

 

Каталог: assets -> images -> news -> files
files -> Элективті пәндер каталогы студенттің өздігінен оқу траекториясын анықтауға таңдау компонентіне кіретін пәндер тізімін құрайды
files -> Кафедра: «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту»
files -> Южно-казахстанский педагогический
files -> Студенттік жадынама
files -> Элективті пәндер каталогы студенттің өздігінен оқу траекториясын анықтауға таңдау компонентіне кіретін пәндер тізімін құрайды
files -> Кафедра: «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет