Шыныќќан шымырлар



жүктеу 31.94 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі31.94 Kb.

«Жүзден жүйрік» спорттық ойынының жоспары:
Өтілетін жарыстың мақсаты:

  1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

  2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.


Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), қапшық, дөңгелек шеңбер, кедергі кубиктер, сандық, арқын және т.б.
Сайыстың барысы: Мектептің спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен ұстаздар. 2-6 сынып арасындағы «Жүзден жүйрік» көңілді спорт сайысына қош келдіңіздер. Енді 2 топ мүшелерін қарсы алайық.

  1. «Қыран»

  2. «Тұлпар»

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

  1. Мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Бермағамбетова Гулнар Мунайдарқызы

  2. Бастауыш сыныптың мұғалімі Утеева Арайгүл

  3. Еңбек пәнінің мұғалімі Байдосова Тұрғанкүл Қуандыққызы

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!
Екі топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :


  1. Доппен жүгіру.

  2. Қапшықпен секіру.

  3. Кедергілер арқылы өтіп, допты баскетбол торына салу.

  4. Секіртпемен жүгіру.

  5. Жұп болып кольцомен жүру.

  6. Жұп болып допты кеудесіне қойып жүру.

  7. «Жылдам поезд» ойыны.

  8. «Сиқырлы сандық»

  9. Арқан тартыс

Оқушылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын оқушыларды бүгінгі

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.




Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.



Жүргізуші:

Құрметті ұстазымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Мейрамдарыңыз құтты болсын!



Рахмет.




Алтынсарин орта мектебі

«Жүзден жүйрік»

Спроттық сайыстың жоспары

Өткізген : Құрманов С.Е



2011-2012 оқу ж

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет