Кеше Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адамды қасақана қазаға ұшырату фактісі бойынша айыпталған әйелге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Алматы облысы ауданаралық сотының баспасөз қызметінің дерегінше, 2023 жылғы қазан айында К. есімді сотталушы Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. жанжалдасып, оны жүріп бара жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген.

Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.

“Сотталушының кінәсін қылмыстық іс материалдары, атап айтқанда сотталушының айғақтары, куәлардың жауаптары және сотта зерттелген басқалар толық дәлелдеді.

Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ішімдікке мас күйде қылмыстық құқықбұзушылық жасау ауырлататын дерекке жатады.

Сот үкімімен сотталушы К. қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оны 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1963 жылы туған азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.