Элвистің анасына Кадиллак сыйлап, көпті сүйсіндірген оқиғасы кімнің есінде? Ал алматылық Ержанның оқиғасы одан да ерекше. Ол анасына автокөлік ұтып беріп, күтпеген тосынсый жасады. Азамат бар болғаны қолындағы смартфоны арқылы сәтті жүлдеге ие болды.  

Суретте жеңімпаз Гүлайым Салихова отбасымен

Tele2 ұсынған "Сілкі" ауқымды акциясына миллионнан астам қазақстандық қатысты. Жаңа жылда басталған бұл ұтыс оператордың көптеген тұтынушыларына қуаныш сыйлады. Шарттар өте қарапайым болды. Мұнда тек бар болғаны оператордың қосымшасына кіріп, сыйлықты "сілкіп, айналдыру" қажет. Сыйлықтар ішінде он бесінші apple смартфондары, сол брендтің құлаққаптары, сауда жасауға арналған көптеген промокодтар, сансыз гигабайттар мен басты сыйлық әрине, көлік ойнатылды.

Суретте бақытты жеңімпаз Гүлайым Салихова жұбайымен

Бас жүлде ұтысы көпшілікке мейірім мен шабыт сыйлаған естен кетпес оқиғаға айналды. Ол мұндай жеңіске жетемін деп ойламаған Гүлайым Салиховаға бұйырды. Ең қызығы анасының атынан сыйлықты ұлы Ержан айналдырған. "Күміс алқа" иегері үшін (көп балалы ана Гүлайымның үш ұл, үш қызы бар) мұның күтпеген тосынсый болғаны соншалық, ол көлікті табыстау кезінде көз жасына ерік берді.

Бүгінде қазақстандықтардың қалауы болған қардай ақ Sonata көлігі Кадиллак сыйлығынан қалысып тұрған жоқ. Әсіресе жеңімпаздың ұлы оны Tele2 қосымшасына кіріп-ақ ұтқанын ескерсек.

Tele2 операторы әлі де көпшілікке бақыт сыйлап, бәрі қатысқысы келетін жаңа үлкен акциялар мен қызықты ұтыстар өткізуді жоспарлауда.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.