Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі алғашық айқасын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: AIBA

2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің алғашқы айналымында жарқын жеңіске жетті. 57 келіде жұдырықтасатын отандасымыз эфиопиялық Лета Ядесаға қарсы жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан бір бас жоғары болды. Осылайша, отандасымыз Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің екінші айналымына жолдама алды. Ол екінші кездесуін байырғы қарсыласы, 22 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатының финалында жеңген тайландтық Саравут Суктхетке қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов пен Римма Волосенко да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткенін жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.