Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы



жүктеу 39.26 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі39.26 Kb.

ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК

Байқау кеңесі отырысының

2 ХАТТАМАСЫ



Павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан
Өткізу формасы: көзбе-көз

Отырысты өткізу орны: Камзин к. 5, ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК.

Отырысты өткізу күні: 2015 жылғы 12 қазан

Отырыстың басталу уақыты: 15 сағат 00 мин.

Байқау кеңесінің таңдалған мүшелерінің жалпы саны - 5 адам.

Отырысқа қатысқаны: 5 адам.

Шақырылғандар: 2 адам

Байқау кеңесінің мүшелері қатысты:

  1. Имангазинов Сағит Баймұханұлы - «Семей қ.ММУ» ПФ директоры;

  2. Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы – ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері;

  3. Король Наталья Олчебаевна – Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы, экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің бас маманы;

  4. Ержанов Қанат Құрметұлы – «Павлодар облысы бойынша дәрілік құралдарды сараптау орталығы» ЕМК директоры»;

  5. Тентекпаев Мұса Макарұлы – денсаулық сақтаудың ардагер қызметкерлері облыстың Кеңесінің төрағасы;


Шақырылғандар:

  1. Абылхасан Айгүл Жеңісқызы – ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігерінің МҚСБ жөніндегі орынбасары.

  2. Хирная Инна Леонидовна – ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас бухгалтері.

Байқау кеңесінің хатшысы: Билялова Ботагөз Рамазанқызы
Отырысты Байқау кеңесінің төрағасы Имангазинов Сағит Баймұханұлы ашты. Бұдан кейін байқау кеңесінің мүшелерін күн тәртібімен таныстырып, дауыс беруді ұсынды. Күн тәртібі бір дауыстан қабылданды (дауыс берді: оң – 5, қарсы - нет).

Байқау кеңесінің отырысын өткізуге арналған кворум бар.

Байқау кеңесінің отырысы заңды деп танылды.
Күн тәртібінде:


  1. 2014 жылғы 02 қыркүйектегі №529-Ө «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №5 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесінің құрамын құру мен бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы;

  2. «ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК 2015 жылға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы».

  3. Әр түрлі.

Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК байқау кеңесінің төрағасы С.Б.Имангазинов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде кеңес мүшелерін Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 45-ж «ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері лауазымына ауыстыру тәртібімен А.Н.Жапарбековты тағайындау туралы бұйрықпен таныстырып, осыған байланысты дауыс берулерін сұрады.

Дауыс беруде қойылған мәселе: «Оң» дауыс беру - 2014 жылғы 02 қыркүйектегі №529-Ө «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №5 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесінің құрамын құру мен бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу.

Дауыс беру қорытындысы:

«Оң» - 5

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс қалған» - жоқ.

Шешім қабылданды.



Шешім: 2014 жылғы 02 қыркүйектегі №529-Ө «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №5 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесінің құрамын құру мен бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы қолдаухат жіберу келісілді.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасына қолдаухат жіберілсін.



Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас бухгалтері Хирная Инна Леонидовна сөйледі.

Ол өз сөзінде 2015 жылға арналған даму жоспары 140 нысан «Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің қатысуымен АҚ мен ЖШС-ге арналған даму жоспары» бойынша көрсетілетінін түсіндірді.

2015 жылға арналған даму жоспары жалпы сомасы 711 630,0 мың тг. бекітілгендігін айтты, 2015 жылға жоспарланған смета бойынша келесі сомалар жоспарланды: мем.тапсырыс-405137,0 мың тг., МҚТБ- 33000,0 мың тг.., ЖНЫК – 7500,0 мың тг., скринингтер- 15000,0 мың тг., ақылы қызметтер- 35000,0 мың тг.., құрылғылар 83493,0 мың тг.., сонымен қатар өтеусіз алынған активтер - 65000,0 мың тг.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасымен 05.01.2015 жылы бекітілген шығындар сметасына сәйкес мем.тапсырыс-410356,2 мың тг., МҚТБ - 27194,9 мың тг., ЖНЫК – 68927,0 мың тг., скринингтер- 11994,0 мың тг., ақылы қызметтер- 30000,0 мың тг., құрылғылар - 19890,0 мың тг., сонымен қатар өтеусіз алынған активтерге - 85000,0 мың тг бөлінді.

Мыналарға байланысты:


  1. Соманың ұлғаюы:

    1. Мем.тапсырыс- 3500мың тг.,

    2. өтеусіз алынған активтер– 14800мың тг.

    3. скринингтер- 178мың тг.,

    4. ақылы қызметтер – 2000,0 мың тг.

  2. соманың азаюы:

    1. МҚТБ 173,7 мың тг.,

Сомалардың ұлғаюы мен азаюын есепке ала отырып 2015 жылға арналған даму жоспарына түзету енгізу қажет.

Дауыс беруде қойылған мәселе: «Оң» дауыс беру - «ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК 2015 жылға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы»..

Дауыс беру қорытындысы:

«Оң» - 5

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс қалған» - жоқ.

Шешім қабылданды.



Шешім: «ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК 2015 жылға арналған даму жоспарын түзету келісілді.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасына келісуге жіберілсін.



Байқау кеңесінің

төрағасы _________________ С.Б. Имангазинов

Байқау кеңесінің хатшысы ________________ Б.Р. Билялова
Байқау кеңесінің мүшелері ________________ А.Н.Жапарбеков

________________ Н.О. Король

________________ К.К. Ержанов
________________ М.М. Тентекпаев


Хаттама 2015 жылғы 12 қазанда жасалды.
Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №3 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 26 қараша Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №4 хаттамасы павлодар қ. 2014 жылғы 22 желтоқсан Өткізу формасы
sites -> Измененмия объема крови и гематокрита при различных патологическия процессах
sites -> I. Общая характеристика учреждения
sites -> Башкортостан Республикаһы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет