Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №3 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 26 қараша Өткізу формасы



жүктеу 37.14 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі37.14 Kb.

ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК

Байқау кеңесі отырысының

3 ХАТТАМАСЫ



Павлодар қ. 2015 жылғы 26 қараша
Өткізу формасы: көзбе-көз

Отырысты өткізу орны: Камзин к. 5, ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК.

Отырысты өткізу күні: 2015 жылғы 26 қараша

Отырыстың басталу уақыты: 15 сағат 00 мин.

Байқау кеңесінің таңдалған мүшелерінің жалпы саны - 5 адам.

Отырысқа қатысқаны: 5 адам.

Шақырылғандар: 4 адам

Байқау кеңесінің мүшелері қатысты:

  1. Имангазинов Сағит Баймұханұлы - «Семей қ.ММУ» ПФ директоры;

  2. Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы – ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері;

  3. Король Наталья Олчебаевна – Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы, экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің бас маманы;

  4. Ержанов Қанат Құрметұлы – «Павлодар облысы бойынша дәрілік құралдарды сараптау орталығы» ЕМК директоры»;

  5. Тентекпаев Мұса Макарұлы – денсаулық сақтаудың ардагер қызметкерлері облыстың Кеңесінің төрағасы;


Шақырылғандар:

  1. Абылхасан Айгүл Жеңісқызы – ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігерінің МҚСБ жөніндегі орынбасары.

  2. Хирная Инна Леонидовна – ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас бухгалтері.

  3. Акимова Ирина Антоновна - ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК экономисті.

  4. Жанзакова Фарида Тілектесқызы - ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК заңгері

Байқау кеңесінің хатшысы: Билялова Ботагөз Рамазанқызы
Отырысты Байқау кеңесінің төрағасы Имангазинов Сағит Баймұханұлы ашты. Бұдан кейін байқау кеңесінің мүшелерін күн тәртібімен таныстырып, дауыс беруді ұсынды. Күн тәртібі бір дауыстан қабылданды (дауыс берді: оң – 5, қарсы - нет).

Байқау кеңесінің отырысын өткізуге арналған кворум бар.

Байқау кеңесінің отырысы заңды деп танылды.
Күн тәртібінде:


  1. Байқау кеңесінің хатшысын қайта сайлау туралы.

  2. Байқау кеңесі хатшысының өкілеттік мерзімі мен еңбекақы мөлшерін тағайындау.

  3. ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК қаржылық-шаруашылық қызмет жоспарының 2014 жылмен салыстырғандағы 2015 жылғы қорытындыларын қарастыру.

  4. Әр түрлі.

Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері Айтқазы Нұрғазыұлы Жапарбеков сөз сөйледі. Ол ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК байқау кеңесі хатшысы ретінде заңгер Жанзакова Фарида Тілектесқызын қайта сайлауды ұсынды. Осы мәселе бойынша байқау кеңесінің хатшысы Б.Р.Билялова қарсылық білдірмеді. Жалпы қарсылық білдіргендер жоқ. Бас дәрігер дауыс берулерін сұрады.

Дауыс беруде қойылған мәселе: «Оң» дауыс беру - Байқау кеңесінің хатшысын қайта сайлау.

Дауыс беру қорытындысы:

«Оң» - 5

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс қалған» - жоқ.

Шешім қабылданды.



Шешім: ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК байқау кеңесі хатшысы болып заңгер Жанзакова Фарида Тілектесқызы сайланды.

Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша да бас дәрігер Байқау кеңесі хатшысының өкілеттік мерзімі мен еңбекақы мөлшерін тағайындау туралы ұсыныспен сөз сөйледі. Өзінің ұсынысын Н.О. Король білдірді, ол байқау кеңесі хатшысының өкілеттілік мерзімін 3 жылға және айына 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде еңбекақыны тағайындауды ұсынды.

Дауыс беруде қойылған мәселе: «Оң» дауыс беру - байқау кеңесі хатшысының өкілеттілік мерзімін 3 жылға және айына 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде еңбекақыны тағайындау.

Дауыс беру қорытындысы:

«Оң» - 5

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс қалған» - жоқ.

Шешім қабылданды.



Шешім: байқау кеңесі хатшысының өкілеттілік мерзімі 3 жылға анықталсын және ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК байқау кеңесі хатшысы Жанзакова Фарида Тілектесқызына айына 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде еңбекақы тағайындалып, емхана құралдары есебінен төленсін.

Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас бухгалтері И.Л. Хирная сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында 2014 жылмен салыстырғандағы 2015 жылда түскен бюджеттік құралдарды қалыптастыру, 2014 жылмен салыстырғандағы 2015 жылда бюджеттен тыс түскен құралдар, дебиторлық және несиелік борышты түсіндіру, сонымен қатар тексерістер бойынша ақпарат туралы айтып өтті.

Дауыс беруде қойылған мәселе: «Оң» дауыс беру – ақпаратты назарға және жұмыс үшін еске алу.

Дауыс беру қорытындысы:

«Оң» - 5

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс қалған» - жоқ.

Шешім қабылданды.



Шешім: ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК қаржылық-шаруашылық қызмет жоспарының 2014 жылмен салыстырғандағы 2015 жылғы қорытындылары туралы ақпарат назарға және жұмыс үшін еске алынды.

Байқау кеңесінің

төрағасы _________________ С.Б. Имангазинов

Байқау кеңесінің хатшысы ________________ Б.Р. Билялова
Байқау кеңесінің мүшелері ________________ А.Н.Жапарбеков

________________ Н.О. Король

________________ К.К. Ержанов
________________ М.М. Тентекпаев


Хаттама 2015 жылғы 26 қарашада жасалды.
Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №4 хаттамасы павлодар қ. 2014 жылғы 22 желтоқсан Өткізу формасы
sites -> Измененмия объема крови и гематокрита при различных патологическия процессах
sites -> I. Общая характеристика учреждения
sites -> Башкортостан Республикаһы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет